Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шешендік сөздің тағылымы

Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университеті.

Тақырыбы: Шешендік сөздің тағылымы

Орындаған: Әділхан С.

Қабылдаған: Оспанова Б.
Тобы: ФАҚ-911

Түркістан – 2011 жыл.

Пәні: Іскерлік қазақ тілі
Өткізілетін оқу тобы: ІІ курс. «Ағылшын – қытай екі шет тілі»
мамандығы
Өткізілетін мерзімі: 14.02.2011 жыл.

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздің тағылымы.
Сабақтың мақсаты: Даналыққа құрылған қанатты сөздерді, мақал –
мәтелдерді, шешендік өнерді студенттердің бойына
қалыптастырып, сол арқылы рухани байлығын арттыру.
Сабақтың түрі: Компьютерлік сабақ
Сабақтың әдісі: Ауызша түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар.

Көрнекіліктер: Плакатта жыраулар мен шешендердің суреттері, интерактивті
тақта.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімдермен және студенттермен сәлемдесіп, сабақтың мақсатымен таныстыру
және студенттерді Әйтеке би және Қазыбек би деп екі топқа бөліп жарыс сабақ
ұйымдастыру. 2 студент төреші болып, оқушылардың белсенділігін бағалап
отырады.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
- Бүгінгі сабағымыз шешендік өнер жайлы болғандықтан, анықтамасына тоқталып
кетейік. Сонымен, Шешендік сөздер дегеніміз – белгілі бір мәселені талқылау
кезінде, сөз қақтығысуларда, билік шешім айтылған кезде, өзара пікірлесім
үстінде, қағытпа сөз арқылы тапқырлыққа негізделген көркем шығармалар.
Шешендік сөздер сөз өнерінің жеке бір өзекті саласы. Біз кеңес дәуірінің
тұсында қазақ халқының азаматтық тарихы мен мәдени мұраларының бұрмалана
баяндалғанын білеміз. Сондай саланың бірі - қазақтың билік-шешендік өнері.
Үстем тап өкілдері саналып келген би-шешендердің мемлекет ісіне араласқан
қоғам қайраткері екендіктері белгілі болды. Олардың шаршы топтың алдында
аузыменен құс тістеп, сөз жарысына түскені, сөйтіп ел мен жердің, рудың,
қала берді жеке адамның ар-намысын қорғағаны анық.
- Келесі слайдқа назар аударайық.

ІІІ. Жаңа материалды көрініс ретінде көрсету.

Енді «Бала Төленің төрелігі» атты көрінісімізді тамашалаңыздар.
Ертеде Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылым алқабына Үйсін мен Арғынның белді
жақсылары таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа
алмайды. Көпшілікке еріп барған он бес жасар Төле билік айтушыларға көңілі
толмайды. Ол:
Ақты ақ деп бағалар!
О, игі жақсы ағалар!
Өзегі талса ел біткен,
Өзен бойын жағалар —
деп сөз бастай бергенінде:
— «Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без», деуші
еді. Мына бала кім өзі?—дейді төрде отырған би. Төле қасқая қарап тұрып:
—    0, би аға, он үште отау иесі демес пе,
Кінәлімін бе келіп қалсам он беске?
Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа,
Ала көз болу ағайын адамға лайық па? —
деп бір тоқталады да, төрде отырған биге былай деп сауал қояды:
— О, игі асқар тауымыз,
Әділ ме осы дауымыз?
Жар астында тұрғанда,
Жасырынып жауымыз? —
Сонда әлгі би:
— Қой асығы демеңдер,
Қолыңа жақса сақа гой.
Жасы кіші демеңдер,
Ақылы асса, аға ғой, —
деген, балам, билікті саған бердім,— дейді. Бала Төле жұлып алғандай:
— Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің
оң жағын Үйсін, сол жағын Арғын жайласын, бұған қалай қарайсыздар?— дейді.
Бұл шешімге екі жақ та риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би:
Үй баласы ма деп едім,
Ел баласы екенсің.
Ақ мандайлы арысым,
Талабың алдан өтелсін.
Ауылыңның таңы бол,
Маңдайдағы бағы бол! —
деп бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел
арасындағы дау-жанжал, көліссөзге араласып, билік айта бастапты.

IV. Шешендік сөз өнеріне тән тәсілдер.

Ұлттық өнерiмiздiң тарихында Майқы би Мәнұлынан (Айса пайғамбардың тұстасы)
бастап, Майқы би Төбейұлы (1105-1225 жылдар шамасы), Аяз би Жаманұлы (ХI-
ХIIғ), Мөңке би(1207-1250), Едiге би (1354-1419), Бәйдiбек би (1356-1419
жылдар шамасы), Әз Жәнiбек (1406-1473), Жиренше шешен, Шоған би (1584-
1642), Әсет би(1676-1723), Қадiр-Тайжан, Тоқсан, Жанкiсi, Азтайлақ,
Бөлтiрiк, Сары, Сырлыбек, Бала би, Ноғайбай, Саққұлақ, Бапан, Шоң, Шорман,
Байдалы, Қараменде, Зiл-қара, Алшынбай, Асаубай секiлдi, сондай-ақ, Төле
би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билердiң жарқын бейнелерiн әлi де қазақ
даласындағы айтулы шешен-билер есiмiмен толықтыра, молықтыра айтуға
болады.

Майқы би Жиренше шешен Асан қайғы Бұхар жырау
Қожаберген
жырау

V. Жаңа сабақты ойын ретінде жалғастыру.

Ойынның аты КРИПТОГРАММА.
Ойынның шартымен таныстырып өтсем. Мына берілген сандарда әріптер жазылған.
Астындағы бағандағы сандардың әріптерін тауып, мақал-мәтел шығару керек.

Шешендік өнерді зерттеген шетел ғалымдары.

Шешендік өнерді зерттеген қазақ ғалымдары.

Шешендік өнерді жетік меңгеру үшін тағы бір ойын ойнайық.
Ойынның аты: Асығың алшысынан түссін.
Ойынның шарты. Қоржындағы асықты әр топ таңдап алып, асықтың саны бойынша
шыққан мақал мәтелдердің мағынасын түсіндіру. 2 асықта жауап берместен балл
алатын сюрприз бар. Мақал-мәтелдер:
1 асық: Отыз тістен шыққан сөз,
Отыз рулы елге тарайды
2 асық: Сөзге сөз келгенде сөйлемесе, атасы өледі.
3 асық: Сөз тапқанға қолқа жоқ.
4 асық: Сюрприз
5 асық: Күн шалмас қараңғы көңілді сөз шалады,
Күн жылытпас сұм жүректі сөз жылыта алады.
6 асық: Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
7 асық: Сюрприз
8 асық: Жатқанға жан жуымас,
Жалқауға мал құралмас
9 асық: Алтын шыққан жерді белден қаз.
10 асық: Бұрынғының кісісі – қазіргінің кішісі.
11 асық: Жасында байқары жоқтың,
Қартайғанда айтары жоқ.

Ежелгі дәуір шешендері шешендік сөз өнерін бәйтерекпен салыстырғаны туралы
Д.Н.Александров былай көрсеткен екен.
1-теректің түбірі - шешеннің топ алдында шығу себебі:
а) Даңққа бөленіп, халыққа танымал болу үшін;
ә) Сөздің аудитория үшін пайдалы екенін болжау тыңдаушының дүниетанымын
кеңейтіп, бөліп, дағдысын қалыптастыруға септігін тигізу.
б) Ақиқат шындыққа қол жеткізу, өз пікіріне мойын ұсынту;
2-теректің діңі – сөйленетін сөздің тақырыбы мен негізгі мәселесі.
3-негізгі үлкен бұтақтары – айтылар сөздің, айтылар ойдың негізгі жоспары
мен бағдарламасы, классикалық риторикада бұл бұтақ үлкен болып келеді
(кімге айту, қалай айту, нені айту).
4-көптеген ұсақ бұтақтар – тақырыптың негізін ашатын мәселелер сұрағы.
5-терек жамылғысы – жапырақтар мен бүркелген, яғни, ауызша сөйлеу арқылы
сөзбен “киіндіру” . Тәжірибелі шешен сөйлеу кезінде мұндай мыңдаған сөз –
жапырақтарды қолданады.
6-гүлдер – яғни безендірулер. Сөздің сазды, көркем, әсем, нақышты болуы.

Келесі ойынымыздың аты: Аукцион.
Ойынның шартына келсек, әр бір шешен, жыраулардың сөздері беріледі. Сол
сөздер расында сол жырау айтқан болатын болса онда әр топтан ақша беріп
отырады. Бұл жерде ақшасы көптің емес, көп дұрыс жауап берген топ
бағаланады.
1-ші сөз:
Асқар тау сенде бір мін бар,
Асауға жол бермейсің
Тасқын су сенде бір мін бар,
Өтерге өткел бермейсің.
Әйтеке

2-ші сөз:
Аяққа кісен салуға болар,
Қолға кісен салуға болар
Ал, тілге кісен салуға болмас
Жанкісі би (Бәйдібек би)

3-ші сөз:
Ассалаумағалейкум,
Алдияр тақсыр ханымыз.
Алдыңа келді қарашаң,
Арызын қабыл алыңыз,
Өтірік болса арызым,
Мінеки, сізге жанымыз,
Бәйдібек би (Жанкісі би)

4-ші сөз:
  «Жанның ұлы Ар мен Хұн,
         Тартқызбас бізге зар мен мұң.
         Түбір бірге түртпейді,
         Одан болмас тұл мен құн.
Майқы би

5-ші сөз:
«Күншілдік деген бар, содан сақтан,
         Кекшілдік деген бар, содан сақтан.
         Астамшылық деген бар, одан алыс жүр»
         Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр.
Төле би (Бөлтірік шешен)

6-шы сөз:
«Жағалай елің қонбаса,
         Суы тұщы болмаса,
         Мал-жаның бәрі сусындап,
         Мейірі оның қанбаса.
         Көл дегенің немене?!
Саққұлақ би
7-ші сөз:
«- Аллаға жағамын десең, азанды бол,
         Халыққа жағамын десең, қазанды бол,
Майқы би (Шабанбай би)

VІ. Сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылай келе шешен адам қандай болу керек екендігін модель
ретінде былай көрсетіп кетейін.

- Осы сабақтан нені үйрендік? Және нені білдік? Әр топтан 1 студент тұрып
өз ойын жеткізсе деймін.

VІІ. Қорытынды
Сабаққа белсене араласқан әр бір студент бағалау парағымен бағаланды.
Бағалау парағымен таныса өтетін болсақ:

|Қ\с |Аты-жөні |Сабақ барысындағы белсенділігі |
| | |Сабақ айту|Конспект |Кесте |Тест |Қорытынды |
|1 |Аден Баян | | | | | |
|2 |Анарбаева Гүлбану | | | | | |
|3 |Атаева Дурдона | | | | | |
|4 |Альсеитов Аблай | | | | | |
|5 |Әділхан Сандуғаш | | | | | |
|6 |Жүсіпова Гүлжанат | | | | | |
|7 |Камаш Жазира | | | | | |
|8 |Көкішев Бақытжан | | | | | |
|9 |Қайырбекова Қымбат| | | | | |
|10 |Қожабаева Жазира | | | | | |
|11 |Қоспанова Алтынай | | | | | |
|12 |Нысанбаева Әсем | | | | | |
|13 |Османова Шахида | | | | | |
|14 |Райбекова Жазнсұлу| | | | | |
|15 |Сайдакбарова | | | | | |
| |Фарзана | | | | | |
|16 |Сыдықов Нұралы | | | | | |
|17 |Табиб Ғарифулла | | | | | |
|18 |Танеш Бота | | | | | |
|19 |Тойшыбеков | | | | | |
| |Нұрсұлтан | | | | | |
|20 |Убайдуллаев Элёр | | | | | |
|21 |Усенова Шолпан | | | | | |
|22 |Утжанова Жазира | | | | | |

Сабаққа белсене араласып, қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Осымен
сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.

Пайдаланылған әдебиеттер және ғаламторлар мекен-жайы.

1. http://www.rusnauka.com/23_WP_2009/Philologia/50711.doc.htm

2. http://moodle.nci.kz/mod/resource/view.php?id=1208

3. http://www.prometheanplanet.com/en-us/Resources/Item/54316/%D1%

4. Адамбаева Б. Алтын сандық.- Алматы: Жазушы, 1989.- 195 6.
5. Негимов С. Шешендік өнер.- Алматы: Ана тілі, 1997.
6. Қалимұқашева Б.Д. Шешендік өнерге баулудың дидактикалық принциптері.
Бастауыш мектеп.-Алматы: Мектеп, 1999.-№ 10.- Б. 10-12.
8. Үш пайғамбар. «Егемен Қазақстан». 1993.
7. Шешендік шиырлары - Алматы: Қайнар, 1993.

Ұқсас жұмыстар
Шешендік сөз
Сөз сыры арнаулы курс 5 класс
Шешендік дау
Шешендік сөздің көріктеуіш қралдары
Орта мерзімді жоспар, қазақ тілі. 11 сынып (гуманитарлық бағыт)
Шешендік сөз өнері. авторлық бағдарлама
Қазақ халқының шешендік сөз өнері. 5 сынып
Шешеннің сөзі - ақылдың көзі Шешендік сөздерден көрініс көрсету
Сөз асылы-шешендік. 8-сынып
Атадан қалған асыл сөз
Пәндер