Қазақ тілі - мемлекеттік тіл

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Атырауский институт нефти и газа

Факультет Экономика

Кафедра Казахского и русского языка

Учебно-методический комплекс дисциплины студента

Дисциплина «Казахский язык»

Для всех специальностей

Атырау - 2005

Учебно-методический комплекс по дисциплине « Казахский язык »

для студентов АИНиГ по специальности « для всех специальностей»

Учебно-методический комплекс дисциплины студента разрабатывается в соответствии с содержанием ГОСО РК, квалификационной характеристикой, типовым и рабочими учебными планами специальностей и направлений подготовки с учетом языка обучения и отражает основное содержание преподаваемой дисциплины. Учебно-методический комплекс дисциплины студента предназначен для конкретизации методов и средств учебной деятельности студента по достижению поставленных образовательных целей и задачи дисциплины, обеспечивает формирование базовых знаний, умений и навыков студента, необходимых для усвоения им инженерно-технических дисциплин по избранной специальности.

Учебно-методической комплекс дисциплин студента состоит из разделов:

  1. глоссарий;
  2. конспект лекционных занятий;
  3. лабораторные занятия;
  4. практические занятия
  5. самостоятельная работа студентов под руководством преподавателя (СРСП)
  6. самостоятельная работа студентов (СРС) ;
  7. экзаменационные вопросы;
  8. список рекомендуемой литературы;

Атырауский институт нефти и газа, 2006 г.

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Атырауский институт нефти и газа

Лист согласования

Утвержден на заседании Методического совета АИНиГ

Протокол № __от «» 2006 г.

Председатель Метод совета АИНиГ

первый проректор, проректор по УМР Джумамухамбетова Н. Г.

Согласовано:

Начальник отдела УМД: Исмагулова А. И.

Рассмотрено на заседании Методического бюро

факультет (а)

«» 2006 г.

Председатель метод бюро факультета, доцент: Жанбирова Б. А

Ф. И. О. (звание, степень)

Рассмотрено и одобрено на заседании кафедры «

»

«» 2006 г.

Зав кафедрой; доцент: Кульжанова Н. Х.

Ф. И. О. (звание, степень)

Разработал:

Ф. И. О. (уч. звание, степень)

Глоссарий

Ауызша және жазбаша коммуникативке байланысты басты түсініктер.

Өмірбаян - іс қағаздарының түрі, адамның өз өмірін баяндауы, әңгімелеуі.

Аннотация -түсініктеме, андатпа, (кітап, мақала мазмұнының қысқаша сипаттамасы.

Анкета (сауалнама) - белгілі бір мәліметтер жинақтаудағы сауалдар жинағы.

Анықтама -мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық іс қағазының түрі.

Әңгіме- ауызша хабарлау, белгілі бір оқиғаны баяндау.

Рецензия - ғылыми, шығармашылық жұмыстардың (қойылым, кинофильм) сыни түрде бағалануы.

Суреттеу - белгілі бір шығарманы, оқиғаны, мазмұндаманы суреттеу.

Шығарма - 1) әдеби, ғылыми туынды. 2) жазбаша жұмыс; берілген тақырып бойынша шығарма жазу.

Мазмұндама - берілген тақырып бойынша (өз сөздерімен) әңгімелеу, жазбаша түрде бейнелеу.

Конспект - белгілі бір тақырыптың қысқаша, жазбаша мазмұны.

Ақпарат - мәлімет, ауызша хабарлама беру, басты ақпарат туралы мәлімет беру.

Мәнжазба - белгілі бір кітап, мақала және баяндаманың қысқаша сипаттамасы.

Морфология - сөздердің құрылысы (тұрпаты), сөздердің өзгерілуі туралы ілім. Ол сөздердің морфологиялық құрамын талдайды, сөздерді таптастырады, сөздердің өзгерілу ережелерін белгілейді.

Мінездеме - түрлі мекеме, ұйым, бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.

Арыз - ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі.

Стиль - латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда жазу құралы деген мағына береді. Жазу мәнері сөзге сендіру тәсілі, мәнерлі сөйлеу және белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құралдар жүйесі деген сияқты көптеген мағынада қолданысқа түседі.

Сенімхат - белгілі бір тұлғаның өз өкілеттігі мен құқын екінші бір тұлғаға берілгенін жазбаша растайтын іс қағаздың бір түрі.

Аргумент - дәлел, негіз (белгілі бір деректің дәлелденуі) .

Мақала - ғылыми, публицистикалық шығарманың ықшамдалған түрде жинақ, газет, журнал бетінде жариялануы.

Тақырып - белгілі бір оқиғаның, әңгіменің атауы.

Тезис - шығарманың, баяндаманың, лекцияның қысқаша желісі.

Мәтін - жазылған шығарма, баяндама, лекция немесе солардан үзінді.

Комментарий - түсіндірме, мәтін, мақала бойынша түсінік беру.

Жинақтау, қорыту - жалпы тұжырым, белгілі бір құбылыстың, оқиғаның, істің нәтижесі.

Баяндама - белгілі бір мазмұны бар тақырып бойынша көпшілікке арналған хабарлама түрі.

Диалог - бір немесе бірнеше адамдардың бір-бірімен сөйлесуі.

Жоспар - белгілі бір мазмұндаманың қысқаша бір бағдарламасы (баяндама жоспары) .

Конференция - жиналыс, қоғам өкілдерінің мәжілісі, белгілі бір сұрақтарды шешу және талқылаудағы ғылыми ұйымның түрі. (студенттердің ғылыми конференциясы) .

Интервью - баспасөзге, радиоға, теледидарға берілетін тілшілердің сауалдарына қайтарылған жауап.

Диспут - ғылыми немесе қоғамдық маңызы бар тақырыпқа көпшілік алдындағы пікірталас.

Үзінді - шығарманың қажетті бөлігінің мәтіні өзгертілмей жазылған, қолға берілетін нұсқасы.

Кіріспе - 1) кітаптың, шығарманың кіріспесі. 2) ғылыми пәннің алғашқы беташар, түсіндірме бөлімі.

Атырау мұнай және газ институты

«Қазақ тілі» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

1 - сабақ

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл

Мақсаты: студенттерге ана тілінің қадыр-қасиетін ұғындыру, тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру, тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау.

Тіл - халықтың жаны, ажары, кескін- келбеті. Халық өзінің ғасырлар бойына жасаған асыл мұраларын ұрпақтан- ұрпаққа, алдымен, ана тілі арқылы табыс етеді. Тіл арқылы кез-келген ұлт Отанын, халқын, оның тарихы мен салт-дәстүрін танып біледі және соларға деген өзінің перзенттік махаббатын тілі арқылы жеткізеді. Тіл - тек қарым - қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге дүниетану кілті. Тіл - халықтың ұлттық мәдениетінің сақшысы және достық пен түсіністік елшісі.

Қырғыздың ұлт жазушысы Шыңғыс Айтматов : «Халықтың мәңгі ғұмыры - оның тілінде . Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы» - деп баға берсе, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы : «Тіл дегеніміз - қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, ертеңгі, бүрсүгіні де тағдыры. . Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - ата-бабамыздың, тарихымызды ұмыту» - деп толғанады.

Тілдің тілге жаулығы жоқ. Өзге тілді құрметтеу, алдымен, өз тіліңді құрметтеуден басталады. Ана тілін жанындай сүйген ұлы жазушы Мұхтар Әуезов дағыстан ақыны Расул Гамзатовқа «Өлеңіңді авар тілінде оқышы» деп тілек білдіріпті. Расул өлеңін ойға шомып тыңдаған Мұқан : « Тілің күңгірлеп жатқан тастардың үніне ұқсайды екен», - деп тебірене теңеу айтыпты. Ал Расул Гамзатовтың өзі « Егер ертең тілім болса құрымақ. Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ»- деп жырлап кеткен жоқ па ?!

Ана тілі . . . Бұл туралы қаншама айтылып келеді. Ал ана тілінің құдіретін қанша айтсақ та түгесу мүмкін емес. Бала кезіңде балдай сорып, ана сүтімен бойға сіңген қасиетті туған тіл жаныңа шуақ әкеледі, жүрекке ұлттық мақтаныш ұялатады. Қазақ халқының кешкен өмірі, аңыз ертегілері, өлең-жырлары, дүние жайындағы ұғым- түсініктері, ойы, сезімі ана тілімізде дамып, атадан-балаға мұра болып келеді.

Қазір қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алып, қоғамдық өмірдің барлық саласында: мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарда, білім беру, мәдениет, ғылым, экономика, медицина мекемелерінде, қызмет көрсету, бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде қолданылып келеді. Кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу қолға алынды. Есеп-сынақтық, қаржылық және техникалық құжаттар да қазақ тілінде жүргізіледі. Осылайша қазақ тілін қолдану мен дамытудың бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.

Атырау мұнай және газ институты

«Қазақ тілі» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

Әдебиеттер тізімі:

1. Ш. Бектұров, А. Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих».

2. К. Жүнісбекова «Казахский язык».

3. Ж. Түймебаев «Қазақ тілі қысқаша грамматикалық анықтағыш

4. Х. Кожахметова «40 уроков казахского языка»

5. А. Мусинов, М. Мұхамбетқалиева, Е. Құдайбергенов «Қазақ тілі»

Атырау мұнай және газ институты

«Қазақ тілі» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

2 -сабақ

Қазақ жазуы туралы

Мақсаты: Қазақ жазуының тприхы туралы, мағлұмат беру, сөздікпен жұмыс жасату. Қазақ халқы VII-VIII ғасырларда туысқан түркі халықтарына тең ортақ Орхон - Енесей, Талас және көне ұйғыр жазуларын қолданған, олар тасқа қашалып жазылған. Кейін араб жазушылары мұсылман дінін енгізуіне байланысты араб жазуын пайдаландық. Осы жазуды халқымыз 1924 жылға дейін қолданды. 1924 жылы араб әріптеріне реформа жасалады. Қазақ халқының абзал ұлы Ахмет Байтұрсынов араб жазуына негізделген алфавит ұсынды, оны «жәдид» (жаңа) деп атады. Оны 1929 жылға дейін қолданып келдік. 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын әрпін қолдандық. 1940 жылы орыс графикасына негізделген әріпке көштік.

Фонетика. Тіл дыбыстары

Мақсаты: Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі бойынша мәлімет беру.

Фонетика тіл дыбыстарын зерттейді. Қазақ әліпбиінде 42 әріп (таңба), 36 дыбыс бар. 12 - дауысты дыбыс, 24 - дауыссыз дыбыс.

Дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, о, ө, ы, і, ү, ұ, и, у.

Дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ, с, т, п, ф, к, қ, н, ң, м, л, р, й, ч, ш, щ, х, ц.

Қазақ тілінің төл дыбыстары: ә, ө, і, ү, ұ, қ, ғ, ң, һ.

Мысалы: ән, өлең, ілгіш, ұя, қалам, ғылым, аң, жиһаз

Дауысты дыбыстар:

1. Жуан: а, э, о, ы, ұ, у.

Жіңішке: ә, е, і, ү, и, у.

  1. Ашық: а, е, э, о, ө.

Қысаң: ы, і, ү, ұ, у, и.

  1. Езулік: а, ә, е, э, и, і, ы.

Еріндік: о, ө, ү, ұ, у.

Дауыссыз дыбыстар:

  1. Қатаң: с, т, п, ф, к, қ, ч, ш, щ, х, ц, Һ.
  2. Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з,
  3. Үнді: н, ң, м, л, р, й, у.

Буын дауысты дыбыстарға байланысты бөлінеді:

  1. Ашық буын: ә-ке, а-на, ба-ла, қа-ла.
  2. Тұйық буын: ас, он, ән, ақ, ел, от.
  3. Бітеу буын: нан, бес, жүз, қор.

Екпін қазақ тілінде соңғы буынға түседі: мұнай-шы-лар-дың.

Атырау мұнай және газ институты

«Қазақ тілі» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

Тапсырмалар тізімі:

  1. Берілген сөздерге фонетикалық (дыбыстық) талдау жасаңыз: нарық, экономика, сауда, бәсеке, салық, пайда, табыс, қаражат
  2. Сөздерді буынға бөліп, қандай буын екенін ажыратыңыз Мұнайшыларың, өндіру, Атырау, кеніштерде, байлық, теңіз.
  3. ә, ө, і, ы, ү, ұ, қ, ң, ғ қазақтың төл дыбыстарының әрқайсысына бес -бестен мысал жазыңыз.

Әдебиеттер тізімі:

1. Ш. Бектұров, А. Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих».

2. К. Жүнісбекова «Казахский язык».

3. Ж. Түймебаев «Қазақ тілі қысқаша грамматикалық анықтағыш

4. Х. Кожахметова «40 уроков казахского языка»

5. А. Мусинов, М. Мұхамбетқалиева, Е. Құдайбергенов «Қазақ тілі»

Атырау мұнай және газ институты

«Қазақ тілі» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

3-сабақ

Тақырыбы: Буын (Слог)

Мақсаты: Буынның түрлерімен таныстырып, студенттердің тіл байлығын арттыру.

Қысқаша сипаттама:

Қазақ тілінде буынның үш түрі бар:

1. Ашық буын. Дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады, не тек дауысты дыбыстан тұрады. Мысалы: а-на, ә-же, қа-ла, ба-ла, ша-на т. б.

2 . Тұйық буын. Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы: ас-та-на, ек-пін, еш-кім. т. б.

3. Бітеу буын. Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы : бал-шық, бат-пақ, бөл-шек, таң-дау, сақ-тау, т. б.

Тапсырмалар:

  1. Мына сөздерді буынға бөліп, жазыңдар.

Жасырынбақ, жаңалық, екінші, қайық, қоңыз, ұйықтау, дайындық, күндер, жазда, ысиды, пішен, орады, жаңбыр, жапырақ.

  1. Шешендік сөздерді мәнерлеп оқып, жаттап алыңыз.

Әр сөзді буын түрлеріне талдаңыз.

Көбей шешен сөздері

Тау белгісі тас болар,

Май белгісі ас болар

Алған жарың жаман болса,

Тазалық жоқ нас болар

Алған жарың жақсы болса,

Қартайғанша жас болар . . .

Зер ұстаған зердің жайын біледі,

Жақсы басшы елдің жайын біледі.

Басынан көп өмірді өткізген жан,

Қайғы менен шердің жайын біледі.

  1. Мына сөздерді буынның үш түріне бағанаға бөліп, жазыңыздар.

Образец: (үлгі) :

Открытый Полузакрытый Закрытый слог

әже отан жолдас

ала оқ дәптер

мә еп қарт

Атырау мұнай және газ институты

«Қазақ тілі» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

Жолдас, дәптер, ата, кеме, аса, төрт, боз, бет, бота, бөле, бір, дерт, тау, жар, қант, құс, мазмұн, маза, мақала, мақсат, мәсі, мұз, мұрт, міндет, озат, оқ, оң, орын, өнім, пана, сақина, тары, үкі, шөже, шөп, ене, тор. т. б.

  1. Бір буынды төрт дыбыстан тұратын 10 сөз жазыңыз, ол сөздермен сөз тіркесін жасап, сөйлем құраңыз

Үйге тапсырма: Буынның түрлеріне мысал келтіру.

Әдебиеттер тізімі:

1. Ш. Бектұров, А. Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих».

2. К. Жүнісбекова «Казахский язык».

3. Ж. Түймебаев «Қазақ тілі қысқаша грамматикалық анықтағыш

4. Х. Кожахметова «40 уроков казахского языка»

5. А. Мусинов, М. Мұхамбетқалиева, Е. Құдайбергенов «Қазақ тілі»

Атырау мұнай және газ институты

«Қазақ тілі» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

4 - сабақ

Тақырыбы: Үндестік заңы (Закон сингармонизма)

Мақсаты: Үндестік заңы туралы толық мағлұмат беру.

Үндестік заңы 2-ге бөлінеді.

  1. Буын үндестігі (Гармония гласных)
  2. Дыбыс үндестігі (Гармония согласных)

Түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп айтылуын үндестік заңы (сингармонизм) дейміз.

Қазақ тіліндегі сөздердің басым көпшілігі не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Сөздің соңғы буынының жуан, жіңішке болуына қарай қосымшалардың да бірыңғай жуан, не жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі немесе сингармонизм деп атайды. Мысалы: жазу-шы-лар-ға, ән-ші-лер-ге, оқу-шы-лар, мек-теп-тер, т. б.

Дыбыс үндестігі бойынша дауыссыздар бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылады. Түбір мен қосымшаның немесе сөз тіркесіндегі екі сөздің жігінде дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер ету нәтижесінде өзгеруін дыбыс үндестігі немесе ассимиляция деп атайды.

Тапсырмалар:

  1. Сөздерге қалаған қосымшаларыңды жалғап көшіріңдер.

Кір. Мектеп. Көңіл. Қала. Баспасөз. Қазық. Акт. Кенші. Бұлбұл. Пошта.

  1. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін құрамына қарай талдап, бұлардың араларындағы дыбыс үндестігін табыңдар.

Бұрынғы. Аймангүл. Он бес. Орманбай. Тұзсыз. Көре алмадым. Көз сала жүр. Есенгелді. Амангелді. Досжан. Тас жол. Бос жүрмен.

  1. Берілген сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырып, айтылудағы ерекшеліктерін байқаңдар.

Торы ала ат. Жаңа ауыл. Қара күрең. Ала кет. Көк ала. Үлкен ғалым. Жүз жылқы. Бас штаб. Сенбі. Сәрсенкүл. Қазанқап.

Үйге тапсырма: Үндестік заңын қайталау.

Атырау мұнай және газ институты

«Қазақ тілі» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

Әдебиеттер тізімі:

1. Ш. Бектұров, А. Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих».

2. К. Жүнісбекова «Казахский язык».

3. Ж. Түймебаев «Қазақ тілі қысқаша грамматикалық анықтағыш

4. Х. Кожахметова «40 уроков казахского языка»

5. А. Мусинов, М. Мұхамбетқалиева, Е. Құдайбергенов «Қазақ тілі»

Атырау мұнай және газ институты

«Қазақ тілі» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

5 - сабақ

Тақырыбы: Дыбыс үндестігінің түрлері.

Мақсаты: Дыбыс үндестігі туралы жалпы түсінік берумен қатар, түрлерін ажырата білуге үйрету.

Қысқаша сипаттама:

1Дыбыс үндестігінің екі түрі бар. Ілгерінді және кейінді ықпал.

Прогрессивная ассимиляция и регрессивная ассимиляция.

Түбір мен қосымшаның немесе сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың алдыңғысының кейінгі дыбысқа әсер етіп, өзіне ұқсатуын ілгерінді ықпал дейміз.

а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты, я үнді, я ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң болады.

Мысалы: бала-лар (бала-дар не бала-тар емес), күздік(күз-тік емес) .

ә ) Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, не сөз б, в, г, д, дыбыстарының біріне аяқталса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады.

Мысалы: от-пен, космосқа, Ленинград-қа.

б) Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң болып, соңы сыңары ұяңнан басталса да ол қатаңға айналады, бірақ жазғанда түбірі сақталады.

Мысалы: айтылуы: жазылуы:

Қоныспек Қонысбек

Тыныспек Тынысбек

Тас пер тас бер

Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз.

а) Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяң сыңарларына (п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады, кейде п дыбысы у-ға айналады.

Мысалы: күрек-күрегі, доп-добы, тарақ-тарағы.

Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар:

а) Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б, п дыбыстарынан басталғанда, н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі сақталды.

Мысалы: айтылуы: жазылуы:

Жампейіс Жанпейіс

Ермағамбет Ермағанбет


Тапсырмалар:

1. Көп нүктенің орнына көрсетілген қосымшалардың ) жалғаудың немесе жұрнақтың) фонетикалық (дыбыстық) түрлерінің тиістісін қойып, олардың түрліше жалғану себебін түсіндіріңдер.

  1. -ның, (-нің, -дың, -дің, -тың, -тің) бала . . . ойыншығы, колхоз . . . малы, есік . . . тұтқасы, өзен . . . жағасы, күн . . . ыстығы, қуаныш . . . белгісі.
  2. -ға, (-ге, -қа, -ке) ; тау . . . шығу, белес . . . көтерілу, қағаз . . . жазу, кеме . . . міну, завод . . . бару, аэроклуб. . кетті.
  3. -нан, (-нен, -дан, -ден, -тан, -тен) ; бетеге . . . биік, жусан. . аласа, тас. . қатты, сүт. . таза, жүн . . . тоқылған, қырман. . қайтты, өзен. . өтті.

2 . Бір сөз (біріккен сөз) ішіндегі және сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың айтылуда өзгеру себебін, қалай үндесіп тұрғанын түсіндіріңдер.

Әлдеқалай, әлдекім, әлдеқашан, әркім, әрқалай, өнеркәсіп, боз кеуде, әр күні, әл кету, ала көз болу(араздасу), айтып бар, ала кел, қара қоңыз алып бер, кісі, отыра қал, бұлтты күні, жазып бер.

Әдебиеттер тізімі:

1. Ш. Бектұров, А. Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих».

2. К. Жүнісбекова «Казахский язык».

3. Ж. Түймебаев «Қазақ тілі қысқаша грамматикалық анықтағыш

4. Х. Кожахметова «40 уроков казахского языка»

5. А. Мусинов, М. Мұхамбетқалиева, Е. Құдайбергенов «Қазақ тілі»

Атырау мұнай және газ институты

«Қазақ тілі» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

6 - сабақ

Лексика

Мақсаты: Тіл білімінің лексика саласы бойынша мағлұмат беру, сөз мағыналарын ажырата білуге үйрету.

Лексика сөз мағыналарын, сөз байлығын зерттейді. Кез - келген сөздің мағынасы болады.

  1. жаңбыр, жел - табиғат құбылысының атауы
  2. ақ, қара - түс атауы
  3. екі, бесінші - санды білдіреді.
  4. келу, бару - қимылды білдіреді.
  5. ертең, бүгін - мезгілді білдіреді.

Тура мағына Ауыспалы мағына

Қара шаш қара жүрек

Суық тамақ суық хабар

Қисық ағаш қисық адам

Ұзын жол ұзын хабар

Ақ көйлек ақ сезім

Антонимдер - мағыналары қарама -қарсы сөздер: ақ - қара, аласа - биік, жоғары - төмен, жақсы - жаман, бүгін - ертең, алыс - жақын, қою - сұйық.

Синонимдер: мағыналары жақын сөздер. Мысалы: әдемі - сұлу, ажарлы, көркем, көрікті, келбетті.

Алыс - шалғай, қаһарман

Тез - шапшаң, жылдам, лезде.

Омонимдер: жазылуы, айтылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер:

Түс - 1. Бояу (ақ түс)

2. Ұйқы (түс көру)

3. Мезгіл (түс мезгілі)

4. Қимыл (аттан түсу)


Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тіл
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Орыс тілінде жаз
Тіл - мемлекет тірегі
Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы
Тіл тағдыры- ел тағдыры
Тілім менің - тірлігімнің айғағы
Жасай бер ана тілм -қазақ тілі
Сабақтық өту барысы
Халықтар достығы - тілдер достығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz