Қазақстанның көлік географиясы: сабақ жоспары мен бағалау тапсырмалары

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның көлік географиясы.

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Қазақстанның көлік географиясы және

байланыс салалары туралы алған білімдерін тиянақтау.

Оқушының өздігінен тұжырым жасап, ойын жеткізуге,

тілдік ерекшелігін дамытуға ықпал жасау. Дамытушылық: Оқушылардың ойларын жеткізе білуге, картамен жұмыс

жүргізуге, баспасөз материалдарын сабакта

пайдалануға дағдыландыру.

Тәрбиелік мәні: Өз Отанын сүюге, еліміздің әлеуметтік қуаттылығын

бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пәнаралык байланыс: тарих, математика

Сабақтың көрнекілігі: 1 . Қазакстанның экономикалық картасы.

2. Баспасөз материалдары.

3. «Қазақстан теміржолының» карталары.

4. «Евразияның трансконтитенттік теміржолдары»

картасын.

5. Теңіз- Новороссийск мұнай құбыры (схема) .

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Оқушыларды 4 топқа бөлемін. «Қазақстанның көлік географиясы» тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталау мақсатында әр топқа сұрактар мен тапсырмалар беремін. Оқушылар сабақ барысында «Қазақстанның теміржолы» картасын, «Евразияның трансконтитенттік теміржолдары» картасын пайдаланады. Сабақ бірнеше кезеңге бөлінеді:

I. Сұрақ - жауап

II. Тапсырма

  1. Білгірлер
  2. Жарыссөз

V. Тест

VI. Проблемалық сұрақтар
Қорытынды

I кезең. Сұрақ - жауап. Әр топқа берілетін сұрақтар.

1. Халық шаруашылығында көліктің маңызы

  1. Қазақстанның негізгі көлік түрлерін ата.
  2. Қазақстан Европа мен Азияны жалғастыратын «дәліз» аталу себебі не?
  3. Көлік торабы деген не?

II кезең. Талсырма. Оқушыларға кеспелер арқылы тапсырмалар беремін. (Әр- бір кеспеде кескін картаға сызылған темір жол магистралі берілген)

  1. - тапсырма. Кескін картада қай теміржол магистралі белгіленгенінанықта.
  2. - тапсырма. 1 тапсырмада белгіленген теміржол магистралынатөмендегі кестені толтыра отырып, сипаттама беріңдер.
Темір жол магистралі: Темір жол магистралі
Салынған жылы. Қазақстаның қай бөлігінен өтеді?: Салынған жылы. Қазақстаның қай бөлігінен өтеді?
Магистраль бойында орналасқан қалалар, станциялар:

Магистраль бойында орналасқан қалалар, станциялар

Магистральдың маңызы: Магистральдың маңызы
Темір жол магистралі:
Салынған жылы. Қазақстаның қай бөлігінен өтеді?:
Магистраль бойында орналасқан қалалар, станциялар:
Магистральдың маңызы:

III кезең. Білгірлер

  1. Басты автомобиль магистралін ата?
  2. Түркістан қаласы қай магистральдің бойында орналасқан?
  1. Транзит сөзінің анықтамасын түсіндір.
  2. Қазақстандағы автомобиль жолының ұзындығы қанша?
  3. Жүк айналымы деген не?

6. Темір жол, автомобиль жолдарының артықшылығы мен кемшілігін
түсіндір.

IV- кезең. Жарыссөз.

Оқыған білімдерін, баспасөз материалдарын пайдаланып, кеспелерге жазылған тақырыптар бойынша ойларын тұжырымдайды.

  1. Қазақстандағы су көлігі.
  2. Әуе көлігі.
  3. Телекоммуникация.
  4. Құбыр транспорты.

V- кезең. Тест

1. Су көліктерін қабылдап, жүгін түсіріп, тиейтін, арнайы
жабдықталып, жарақтандырылған орын не деп аталады?

А) Терминал Б) Магистраль

Ә) Транзит В) Коботаж

2. «ТрансҚазақстан» теміржол желісі мен «Турксіб» теміржол желісі
қай станцияда түйіседі?

А) Шу Б) Матай

Ә) Арыс В) Ембі

3. Қай кұбыр желісі Қазақстанннан Қытайға тартылатын мұнай
кұбырының бастамасы болып есептеледі.

А) Теңіз Новороссийск Б) Кеңқияк

Ә) Баку - Жейхан В) Каспий - Орск

4. Көліктің бірнеше түрлері қиылысатын, тоғысатын немесе
тарайтын жер не деп аталады?

А) Көлік торабы Б) Көлік желісі

Ә) Көлік жүйесі

5. 1940 жылы Қарағандының көмірін Ресейдің металлургиялық
кәсіпорнына ең қысқа жолмен жеткізген теміржол желісін ата.

А) Ақмола - Қарталы Б) Бурабай - Ақмола

Ә) Ақмола - Павлодар

6 кезең. Проблемалық сұрақтар:

  1. Қазақстанда транспорттың кай түрінің маңызы арта түседі депойлайсыздар?
  2. 2005ж. 16 желтоқсанда «Атасу-Алашанкоу» мұнай құбыры аяқталады. Оның маңызын түсіндір.
  3. 2008-2009 ж. Баку -Тбилиси - Жейхан құбыры Іске асады деп күтілуде. Оның Қазақстан үшін катысы бар ма? Бар болса қандай?
  4. Еліміздің транзиттық - көліктік әлеуетін дамыту «Қазақстан - 2030»даму стратегиясының ұзак мерзімді басымдылықтарының бірі ретінде

атап көрсетілді. Мұның себебі мен маңыздылығы неде деп ойлайсыздар?

5. Қазақстан неліктен Ұлы Жібек жолын қайта дамыту идеясын ұстануда?

6. Біздің қаламызда транспорттың қандай түрі қажет деп ойлайсыздар?

Көлік кешенінің халық шаруашылығыдағы маңызы өте зор екендігін окушыларға түсіндіремін, оқушылардың жауаптарын қортындылап бағалаймын.

Үйге тапсырма:

І . Қазақстанның көлік географиясы.

2 Басты автомобиль магистральдарын, темір жол магистральдарын кескін картаға түсіру.

3. Баспасөз материалдарын пайдаланып, Қазақстанда құбыр транспортының даму перспективасы туралы реферат дайындаңдар.


Ұқсас жұмыстар
9-сынып географиясы: Қазақстанның көлік кешені - қысқа мерзімді сабақ жоспары
Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және қалалар
Көлік және байланыс географиясы: кешендер мен әлемдік даму үрдістері
8-сынып географиясы: Қазақстанның ішкі сулары тақырыбы бойынша қорытынды сабақ жоспары мен бағалау әдістемесі
8-сыныпқа арналған Қазақстанның физикалық географиясы: ұзақ мерзімді жоспар мен оқыту-бағалау әдістемесі
9-сынып географиясы: Батыс Қазақстанның қалалары - сабақ жоспары
9-сыныптағы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: ұзақ мерзімді сабақ жоспары
Алтай тауы: 8-сыныпқа арналған Қазақстанның физикалық географиясы сабақ жоспары
Қазақстанның пайдалы қазбалары: орта мектеп географиясы үшін сабақ жоспары
9-сынып: Қазақстанның көлік кешені - салалары, ірі магистральдары және құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz