Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жабайы құстар. Аралас сабақ

Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз
Сабақтың мақсаты:
● Балаларға жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы
түсіндіру;
● Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін
дамыту;
● Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: «Құстар – біздің досымыз» атты бұрыш, құстар
туралы буклеттер, альбом плакаттар, құстардың дыбысы жазылған таспа,
«табиғат» туралы сызба.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын, түсіндіру, көрнекілік әдістер.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Ән, бейнелеу, тіл дамыту.
Өту барысы:
I. Ұйымдастыру: Оқушылар мен амандасып сабаққа назарын аудару. Балалар
сабаққа деген көңіл күйлерің қалай? Ал балалаар, сабағымызды бастамас бұрын
барлығымыз орнымыздан тұрамыз. Қасымызда тұрған досымыздың қолынан
ұстаймыз. Нені сездік балалар? Жылылықты сеземіз. Қане, бір-бірмізге қарап
күлімдейікші. Нені байқап тұрмыз? Жақсы көңіл күйді. Барлығымыз жақсы көңіл
күйде болсақ сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Балалар біз өткен сабақта қандай тақырып өттік?
Сұрақ - жауап.
● Табиғат дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді?
● Өлі табиғатқа нелер жатады?
● Тірі табиғатқа нелер жатады?
● Табиғат құбылыстарына нелер жатады?
ІІІ. Жаңа сабақ:
- Балалар, енді мынау тақтадағы сөзжұмбақтар шешіп көрейік. Егер дұрыс
шешсек, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.
Қ
Ұ
С
Т
А
Р
Түгі қара мамықтай, төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды, көктен жұлдыз аққандай.
2) Тал басында, түндіксіз отау.
3) Өзі сақ, өзі ұсақ, шықылдап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала, Бұл қандай құс?

4) Орманда жоғары, ағашқа қонады.
Тұмсығын балға қып, тоқ - тоқ соғады.
5) Ақ сарайды талқандап, шықты біреу таландап.
6) Биікке салған ағаш үй, сол ғой оның мекені.
Жаздай сайран салып - ақ, қыста алысқа кетеді.
Жұмбақтың шешулері: қарлығаш, ұя, сауысқан, тоқылдақ, балапан, қараторғай.
Сөзжұмбақтың шешуі: «Құстар»
- Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызда біз құстар туралы көп нәрселерді
үйренеміз.
Құстар туралы түсіндіру.
Тірі табиғатта жататын жануарлардың ең көп маңызды тобы құстар туралы болып
есептеледі. Құстардың түрі өте көп. Оларды біз үлкен екі топқа бөлеміз. 1)
Жабайы құстар, 2) Үй құсары.
Жабайы құстар табиғатта өз алдында тірщілік етеді. Құстардың пайдасы өте
көп. Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес
жәндіктерден тазартады. Құстар бір орында тұрмайды. Олар бір жерден екінші
бір жерге ұшып - қонып жүреді. Барлық құстарға ортақ қасиет – олар ұшады,
қанаттары, мамықтары, бәрінің тұмсықтары бар. Олар жұмыртқалайды, балапан
басады. Айырмашылығына келсе, құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы түсі,
дыбыстары, тіршілік етуі бір - біріне ұқсамайды. Құстар өте пайдалы.
Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады.

IV.Дәптер мен жұмыс; Балалар барлығымыз дәптерімізді ашып, өзіміздің
елімізде кездесетін құстарды дәптерімізге жазамыз. Балалар тыйым сөздерде
жазамыз. Мысал келтірейін сендерге; Құстарды атуға болмайды.

Сергітусәті:
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық.
Орнымызға қонайық.
Балалар, бүгінгі құстар сабағымызды естіп ормандағы құстар ақ көгершін
арқылы хат жіберіпті. Кәне, оқып көрейік.
1 - ситуациялық сұрақ. Егер орманда жүрген балалар құстардың ұясынан
жұмыртқасын алып кетпекші болса, сен не айтар едің?
2 - ситуациялық сұрақ. Егер құстың ұясынан балапаны жерге түсіп кетсе, сен
қалай істер едің?

V. Жаңа сабақты қорытындылау: Балалар ойын ойнаймыз. «Қанатты достарға
қамқорлық» ойыны.  Мына сүретте көріп тұрғандай құстардың балапандары жерге
түсіп қалыпты. Соларды біз ұясына салуға көмектесейік. Ол үшін біз
сұрақтарға жауап берейік.
Сұрақ - жауап әдісімен:
а) Құстардың қандай пайдасы бар?
ә) Құстар туралы тақпақтар білесің бе?
а) Құстар немен қоректенеді?
ә) Біздің жақта қандай құстар қысап қалады?
VI. Үйге тапсырма беру: Балалар үйге тапсырма құстар туралы мақал-мәтел
жаттап келу. Бақылау дәптерімізге Қарлығаштың сүретін салып келеміз.

VII. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Құстардың қоректенуі
Құстар жайлы
Жануарлардың балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар топтарымен таныстыру
Балалардың жұмыстарын талдау
Зообаққа саяхат
Құстарды мүсіндейміз
Әр құстың өз тұмсығы қажет
Сүтқоректілер балықтар қосмекенділер жорғалаушылар бунақденелер құстар
Жабайы құстар
Үй жануарларының қысқы тіршілігі
Пәндер