Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Суретті бөліп алу

Күні: 14.02.07.
Өтетін кабинеті: 21.
Сыныбы: 7 «А».
Пән аты: Информатика.

Сабақтың тақырыбы: Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.

Сабақтың мақсаты:

- білімділік: Оқушыларға Paint графикалық
редакторында үзінділермен атқарылатын
әрекеттерді түсіндіру;
- тәрбиелік: Үзінділермен жүргізілетін
әрекеттер арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту,
компьютерлік сауаттылығын ашу;
- дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттыру,
әсемдікке, өз бетімен жұмыс жасай білуге
тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, тестік тапсырмалар, презентация,
таратпа материалдар, компьютер.

Сабақ типі: түсіндірмелі – көрнекілікті.

Сабақтың түрі: аралас және дәстүрлі.

Сабақ жоспары:
1. Сыныпты ұйымдастыру.
(1-2 мин)
2. Үй тапсырмасын тексеру.
(5 мин)
3. Жаңа сабақ түсіндіру.
(18 мин)
4. Жаңа сабақты бекіту.
(11 мин)
5. Қорытындылау.
(5 мин)
6. Бағалау.
(2 мин)
7. Үйге тапсырма беру.
(2 мин)

Сабақтың барысы:

І. Сыныпты ұйымдастыру: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа
даярлығын анықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. 4.3-тақырып. Редактордың командалары бойынша
сұрақтар қою.
2. Берілген тапсырмалардың орындалуын
бағалау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Paint-та кейбір жағдайларда салынған суреттерімізді немесе олардың
белгілі бөліктерінің өлшемдерін өзгертуге, созуға, қисайтуға немесе тік
бағытта айналдыруға, т.б. операцияларды орындауға тура келеді. Бізге ол
үшін осы салынған суреттерімізді бөліп алуымыз керек. Міне осы суреттің
бөлінген бөлігін «үзінді» деп атаймыз. Сонымен,
Үзінді – суреттің бөлінген бөлігі.

- белгілеу батырмасы. Төртбұрышты үзіндіні белгілеу үшін
қолданылады.

- ерікті аймақты белгілеу батырмасы. Кез келген аймақты бөліп алу
үшін қолданылады.

Бұл құралдармен келесі операцияларды жүргізуге болады:
➢ Алмасу буферіне қиып алу.
➢ Алмасу буферіне көшіру.
➢ Ағымдағы суреттің басқа жеріне апару.
➢ Берілген суреттің аумағында сурет аумағын көшіру.
➢ Оны сурет бойынша «көбейту».
➢ Пішіні мен өлшемін өзгерту.
➢ Масштабын өзгерту және қисайту.
➢ Төңкеру немесе кері бұру.
➢ Түсін өзгерту.
➢ Жою.

Үзіндіні жылжыту мен көшіру:

А) Көшіру үшін:
1. Суретті бөліп алу.
2. Меню жолы – Правка – Копировать.
3. Правка – Вставить.
4. Терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында пайда болған үзіндіні мауспен іліп
алып, қажетті орынға апару.

Б) Жылжыту үшін:
1. Суретті бөліп алу.
2. Меню жолы – Правка – Вырезать.
3. Правка – Вставить.
4. Терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында пайда болған үзіндіні мауспен іліп
алып, қажетті орынға апару.

Үзіндіні көбейту:

Үзіндіні «көбейту» - экранда маустың нұсқағышын жылжытумен қатар оның
көшірмелерінің тізбегін жасау.
1. Суретті бөліп алу.
2. SHIFT батырмасын басып тұрып, мауспен сурет салу аймағында жылжыту.

Үзіндіні өшіру (жою).

Үзіндіні бірнеше жолмен жоюға болады:
1. Үзіндіні бөліп алу – Правка – Очистить выделение.
2. Үзіндіні бөліп алу – Правка – Вырезать. (Алмасу буферіне орналасады).
3. Рисунок – Очистить.(Бүл жағдайда барлық сурет жойылады).

Үзіндіні бейнелеу немесе бұру:

1. Үзіндіні бөліп алу.
2. Рисунок – Отразить/Повернуть.
3. Диалог терезесі пайда болады:
a. Отразить слева направо;
b. Отразить сверху вниз;
c. Повернуть на угол (90о; 180о; 270о ).
4. Керектісін таңдап алу.
5. ОК.

Үзіндіні еңкейту мен созу:

1. Үзіндіні бөліп алу.
2. Рисунок – Растянуть/Наклонить.
3. Диалог терезесі пайда болады:
a. По горизонтали;
b. По вертикали;
4. Пернетақтадан қажетті градус санын енгізу.
5. ОК.

IV. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқушыларға таратылған карточкалар арқылы тапсырмалар беру.
2. Тақырып бойынша тест сұрақтарын қою.

V. Қорытындылау:
Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға келесі сұрақтарды беру.
1. Үзінді дегеніміз не?
2. Үзінділермен қандай әрекеттер жүргізуге болады?
3. Үзінді жоюдың тәсілдерін ата.
4. Объектілерді көшіру және жылжыту үшін қандай әрекеттер жасау керек?
5. Үзіндіні көбейту қандай командалар арқылы орындалады?

VI. Бағалау:
Оқушылардың компьютерде жасаған жұмыстарының санына байланысты,берілген
тест тапсырмалары бойынша бағалау.

VII. Үйге тапсырма беру.
Өткен тақырыпты қайталау, анықтамаларды және Paint-та қолданылатын
әрекеттерді жаттап келу.

№ 1 тапсырма.

1. Paint графикалық редакторын ашыңыз.
2.
Мына суретті экранға сал да, үзіндіні көбейту командасы
арқылы құрттың суретін салыңыз.
3.
Шыққан суреттің көзін, аузын
салыңыз.

4. Суретті Рисунок – Отразить/Повернуть командасы арқылы төмендегідей
орналастырыңыз.

---------------------------------------------------------------------------
-------------------

№ 2 тапсырма.

1. Paint графикалық редакторын ашыңыз.
2.

Мына гүлді салып, қалауыңызша бояңыз.

3.

Рисунок -
Растянуть/Наклонить командасы
арқылы салынған суреттің көлеңкесін жасаңыз.

4. Бетке бірнеше көшірмесін орналастыр.

№ 3 тапсырма.

1. Paint графикалық редакторын ашыңыз.
2. Экранға төмендегідей жарты жапырақты салыңыз.

3. Оны көшіріп, Рисунок – Отразить/Повернуть командалары арқылы солдан
оңға бейнесін түсіріңіз.
4. Жапырақтың жартыларын қосыңыз.
5. Оны бірнеше рет көшіру арқылы үлкейтіп, кішірейтіп кему бойынша
орналастырыңыз.

------------------------------------------------------------------------
--------------------

№ 4 тапсырма.

1. Paint графикалық редакторын ашыңыз.
2. Экранды екіге бөліп, астын су, үстіңгі бөлігін түнгі аспан түсімен
бояңыз.
3. Аспанға айды, жұлдыздарды салыңыз.
4. Үзілістің мүмкіндіктерін пайдаланып, төмендегі суретті салыңыз.

№ 5 тапсырма.

1. Paint графикалық редакторын ашыңыз.
2. Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш құралымен сурет үзінділерін
көшіру, жылжыту командаларын пайдаланып төмендегідей суретті салыңыз.

3. Оны бірнеше рет көшіру арқылы үлкейтіп, кішірейтіп кему бойынша
орналастырыңыз.
---------------------------------------------------------------------------
------------------------

№6 тапсырма.

1. Paint графикалық редакторын ашыңыз.
2. Композицияны құрайтын үзінділерді салыңыз. (Қайыңның діңі, кішкентай
бұтақ, үлкен бұтақ, жапырақ).
3. Осы үзінділердімен, төмендегі композицияны көшіру, жылжыту
командаларын пайдаланып салыңыз.

№7 тапсырма.

1. Paint графикалық редакторын ашыңыз.
2. Жұмыс аймағын сегіз торға бөліңіз.
3. Бірінші торға сурет салып, үзіндіні білгілеңіз.
4. Оны әрбір торға көшіріп, қайталанбауы үшін әр турлі бағыттарда
бұрыңыз.(Басқа сурет салуға болады).

---------------------------------------------------------------------------
-----------------------

№8 тапсырма.

1. Paint графикалық редакторын ашыңыз.
2. «Шеңбер» , «Қисық сызық», «Сызық» құралдарының көмегімен төмендегі
суретті салыңыз.

3. Шыққан суреттің бірнеше көшірмесін жасаңыз.
4. Үлкейтіп, кішірейтіп төмендегідей орналастырыңыз.

ТЕСТІК СҰРАҚТАР
1 - нұсқа

1. Үзінді дегеніміз не?
а) Paint редакторы.
ә) Бір объектінің көшірмесі.
б) Суреттің бөлінген бөлігі.

2. батырмасы қандай аймақты белгілейді?

а) Шеңбер.
ә) Төртбұрышты.
б) Ерікті.

3. Үзінділерді көшіру үшін қолданылатын команда. Қате жауапты тап.
а) CTRL+C.
ә) Правка – Копировать. Правка – Вставить.
б) Файл – Копировать. Рисунок – Вставить.

4. Мына команда нені орындайды. Рисунок – Очистить.
а) Беттегі барлық суретті жояды.
ә) Белгіленген суретті жояды.
б) Ешқандай қызмет атқармайды.

5. Правка – Вырезать. Правка – Вставить ...
а) Жылжыту үшін қолданылады.
ә) Көшіреді.
б) Жойып жібереді.

ТЕСТІК СҰРАҚТАР
2 – нұсқа

1. PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін келесі әрекетті орындаймыз:
а) Пуск→Программы→Программы→ PAINT
ә) Пуск→Программы→Стандартные→ PAINT1
б) Пуск→Программы→Служебные →PAINT
2. Үзінді келесі құралдармен белгіленеді:

а)

ә)

б)

3. Үзінділерді көшіру үшін қолданылатын команда. Қате жауапты тап.
а) CTRL+C.
ә) Правка – Копировать. Правка – Вставить.
б) Файл – Копировать. Рисунок – Вставить.

4. Правка – Вырезать. Правка – Вставить ...
а) Жылжыту үшін қолданылады.
ә) Көшіреді.
б) Жойып жібереді.

5.Үзінді дегеніміз не?
а) Paint редакторы.
ә) Бір объектінің көшірмесі.
б) Суреттің бөлінген бөлігі.

№ 45 бейімделген орта мектеп

Ашық сабақ

7«А» сынып

Орындаған: Ракишова З.Е.
ШҚМУ. Информатика
3-курс студенті

Тексерген: Касенова Ғ.Е.
Информатика пәні мұғалімі

Өскемен, 2007 жыл.

-----------------------
EMBED PBrush

Бағалау:
«5» -6
«4»-5
«3» - 3-4

Бағалау:
«5» -6
«4»-5
«3» - 3-4


Ұқсас жұмыстар
Мәтінді ауыстыру
Wordpad-тың қосымша мүмкіндіктері
Үзінділермен жұмыс
Paint қарапайым графиктік редактор
Мәтіндік редакторда
Paint графиктік редакторының құралдары
Paint графикалық редакторы тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру
Амандасу салты
PAINT редакторында салынған суреттің кеңейтілімі
Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. қаріп. абзацты пішімдеу. 5 сынып
Пәндер