Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушылардың назарын аудару

Пәні:Композиция  Сабақтың тақырыбы: Пейзаж.  Қыс көрінісі. 
Алғашқы қар.
Сабақтың мақсаты:  Білімділігі: Балаларды қыс туралы  табиғатты дұрыс
бейнелеуге, суретті қамтып,бояу түстерін үйлестіріп әр бояудың түстерін
ажырата білуге үйрету. Бейнені  парақ бетіне толық орналастыра білуге 
дағдыландыру.      Дамытушылығы:  Ағаштарды түрлі-түсті бояу арқылы бояп,
шеберліктерін  арттырып, табиғатты аялауға тәрбиелеу.Балалардың
байқағыштық, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
    Тәрбиелілігі: Балаларды ұзақтылыққа дұрыс бейнелей білуге, эстетикалық
қабылдауын, шығармашылыққа  қабілеттерін арттыруға тәрбиелеу.
    Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: практикалық жұмыс, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу, жаңа
техникамен жұмыс.
    Пәнаралық  байланыс: еңбекке баулу,сызу
   Сабақтың көрнекілігі: Сабақ тақырыбы,төрт кезеңдік сурет салу
үлгісі,сабақ ұраны,шырша,қаршалар, есіңде сақта ережесі, сұрақ жасырылған
конверт.
Сабаққа қажетті қажетті құралдар: Формат, А4, гуашь, акварель, бояуы,
қылқалам, карандаш, матрица  ( картоптан ойылған таңба)
Сабақтың барысы:
   I.Ұйымдастыру бөлімі:
   II.Жаңа сабаққа даярлық:
   III.Жаңа сабақ:
  IV.Қорытынды:
   V.Бағалау:
  VI.Үйге тапсырма беру:
 I. Ұйымдастыру бөлімі:
   Оқушылармен амандасу,сабаққа дайындалу, құрал- жабдықтарын алдырып,
сабақта жоқ оқушыларды түгелдеу.Оқушылардың назарын аудару.
ІІ. Жаңа сабаққа даярлық :
Оқушылар біздің бүгінгі сабағымыздың ұраны: «Жылдың әр мезгілі өзінше
тамаша!».Олай болса, қане бәріміз мына шыршаның қасында тұрған конвертке
назар аударып,ішіндегі шартты оқып шығайық.Мұнда былай жазылған: «Жердегі
жатқан қаршаларды,жұмбақты шеше отырып шыршаны безендіру  керек».
1.Шелек қалпақ басында,сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын, тауып көрші сен оны.(Аққала)
 2.Қолы менен қаламы жоқ,бірақ сурет салады көп.(Аяз)
Қоймасын қыс ақтарып,жерді жапты ақ мамық.(Қар)
         3.Зулап түсіп төменге,шықпас менсіз төбеге.(Шана)
         4.Қыста шыны боп қатады,жылыды су боп жатады.(Мұз).
5.Әуеде ақ мамық қалбалақтап ұшады,қанаты талып жерді барып құшады.(Қар)
         ІІІ.Жаңа сабақ.
Міне,балалар бәріміз жұмбақтың жауабын тауып,шыршаны безендірдік.Сонымен,
балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз «Пейзаж.Қыс көрінісі.Алғашқы қар» деп
аталады.Қыс кезінде жапырақтары әбден түсіп,сидиған ағаштарға назар
аударайқшы.Олар өте қызық және әртүрлі.Әр ағаш өзіндік ерекшеліктерімен
көзге түседі.Бір ағаштың бұтақтары мың бұралған нәзік болса,енді бірінің
бұтағы тік әрі жуан болып келеді.Қыс кезінде ағаш бұтақтарына түскен қар
немесе қырау оларды әдемі етіп көрсетеді.
 
 
 
Еліміздің елді мекендерінде алуан түрлі ағаштар өседі.Мысалы: таулы
аймақтарда қарағай,шырша,арша,ал шөлді аймақтарда қарағаш, сексеуіл т.б.
кездеседі.Сонымен қатар аққайың, терек,тал секілді ағаштарда бар.Ағаш
түрлерінің ерекшеліктерін қыс кезінде байқауға болады.Қыста ағаштарды
бейнелеу өте қызық әрі әдемі.Сондықтан бүгін  әртүрлі   ағаштарды
бейнелеуге үйренейік.Қане,олай болса мына кезеңдерге мән беріп қарайық.Әр
кезең өзінің сипатына қарай  бейнеленген екен.
 
               1-кезең                       2-кезең     
                   3-кезең                   4-кезең
|Көмекші сызықтарды |Көмекші сызықтар | Бейненің бояу |Бейнені толық |
|табу керек |арқылы табу керек |түстерін табу |аяқтау керек |
| | |керек | |

         Енді  бәріміз парағымызды алып,бейнелеуге кірісейік.Ол үшін,ең
алдымен көмекші сызықтар арқылы белгілеп,ағаштарымызды бейнелейміз.Көмекші
сызықтар бізге суретімздің дәл әрі нақты етіп көрсетуге керек болады.
Қағаз бетіне бейнені орналастыру, орын белгілеу, көру нүктесін таңдау
үйлесімділіктің бастапқы негізі болып табылады. Нұсқаның жеке бөліктері бір-
бірімен  байланысты  болғанда  ғана үйлесімділік шешім  дұрыс болады.
Компазициядағы басты  нәрсеге назар аударайық.Есіңде сақта ережесі:
 Компазициядағы басты нәрсе;
 1.Пішін
2.Өлшемі
 3.Түсі
4.Орналастыру көмегі айқын болу керек
Бүгін сендер жаңа техника,яғни матрицамен жұмыс жасауды үйренесіңдер.Бұл
өте қызық. Матрица дегеніміз-таңба қалып,оларды  картоптан, алмадан,
өшіргіш,асқабақтан   ойып алуға болады.Біздің алдымызда картоптан ойылған
кішкене қаршалар бар,қане  осы таңбаның көмегімен жұмысымызды
жалғастырайық.Ақ гуашь бояуын езіп дайындап алуымыз керек.Матрицаның ізі
анық түсуі үшін, бояу өте қою болмауы керек.Таңбамызды бояуға батырып,
суретіміздің үстін басамыз.Міне,бізде осындай сиқырлы қаршалар  пайда
болды.
Жұмыс барысында     сергіту сәті. «Ғажайып палитра» ойыны .
Шарты:6 түрлі бояудың артында сұрақ жасырылған,оқушы бояу түсін өзі таңдап
алады.
        1.Қыста қандай өзгерістер болады?
        2.Қар ханшайымына киімнің қандай түсі қауіпті?
        3.Жаңа-жылда пайда болатын дорба,қай адамның дорбасы?
        4. «Ақ киімді денелі,ақ сақалды.Соқыр мылқау танымас тірі жанды»,-
деген өлең шумағы кімнің шығармасы?
          5.Қыс несімен ерекшеленеді?
 6.Ең бірінші түскен қарды қалай атайды ?
 ІV. Қорытынды:
Мына шаршы ішіне жасытынған 5 сөзді тап,олардың барлығы бүгінгі сабаққа
қатысты сөздер.

П |Е |Й |З |А | |Т |А |М |Ы |Ж | |Р |С |Ы |Қ |Р | |И |Ц |А |Ш |А | |А |Л |Ғ
|А |Қ | | V.Бағалау:  Оқуышылардың жұмыстарын көрме арқылы мадақтап,
талдап,бағалау
VІ.  Үйге тапсырма беру.
Матрицалармен жұмыс жасау.

Ұқсас жұмыстар
5 сынып - Математика - жылдық жоспар
Натурал сандарға амалдар қолдануға есептер шығару
Дүниетану- 3сынып
Кел тыңдайық ертегі
Сөйлемнен қаратпа сөздерді табу
Үй жануарларының қысқы тіршілігі
"Абылай хан.."
Абылай кім
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
Адам. Оқушыларға адам мәселесі, табиғаты, адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар туралы түсіндіру
Пәндер