Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сөйлем мүшелерін ата

Пәні: Қазіргі қазақ тілі және сөйлеу мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Пысықтауыштың мағыналық түрлері
Сабақтың мақсаты:1) Білімділік: Оқушылардың сөйлем мүшелері туралы
білімдерін нығайту, тұрлаусыз мүшенің бірі пысықтауыш
ұғымын шыңдау, тиянақтау, мағыналық түрлеріне байланысты
білік-дағдыларын бір жүйеге келтіріп пысықтау.
2)Дамытушылық: Алған білік-дағдыларын практикалық
тапсырмалар арқылы дамыту, ізденімпаздық қасиеттерін
қалыптастыру, шығармашылыққа баулу.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа,
шапшаңдыққа тәрбиелеу. Өз мамандығына деген
сүйіспеншілікке баулу.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы.
Сабақтың түрі: Ділгірлік сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Тірек – сызба, үлестірме, тест, кубик, лингвистикалық
жаттығулар, тірек-жазба, деңгейлік тапсырмалар, бағалау
парағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, баяндау, деңгейлеп
оқыту, ұсыныстар, көрнекілікпен жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақтың жоспары:
І. Топтастыру
ІІ. Өзіндік деңгейлік тапсырмалар
ІІІ.Тест
ІV. Линрвистикалық жаттығу (комплексті сатылай талдау)
V. Жинақтау (Кубизм)
VІ. «Аталы сөз – баталы сөз» (танымдық ойын)
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
ә)Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
1.Сабақ Абайдың өлең жолынталдаумен басталады.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Бүгінгі сабақта қайрат, ақыл-білімдерін ортаға салуын және ораза
айында жаңа ниеттер қабыл болсын деп жылы жүрегімізбен мейірленейік – деп
сабақты бастау.
2.Сабақтың жоспарымен таныстыру.
1.Оқушылардың сөйлем мүшелері туралы білімдерін нығайту үшін сұрақ-жауап,
тірек сызьалар арқылы тақырыпты топтастырамыз.
- Синтаксис саласы нені зерттейді?
- Сөйлем мүшелерін ата?
- Бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрайды, яғни тұрлаулы мүшелер. Үлкен үйдің
шатыры мен қабырғасын тұрғызады.
2.Енді 3 топ оқушылары тұрлаусыз мүшелер: анықтауыш

толықтауыш

пысықтауышты тірек-сызбалар арқылы қорғайды.
Срнымен сөйлемді тұрлаусыз мүшелер толықтайды, анықтайды, пысықтайды
– деп үйдің 2 терезе 1 есігін құрастырамыз.
| | |
| | | | | | |
| |Б а с т а у ы ш | | |
| | |

Бір терезе пысықтауышты жеке алып, пысықтауыштың мағыналық түрлеріне
тоқталып, тірек-сызбаны оқушылар қорғайды.
1. Мекен пысықтауыш
2. Мезгіл пысықтауыш
3. Сын-ққ-имыл (амал) пысықтауыш
4. Мақсат пысықтауыш
5. Себеп пысықтауыш
ІІ. Өзіндік деңгейлік тапсырмалар
І деңгей.
«Тауып ал»
Берілген мақал-мәтелдердегі түсіріліп айтылған пысықтауышты жаз.
1) ................................... көсем боласың
................................... шешен боласы.
2) .................................. тұрған жігіттің ырысы артық,
.................................. тұрған әйелдің бір ісі артық.
3)Қамшы жарасы ................ бітер, сөз жарасы бітпес.
4)Жапа шегіп жай жату,
Жасқаншақтың белгісі,
............. жатып ........... тұру
Еріншектің белгісі.
5) Сыпайыны .................... көрме, түзде көр.
ІІ деңгей.
«Шешімін тап»
І. Пысықтауышты тауып мағынасына, құрамына қарай талдау.
1. а) «Түнде суға барсаң, кесек тастамай өтпе»
ә) «Аяқ киімді жоғары көтерме»
2. «Кей құрбы бүгін тату, ертең бату,
Тілеуі жақындығы бәрі сату»
3. Жұмбақтан:
а) «Асты тас, үсті тас, ортасында піскен ас»
ә) «Таңертең тұрдым,
Екі сайды қудым»
4. Өлеңнен
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы
Тілге жеңіл, жүреке жылы келіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
(Абай)
ІІ. Төмендегі пысықтауыштарды мағыналарына қарай көркемдеп, әсемдеп, топтап
толтырыңыз (терме сынағы ретінде).
Қасақана, ақырын, лажсыздан, қыстыгүні, тысқары, әдейілеп,
амалсыздан, келе сала, арттан, жаздай, қазір, бекерге, өйтіп-бүйтіп, төмен,
лезде.
|Мекен |Мезгіл |Мақсат |Себеп |Сын-қимыл |
| | | | |(амал) |
| | | | | |
| | | | | |

ІІІ деңгей.
Шығармашылық тапсырма «Ойлан»
1. «Абай – 160 жаста»
2. «Рамазан айы»
3. Колледжіме – 70 жыл
Мәтін жазу.
Синтаксистік, комплексті талдау жүргізу (1 сөйлемге)
ІІІ. Тест тапсырмалары
1.Заттанған сын есім сөйлемнің қандай мүшесі, белгілеңіз.
«Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер»
А)Баяндауыш
В)Пысықтауыш
С)Анықтауыш
Д)Бастауыш
Е)Толықтауыш
2.Біріңғай мүшені анықтаңыз?
«Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр»
А)Баяндауыш
В)Пысықтауыш
С)Анықтауыш
Д)Бастауыш
Е)Толықтауыш
3.Меңгеруді табыңыз?
А)Әлсіз әйел
В)Қараңғы түн
С)Баруға уақытым жоқ
Д)Біздің өзіміз
Е)Ол түсінеді
4.Сөйлемде басқа мүшелердің сын-сипатын анықтап тұратын мүше?
А)Баяндауыш
В)Пысықтауыш
С)Анықтауыш
Д)Бастауыш
Е)Толықтауыш
5.Толықтауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз
А)Төрт бөлмелі ағаштан салынған үй
В)Сарыақаның бейнесі өзгерді
С)Дауысынан сыр алғызда
Д)Әсет далада ойнап жүр
Е)Қара көк қамыстар
6.Табыс жалғауын табыңыз.
А)-мын, - сын, - сыз
В)- ны, - ні, - н
С)- лар, - лер
Д)-ң, - ың, ің
Е)-лар, - лер
ІV. Лингвистикалық жаттығу.
(комплексті сатылай талдау)
Тақтамен жұмыс.
1.Олар бір-біріне күле қарады.
Күле – морфологиялық талдау.
Күл – етістік, негізгі ет
е – көсемше жұрнағы
Дара сөз, сөз табы – етістік.
2.Ол тіпті ересек адамша сөйлеп отыр.
(Синтаксистік талдау)
1.( )
2.Хабарлы сөйлем (баяндау)
3.Жай сөйлем.
4.Жай сөйлемнің түрлері: а) Жайылма
ә)Жақты
б)Толымды
5.Сөйлем мүшелері: а) баяндауыш
ә)бастауыш
б)пысықтауыш
6.Байланысу түрлері:
а) Ересек адамша
ә)Сөйлеп отыр
б)Ол отыр
тіпті ересек адамша – қалай?
Сын-қимыл пысықтауыш.
V. Жинақтау (кубизм)
Кубиктің 6 жағы бар. Оқушылар 6 түрлі сұраққа ауызша топ бойынша жауап
береді.
1.Суреттеңіз.
Пысықтауыштың анықтамасы мен мағыналық түрлерін атап шығу.
2.Салыстыру.
Пысықтауышты басқа сөйлем мүшелерімен салыстыру.
3.Қолдан.
Пысықтауыштың сөйлемдегі орын тәртібін, қандай сөз таптарынан
болатынын анықтап айту.
4.Зерттеңіз.
Пысықтауыштың шығу тарихы туралы сөз қозғау.
5.Атаңыз.
5 мағыналық түріне тоқталып, ережелерін айтып қорғап шығу.
6.Пайдалан. (әдістемемен байланыс)
Бастауыш сыныпта пысықтауышты қалай түсіндіруге болатынын
көрнекіліктер арқылы түсіндіру, мысал келтіру.
VІ. Аталы сөз – баталы сөз (танымдық ойын)
Абайдың 160 жасқа толуына орай жүргізіледі.
Қазақтың біртуар ұлдарының Абай туралы айтқан ойларынан үзінді берілді.
Оған лингвистикалық талдау жүргізеді.
1. Сабақты сұрақ-жауап түрінде жүргізе отырып қорытындылау.
2. Бағалау парағын жинап алып жиған балын есептеп, бағалау.
Үйге тапсырма:
1. Өтілген тақырыпты қайталау, оқу.
2. 386-жаттығу (лингвистикалық талдау)
І т 1,6,8
ІІ т 1,7,8
ІІІ т 1,6,9
Қазіргі қазақ тілі (жаттығулар жинағы) А.1997ж.

Технологиялық карта
|модуль |сабақ |Сабақтың тақырыбы |Сабақтың |Оқушының |Оқытуда жаңа |Оқушының сөйлеу |
| | | | |білімін |педагогикалық |мәдениетін, |
| | | | |тексеру |технолог-дың |былык дағдысын |
| | | | |формалары |түрі |қалыптастыру |
| | | |түрі |әдісі | | | |
|І Кіріспе |1 |Пысықтауыш. |Білік-дағ|Баяндау, |Сұрақ-жауап, |Тірек-сызба |Оқулықпен жұмыс,|
| |сабақ |Пысықтауыш болатын |ды беру |түсіндіру |дидактикалық |моделі |лингвистикалық |
| | |сөз таптары. | | |тапсырма | |талдаулар |
| | |Пысықтауыштың | | | | | |
| | |мағыналық түрлері | | | | | |
|ІІ Сөйлесу |2 |1.Топтастыру |Ділгірлік|Түсіндіру, |Сұрақ-жауап, |Тест, өзіндік |Топтық жұмыс, |
| |сабақ |2.Өзіндік деңгейлік |сабақ |көрнекілікпен |тестпен жұмыс,|деңгейлік |талдау, жаттығу |
| | |тапсырмалар | |жұмыс, топтық |бағалау |тапсырма, |жұмыстары, |
| | |3.Тест | |жұмыс, деңгейлік|парағы, |кубизм, |деңгейлеп, |
| | |4.Лингвистикалық | |жұмыс, тестпен |кубизммен |үлестірме оқу |сатылап оқыту |
| | |жаттығу | |жұмыс |жинақтау |құралы. | |
| | |5.Жинақтау | | | | | |
| | |6.Ойын | | | | | |
|ІІІ |3 |1.Бақылау диктант |Білімді |Қорытындылау, |Диктант, тест |Тест |Бағалау |
|қорытынды |сабақ |2.Тест тапсырмалары |тексеру |білімін бақылау,|алу |тапсырмалары | |
| | | |сабағы |бағалау | | | |

Ұқсас жұмыстар
Тұрлаулы мүшелер
Тақырып Менің отбасым
Ұлылар елі. сөйлем мүшелерін қайталау. 8-сынып
Қаратпа сөз
Оқушылар сөзіне сұрақ қой
Менің отбасым Таным
Сөйлем мүшелерінің байланысы. Сабақтың тақырыбы
Жайылма сөйлем
Жай сөйлем түрлерінен өткенді қайталау. 8-сынып
Сөйлем мүшелеріне талда
Пәндер