Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалуы

Сабақтас құрмалас сөйлемдерді тиімді оқытудың жолдары.

Сабақтас құрмалас сөйлемдерді оқыту барысында теориялық білім мен практикалық дағдыларды өзара ұштастыра меңгертудің тиімді әдістерін таңдап алуымыз қажет. Мұнда оқушылардың өздігінен ойлай, бақылау, тұжырым жасай алу қабілеттерін дамыту жолдары қарастырылады. Соған орай, сабақтас құрмалас сөйлемдерді меңгерту, онымен бірге оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру жұмыстар сол сөйлемнің әрбір түрінің мағналық сапасын әбден танығанда ғана күткен нәтижені бере алады.

Бірініші кезекте, тиісті сабақтас мағынасы түсіндіріледі. Екінші кезекте, сабақтас сөйлемнің формалық белгілері таныстырылады.

Сабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемдерді тиімді оқытудың жолдары.

Сабақтың мақсаты: Білімділік - сабақтас құрмалас сөйлем және олардың түрлері жөнінде білімдерін тереңдете отырып, практикада құрмалас сөйлем түрлерін бір - бірінен және жай сөйлемнен ажырата білуге жаттықтыру.

Дамытушылық - сабақтас құрмалас түрлерін ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде дұрыс пайдалана білуге дағдаландыру. Жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы ой - өрісін дамыту.

Тәрбиелік - ана тілін сүйюге, қадірлеуге баулу, патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд арқылы көрсетілетін сызбалар, кестелер, мәтіндер, плакат.

Сабақтың түрі: Іздену, зерттеу.

Сабақтың әдісі: Оза оқыту, түсіндірмелі, сұрақ - жауап, талдау, салыстыру.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасы бойынша жұмыс

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлеріне сөйлем жазып келуге берілген. Үй тапсырмасының орындалу барысы түсіндіріледі.

Үй жұмысын қорытыныдылау әрі жаңа сабаққа оқушылар көтеріңкі көңілмен ену үшін, оқушыларға кеспе қағаздары беріледі.

Біліммен ой сергіту.

  1. Құрмалас сөйлем неше жай сөйлемнен болады. (кемінде екі)
  2. Түсіндірмелі салаластың жалғаулығын ата? (жоқ)
  3. Ыңғайласқа айналатын салалас түрі. (кезектес)
  4. Қайталанбайтын жалғаулықтар. (және, немесе)
  5. Мынау, сол, сонша жалғаулығы қай салаласта. (жалғаулық емес)
  6. Үш жалғаулығы бар салалас. (кезектес)
  7. Сабаққа жақсы жауап берсең, бес аласың. (салалас емес)

салаластың қай түрі?

Білімді толықтыру.

Жаңа сабақ: Сабақтас құрмалас сөйлемдерді тиімді оқытудың жолдары.

Мына сөйлемдерге көңіл аударайық:

  1. Сөз жүйесін тапсы, мал иесін табар. (ш. б. с)
  2. Екі қолы дірілдеп, Оспан ішке кірді. (қи. б. с. )
  3. Сабақ басталғалы, бұлар жиі сөйлесіп жүр. (м. б. с. )
  4. Қыс келгенмен, қар жаумады. (қ. б. с. )
  5. Біреу көмектесер деп, ол үйден шықты. (с. б. с. )
  6. Ол оқымақшы болып, қалаға келді. (м. б. с. )

Бұл құрмалас сөйлемдердің бірініші жай сөйлемдерін өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені олар тиянақсыз. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы мұндай тиянақсыз жай сөйлемдерді бағыныңқы сөйлем дейді. Екінші жай сөйлемі тиянақты, олар өздігінен дербес айыла береді. Мұны басыңқы сөйлем дейміз.

Сабақтас құрмалас сөйлем.

120 - жаттығу. мәтінді оқып шығып, құрмалас сөйлемдердің қайсысы салалас, қайсысы сабақтас екенін анықтаңдар. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, басыңқы, бағыныңқылардың астын сызыңдар.

Халқымыз: «Бірініші байлық - денсаулық, денсаулық кепілі - тазалық», - деп, кемеңгерлікпен дәріптеп келе жатса да, тұрмыстан оған кереғар көріністерді аз кездестірмейміз. Күні бүгін де, кейбір үйге кірсең , қыл - қыбыр, көң - қоқыры есігінен төріне дейін, төрінен есігіне дейін ыбырсып жатқанын көресің.

Білімді шыңдау.

Тақтамен жұмыс.

  1. Не ексең, соны . . .
  2. Мезгіл . . . , мұз ерір.
  3. Ақылың болса, сөз . . .
  4. Ойнап айтсаң да, . . . айт.
  5. Сөз жүйесін тапса, мал . . . табар.
  6. Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп . . .
  7. Сын түзелмей, . . . түзелмейді.
  8. Ер басына күн туса, . . . су кешер.

Ел басына күн туса, . . . су ішер.

Білімді бекіту.

Сонымен, балалар, сабақтас құрмалас сөйлемді толық меңгердіңдер ме? Венн диограммасы арқылы алған білімідеріңді байқаймыз.

Салалас Ұқсастығы Сабақтас

Қорытынды. Оқушылардың білімін бағалау. Үйге тапсырма: 121 - жаттығуды орындап келу.

Сабақтың тақырыбы: Шартты бағыныңқы сабақтас.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Шартты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқының жасалу жолдарын ұғындыру, өзге сабақтас сөйлемдерден ажырата білуге дағдыландыру, ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату. Білім, білік дағдыны қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Ана тілінің терең иірімдеріне бойлай білуге үйрету, туған тілін шексіз сүйге, құрметтей білуге баулу.

Дамытушылық мақсаты: Өткен және жаңа сабақты салыстырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, талдау жасау, жазу және оқу арқылы сын тұрғысынан ойлануын дамыту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ - жауап, талдау, салыстыру, сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд арқылы көрсетілетін сызбалар, кестелер, мәтіндер, плакат.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

Ұнтаспадан «Қазақ тілі - ұлт тілі» тақырыбында көркемсөз тыңдату. Сонымен, қазақ тілі - ана тіліміз. Әуезде естілетін көркем сұлу бай тіл екен. Біз тілімізіді мақтаныш тұтуымыз керек. Ана тілі арқылы бойымызға терең білім аламыз. Бүгінгі қазақ тілі сабағында қазақ тілінің бүге - шүгесіне, терең иіріміне жол саламыз.

I. Білімді тексеру. Үйге берілген тапсырмаларды сұрау.

1 - кеспе.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын түсіндір.

2 - кеспе.

Сабақтас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер қалай аталады?

3 - кеспе.

Бағыныңқы, басыңқы сөйлем дегеніміз не?

4 - кеспе.

Сабақтас құрмаластың түрлерін ата?

Үйде жазуға берілген сабақтас құрмалас сөйлемдерді тексеріп, оқыту.

II. Білімді толықтыру.

Жаңа сабақ: Шартты бағыныңқы сабақтас.

Мысалы:

  1. Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?

(М. Ә)

  1. Ереуіл атқа ер салмай, ерлердің ісі бітер ме?
  2. Тапсырманың берілуін түсіндіріп алмайынша, сауатты орындау мүмкін емес.
  3. Александр Андреевич үндемей қалғанда, жақсы көретін жолдасының бір мінін бетіне айтуды ойлап отыр екен. (Ғ. М)

Сұрақтары: Қайтсе? Қайтпей? Қайтпейінше? Қайткенде?

Шартты бағыныңқының баяндауыштары мыадай жолдармен жасалады:

  1. Етістіктің шартты рай түрінен болады.
  2. - й жұрнақты көсемшенің болымсыз түрінен.
  3. Етістіктің болымсыз түрінен - йынша, - йінше жұрнағы жалғану арқылы.
  4. Есімшеге жатыс септігінің жалғауы жалғануы арқылы жасалады.

Ұқсас жұмыстар
Мақсат бағыныңқы сабақтас
Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары
Махамбет өлеңдерінің тілі
Сабақтас құрмалас
Ибрагим Бегімхан Керімханұлы
Шешендік өнер
Сабақтас құрмалас сөйлем
Әбілхан қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы. себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. 9-сынып
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
8-сынып оқушыларына қазақ тілінен арналған емтихан сұрақтары мен қосымша тапсырмалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz