Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Үйсіндердің шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты :

  1. Білімділік. Оқушылардың зейінін ашу.
  2. Дамытушылық. Оқушылардың ақыл-ойын, сөйлеу тілін, сабаққа деген ықыласын дамыту.
  3. Тәрбиелік. Оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі : Буклеттер

Үлестірмелі қағаздар

Сөзжұмбақтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру әдісі. Оқушылар санын түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үлестірмелі қағаздармен сұрақтар қою арқылы.

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары.

  1. Мал шаруашылығы
  2. Егіншілік пен отырықшылық
  3. Түрлі кәсіпшілік

ІV. Жаңа сабақтың барысы.

Мал шаруашылығы . Шаруашылықтың бұл түрі үйсіндер өмірінде аса маңызды болған. Бұған Жетісудің табиғат жағдайларының қолайлылығы әсер еткен. Үйсіндер ұзақ уақыт қыстаулар мен жайлауларда отыратын. Сол арадын тұрақты үйлер салып, оның қасына егін егіп, бау-бақша өсірген. Бүкіл Жетісу үйсіндері малдың негізгі түрінің бәрін: қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі өсірген. Әсіресе, жылқы шаруашылығы жақсы дамыған. Жеке байлардың жылқысы бес мыңға дейін жеткен. Жылқы көлік ретінде де, тамақ ретінде де, сыртқы жаудан қорғану үшін де аса маңызды рөл атқарған.

Егіншілік пен отырықшылық . Археологиялық қазба кезінде табылған деректерге қарағанда үйсіндерде егіншілік те дамыған. Қазба жұмысы кезінде егіншілікте пайдаланылатын түрлі құрал-саймандар: тас кетпендер, қола орақтар, тастан жасалған дәнүккіштер табылды. Егістік үшін дайындалған жерлер алдын ала таңдалып алынған. Көбіне су өздігінен ағып келетін алқаптар пайдаланылған. Үйсіндер бақша дақылдарымен қатар дәнді дақылдар да еккен. Көбіне тары мен арпа еккен.

Түрлі кәсіпшілік. Үйсіндер түрлі металдарды қазып алуды және балқытуды білді. Әсіресе, алтын, мыс, қалайы, қорғасын көбірек өндірілді. Олар темірді де балқытты. Одан пышақ, қанжар, семсер, жебе ұштарын жасады. Үйсіндердің арасында тері өңдеу, одан күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар, ыдыстар, киім-кешектер жасау өнері де жақсы дамыған. Үйсіндер жасаған бұйымдар арасында қыш ыдыс-аяқтар көп кездеседі. Ыдыстарды әйелдер саздан жасаған. Ал еркектер қайыңнан ағаш шеберлер саз балшықтан ыдыс жасаудың екі түрлі әдісін пайдаланған.

V. Ойын элементтері бар сабақ.

«Ғажайып қоржын» ойыны.

Мұнда қоржынға нөмірлеген асықтарды саламыз. Әр нөмірлерінде сұрақтар бар. Сұрақтарға жауап беру керек.

  1. Ғұндар неше руға бөлінген? 24 руға.
  2. Ғұндардың билеушісін қалай атаған? Шаньюй.
  3. Үйсіндер егін шаруашылығында қандай құралдар пайдаланды? Тас кетпендер, қола орақтар, дәнүккіштер.
  4. Үйсіндер билеушісін қалай атаған? Гуньмо.
  5. Егін шаруашылығы қай жерлерде дамыды? Жетісуде.

Сөзжұмбақты шешу.

1
:
1:
:
: 2
:
:
:
:
:
:
:
:
:
1:
:
: 3
:
:
:
:
:
:
:
:
:
1: 4
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
: 5
1:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
1:
:
: 6
:
:
:
:
:
:
:
:
: 7
1:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
  1. Шашақ бөрік киіп жүретін сақтар.
  2. Үйсін билеушісі.
  3. Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың екінші тобы.
  4. Аты аңызға айналған ғұн жауынгері.
  5. Үйсіндермен қарым-қатынастағы мемлекет.
  6. Парсы патшасы.
  7. Үйсіндердің қолөнерінде жүзікте бейнеленген жануар.

VІ. Сабақты қорытындылау.

1. Үйсін тайпасы Қазақстанның қай жерінде мекендеді?

2. Қандай шаруашылықпен айналысты?

VІІ. Оқушыларды бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма беру.

§18. Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы. Оқып келу.


Ұқсас жұмыстар
Сабақ жоспары: Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Үйсін мемлекетінің шаруашылығы мен тұрмысы (б.з.б. III - б.з. V ғ., Қазақстан аумағы)
33-сабақ: Сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы (6-сынып)
Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы, заттай мәдениеті және археологиялық ескерткіштері
6-сынып Қазақстан тарихы: Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы
Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы: 6-сыныпқа арналған дамыта оқыту сабағы
6-сынып: Сақтардың мекені, қоғамы, тұрмысы және шаруашылығы
6-сыныпқа арналған аралас сабақ жоспары: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы және Үздік тарихшы тарихи-танымдық сайыс
6-сынып тарихы: Үйсіндердің жазба деректері, қоныстары және қоғамдық құрылысы
Модуль №3 Үйсіндер: мекені, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы және мәдениеті - сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz