Тік жүретін адам

Сынып: 10

Пәні: Биология

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Адамның шығу тегі және адамның нәсілдері туралы генетикалық мәліметтер.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік - оқушыларға адамның шығу тегі және адамның нәсілдері туралы генетикалық мәліметтер беру.

2. Дамытушылық - оқушыларға жалпы білім бере отырып олардың ойлау, есте сақтау, салыстыру қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік - оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыра отырып, оқу процесіндегі ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілі: ауызша, сұрақ -жауап арқылы

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер

Пән аралық байланыс: географиямен, тарихпен

І. Ұйымдастыру кезеңі: А) Сәлемдесу

Ә) Оқушыларды түгелдеу

Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістерін атаңыз
  2. Генеологиялық әдіс дегеніміз қандай әдіс?
  3. Егіздік әдіс дегеніміз не?

ІІІ Жаңа сабақ

Приматтар эволюциясы сүткоректі жануарлардың басқа отрядтары сиякты, шамамен, бұдан 60 млн жыл өтті. Үштік кезеңнің екінші жартысында кен таралған жоғары сатыдағы маймылдардың қазбалық тобы - дриопитектер екі эволюциялык бағытқа: понгидтер мен гоминидтерге бастама берді. Понгидтер ұрпағы - гориллалар мен шимпанзелер қазіргі кезде де тіршілік етеді. Гоминидтерге қазіргі уақытта бір ғана түр - Саналы адам жатады.
Адамның арғы тегі эволюция жолымен бірте-бірте кдлай дамығанын зерделеу киын: казба қалдықтар өте аз және олардың өзі толык емес. Сондықтар гоминидтер эволюциясының әр түрлі нүсқалары бар.
Рамапитектер . ғалам-шарымызда (планета) 14 млн жыл бүрын гоминидтер тұқымдасына жатқызуға болатын маймылдар пайда болды деп болжайды. Бүлар - рамапитектер. Олар Үндістан, Шығыс Еуропа, Ресей аумағында тіршілік еткен. Олардың тісі алғашкы адамтәрізді маймылдарға қарағанда жетілген, күрек тістері мен азу тістерінің арасында ит тістері пайда болған. Рамапитектер өсімдіктекті азыкпен: астык тұқымдастар дәнімен, өсімдіктердің тамырларымен, сабақтарымен ж\е жапырактарымен қоректенген. Қорегін іздеу, жұлып алу, казу немесе аузына апару үшін үнемі енкейіп, иіліп не тік түрып, қолдарымен көптеген кимыл-козғалыстар жасаған.
Аустралопитектер. Олардың көптеген казба қалдықтары Оңтүстік және Шығыс Африка аумағынан табылған. Аустралопитектер ізашарларына карағанда адамға көбірек ұқсас болған, Олар тік жүрген (бойы 120-130 см, салмағы 25-45 кг), беті жалпактау, миының көлемі орташа 530 см 3 болған.
Епті адам. аустралопитектерге сырттай өте ұқсас жануарлар тіршілік еткен. Олардың миының көлемі едәуір үлкен - 650-1100 см 3 болған. Табанында осы заманғы адамдағы сияқты күмбез болған, яғни ол екі аяғымен тік жүрген. Бұл гоминидтін қолының саусақтары едөуір жетілген, бас бармағы баска саусақтарына қарама-қарсы орналасқан. Демек, ол қолымен тас құралды ұстап, оны пайдалана білген. Қазба жұмыстарында олардың қоныстарынан тастан жасалған қара-пайым құралдары табылған, өте ертедегі адамдардың алғашкы өкілдері болған дейді.
Адам эволюциясында біркатар ғалымдар үш сатыны бөліп көрсетеді: ежелгі адамдар, ертедегі адамдар, осы заманеы алгашцы адамдар.
Тік жүретін адам. Ежелгі адамдардьщ қазба калдыктары Азия, Еуропа және Африкадан табылған. Демек, ежелгі адамдар біздің ғаламшарымызда кеңінен таралып тіршілік еткен. Оларды ғылымда тік жүретін адам деп атайды. Олар, сөзсіз, адамдар туысынын өкілі болып табылады. Олар бұдан бұрынғы 1 млн - 300 мың жыл аралығында тіршілік еткен. Олардың қазба қалдықтарын 1890 жылдары нидерландтык ғалым Э. Дюбуа Ява аралынан тапқан. Олардың бойы 160 см-дей болтан. Оның қазіргі адамдардан ерекшелігі - бас сүйегінің маңдай бөлігі артқа қарай жазық, тайқы, қасүсті доғалары алға қарай шығыңқы, астыңғы жақ сүйектері үлкен және ірі, иегі шығыңқы емес. Ежелгі адамдар белсенді тіршілік еткен: аң аулаған, өсімдіктерді, етті кесуге арналған қарапайым күралдар жасаған. Олар топ болып өмір сүрген - осылай жауларынан қорғану, азық табу, аң аулау, тұрғынжай салу оңай болған. Кейбір табылған қалдықтар олардың отты пайдалана білгенін дәлелдейді.

Тік жүретін адамдардьщ негізгі эволюциялык жетістігі - тас құралдарын жасау, абстрактілі ойлау және сөйлеу нышаны болған.
Неандертальдықтар. Бүл ертедегі адамдардың қазба қалдыктары Еуропа, Азия, Африкадан көптеп табылған. Ертедегі адамдар 300-400 мың жыл бүрын тіршілік еткен. Олар қаңка қалдыктары табылған Германиядағы Неандерталь аңғарына байланысты аталған. Неандертальдықтардың бас сүйегі күмбез тәрізді ж\е миыньщ көлемі1600 см 3 -ге жуық болған. Осыған қарамастан неандертальдыктардың сыртқы кейпінде көптеген қарапайым белгілер байқалған. Мысалы, қасүсті доғасы шығынқы, иегі аса жетілмеген.
Бойы 170 см-дей, дене бітімі дұрыс, бұлшык еттері жақсы жетілген. Олар мұздык дәуірде тіршілік еткен. Суықтан сактану үшін олар отты тұтатуды және жағуды, теріден қарапайым киім тігуді үйренген. Неандертальдыктар 15-20 адамнан топ болып тіршілік еткен. Олар


Ұқсас жұмыстар
Балалардың жүмысы
Көлік түрі
Антропосоциогенез
Физикалық құбылыстар
Ғарыш кеңістігіндегі денелерді ата
Қаңлылардың археологиялық мәдениеттері
Азотты органикалық қосылыстар. аминдер
Жалпы киім топтары, түрлері. стиль, сән, силуэт туралы түсінік. 7 сынып
Ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдар
Ұлты орыс болғанымен, жұбайы қазақ азаматы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz