Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Саттар Ерубаевтың портреті

Сабақтың тақырыбы: «Қыз әсем кестесімен көркем».

Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға тәрбие және білім беру.
б) Оқушылардың ой - өрісін
жетілдіріп,
салт – дәстүріміз бойынша
қыз
балаларға эстетикалық тәрбие
беру.

Тәрбиелік мәні: Қыз балаларға саналы да сапалы білім беру эстетикалық
мәні бар тәрбие беру, қыз бойындағы қасиеттерді
асылдандыру. Қыздардың кесте тоқу арқылы шыдамдылыққа,
ою арқылы жылдамдыққа баулу және адамгершілікке
қасиетке баулу. Қазақ халқының салт – дәстүрі бойынша
қыз бала бойындағы асыл қасиеттерді көрсете білу.

Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: буклеттер, қыз бала жайында нақыл
сөздер, фотосуреттер, шар, гүлдер ілінген. Сынып
бөлмесін сабаққа лайық безендірілген.

Қорытынды.

1.Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар этнопедагогикалық коледжінің
бастауыш бөлімінде оқитын ІІ курс студенттері дайындаған «Қыз әсем
кестесімен көркем» атты ашық тәрбие сабағын бастауға рұқсат етіңіздер.
Құдіретті жыр тудырған санамда. Кім екен бұл Қыз Жібек пе? Баян ба? Әлде
ару Қарлыға ма? Құртқа ма? Әлде гүл ме өсіп тұрған даламда. Кім болса да
періште ғой ғажайып. Әттең шіркін кетпесе екен азайып.
Өнердің нәр береді шапағаты.
Әркімнің өнерге бар махаббаты
Талпынып барлығыңда шығыңдаршы
Халайық қошеметтеп қол соғады.
Сахнаға барлық асылда әсем аруларымызды шақырамыз.
1. Амекбарова Кенже
2. Дауленбаева Рахат
3. Ермаханова Гүлназ
4. Құрақбаева Ләйла
5. Шамаханова Салтанат
6. Саметова Фатима
7. Құшмағанбетова Перизат
8. Молдажанова Мадина
9. Алтыбаева Рахат
10. Әуелбекова Айгүл
Ал ендеше ару қыздарымыздың орындайтын шарттарымен таныстырып
өтейін.
1. «Мақал - мәтел» сайысы.
2. «Қыздың көркі шашында» сайысы.
3. «Бармағынан өнер тамған» қыздардың құрақ көрпеше жасау сайысы.
4. Оюлар сыр шертеді.
5. Салт – дәстүрге байланысты сұрақ жауап.
6. «Өнеріне өріс кең – ұршық иіру» сайысы.
1. Енді бірінші сайысымызға кезек береміз. Қыздарымыз ілінулі тұрған
қоржыннан біртіндеп асық арқылы мақал – мәтел айтып сынға түседі.
2. Ал келесі сайысымыз «Қыздың көркі шашында» сайысы –
«Қою қара шашыңыз,
Қиылып тұрса қасыңыз»
(қыздар 5 минут ішінде ұзын шашты қыздардың шашын өрумен сынға түседі).
Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Жүрекке түрлі ой салар
Әнді сүйсен менше сүй
Өмірәлиев Нурдәулеттің орынауында «Қыздар - ай» әні (қыздар дайын
болғанша).
3. Ал келесі сайысымыз «Бармағынан өнер тамған» сайысы. Қыздар сахнаға
шығып құрақ көрпеше дайындау үстінде. (берілетін уақыт 10 минут).
Жүргізуші: Кешіміз өтіп жатыр салтанатты
Тоймен күн нұрының шапағаты
Халайық қаттырақ қол соғыңдар
Күйіміз бар сүйкімді Тұрсынбек
атты
күй «Шалкиіз».
Жүргізуші: Жақсылық адамдардың тілегі екен
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен
Дәстүрлі қазағымның сарқылмаған
Жобаларын қыздарымыз біле ме екен

деп келесі сайысымыз «оюлар сыр шертеді» атты ою ою шеберлігіне кезек
береміз. Берілетін уақыт 10 минут.
Қыздарымыз дайын болғанша.
Жүргізуші: Біреулер сынға түсер өнерімен
Біреулер жырға түсер өлеңімен
Не болса да айтады жүрегімен
Өлең нағыз өнер деп білемін мен
деп «Ана жүрегі» өлең оқилады. Орындайтын ҚТК – 03 тобының студенті Ерлан.
Жүргізуші: Өзінің кім екенін танымастан
Бойына ұлттық киім жарасымдай
Қазақтың салт дәстүрін дамытатын
Болсыншы қыздардың бәрі осындай –
деп қыздарымызды салт дәстүрімізге байланысты сұрақ жауап сайысына кезек
береміз.
Қыздар бір – бірлеп келіп қоржыннан асық алады.
Жүргізуші: Өзінің кім екенің танытатын
Бойына ұлтттық киім жарасатындай
Қазақтың салт дәстүрін дамытатын
Болсыншы қыздардың бәрі осындай.
деп қыздарымызды салт дәстүріне байланысты сұрақ жауап сайысына кезек
береміз.
Қыздар бір – бірлеп келіп қоржыннан асық алады.
1 асық – 1. Ерулік дегеніміз не?
2. Қонақ түрлерін ата?
2 асық – 1. Жеті қазынаны атаңыз.
2. Малдың бас қандай қонаққа қойылады?
3 асық – 1. Бесікке салу дегеніміз не?
2. Асықты жілікті кімге ұстатады.
4 асық – 1. Тусау кесер дегеніміз не?
2. Төс кімге тартылады? Мәнін айт.
5 асық – 1. Қымыз ашу сапасына қарай қалай аталады?
2. Қызға таңдай берудің мәнін түсіндір.
6 асық – 1. Бастаңғы дегеніміз не?
2. Балаларға неге құлақ беріледі?
7 асық – 1. Үлпершек қандай ыдыс?
2. Құдаға қандай табақ тартылады?
8 асық – 1. Ұлттық ойын түрлерін ата?
2. Қыздарға кәріжілікті неге ұстатады?
9 асық – 1. Шілдехана дегеніміз не?
2. 12 жілікті ата
10 асық – 1. Төрт түлікті ата.
2. Киіз үй жабтықтарын атаңыз.
Музыкалық үзініс: «Би» орындайтын Дарханбекова Айнур.
Жүргізуші: Қыздарымыз салмақты
«Әке көрген – оқ жанар»
«Шеше көрген – тон пішер»
Ешқайсысы жоқ сияқты
Бір – бірінен кем түсер
деп қыздарымыздың келесі сайысы ұршық иіруге кезек береміз.
Ал қыздарымыз дайын болғанша қазақтың мақал – мәтелдерін айтысайық.
1. «Баба бүркіт барлап ұшады, Бала бүркіт парлап ұшады».
2. «Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса ас көп»
3. «Орта жүзді қамшы беріп дауға қой, ұлы жүзді қауға беріп малға қой,
кіші жүзді найза беріп жауға қой»
4. «Өнерлі өрге шығар, өнегесіз жарға шығар».
5. «Ескірген ескісін сақтайды, ел болған естісін сақтайды».
6. «Шешесін көріп қызын ал, ыдысын көріп асын іш».
7. «Қызға қырық үйден тыю».
8. «Қыз әсем кестесімен көркем».
Жүргізуші: Енді ең соңғы сайысымыз үй тапсырмасы. Мұнда қыздар үйде
дайындап келген әсем кестелерін көрсетеді.
Сонымен барлық аруларымызды ортаға шақырып осы 7 турдан өткен
сайысымызды қорытындылап өздерінің жасаған бұйымдарын көрермендерге
көрсетеді. Бұл қыздарға көрермендер тарапынан жақсы өнерлерімен көзге
түскен аруларымызға, өнерлі ару сияқты баға беріліп мақтау қағазы
беріледі.
Жүргізуші: Құттықтаныз ал енді
Жүзден жүйрік күшімен
Мыңнан тұлпар шықты шың
Өрге өрлесін талабы
Қуаныштан жанары
Шоқтай болып жанады
деп бүгінгі «Қыз әсем кестесімен көркем» атты ашық тәрбие сағатын
аяқтаймыз.

Сабақтың тақырыбы: Ана – өмір тірігі

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ананы қадірлеудің маңызын
түсіндіру.
б) Ана туралы жазылған ақындардың
өлеңдерін
оқи білуге дағдыландыру
.
в) Ананы сүйіп, оны құрметтеуге
тәрбиелеу.

Сабықтың тәрбиелік мәні:а) Ата – анаға қарап, мәдениетті сөйлеуге
баулу.
б) Мақал – мәтелдер арқылы
ананы
құрметтеуге, сыйлауға
оқушылардың бойына
сіңіру.
в) Ойланып сөйлеуге, анаға
қарап қатты
сөйлемеуге,
адамгершіліке тәрбиелеу.

Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер:
1. Ана туралы қанатты сөздер.
2. Фото – суреттер жапыстырылған буклеттер.

Қорытынды.

Құрметті ұстаздар мен студенттер. Бүгін этнопедагогикалық
коледждің, қазақ тілі және әдебиет бөлімінде оқитын ІІ курс стеденттері
дайындаған «Ана - өмір тірігі» атты ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат
етіңіздер.
Ән ұран.
Баяндама. Әйелдер мерекесі. Ол жайлы біз не білеміз?

Барлық энциклопедиялар мен анықтамаларда 8 наурыз
әйелдердің экономикалық, әлеуметтік және саяси теңдік үшін күресін
халықаралық ынтымақтастығын білдіретін күн ретінде көрсетіледі. Бұл күнді
атап өту рәсімі осыдан 93 жыл бұрын 1910 жылы Копенгаген социалист
әйелдерінің 2 халықаралық конференциясында Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша
қабылданды. Сосын ол келесі жылда тарихта тұңғыш рет Австралияда, Швецария
мен Данияда атап өтілді. Енді бір жылдан кейін 8 наурыз күні Ресей –
Петербургте өткізілді. Халықаралық әйелдер күні өз дәуірінің көкейкесті
қажеттілігінен туған мақсат мұраты ізгілікті жалпыға ортақ бүкіл әлемдік
қозғалыс еді. Европадағы социал – демократиялық қозғалыс пен оның аса
көрнекті өкілі неміс қызы Клара Цеткин тікелей әсер етті.
Жұмысшы қозғалысы ортасында аса дарында да жалынды күрестер екі
әйелдің бейнесі айрықша көріне түседі. Олар Клара Цеткин мен Роза
Люксембург.
1892 ж. бастап Клара неміс жұмысшы әйелдерінің «Теңдік» атты
газетінің редакторы болып, оны 25 жыл бойы атқарды. Европадағы жағдай
шиеленісіп, әлем соғыс апатына таяп қалғанда Клара Цеткин, Роза Люксенбург,
Карн Либкнехт, Фран Меринг Германияның соғыс саясатын әшкерлейі.

Хор «Ана туралы жыр».
1 оқушы:
Құтты болсын ардақты ана
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты берекең
Өмірдің иесі сен ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ
Өмірдің ащы тұщы аралаған
Сондықтан Анаш ойы дана маған.
Жайқалып жауқазындай өсіп келем
Өсірген ер жеткізіп панам- анам
Бал Анам, асыл – Анам таңым да Анам
Мен семен қуат алам жалын да алам
Күн болып көңілімде күйге бөлеп
Арнадың өміріңнің бәрін маған
2 оқушы:
Жапырағымды жас емендей күнге тосам
Қанатыңмен қарлығаш боп су себесің, жан ана
Көкрегіңе жақсы өлеңдей күй толтырсам
Таң алдында сандуғаш боп жыр төгесің, жан ана
Құба белде құлын болып құлдырасам
Көк майса боп тербелетіп құлпырасың, жан ана
Көркеш бақта гүлің болып бүршік жарсам
Алтын күн боп көктем күліп нұр құясың, жан ана
Ендігі кезекте Оміралиев Нұрдәулеттің орындауында «Жан ана» әнін
тамашалаңыздар.

3 оқушы:
Ақында бар сөз асылын теретін
Шешенде көп тіл маржанын төгетін
Ұстаз ғалым, инженер бар әйелде
Аналар көп бал бөбегін өтетін
Жан анам құттықтаймын наурыз күнімен
Көктемнің құлпыра бер март гүлімен
Өрлесін елің берген бақыт – бағың,
Жазбасын шат қөңілің шат күйінен
Көрініс «Ана қасиеті»
4 оқушы
Кім сағынар сендерді келгенінше
Құлындарын көзімен көргенінше
Сендер қайтып келсеңдер адам болып
Еш арманым болмас еді өлгенімше
Кім сендерді балалар тәрбиелейтін
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін
Жалқау болсаң балалар жаман болсаң
Қамқор анаң көз жасын көлдететін
Дарханбекова Айнұрдың орнында «Би»
5 оқушы
Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен
Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең
Аналық маххабаттың кәусар бұлақ
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ
Алтын анаш жасымнан аялаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі - жаным деген сол маған

6 оқушы:
Арым да ардағым да анам екен
Ана деген адамға атамекен
Түн ұйқысын төрт бөліп берген сүті
Жүрегіңде жыр болып жатады екен
Ана деген адамға атамекен
Әр адам анашымен адал екен
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым
Бір күнге тәтті үйқыңнан садаға екен
Серікбаева Динараның орындауында «Сәби ана» әнін қарсалыңыздар!

7 оқушы:
Ана – құдірет, ана – асыл, ана алып
Аналармен тұрады өмір жаңарып
Ана барда шектелмейді тіршілік
Әзірейл тұрса дағы жан алып
О адамдар, ақылға сал сарала
Ана есімі тұрсын мәңгі санада
Күллі әлемді таңдандырып өмірге
Фарабидей дана әкелген сол ана

Өзбек биі «Кетма» орындайтын Дарханбекова Айнұр

8 оқушы:
Аналардан өстік, өндік, таралдық
Бойға қуат, тіршілікке нәр алдық
Ана алдында қарыздармыз пенделер
Бәріміз де аналардан жаралдық
Ұрпағым деп айтылған тек бір әні
Аналардың ашық болсын жанары
О адамдар, ана деген – құдірет
Ана даңқын көтерейік жоғары

9 оқушы
Ойлағанда барым менің сен екен
Маған сенің бар болғаның ем екен
Бұл дүние өзіңменен кең екен
Құтты болсын келіп жеткен мерекең
Қуаныштан көңіл күйің толғанып
Жүрші алдымда қартаюдан қорғанып
8-ші наурыз күнін қолданып
Барсам деймін раушан гүлін қолға алып
Ән «Әкетайым» орындайтын Өміралиев Нұрдәулет

10 оқушы
Арманымды ақтарамын ба жүрегімді тербесем
Аға сіңлі, қарындассың қасиетті жерге сен
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем
Сендік қуат мың есе артық жердің тарту күшінен
Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен
Көк жалының қарсылығын қағып тастап барам мен
Сендік қуат болар бәлкім, басын иді көк маған
Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтанам
Ал ұмытсам ұмыт болып қаларымды білемін
Ұмыт болмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім
Ән «Анама» орындайтын Жұмаділлаева Рауан

11 оқушы
Ана керек о адамдар, ана керек адамға
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы
Қай кеудені жылатады лапылдаған отпенен
Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген
Анаң саған керек болса, балаға да сен керек
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек
Білмедім мен, сен әйтеуір ораласың көп тілге
Киелі сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе?
Ана десе әйтеуір мен өзге сөзді есіттім
Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен
Құлағымда ол үн менің жетеледі толастап
Өйткені сен жылауыма қарсы болдың о бастан-ақ
Бүкіл әлем шуларына жіберді де сүңгіртіп
Өзің қаққан қоңыраудан кетті маған тіл бітіп

Жүргізуші: Ана, ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі, тілек
жетпес бір жатқан теңіз емес пе? Па шіркін Ананың
айналып
толғанғаны кімнің есінен кетеді. Шырылдап түскеннен-ақ
сенің
ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар, ол –
ана.
Осымен «Ана-өмір тірегі» атты ашық тәрбие
сағатымызды аяқталды.

Сабақтың тақырыбы: Саттар Ерубаев – жастар жазушысы

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға Саттар Ерубаевты таныту, жәнің оның
қазақ мәдениетіне қосқан үлесін
айту.
б) Саттар Ерубаевтың жазылған жырларын,
өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.
в) оқушылардың ой-әрісін дамыту, Саттар Ерубаев
туралы тереңірек білуді үйрету.

Сабақтың тәрбиелік мәні: а) Эстетикалықталғамы өскен бүгінгі қазақ
оқушыларына Саттар Ерубаев шығармашылығымен
танысқан уақытта ең алдымен дара өнерпаздық беті
бар, мәдениеті биік жазушы екенін бойларына
сіңіру.

Сабақта пайдаланылатын көрнекілер:
1. Саттар Ерубаевтың портреті
2. Саттар Ерубаевтың жырлары мен өлеңдері

Қорытынды:

Саттар Ерубаев 1914 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар
ауданының «Арыс» совхозының ұзынқұдық жайлауында туған. 1923 жылы Түркістан
жеті жылдық мектебінде оқыды. 1927 жылы комсомол қатарына өтті. Аудандық
комсомол комитетінде қызмет істеп жүргенде жоғарғы оқу орындарына
даярлайтын Алматыдағы дайындық курсына жіберіледі. 1930 жылы Ленинградтың
Тарих философия-лингвистика институтына түсті. 1933 жылы институтты
бітірерде Саттар «Орыс неоромантизм және қазақтың ұлттық әдебиеті» деген
диплом жұмысын профессор Медведевтің басқаруымен өте жақсы қорғап,
аспирантураға қалдырылды, бірақ өлкелік комсомол комитетінің талабы бойынша
Қазақстанға оралып, әуелі «Ленинская смена», соңынан «Лениншіл жас»
газеттерінде әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Мұнымен
қатар 1934-1935 оқу жылында Алматыдағы Жоғарғы ауылшаруашылық
мектебініңфилософия кафедрасының асистенті болды, лекция оқып, семинар
жұмысына басшылық етті.
«Лениншіл жас» газетінің жауапты редакторының орынбасары болып
жүргенде ашылайын деп жатқан (қазіргі опера және балет) театрының директоры
қызметіне ұсынылды. Өлкелік партия комитеті «Қарағанды пролетариаты»
газетінің комсомол бетінің редакторы етіп тағайындады. Қарағандыға
келгеннен кейін жауапты редактордың орынбасары болып істеді.
Саттар Ерубаевтің Қарағандыда істеген кезі атақты «Менің
құрдастарым» романының тууына жағдай жасады. Әлжаппар Әбішев пен Ғалымжан
Мұқатовтың айтуына қарағанда, Саттар өзінің «Менің құрдастарым» романының
алғашқы бөлімдерін киносценарий етіп жазған көрінеді. Және сол сценарийдің
алғашқы варианты «Қарағанды пролетариаты» газеті жанындағы әдебиет
бірлестігінде талқыланып бағаланды.
Саттар қазақ жазушыларының тұңғыш сьезіне делегат болып қатысып,
Одақ мүшелігіне алғаш қабылданғандардың бірі. 1935 жылы Ленинград
университетінің аспирантурасына түсті. Бірақ ауру меңдеп кеткен соң,
Алматыға оралып, 1936 ж. ҚазПИ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті
ретінде әдебиет тарихы мен теориясынан лекция оқиды.
Саттар өзінің хал үстінде жүргеніне қарамастан «Менің
құрдастарымды» жазуын тоқтатпай, М.Жанғалин екеуі қазақ мектептерінің 10
класына арналған «Әдебиет хрестоматиясын» құрастырады.
Сұм ажаллапылдаған талант иесінің шешек атып, гүлдеп келе жатқан
өмірін 1937 жылы 2 июньде үзіп кетті.
Саттар «Менің құрдастарымды» жазардан бұрын өзінің қаламын прозаның
кіші түрлері арқылы ұштап алды. Оның очерктерінде өмір шындығы дұрыс
іріктеліп, адамның мінез-құлқын сипаттайтын детальдар жарқын көрініп
отырды.
Құрметті ұстаздар.
Этнопедагогикалық колледжінің ағылшын бөлімінде оқитын ІІ курс
студенттері дайындаған «Саттар Ерубаев – жастар жазушысы» атты ашық тәрбие
сабағы бастауға руқсат етіңіздер.
Қазақстан Республикасының Ән ұраны
Жүргізуші
Жаңа заманда жастың жалынымен
Біздің өмір көркем де сулудан да сұлу
Біздің өмір қуанышты тастай қалап құру ғой
деп жырлаған Саттар Ерубаев творчесвтосы арада қырық жылдан астам уақыт
өтсе де солғын тартпай, күні бүгінге дейін оқырмадарын тебірентіп,
эстетикалық ләззатқа бөлеп кетеді. Республика комсомол мен әдебиетінің
мақтанышына айналған жазушы – публицистің шығармаларымен қатар өмірге деген
ыстық құлшыныспен өткен қысқа ғұмырының қазіргі жастарға берер ғибраты мол.
Сол себепті де дүркіндік баспасөз бетінде көрінген мақала, естеліктерге
оқырмандар әрдайым айрықша ықыласпен назар аударып жүр. Ерубаев
творчествосы белгілі әдебиетшілердің еңбектерінде жеткіліті дәрежеде жан –
жанқы талданған.
1- оқушы
Мәнгілік өмір туралы жыр.
Өмір деген тұңғиықтың түбінде мен жүр едім,
Өмір деген суық сөздің тілінде мен жүр едім
Өмір деген өксігімді баса алмастан жүр едім
Бір жабыққан көңілімді аша алмастан жүр едім
Күнде күліп ататұғын, ақ сәулелі алтын таң
Бұбұлының күніменен мені былай жыр қылған
Арқаның ардагері оқып жырау
Алдында қазылған ор келіп шырмау
Өмірге екі туып, екі келмей
Арманда есіл ерім, кетесің ау.

2 оқушы. Орамал
Бұл өлеңнен артық нәрсе бұл жалғанда таппастан
Сен өсесің алма ағаштай бауырында ақ тастың
Сен гүлдейсің, алма ағаштай бұраласың, сынбайсың
Орамалды айтып қалқам қай жігітке бұлғайсың?
Орамалдың жиектері көк лентамен торланған
Себеп менің құрдасыма, жолдасыма арналған
Ол құрдасын, ол жолдасын мен бір жерде табармын
Оң жақтағы оңаша алып оны борармын
Мұның қалай, дермін оған, менің бақытым кем бе екен,
Бір сыйлыққа екі адамның жүгіргені жөн бе екен.
3 оқушы.
Саттар Ерубаевтың көз алдында Ленинградтан елге аттанардағы толқыған,
шалқыған көңіл-күйі, тілінде – сонда туған өлеңі.Жырын толғана төгіп отыр:
Өлкемнен соққан қатты жел
Есігімді қаға ма?
Кеше бұл жер безілдеп
Жылаудан көз ашпаса
Бүгін тіпті басқаша -
Қуаныштан соға ма?
4 оқушы.
Жел тұрған жоқ – Қазақ республикасы. Туған өлкесі. Өлкесіне Саттар
қарыздар. Ол борышты поэзия – қарумен қаламмен өтемек болған. Ол ел
дәулетін тасытуға қалай ат салысатын өлеңіне қосты. Өйткені:
Телегей теңіз табыста
Тепсінбейтін тұлпар бар ма?
Желдей еш жігерсіз
Тебіренбейтін тіл бар ма?
Өлке ісіне түсінсең
Төгілмейтін сыр бар ма?

5 оқушы
Поэзия – естелік жақын жадыратып, көңіліне бір айрықша серпіліс
әкелді. Сондағы құштар күй қайта оянды.
Шығыстан шыққан қатты жел
Баяулап барып басылды,-
өлкең шыққан майданға,
дей ме,- көтер басыңды
Түзетуде қатені
Өлке екпінін асырды!
Сол қарқын екпіні
Жатсам дағы атсына
Ұйқымды менің қашырды
6 оқушы.
Шығыстан соққан қатты жел
Тереземді қағады
Ақылға мені жіберші
Дегендей – ақ болады.
7 оқушы
Шығыстан соққан қатты жел
Әдейі іздеп келгендей
-өлкең шыққан майданға
Басыңды көтер дегендей
Терезе, есік тарсылы
Түн ұйқымды бөлгендей
8 оқушы
Кеше бұл жел безілдеп
Жылаудан көз ашпаса
Бүгін тіпті басқаша
Қуаныштан соға ма?!
9 оқушы
Шығыстан соққан қатты жел
Тереземді қаққандай
Алыстағы ақынды
Әдейі іздеп тапқандай
11 оқушы
Ақын жыры
Өлкемде бір өзгеріс
Сірә, болып жатқандай
Қазақстан қым-қиғаш
Шапалағын соққандай

12 оқушы
Бүгін ұйқы көрмедім
Жүрек тыным таппайды
Ертең елге қайтамын
Бұл таң неге атпайды!
13 оқушы
Оқуды міне бітірдік
Бір күн қарап бос жатып
Большевиктік дәстүрге
Еш уақытта жатпайды.
14 оқушы
Жастыққа қоймай басымды
Мен қуанам өйткені
Өлеңмене өлкеме
Көмегімді бере алам
Сүйей алам досымды
Сәлем деші өлкеме
Айта баршы осымды

Ұқсас жұмыстар
Өз бақытың, өз қолында
Мұғалімнің сөзі. Сабақтың тақырыбы
Бақыт қайда жасырындың?
Оқушыны түгендеу
Сабақты етістік Салт етістік
Қайраттың жазу дәптері
Тақырып Өнегелі отбасы
М. Әуезов ақын қонақтар жайлы ақпарат
"қадір мырза әли" 8 сынып
Кейіпкерге берілетін баға
Пәндер