Дауыстың бұзылуы

Сабаққа жіберілді
Мамандығы: 010100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» Біліктілігі: «Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешісі» Пәні: Логопедия негіздері
Сабақтың тақырыбы : Дауыс кемістігінің түрлері
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға мектеп жасына дейінгі балаларда кездесетін дауыс кемістігі және оның жіктелуі мен жүргізілетін түзету жаттығулары жайлы түсінік беру. Дамытушылық: Дауыс кемістігінің жіктелуін түсіндіре отырып, олардың пайда болу себептері жайлы түсініктерін кеңейту, олардың айырмашылықтарын ажырата білу іскерліктерін қалыптастыру. Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, әсемдікке, ұқыптылыққа, іскерлікке, тапқырлыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Таным сабағы
Оқытудың инновациялық әдістері: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ой қозғау
ОТҚ және көрнекі-дидактикалық материалдар : Үлестірмелі материалдар, суреттер, тірек-сызбалар, ойын материалдары
Пайдаланған әдебиеттер: Қ. Қ. Өмірбекова, Г. С. Оразаева, Г. Н. Төлебиева, Г. Б. Ибатова. Логопедия. Алматы 2012
Сабақтың кезеңдері:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру. Қажетті көрнекіліктер мен құралдарды дайындау.
ІІ Өткен тақырып бойынша үй жұмыстарын тексеру
1. Балалардың сөйлеу тілінің дамуын қайсы ғалымдар зерттеген ?
2. Баланың тілінің дамуы неше кезеңге бөлінеді?
3. Былдыр дегеніміз не?
4. Сөйлеу тілі шыққанға дейінгі кезең балада қалай өтеді?
5. Сөйлеу тілі шыққан кезең бала өмірінің қай жас аралығын қамтиды?
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жоспар: 1. Дауыс кемістігінің түрлері
- Дауыс кемістігінің түрлері
Оқытушының іс-әрекеті: Тірек-сызба арқылы жаңа тақырыпты түсіндіріп, баяндау. Көрнекіліктермен жұмыс. Оқушының іс-әрекеті: «Түртіп алу» стратегиясы бойынша жаңа тақырыпты жазып, тірек-сызбаны түсіріп алады.
Жоспар:
1. Сөйлеу тіл кемістіктерінің жіктелуі.
2. Клинико-педагогикалық классификация
3. Психолого-педагогикалық классификация
Сөйлеу тіл кемістіктерінің жіктелуі.
Логопедия ғылымында көп уақытқа дейін шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі- жүйелі ғылыми тұрғыдан тіл кемістіктерін жіктеу (классификация) болып табылады. Оған бөгет болатын жағдайлар, біріншіден, тіл кемістіктерінің көптеген түрлерінің кездесуі және олардың таза, нағыз күйінде кездеспей, күрделі түрде болуы. Сонымен қатар сөйлеу тіл бұзылыстарының себептеріне деген ғалымдардың көзқарастары әр түрлі болуы. Осының бәрі тіл кемістіктерін ғылым жүзінде дәлелдеп, жіктеуді қиындатады. Сондықтан қазіргі таңда сөйлеу тілінің бұзылыстарын жіктеу мәселесі әлі де өзекті деуге болады. Логопедия өзінің алғашқы қалыптасу кезінде жеке классификациясы болмаған және осы классификация жайында мәселе көтерілмеген де. Өйткені сол кезде логопедия еуропалық медицинаның тіл кемістіктерін зерттеуіндегі үлкен жетістіктерінің әсерінде болды және ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында солардың қалыптасқан классификациясына сүйенетін. Алғашқы классификациялардың бірін Куссмауль (1877) қарастырған. Ол тіл кемістіктерінің түрлері жайында бұрыннан қалыптасқан көзқарастарға сындық талдау жасап, тіл кемістіктері туралы түсініктерді жүйелеп, терминологиясын ретке келтірді. Бұл жіктеу кейіннен клиникалық деп аталды. Осы топтастыру ХХ ғасырдың басында көптеген шетелдік, ресейлік ғалымдардың жүргізген зерттеу жұмыстарының модификацияларының негізіне алынды: В. Олтушевскийдің, Г. Гуцманның, Э. Фрешельстың, С. М. Доброгаевтың. Бұл классификациялардың көптеген ортақ белгілері болды: клиникалық көзқарас, бұзылыстардың түрлерін белгілі бір сырқаттың түрлерімен байланыстыру (тіл кемістіктерін белгілі бір аурудың симптомы ретінде қарастыру), ортақ терминдерді қолдану (көптеген терминдер әлі күнге дейін қолданылуда) . Классификациялардың арасында көптеген сәйкессіздіктер де кездескен. Олардың тіл кемістіктерді жіктеу кезінде әр қайсысы әр түрлі принциптерге сүйенуі және белгілі бір критерийдің, тіл кемістіктерін жіктеудің қажеттілігіне бір ыңғай көзқарастың болмауы. Бір де бір автор белгілі бір принципке сүйене отырып жіктей алмады. Осыған байланысты сөйлеу тіл бұзылыстарының көрінісі толық емес, кейбір жағдайда бір-біріне қарама-қайшы көрсетілген болды. Бір топқа жататын бұзылыстар әр түрлі топта, ал әр түрлі көріністер тір топқа жатқызылды. Балаларда кезедесетін тіл жаңа принциптерін Р. Е. Левина құрастырып, логопедияда бір-бірін толықтыратын тіл кемістіктерін жіктеудің екі түрін көрсетті: клинико-педагогикалық және психолого-педагогикалық. Клинико-педагогикалық классификация «жалпыдан жалқыға» принципінде негізделген, сөйлеу бұзылыстарының формаларына, бөлшектену түрлеріне бағытталған және сөйлеу бұзылыстарының алдын алуда дифференциалды бағытты өндеу (Л. С. Волкова, С. Н. Шаховская және т. б., 1999) . Ауызша сөйлеу дамуының бұзылыстары екі түрге бөлінеді: фонационды (сыртқы) айтуды рәсімдеу, сөйлеудің айтылу жақтары. Осыған байланысты логопедияда дәстүрлі бекітілген терминдермен аталған келесі сөйлеу тілі бұзылыстары ажыратылады: Ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстары а) Дауыстың бұзылуы . (дисфония, афония, фонестения) Дауыстың бұзылуы дауыс аппаратының патологиялық өзгерістерің салдарынан болуы мүмкін. Афония-фонацияның мүлде болмауы Дисфония-дауыс күшінің, тембрінің, биіктігінің бұзылуы Фонестения- дауыстың шаршағыштығының, оның қырылдап, сырылдап, бәсең шығуы. ә) Сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы (тахилалия, брадилалия, тұтықпа) Брадилалия - сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс болуы. Синонимі: брадифазия. Сөйлеу жылдамдығы баяулағанда сөз сөз босаң, бірқалыпты, созыңқы шығады. Сөйлеу жеделдеген кезде сөз шапшаң, екпінді шығады да сөйлемдер құрастырғанда қателер кездеседі. Тахилалия -сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс тездетуі. Ол оратлық, органикалық немесе функционаллдық деп бөлінеді. Сөйлеу тілінің темпі жеделдеген кезде аграмматизмдер кездеседі. Сөйлеу тілінің фонетикасы, лексикасы және грамматикалық құрылымы сақталған болады. Тұтықпа - сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылу салдарынан сөйлеудің ырғақтығының, жылдамдығының бұзылуы. Синонимдері: логоневроз. Тұтықпа органикалық немесе функционалды болып келеді, көбінесе ол баланың тілінің жедел даму кезеңінде пайда болады.
б) Тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы (дислалия, ринолалия, дизартрия) Дислалия - есту қабілеті мен сөйлеу мүшелерінің иннервациясы дұрыс сақталғанда кездесетін тіл дыбыстарының бұзылып айтылуы. Синонимдері: тіл мүкістігі, тіл дыбыстарын айту кемістігі, фонетикалық кемістік. Дислалия сөйлеу тілінің даму кезінде пайда болады. Дыбысты алтастырып, шатастырып, бұзып айтуы байқалады. Анатомиялық ауытқушылықтар болса органикалық, жоқ болса-функционалды деп аталады. Ринолалия - сөйлеу мүшелерінің анатомиялық-функционалдық кемістіктерінің салдарынан дауыс әуезділігінің /тембрінің/, тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы. Синонимдері: мұрыннан сөйлеуі палатолалия. Дизартрия - жүйке тамырларының сөйлеу мүшелерінің жұмысын толық қамтамассыз ете алмауына байланысты сөйлеу қабілетінің бұзылуы. Дизартрияының ауыр түрі анартрия деп аталады. Ондай жағдайда адам дыбыс айту мүмкіншілігінен айырылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz