Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Салтанатты портрет

Сабақ Бейнелеу өнері және сызуға арналған

Сабақтың тақырыбы : портрет жанры
Сабақтың мақсаты: бейнелеу өнерінің негізгі жанрларының бірі
– портрет туралы толық мәлімет бере отырып, оқушыларды сурет өнеріне
қызықтыру, оларды әдемілікке, сұлулыққа баулу.
Көрнекілігі: әр түрлі суреттер, схемалар,дидактикалық
материалдар.
Сабақтың түрі : жаңа білімді хабарлау.
Сабақтың әдісі : баяндау,практикалық ,сыни тұрғыдан ойлау әдісі.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих,геометрия, информатика.

Сабақтың барысы : I .Ұйымдастыру бөлімі
II .Үй тапсырмасын қайталау
III.Жаңа сабақ:
1 .Қызығушылығын ояту.
2 .Мағынаны тану.
3 .Ой -толғаныс.

Қызығушылығын ояту.
-Қане; балалар бәріміз де көзімізді жұмып, өзімізді мектепте емес, ну
орманда жүрміз деп елестетейік.Жан-жағымызда әр түрлі талдар, сол жақта ақ
қайың, оң жақта шырша, емен, артымызда қарағай,шетен.Не деген керемет
талдар! Елестеттік пе? Енді көзімізді ашып тыңдаймыз. Бұл сиқырлы орман, әр
тал-жеке адам.Өзіне тән мінезі бар, өзіне тән келбеті бар.Біздер бүгін
мейірімді сиқыршылармыз.Бәріміз бірігіп орманның сиқырын ашып көреміз.Олай
болса, сендерге бірінші тапсырма адамның бейнесін бейнелейтін шығарма қалай
аталады?
-Портрет.
-Ендеше бүгінгі сабағымыз портрет жанры туралы болмақ
-Қазір бірінші қатарда отырған оқушылар компьютерлерінде сақталған
портрет жайлы мәліметпен танысады.Ал екінші қатардағы оқушылар осы кезде
шешуінде өткен сабақта өткен песпектива тақырыбына байланысты
сөзжұмбақтарды құрастырып құрбыластарына шештіру керек.
Мағынаны тану .
«Портрет-адам бейнесін бейнелейтін көркем шығарма.
Адам баласы ерте заманнан айналасын қоршаған табиғатты,жан-
дүниесін,адам бейнесін салуға қызықты.Оған тасқа салынған ежелгі суреттер
дәлел бола алады.Жалпы портрет өнері бұдан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге
келген белгілі мүсін мен сурет өнерінде адам дидарын бейнелеу ешқашан
назардан тыс қалып көрген жоқ.Халық суретшісі Ә.Қастеевтен бастап бүгінгі
жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері осы жанрда өзіндік
қолтаңбасымен көзге түскен.Олар Айша Ғалымбаева,Сахи Романов,Молдахмет
Кенбаев т.б.
Композициялық орналасуына байланысты портрет 3 бөлінеді.
1 Иық бөлігіне дейінгі портрет.
2 Бел бөлігіне дейінгі портрет.
3 Толық фигуралы портрет.
Осыған қосымша 4 қимыл-қозғалысқа арналған портрет.
5 Салтанатты портрет
6 Мінез-құлыққа арналған портрет.
7 Әзіл-сықаққа арналған портрет.
8 Топтасқан портрет»
Осы кезде қарсы топ құрастырған сөзжұмбақтарын оқып шешуде.7 минуттан
кейін бірінші топ оқыған мәтіндерін сыныпқа түсіндіреді.
-Осы портрет жанры өздеріңе таныс тағы бір пәнде бар.Ол қандай пән деп
ойлайсыздар?
-Дұрыс,ол әдебиет пәні.Әдебиет пәнінде адам бейнесін өлең жолдары
арқылы және сөзбен суреттеу арқылы да беруге болады.
«Түкті қабақ жауып түскен көзіне
Тікенектей түк шығып тұр жүзіне
Қырлы мұрын,қырмызы ерін,қап-қара
Ұшқын шашып ойнап тұр көзіне.»
Бұл -өлеңмен берілген портрет.Ал мынау сөзбен бейнеленген портрет.
«Хамит-ұзын бойлы,жауырынды,тіп-тік,сұр жігіт.Қырша мұрынды,шүңіректеу
қара кер тобылғы көзді,қырқып жүретін сақалы,мұрты бар.Жасы 25-26
шамасында». Міне осы портретті кітап бетінен оқып-ақ көз алдымызға сол
адамның бейнесін елестете аламыз.
-Енді барлығымыз да жоғардағы үлкен экранға қарайық.Қазір біз сіздермен
өнер мұражайына саяхатқа шығамыз.Қане, барлығымыз әзірміз бе?

Мұғалім компьютермен алдын-ала дайындап қойған көрнекіліктерін слайдқа
салып, үлкен экраннан оқушыларға көрсетеді.Слайдқа портрет жанрына
байланысты көптеген дидактикалық тапсырмалар жинақталған. Әбілхан
Қастеевтің суреттер жинағы кітабінан суреттер көрсету.
Практикалық бөлім.
Компьютерден бастың салу схемасын ашып оқушыларға түсіндіремін.
-Қазір осы схема бойынша өзіміздің сыныптасымызды ортаға шақырып, сол
қыздың бейнесін салып көреміз. Кел, Нұргүл, шыға ғой.
Суретімізді салғанда композициялық жағынан дұрыс орналасуын
қадағалайық.

Оқушылар сурет салған кезде үнсіздікті толтыру мақсатында оқушыларға
жеңіл дидактикалық тапсырма орындатып, портретке байланысты бір ойынды
ойнатамын.
«Бейнені тап»-тапсырмасы және «Қожанасырдың мұрнын қондыр» ойыны.
Үйге тапсырма беру.
Портеттің тағы бір түрі болады,ол- автопортрет,яғни суретшінің өзін-
өзі бейнелеуі.Осыған байланысты сендерге үйге тапсырма, өздерінің
бейнелеріңді салып келесіңдер.
Сабақты қорыту бөлімі.
Ой- толғаныс.
Венн диаграммасын сызу.Бейнелеу пәні мен қазақ әдебиеті пәніндегі
портреттің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырату.
Бағалау.

Графика тақырыбында сызықтардың көмегімен шығармашылық натюрмортты
орындау
Сабақтың мақсаты: Штрихтардың түрлерімен таныстыру,сол арқылы
қарапайым тұрмыстық бұйымдардан құралған натюрмортты орындауға
үйрету,абстракты қиялдауға төселдіру.
Пәнаралық байланыс: геометрия,сызу.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру бөлімі.
II Үй тапсырмасын қайталау
Өткен тақырып бойынша оқушылардың теориялық білімдерін сұрақ қою
арқылы анықтап,бағалау
III Жаңа сабақ
Біздер штрихтардың түрлерімен өткен сабақтарда танысып, салу әдістерін
үйренген болатынбыз.Бүгін осы сабақты жалғастырып,штрих арқылы шығармашылық
натюрмортты бейнелейміз.
Жалпы, штрих дегеніміз-өзімізге таныс қарапаым сызық.Олар біздің
өмірімізде өте көп кездеседі: жолдар сызығы,көпір сызығы, тоқ стобалар
сызығы,ағаш сызығы.Тіпті адам фигурасы,бет-пішіні де осы сызықтар арқылы
салынады.
Сондықтан олардың маңызы өте зор деп айтуға болады.
Ал сол сызықтар салыну түрлеріне қарай адамның көңіл күйіне де әсер
ете алатын қасиеттері бар екен.Мысалға, мына сызық көңіл күйдің бір
қалыпты,бір сарынды екенін көрсетсе,

мына сызықтан

көңіл күйдің көтеріңкі екенін байқауға болады.

Ал мына сызық қорқыныш сезімін туғызатын сияқты.
Қане, бүгінгі көңіл-күйлеріңізді қандай сызықтармен сипаттай
аласыңдар,қағазға салып көрсетіңіздер.
Осындай жаттығулардан кейін тақырыпты бірте күрделендіремін.
- Міне,осындай сызықтардың көмегімен көптеген суреттерді
көркемдеуге болады.Мына алдарыңыздағы натюрмортты қазір әркім
өзінше,өзінің қиялдауына байланысты әсемдейді.
- III Практикалық жұмыс.
- Оқушылар дәптерлеріне композицияларын салып,жұмыстануға
кіріседі.Мен қатарларды аралап жүріп,орналастыру жағынан кеткен
кемшіліктерін түзетіп,жақсы жұмыстарды үлгі ретінде
көрсетемін.Сабақтың соңында салынған жұмыстардан көрме
ұйымдастырылады.

Мазмұны

1. Аттесиациялық парағы.
2. Ақпараттық бет.
3. Шығармашылық есеп.
4. Сертификаттар.
5. Дипломдар, мақтау қағаздар.
6. Таратылған іс-тәжірибелер.
7. Ашық сабақтар.
8. Тәрбие сағаттар.
9. Мінездеме.
10. Пікірлер.

-----------------------

Бала бейнесі

Әйел адам бейнесі

Ер адам бейнесі

Топтық бейне

Адам қалай бейнеленген профиль ме әлде анфас па?

Ұқсас жұмыстар
Адам тұлғасын әр түрлі бұрылыстарда нобайлау
Адамның басын бейнелеу
Сызу және бейнелеу өнері сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалану өзектілігі
Адам тұлғасын бейнелеу. сурет 5 сынып
Шешендік сөз
Портрет. (коллаж). Ашық сабақ
Бет әлпет
Бейнелеу өнерінің бастауы
Қағаздан ыдыс құрастыру
Портрет нобайларын қарындашпен салу. Гризайль техникасында адам басыньщ этюді
Пәндер