Абайдың жасы

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар».

Сабақтың мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін, өмірге деген көзқарасын дамыту, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау; Мәнерлеп оқу, көркем мәтінімен жұмыс істеуді дамыту.

Тәрбиелік мақсат: Өнер адамына, еліне, тарихына, табиғатына, тілге деген сезімін ояту; ұлттық дәстүрлерді қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, математика, саз өнерімен.

Сабақтың көрнекілігі: М. Әуезов суреті, М. Әуезов жайлы естеліктер, бүктемелер, суреттер, «Абай елі» энциклопедиясы, «Абай өлеңдер жинағы».

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

-Балалар, біздер М. Әуезовтың «Абай жолы» романынан «Ақын қонақтар» әңгімесін өттік. Бүгін соләңгіменің жалғасын өтудеміз. Біз Абай ауылына жетуіміз керек. Ол үшін алдымызда қыраттар, жазықтар бар. Солардан сүрінбей өтсек, Абай еліне жетеміз. Абай еліне жетуде бізге жүктің ауырын көтерер нарларымыз көмектесер. Нардың жүгін жеңілдету-біздің қолымызда. Ал, ендеше көш керуені сапарға шықты.

Үй тапсырмасы сұралады.

Сұрақтарға жауап алу, бұл 1-кедергі:

1-сұрақ. «Ақын қонақтар» әңгімесі кімнің шығармасынан алынған үзінді?

2-сұрақ. «М. Әуезов жайлы не білеміз?

3-сұрақ. М. Әуезовтыі әлемге әйгілі шығармасы?

4-сұрақ. «Ақын қонақтар» әңгімесінде жас Абайдың кескін-келбетін жазушы қалай суреттеген?

5-сұрақ. Абайдың қарт әжесі Зере, өз анасы Ұлжан қандай абзал қасиеттерімен көрінеді?

3. Жаңа сабаққа кіріспе.

«М. Әуезов -ақын. Ол өзінің елінің далалары мен тауларын, адамдарын үлкен эпик ақынша асқан суреткерлікпен бейнеледі. Әуезовтей кісі жырлаған халық шынымен бақытты ғой» Бержерон (француз жазушы) «өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге ала жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі-«манас», бірі-Мұхар Әуезовтың «Абай жолы». . . . Шыңғыс айтматов.

«Қазақстан үшін Әуезов-екінші Абай. Николай Погодин.

Естеліктер оқып шығу.

-міне, балалар туған халқын сақан Мұқтар Әуезов дүниеге қазақ деген халық бар екенін және Абай деген ұлы адамы бар екенін, елін, жерін таныстырды. Осындай Ұлылары бар ел, біздер шынында бақыттымыз.

4. 1. Жаңа сабақ.

«Ақын қонықтар» әңгімесін үлгідегі жоспар бойынша баяндау, бұл біздің 2-кедергіміз:

а) Аналар әңгімесі.

ә) Ақын қонақтар.

б) Тілек-бата.

в) Ақындарға ризалық.

2. Кітаппен жұмыс.

3. Шығармашылық жұмыс.

4. Математикалық талдау.

5. Пошплот

6. Сабақты қорытындылау.

Әңгіменің үлгісі бойынша, шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме, олардың іс-әрекетіне сипаттау.

-Балалар, біз 2-кедергіден де сүрінбей өттік.

Енді, 3-кедергі ол кітаппен жұмыс.

  1. Барлас ақынның алғашқы жырлағаы қай жыр, оны Абай қандай сезіммен қабылдады?
  2. Мәтін дегеніміз не?
  3. «Құтты қонақ» деп қандай қонақты айтамыз?

Қонақтың түрлерін ата.

  1. Құтты қонақ. Қыдырып келіп, сол үйге жақсылық, қуаныш ала келген қонақ.
  2. сыйлы қонақ: арнайы шақырылған, құрметті қонақ.
  3. Құдайы қонақ: аяқ-астынан келген қонақ. (жолаушы десек те болады) .
  4. Ауыл-үйдің қонағы: көршілердің күнделікті, қыдырма қонақ.
  1. Не үшін Барлас Абайға домбырысын бата-тілек түрінде берді? Мәтіннен тауып оқу?
  2. «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар» деген нақылдың осы әңгімеге қандай қатысы бар?
  3. Жас Абай сияқты өздерін қандай ертегі, жырларды тыңдадыңдар, оқыдыңдар?
  4. Портрет дегеніміз не? Абай мен Барлас ақынның портретін жазыңдар.

Абай.

Барлас ақын:

  1. «. . . Кейде шырқаған, кейде қалқып баяулаған, кейде лекітіп соқтырып ескектете желген ән». Осындай үн, бояуға, қимылға толы әнді салған кім?
  2. Абай әнінен осындай үн естіле ме? Қай әнінен?

Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдермен мұражайға саяхат
Абай құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Кіріктірілген сабақ
Абайдың музыкалық мұрасы
Абайдың сөзі
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Оқушылар сабаққа
Абайдың «отыз бірінші қара сөзі» 6-сынып
Қаз - қаз балам, қаз балам
Тіл қылыштан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz