Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бұйрықты сөйлем. Сөйлем түрлері

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем түрлері
Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің түрлерінен өткенді қайталай отырып, алған
білімдерін толықтыруға жағдай тудыру. Тақырыпқа қатысты білімді өз деңгейінде меңгерту мүмкіндіктерін жан - жақты қарастыру. Оқушыларды ой еркіндігі мен пікір дәйектілігі, нақтылығын өрістету тәсілдерін тиімді қолдануға баулу. Шығармашылық пен тапқырлыққа баулу.
Сабақтың түрі: шығармашылық - ізденіс сабағы
Сабақтың көрнекілігі: кесте - сызбалар, мультимедиялық проектор
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, олардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау.

<<Миға шабуыл>> стратегиясы. Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін анықтау.

Тренинг арқылы топқа бөлу: Оқушыларды ортаға шақырып конфет тарату арқылы бір - біріне тілек айтқызу. Суреттер арқылы топқа бөлу. <<Білгірлер>>, <<Тапқырлар>>
Бағалау үшін екі топқа сарапшы дайындау.

Мұғалім сөзі: Оқушылар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Сөйлем түрлері. Бұйрықты сөйлем. Сабағымыздың мақсаты - сөйлемнің түрлерінен өткенді қайталай отырып, алған білімді жетілдіру. Тақырыпқа қатысты білімді өз деңгейінде меңгерту мүмкіндіктерін жан - жақты қарастыру. Шығармашылық пен тапқырлыққа баулу.

II. Жаңа сабақ
1. <<Сәйкестендіру>> әдісі:
1. Хан қызының жұмбағы қиын ба? б) Хабарлы
2. Тұр, кет жолымнан. а) Сұраулы
3. Мемлекеттік тілді мақтан тұтамын! в) бұйрықты
4. Айтылған мысалдар бойынша үнемі ізденіп жүрмін. г) лепті
Мұғалім: Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің 4 - ші түрі бұйрықты сөйлем екен.

2. Топпен жұмыс
<<Достар>> әлемінде - <<Білгірлер>> тобына
Сөйлем мазмұны -------------------------------------- Түрі ----------- Достарға мінездемелік сипаттама
Рысқұл ауылда қалған балаларды ойлады. --- Хабарлы ---- Ғаламтордағы ақпарат бөлімінің бастығы. Әлемдегі барлық жаңалықтар мен ақпараттардан хабардар етуді қамтамасыз етеді.

Ғарыштан жер қалай көрінеді? ------------------ Сұраулы ------ Мамандығы - журналист. Әлемдегі құбылыс, әрекет, ой - пікір - барлығын біліп жүру мақсатында сұрақ қойып, хабар мәліметтерді анықтай қарап жүреді.

Берекеңнен айналдым, беу, қазақ - ай! ------- Лепті ----------- Өнер саласында жұмыс істейді. Терең сезім, кенет оқиғаларға қатысты көзқарас пен асқақ көңіл - күйге қатысты ой - пікірлерден хабардар етіп отырады.

Уақытқа ұмтылмай, іске кіріс! ----------------- Бұйрықты ---------- Әскери тәртіпте өскен, нақтылық пен орындалуды талап етеді.

<<Жай сөйлемдер әлемінде>> - <<Тапқырлар>> тобына
Атауын тап. Мысал келтір, дәлелде!
Тек тұрлаулы мүшелерден жасалады.
Тұрлаусыз мүшелер араласады.
Бастауышы бар сөйлем.
Бастауышы мүлде болмайды.
Айтылуға тиісті мүшелердің барлығы қатысқан.
Тиісті мүшелердің бірі түсіп қалған.

3. <<Ізден, тап!>> айдары
<<Білгірлер>> тобына - 84 - жаттығу. Әдебиет оқулығын пайдалана отырып, ақынның өлеңдерінен бұйрықты сөйлемдерді теріп жазыңдар.
Абай Жамбыл

4. <<Сұрақ қоя білесің бе?>> сергіту сәтін өткізу. 10 сұрақ қана қоя алады.
Мектеп, оқушы, ұстаз, гүл.
<<Тапқырлар>> тобына - 85 - жаттығу. Өлең үзінділерінен бұйрықты сөйлемдерді көшіріп жазып, жаттап алыңдар.

III. Бекіту
5. Грамматикалық тапсырма. Қызыл және көк алманы таңдату арқылы оқушылар өз тобының түсін анықтайды.
Қызыл түске -
Қас пен көздің арасында жетіп келдің бе
Мен келгенде ойдағы - қырдағы ел жиналған екен.
Тапсырма: Сөйлем түрлерін анықтап, тыныс белгілерін қой!
Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.
Жасыл түске - Туу түк түсініп болмайтынын - ай
Айтыс ақыны болу үшін, қазақ халқының шежіресі мен тарихын жақсы білетін зеректік керек.
Тапсырма: Сөйлем түрлерін анықтап, тыныс белгісін қой. Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.

IV. Қорытынды
6. Графикалық диктант.
1. Ертең күн ашық болар деп ойлаймын.
2. Сабаққа қашан бармақ?
3. Уа, шіркін, қандай таза ауа!
4. Үлкенге іні, кішіге аға бол!

Сарапшы өз тобындағы оқушыларға баға береді.
V. Үйге тапсырма: <<Бұйыра сөйлеу мәдениетті талап ете ме?>> тақырыбына мақала дайындау.

Ұқсас жұмыстар
Сөйлем түрлері. хабарлы сөйлем. лепті сөйлем
Компьютер. хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер
Практикалық тапсырмалар
Бұйрықты сөйлем
Тыйым сөздердің бұйрықты сөйлемдерге жататынын түсіндіру
Одағай сөз, қаратпа сөз
Сөйлемнің монологы
Қорытынды деңгейлік өздік жұмысы
8-сынып оқушыларына қазақ тілінен арналған емтихан сұрақтары мен қосымша тапсырмалар
Сабақтас құрмалас сөйлем
Пәндер