Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жұқа болат қаңылтырды тақтаймен түзету
Сабақтың тақырыбы : Шеку өнері (чеканка).Шекімелеу технологиясы
арқылы жұқа қаңылтыр бетіне ою
өрнектер
түсіру
Сабақтың мақсаты:
Қаңылтыр ды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрінің
бірі
шекімелеу әдісін үйрету,шекімелеуге арналған құрал-
саймандар мен таныстыру.
Шекімелеу технологиясын меңгеру арқылы оқушыларды
жауапкершілікке, жұмыс орнының гигиеналық тазалығын сақтауға, мектеп
ережесін техникалық қаупсіздік ережесін сақтауға үйрету.
Еңбек сабағы арқылы оқушылардың іскерлігін, шеберлігін,
икемділігін, шығармашылық қабілетін қалыптастырумен бірге ата кәсіпті
дамыту.
Сабақтың өтілу әдісі:аралас, сарамандық жұмыс.
Пән аралық байланыс:Тарих,бейнелеу өнері,технология т.б
Сабақтың көрнекілігі:плакаттар,сурет,қолөнер бұйымдар,бүктеме(ою өрнек)
Сабаққа керек құрал саймандар:бедерлегіш балға түрлері,шекімелеу шеге
түрлері,темір
кесетін қайшы, жұқа қаңылтыр,
ою өрнек
шаблондар,төстік ағаш,ағаш
балға т.б.
Жоспар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
а)оқушыларды түгендеу кезекшілер сайлау.
б) жұмыс орнын дайындау ,құрал саймандарын тарату.
2. Жаңа сабақты түсіндіру,баяндау.
а)Шекімелеу әдісінің тарихы туралы.
б)Қаупсіздік техникалық ережені сақтай отырып қаңылтырды,
металды түзету.
в)Шекімелеуге қажет құрал саймандандар
3. Жаңа сабақты бекіту
4.Практикалық сарамандық жұмыс.
а)шекімелеуге қажет құрал саймандармен жұмыс істеу реті.
б)көркемдеп өңдеу барысындағы қаупсіз жұмыс істеу ережелері.
в)топтық жұмыс шекімелеу және ою ,қиюшылар тобы.
г)пластинаға түсірілген ,көркемделген шекуді сандықтың алдына, артына
жан жағына жапсыру.
5. Жаңа сабақты пысықтау
6. Бағалау,сабақты қортындылау.
7. Үйге тапсырма
2. Жаңа сабақты баяндау
- Қаңылтырды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрінің бірі шекімелеу әдісі.
Ерте заманда біздің ата-бабаларымыз шекімелеу арқылы үй жиһаздарын,
зергерлік буйымдарын, ыдыс-аяқтарын, қару-жарақ, бас киім, белбеу,
музыкалық аспаптарын, мал шаруашылығына арналған құралдарын тағы басқа
тұрмысқа қажетті заттарын әшекейлеген. Бір сөзбен айтқанда, шекімелеу әдісі
қазақтың тұрмыс тіршілігінде кеңінен пайдаланылған. Сондықтан біз ата-
бабаларымыздың кәсібін дамыту мақсатында бүгінгі сабақта шекімелеу әдісін
үйренеміз.
Халық шеберлері темірді, күмісті, алтынды және олардың қоспаларын
көркемдеп өңдеу әдісін ерте кезден-ақ білген. Бертін келе олардың
технологиясын жетілдіріп, тамаша бүйымдар жасаған. Мысалы, темірді бедерлеп
құю мен өрнектеудің озық үлгісіне Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі Тайқазан,
алтыннан бедерлеп жасалған Алтын адам, республикамыздың тарихи-өлкетану
мұражайларындагы зергерлік бұйымдар жатады. Болат темірден жасалған қару-
жарақтар, темірден жасалған үй мүліктерін күміспен батырмалап өрнектеу,
жұқа қаңылтырдың бетін бедерлеп көркемдеу жұмыстары - осындай еңбектің
жемісі.
Қаңылтырдың бетіне бедер салу мен сым темірді көркемдеп өңдеудің өзіндік
ерекшеліктері бар. Бедер салу жұмысы, негізінен, қаңылтырдың бетіне
жүргізіледі. Бұйымның бетін нүктемен, сызықпен бедерлеу тәсілдері дәл әрі
алуан түрлі болып келеді. Мұнда сызықпен бедерлеу, нүктемен көлеңке беру
әдістері де көп қолданылады.
Алдымен жұқа қанылтырды, металды өнер туындысына айналдыру үшін оларды
түзету керек. Түзету үшін мынандай материалдар, аспаптар, құрал-жабдықтар
керек: түзету плитасы, сызғыш ағаш, металл кесіндісі, жұқа қаңылтыр,
қолғап, балға, қаңылтыр металл кесінділері және бор.
Осы жүмыстың мақсаты: жұқа қаңылтыр мен қаңылтыр металды түзетудің
сарамандық дағдысын алу, әр түрлі металдардың түзетулерін салыстыру.
Жұмыстың орындалу реті:
1. Жұқа болат қаңылтырды тақтаймен түзету.
2. Жұқа қаңылтыр металдардың (мыс, қаңылтыр) түзетулерін салыстыру.
3. Болат қаңылтырды балғамен түзету.
Косымша мағлұматтар
1. Қаңылтыр металды (жұқа қаңылтыр) тақтайдың көмегімен түзету.
2. Оң қолға тақтайды алып, оны аздап қысу арқылы кесіндінің ұзына бойымен
шетіне дейін жылжытады.
3. Кесіндіні ұстап тұрған сол қолды жарақаттап алмау үшін қолғап киіп
алады.
4. Каңылтырдың бір жағынан түзеткеннен кейін аударады да, екінші жағынан
түзетеді. Кесінді толық түзетілмейінше осылайша жалғаса береді.
- Балалар, сендер 5-сыныпта металдардың физикалық қасиеттерімен танысқан
едіңдер. Қара металдармен қатар техникада және өндірісте түсті металдар да
жиі қолданылады екен. Сонымен бірге алюминий, мыс, мырыш, қорғасын т.б.
түсті металлдардың да физикалық қасиеттерін білдіңдер.
Түсті металдардан көркемдеп өң деп жасалған әсем бұйымдардың сан алуан
түрлерін көріп те жүрсіңдер. Биыл түсті металдарды көркемдеп өңдеу
технологиясымен танысасындар. Шеберлер ерте заманнан бастап ұсталық пен
зергерлік өнерін үйрену арқылы әртүрлі металдардан үй бүйымдарын, қару-
жарақ, сәнді әшекейлер жасауды үйренген. Көптеген әсем бүйымдар қаңылтырдан
жасалған.
Шекімелеуге керек құрал-саймандар:
1. Жұмсалғыш (расходный) - үш жағы доғалдау келген шапқыға немесе бұрауышқа
ұқсас құрал. Ол арқылы металл бетіне жіңішке науа секілді із қалдырады.
2. Лошатник — соққысы тегіс шаршы немесе төртбүрыш формалы, шет жақтары
доғалданған құрал. Оның көмегімен металл бетіне қажет форма түсіріледі.
3. Пурошниктің соққысы - формасы шар тәріздес. Оның көмегімен сфералық ойық
немесе дөңес жасалады.
4. Конфарник дегеніміз — жіңішке ойғыш. Оның ұшы өткір емес, доғалдау.
Сондықтан ол металды тесіп өтпейді, керісінше, металл бетіне майда нүкте
секілді сфералық дақ салады.
Конфарник арқылы қағаз бетіндегі суретті металл бетіне көшіреді немесе
бейнеге фон беру үшін көптеген нүктелік ойықшалар (дақ) жасалады.
Сотан (пуансон) дегеніміз металл өзекше секілді құрал. Оның ұшындағы
формалары арқылы жұлдызша, үшбүрыш, жапырақша т. б. бейнелерді жасауға
болады.
Бедерлегіш балғаның бір басы жалпақ(дөңгелек шапқы), екіншісі — шар
тәріздес. Онымен жұмыс істегенде, балғаның жалпақ жағымен шекігіштің бас
жағын ұрады да, ал сфералық басымен бедердің үлкен элементтерін соққылайды.
3. Шекімелеуге қажет металдарды таңдағанда мыс, жез, алюминий және
қалыңдығы 0,2-ден 2 мм. болатты пайдалану қажет.
3.Жаңа сабақты бекіту
Жаңа сабақты сұрақтар қою арқылы қалай меңгергенін тексеремін. Сөзжұмбақ
шештіріп сабақты пысықтау, әр оқушыны жұмыстарымен жауаптарын бағалау.
4. Практикалық сарамандық жұмыс.
Өрнек салынатын қаңылтыр катаң болса, не жезден жасалса, онда оны өрнек
салар алдында отқа қыздырып жасытады. Каңылтырдың бетін суға 10% күкірт
қышқылы араластырылған қоспамен тазалап, сүртіп кептіреді.
Қаңылтырдың бетіне салынатын өрнек жеңіл болса және өрнек жақтаулары
онша биік болмаса, бедерлеу жұмысын калыңдығы 5-10 мм резенке тесеніштің
үстінде немесе қалыңдығы 20-30 мм етіп құм салынған төртбұрышты брезент
қапшықтың үстіне қойып жүргізеді.
Бедерлеу жұмысын жүргізу үшін, бірінші кезекте металдың бетіне қажет
суретті көшіріп алу қажет. Ол үшін металдың бетіне қыл сүрткінің немесе
тампонның көмегімен ақ немесе сары гуашь жағылады. Бояу кепкен соң,
пластина бетіне сурет салынған кағазды ермексаз арқылы жапсырады. Пластина
бетіне ауыстырылған суретті тез кебетін лак арқылы орнықтырады. Содан соң
өрнекті жоғарыда айтылған шекігіш құралдары арқылы жасайды.
Жасау кезінде ірі бөліктерінен бастап майда бөлігіне көшу қажет.Ережені
үнемі ескерте отырып оқушыларға жұмыс істетемін.
Алдымен, жұмысқа кіріспес бұрын, шеберханадағы жалпы қауіпсіздік техника
ережесін оқушылардан сұрау. Сонан соң темірмен жұмыс істегенде техника
қауіпсіздік ережені қайталау және шекуге арналған құрал-саймандарды сұрау.
Оқушыларды қызықтыру үшін әр түрлі көрнекіліктерді пайдаланып белгілі
бір көріністі таңдауға көмектеседі. Олар өз ойларына ою - өрнектерді
үйлесімді етіп орналастыруға дағдыландыру.
Жұмыс істеу тәртібі:
\. Ережені қайталау.
2. Қағазға түсірілген оюды қию.
3. Каңылтырдан жасалатын бүйымның пішіні мең мөлшеріне сәйкес пластина
кесіп алынады.
4. Каңылтыр пластинаның бетіне оюды қарындашпен түсіру.
5. Бедерлегіш балға арқылы және шеку шегелерін пайдаланып, қарындашпен
түсірілген оюды көркемдеу.
6. Жұмысты аяқтау, қорғау.
Сыныптағы 14 ер балаларды 4 топқа бөліп, әр топқа жеке тапсырма
беріледі.
1 топ-сандықтың алдын, П топ сандықтың артын ІІІ топ сандықтың жанын, IV
топ сандықтың 2-ші жанын жасайды. Әр топта бір оқушы — шеку жасайды, келесі
бір оқушы қағаздан ою қиып, қаңылтырға түсіреді. Төрт қаңылтыр пластинаға
жасалған шеку (чеканка) сандықтың алдына, артына, екі жанына жапсырылады.
Сабақ барысында олардың жұмыстарын аралап жүріп қадағалап отырумен
бірге орындалу әдіс тәсілдерін түсіндіру.
5. Жаңа сабақты пысықтау
Әр топқа сұрақтар қойып сабақты толықтыру.
6. Сабақты қорытындылау
Оқушыларды бағалау, жұмыс орнын тазалату, құрал-саймандарды кезекшіге
өткізу.
7. Үйге тапсырма.
«Қаңылтыр бетіне шекімелеуді сызықтық бедерлеу әдісін пайдаланып
кескін түсіру»
Пайдаланылған әдебиетер:
1. 5 сыныбына арналған оқулық К.Өстеміров
2. Мектептегі технология №1 2004 жыл
3. 6 сыныбына арналған оқулық К.Өстеміров
4. Мектептегі технология журналдары
5. Үштіктен қалай құтылдық? В.Ф.Шаталов Алматы
(Мектеп) 1989 жыл

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz