Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру

№ сабақ жоспары

|Тобы |БМ- | | | | |
| |11-9 | | | | |
| Күні | | | | | |

Сабаққа жіберілді
___________________ ___________________
___________________

Мамандығы: 0105000 “Бастауыш білім беру»
Біліктілігі: 010501 3 «Бастауыш білім беру мұғалімі»
Пәні: Педагогика

Сабақтың тақырыбы: Экономикалық тәрбие жайлы ұғым. Экономикалық тәрбиенің
міндеттері, мазмұны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың нарықтық экономикаға туралы түсінігін қалыптастыру
;

Дамытушылық: оқушылардың экономикалық тәрбиеге қатысты ұғымдарға деген
түсінігін дамыту;

Тәрбиелік: қазіргі заман талабына сай жан – жақтылыққа, жауапкершілікке,
адал да әділ бағаларын алуға бағыштау.

Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Таным сабағы
Оқытудың инновациялық әдістері: : түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап,
жағдаяттық
сұрақтар

ОТҚ және көрнекі-дидактикалық материалдар: үлестірмелі карточкалар, слайд

Сабақтың кезеңдері:

І Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушыларды түгелдеп, олардың сабаққа дайындығын тексеру.Аудиторияның
тазалығын қадағалау.Оқушылардың оқуға қажетті құрал-жабдықтарын
тексеру.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау, танымдық қызығушылықты ояту:
. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.

ІІІ Жаңа материалды түсіндіру

Cабақтың мазмұны
Тақырыптың жоспарын айқындау, баяндау: «Экономикалық тәрбие жайлы ұғым және
оның міндеттері мен мазмұны»

Оқытушының іс-әрекеті:
Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеп, сабаққа психологиялық дайындық жасап,
назарларын сабаққа аудару.

Оқушының іс-әрекеті: оқу құралдарын дайындап, сабаққа көңіл аудару

Проблемалақ cұрақтар:
1. «Экономика» терминін қалай түсінесіңдер?
2. Экономика мен тәрбиенің қандай байланысы бар?

Баяндау:

Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық
білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның
экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас,
бөлісу және тұтыну шеңберіндегі (ауқымдағы) негізгі
экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту деп
түсінуіміз керек.
Экономикалық білімдер теориясы қоғам өмірінің
материалдық негізін түсіндіреді, адамзат қоғамы омірінің құпия
сырларын ұғынудың , қоғамды қайта құрудың объективті
негіздерін түсінуге береді. Бұл ғылым адам және оның
экономикалық қатынастарын зерттейді.
Негізгі мақсат қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай
оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыру. Осының негізінде
оқшылар қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуындағы адамның
шешуші рөлін ұғынуы, қоғам және тұлғаның мұддесі үшін
қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңа қатынастарды қалыптастыруға
үйренуі керек.
Қаржыландыру кезі мемлекет тарапынан және оқығаны үшін
оқушылардың төлемінен құрылады. Халыққа білім беруді
қаржыландыруға рыноктық экономика ықпалының өзіндік ерекшелігі
бар. Олар :
1.Қосқан еңбек үлесіне сай мұғалімдердің еңбек ақысын елеулі
жекелендіру
2.Оқу орындарының тек өзіне лайықты оқушыларды таңдап алудағы
өзара бәсекенің пайда болуы,ал мұның өзінің оқытуды ұйымдастырудың
жаңа жолдарын іздеу мен оны тәжірибеге ендіруді жандандыру
3.Оқушылардың және олардың ата-аналарының оқыту процесіне
ықпал етуге түбегейлі мүмкіндік алуы,ал мұның өзі барлық оқушыларға
бірдей деңгейлікте қарамай, олардын дербес қабілеттерін айқындауға
және дамытуға жағдай туғызуы
4.Оқу орнының материалдық-техникалық базасын осы заманғы ғылыми
талаптар деңгейіне жеткізу жағдайының жасалуы.
5.Әкімшілік басқаруға жұмсалатын қаржының үнемделіп, оның білім
беру мұқтажына бағытталу
6.Педагогикалық – ғылыми зерттеу мекемелерінің оқу орындарымен
тікелей келісім шарттар арқылы қаржылануы т.с.с.
Мұның бәрі елімізде халыққа білім берудің деңгейін көтеруге
қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Дегенмен, халық ағарту ісіне осы тұрғыдан қараудың көмескі
жақтары болатынын алдын ала біліп отырған жөн.Олар :
1.Халықтың белгілі бір бөлігінің білім алуға қаражатының
жетпеуі мүмкін,сондықтан елімізде сауатсыздықтың өсуіне кездесуі
2.Оқу орындарының жіктелуі пайда болып, төлем ақысы жоғары
мәртебелі оқу орындарының жарыққа келуі
3.Білім алудың төлем ақысының үнемі өсе түсуі
Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі қайта құру
кезеңінде өте көкейкесті мәселелердің бірі.Оларды халық
шаруашылығының әртүрлі салаларында жұмыс істей білуге үйрету
үшін экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық білімдермен
қаруландыру қажет.
Экономикалық тәрбие және білім беру-шаруашылық іс-
әрекетті жақсартудың өндірісті басқарудағы белсенділікті
арттырудың қажетті және маңызды шарты. Мұның негізгі міндеттері
мемлекеттің жүргізіп отырған экономикалық саясатымен
айқындалады. Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік-
экономикалық саясаты оқушылардың тәрбиесі мен білім алуына
жоғары талаптар қойып отыр.Себебі бұрын қалыптасқан экономикалық
саясат, экономикалық қатынастар күйреп, жаңа рыноктық ,
экономикалық саясат пен қатынастар орын тебуде.
Осы талаптарға сай оқушылардың экономикалық ойлауын дамыту
үшін мектеп төмендегідей міндеттерді ескереді:
1.Қоғамның рыноктың заңдары мен заңдылықтары меншіктің
түріне қарай өндіріс дамуы мен өмір сүру заңдылықтары жөніндегі
білімдерді игеру
2.Мемлекеттің экономикалық теориясы мен саясатын,өндірісті
жедел қарқынмен дамыту міндеттерін тәжірибеде шешудің жолдары
мен әдістерін жақсы білетін,өзінің оқу-өндірістік іс-әрекетінде
жоғары нәтижелерге жетуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру
3.Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатынаса
алатындай,еңбектің жаңа, алдыңғы түрлері мен әдістерін тез игеруге
мүмкіндік беретін біліктермен қаруландыру
4.Ақыл-ойға сыйымды қажеттіктерді қалыптастыру
Оқушылардың экономикалық ойлауын дамытуда, әсіресе “Қоғамтану”,
“Құқық негіздері”, “Тарих”, “География”, “Биология”, “Химия”,
“Физика”, “Еңбекке баулу” пәндерінің мүмкіншіліктері мол.Түрлі
пәндерді оқу барысында, сыныптан және мектептен тыс жұмыстарда
оқушыларда меншік түрлері, тұтынымға сай игілікті жасау бағыттары,
еңбек және өндірістік тәртіп, жалақы сияқты ұғымдар қалыптасады.
• Оқушылардың ең алғашқы экономикалық білімі әр түрлі пәндер бойынша
сабақтарда қалыптасады.Мектеп оқушыларының биология, химия пәндері
бойынша жүргізілетін ауыл шаруашылық тәжірибесінде ең жақсы тұқым
сорттарын пайдалануда, тыңайтқыштарды ұтымды етіп, өсімдіктерді
қоректендіруде тәжірибе жұмысы экономикалық нәтижені көруге мүмкіндік
береді.
Экономикалық тәрбиеде оқушылар мынадай ұғымдарды білуі қажет:
• Ұлттық кіріс, қаржы, еңбек ақы, пайда ,рентабелділік, өзіндік құн,
еңбек өнімділігі,акция ,бизнес, рынок, т.б.
А.С.Макаренко : «Ержетіп өмірге аяқ басқан адамның өзіндік қаржы
қоры жөнінде тәжірибесі болуы және ақшаны жұмсай білуі керек».
Қазіргі қоғамдық өмір оқушылардың қалада, ауылда, құрылыста, үлкен
ұжымдық, кішкене топтық, жеке еңбегін ұйымдастыру, оның жыл бойына
мезгілдік, қысқа уақыттағы жүйесін жасауды талап етеді.Мұндай жүйені жасау
шаруашылық ( жұмыс қолы жетіспеушілік, педагогикалық еңбекке тәрбиелеу, бос
уақытын ұйымдастыру), жеке тұлғалық (қаржы көзі) сияқты көп мәселелердің
шешімін табар еді.Осы мәселені ақыл-ойға сыйымды шешу оқушылардың ақшаға
қатынасын, сонымен бірге жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік бағдарын
қалыптастырады.Экономикалық тәрбиенің маңызды бағытын шешуге көмектеседі.

Жаңа білімді меңгертудегі оқушылардың өзіндік жұмыстары:

ІV Жаңа материалды бекіту
Карточкалар арқылы сұрақ-жауаптар, ситуациялық тапсырмалар.
V Үйге тапсырма беру:
1. Жаңа сабаққа байланысты кең көлемде ізденіп, конспектілерін
толықтыру.
2. Экономикалық тәрбиенің формалары мен әдістері

VI Қорытындылау, бағалау

Оқытушы: _____________ Пазылбек Н.

Қолы
Фамилиясы, аты-жөні

Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп
Топ басшысының бағалауы
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілге деген қызығушылығын қалыптастыру
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану мақсаты
ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІ МЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Оқушылардың мотивациясын арттыруда оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы
САБАҚ БАРЫСЫ
Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланып информатика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.(КОМПЬЮТЕРМЕН ІС ҚАҒАЗДАРДЫ ЖҮРГІЗУ КУРСЫ)
Ойын - балалар үшін күрделі әрекет
Пәндер