Ақпаратты өзгерту

Сабақтың тақырыбы : Ақпарат енгізу манипуляторы. Басу құрылғысы.

Сабақтың мақсаты : Ақпаратты енгізу манипуляторымен танысу(маус, трекбол, тәрте, сканер)

Сабақтың типі: Көрсете отырып, түсіндіру.

Білім мен білікке қойылатын талап: Оқушылар білуі тиіс:

  • манипулятордың түрлері мен міндетін.
  • Принтерлердің түрлері мен міндетін;
  • Принтерге шығаратын ақпараттың типін;
  • Принтер жұмысының типін;

Сабақтың брысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Үй тапсырмасына шолу.
  1. Пернетақта қандай құрылғы?
  2. Пернетақтаның бөліктерін ата?
  3. Бас әріпті қандай пернелермен шығаруға болады?
  4. Өшіру пернелерінің қызметі?
  5. Қосымша қызмет атқаратын пернелерді ата?
  1. Жаңа сабақты түсіндіру:

Маус- манипулятор типті басқару құрылғысы. Маусты көлбеу жатқан кілемшіенің үстімен жылжыту арқылы маус нұсқағышының жылжуымен синхрондалады. Маустың пернетақтадан айырмашылығы, маус стандартты басқару құралы емес. Ол арнайы жүйелік бағдарламаның - маустың драйверінің қолдануын қыжет етеді. Маустың оі және сол батырмасын тез басуды шерту деп атайды да, ол коспьютердің жұмысын басқарады. Шертулерді талдап, драйвер оқиға қай кезде болды және бұл кезде маус нұсқағышы экранның қай бөлігінде болғанын анықтайды. Бұл деректер пайдаланушы жұмыс істеп отырған қолданбалы бағдарламаға беріледі. Олар бойынша бағдарлама пайдаланушыға қажет командаларын анықтайды да, оны орындауға кіріседі. Әдетте маустан басқа да басқарушы құралдар бар, трекболдар, маустар, инфрақызыл маустар.

  • Трекболдың маустан айырмашылығы, ол тұрақты түрде орналастырылады және оның шаригі алақанмен қозғалысқа келтіріледі. Трекболдың артықшылығы ол беті тегіс жерді қажет етпейді, сол себепті олар портативті компьютерлерде қолданылады.
  • Пенмаус- автоқаламға ұқсас, оның ұшындағы жазу түйірінің орнына жылжу мөлшерін тіркейтін түйін орналастырылған.
  • Инфрақызыл маустың әдеттегі маустан айырмашылығы оның жүйелік блокпен өткізгіш сымсыз байланыс құрылғысы болып табылады.

2. 2. 13 Анықтамсын дәптерге жазып алады.

Графикалық деректерді енгізу құрылғысы

Графикалық ақпаратты енгізу үшін сканерлерді, графикалық планшеттерді пайдаланады. Сканерлердің көмегімен таңбалық ақпаратты енгіеді, бейне тану бағдарламалары оны оқиды.

Барабандық сканерлерде алғашқы материал өте жоғары жылдамдықпен айналатын барабанның цилиндр сияқты бетіне бекітіледі.

Штрих сканері- код түрінде кодталған деректерді енгізуге арналған

Графикалық планшеттер- көркемдік графикалық ақпаратты енгнізге арналған.

Басу құрылғысы.

Принтерлер- басу құрылғысы, олар деректерді шығару құрылғылары ретінде қолданылады және құжаттардың көшірмесін қағаз бетіенде алуға мүмкіндік береді.

Оның түрлері: лазерлік, сия бүріккіш, матрицалық болады.

Матрицалық принтерлер- бұл қарапайым басу құрылғысы. Деректер қағазға бояйтын инелердің таспаға соғуының нәтижесінде пайда болады.

Лазерлік принтерлер- полиграфиялық баспадан кем емес. Ол минутына бет басу жылдымдығымен өлшенеді.

Сия бүріккіш принтерлер-бояудың тамшыларының қағазға түсуінің нәтижесінде пайда болған дақтардан қалыптасады. Басу сапасы лазерлік принтерге қарағанда төмен.

Жаңа сабақты бекіту:

Тапсырма-1

Қандай ақпараттарды принтерде шығаруға болады?

Мәтіндік, графикалық, кестелік.

Тапсырма-2

Қай принтер қандай принцип бойынша жұмыс істейтінін бағдаршамен көрсет:

Матрицалық Сия ағыны қағаздың қажет жеріне

кішкене тесіктер арқылы тиеді

Лазерлік Арнайы инелер бояйтын таспа

арқылы қағаз бетінде із қалдырады

Сия бүріккіш Арнайы ұнтақ электр өрісінің

әсерімен қағазға тартылады да, оған

жоғары температурада жабысады.

Үйге тапсырма

Үйге тапсырма: 2. 2 50-50 бет

Матрицалық принтерде әріптер мен сандардың қалай бейнеленетінін салып келу.

Сабақтың тақырыбы: Сыртқы жады. Ақпарат тасушылар. Иілгіш және компакт диск. Дискіжетек. CD-ROM

Сабақтың мақсаты: Ақпаратты жазу мен оқу, иілгіш және компакт дисклр сияқты ақпарат тасушылар туралы түсінік. Дискіжетек және CD-ROM жұмысымен таныстыру.

Білім мен біліктілікке қойылатын талап.

Сабақтың типі:- Жаңа сабақ

Әдісі : Сұрақ жауап, баяндау

Оқушылар білуі тиіс:

  • иілгіш және компакт дискілер не екенін;
  • дискжетек пен CD-ROM қалай құрылғанын;
  • ақпаратты оқу мен жазу қалай жүретінін;
  • қандай жағдаларда қандай ақпарат тасушыны қолдануды;
  • ақпарат тасушылардың негзгі параметрлерін;
  • иілгіш және компакт дискілермен жұмыс істеу принциптерін

Оқушылар үйренуі тиіс;

  • иілгіш және компакт дискілерді қолднуды;
  • ақпаратты бір тасушыдан екіншіге көшіруді;
  • иілгіш дискілерді пішімдеуді;
  • иілгіш және компакт дискілердегі ақпаратты қарауды.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Үй тапсырмасын сұрау.
  1. Маустың қызметі және түрлері.
  2. Басу құрылғысының қызметі.
  3. Қандай басу құрылғыларын білесіңдер.
  4. Матрицалық принтердің ақпаратты басу принципін айтып бер.
  5. Лазерлік және сия бүріккіш принтердің айырмашылығы неде?

3. Жаңа сабақты тұсіндірі

Сыртқы жады.

Компьютер жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Файл- бұл жадтағы орын, оған әдетте бірдей атау беріледі. Файлдар оның жедел немесе сыртқы жадысында орналса алады.

Сыртқы жады- бұл біріншіден, винчестер, екіншіден- иілгіш және компакт диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу айтпай тұрып, ақпарат тасушылар не екенін білуіміз керек.

Ақпарат тасушы- ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалық, жадтау принципі бойынша- магнитті, магнитті оптикалық жазу, оқу әдістерін қолданады. Дискілік тасушы қатқыл немесе иілгіш негізі болады.

Сыртқы жад- бұл компьютерді өшіргеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жады.

Иілгіш дискілер- флоппи диск- төзімділігі жеткілікті және мөлшері тұрақты. Арнайы пленкадан жасалған дегіс диск. Оның магнитті қабаты бар жәнк арнайы конверті бар. (Оқушыларға дискеталар таратылады да, оның құрылысы айтылады)

Компакт диск - бұл металмен қапталған оптикалық диск. Оның салмағы небрі 15 гр және диаметрі 12 см. Оған шамамен 640 МБ ақпарат сыяды. Дискінің жұмыс бетін сақтайтын арнайы қабығы жоқ. Компакт дискілер арнайы орауышта сақталады.

Дискіжетек- бұл дискідегі деректерді оқуға және жазуға арналған құрылғы.

Дискіжетек- бұл иілгіш магнитті дискілердін ақпаратты оқуға және жазуға арналған құрылғы. Ол компьютерде тұрақты түрде қолданылмайтын ақпараттарды бір компьютерден екінші компьютерге ауыстыру және сақтау үшін қолданылады. Ақпарат иілгіш магнитті дискіге тікелей жазылады. Дискжетектер екі өлшемді болады- бесщдюймді және үшдюймді. Үшдюймді жетектер- 1, 44 Мб/2, 88мБ жазуға мүмкіндік береді. Қатты пластикалық корпус пен металл ысырма дискеттік сыртқы бетін сыртқы зақымданудан қорғайды.

CD-ROM- компкат дискілерге арналған дискжетектердің көмегімен компьютерлер арнайы компьютерлік компакт дискілерді оқи алады. Және дыбыс картасы болса аудиокомпакт дискілерді ойнатады .

Компакт дискілерге арналған дискжетектер ішкі және сыртқы болады. Дара жылдамдықты дискжетектер 150Кб/с оқу жылдамдығы, екіеселік жылдамдықты дискжетек-300Кб/с, 4 еслік жылдамды- 600Кб/с.

Жаңа сабақты бекіту:

Тапсырма-1 Кестені толтыр.

Жад: Жад
Қатқыл магнитті диск: Қатқыл магнитті диск
Иілгіш магнитті диск: Иілгіш магнитті диск
Лазерлік диск: Лазерлік диск
Жад: Қызметі
Қатқыл магнитті диск: Ақпараттың көп мөлшерін сақтау үшін
Иілгіш магнитті диск: Ақпараттың аз ғана мөлшерін сақтау үшін және бір компю-н екіншіге көшіру үшін
Лазерлік диск: Ақпараттың өте үлкен мөлшерін ұзақ сақтау үшін
Көлемі: Көлемі
3020Гб дейін және одан жоғары: 3020Гб дейін және одан жоғары
1, 44Мб: 1, 44Мб
2-640Мб дейін: 2-640Мб дейін
Көлемі: Шапшаң әрекеттілігі
3020Гб дейін және одан жоғары: 3
1, 44Мб: 1
2-640Мб дейін: 2
Көлемі:

Сенімділігі

Жоғары/төмен

3020Гб дейін және одан жоғары: 3
1, 44Мб: 1
2-640Мб дейін: 2
Көлемі: Ақпаратты өзгерту мүмкіндігі(бар/жоқ)
3020Гб дейін және одан жоғары: Бар
1, 44Мб: Бар
2-640Мб дейін: жоқ

Тапсырма-2

Компьютердің жад құрылғыларының әрқайсысы қолданылу мүмкін жерге + таңбасын қой.

Жад құрылғысы: Жад құрылғысы
Компьютердің қолданылу мүмкіндігі: Компьютердің қолданылу мүмкіндігі
Жад құрылғысы: Жау үшін
Компьютердің қолданылу мүмкіндігі: Оқу үшін
Ақпаратты компьютерден компьютерге тасу үшін
Жад құрылғысы: Жедел жад
Компьютердің қолданылу мүмкіндігі: +
+
Жад құрылғысы: Қатқыл диск
Компьютердің қолданылу мүмкіндігі: +
+
Жад құрылғысы: Дискет
Компьютердің қолданылу мүмкіндігі: +
+
+
Жад құрылғысы: ТЖҚ-ң микросхемасы
Компьютердің қолданылу мүмкіндігі:
+
Жад құрылғысы: Компакт диск
Компьютердің қолданылу мүмкіндігі:
+

Үйге тапсырма: 2. 2 бөлім 51 бет-56 бет оқу.

Сабақтың тақырыбы: WINDOWS басқару элементтері. Жұмыс үстелі. “Маус” типті манипулятор. Есептер тақтасының элементтері мен арналуы. “Пуск” батырмасының функциялары.

Сабақтың мақсаты: WINDOWS ортасының ерекшеліктері мен WINDOWS ХР жұмыс үстелі түсінігімен таныстыру. Есептер тақтасын, “Пуск” батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйреті. “Маус” манипулторын меңгерту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: баяндау, практикалық

Білім мен білікке қойылатын талап.

Оқушылар білуге тиіс:

  • WINDOWS ортасының ерекшеліктерін білу;
  • Жұмыс үстелі ұғымы;
  • WINDOWS-пен жұмысты аяқтау реті және іске қосу;
  • Есептер тақтасының арналуын
  • “Пуск” батырмасының арналуын;
  • басты менюдің стандартты мазмұны;
  • “Мауспен” орындалатын әрекеттер.

Оқушылар үйренуі тиіс:

  • WINDOWS жұмысын іске қосу және аяқтау ретін;
  • Есептер тақтасында бағдарлануды;
  • “Пуск” батырмасы мен басты менюді қолдануды;
  • мауспен орындалатын басты әрекеттерді: сол жақ батырманы бір рет шерту, екі рет шерту, сол жақ батырманы басып жылжыту.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасына шолу

1. Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды ата?

  1. Компьютердің жадысының қандай түрлерін блесің?
  2. Жадтың сыртқы тасшулыраны сипатта.
  3. Флоппи дискеттің құрылысын сипатта.
  4. Компакт дискінің құрылысын ата
  1. Жаңа сабақты меңгерту:

Ұқсас жұмыстар
Іздеу нәтижелері бетінің схемасы
Үзінділермен жұмыс
Операциялық жүйе. 8-сынып
Облыстарды ерекшелеп алуда қолданылатын құралдар
Мәтіні бар файл
Объектіні дискетке көшіру
Жай механизмдер. 7-сынып
Word көмегімен Web парақтарын құру
Компьютер жады
Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz