Тұлпар тобының балалары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

«ЗЕРЕК БАЛА» МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КІШІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНА

«ЖЫЛ БОЙҒЫ МЕРЕКЕЛЕР»

(3 жастан 5 жасқа дейін)

Сценарийлер жинағы

Астана

2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген

Пікір берушілер:

А. И. Омарбекова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Г. Б. Құлжанова, Р. Б. Қабылова, Астана қ. № 63 «Әсем-Ай»

балабақшасының әдіскерлері

«Зерек бала» мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасына «Жыл бойғы мерекелер» (3 жастан 5 жасқа дейін) : сценарийлер жинағы. - Астана, 2013. − 34 б.

Әдістемелік құрал мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен музыка жетекшілеріне мектеп жасына дейінгі кіші жастағы (3-5 жас) балалармен мерекелерді ұйымдастыруға және өткізуге арналған. Әдістемелік және практикалық материал мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен музыка жетекшілеріне арналған.

«Мектепке дейінгі балалық шақ»

республикалық орталығы, 2013

КІРІСПЕ

Баланың музыкалық даму үдерісі жалпы педагогикалық үдерістен біршама оқшау жүреді. Бұл балаларды музыкалық дамыту міндеті арнайы педагогпен (музыка жетекшісі) арнайы бөлмеде (музыка залы) атқарылуымен байланысты. Мұндай ұйымдастырудың артықшылықтары айқын. Алайда, бұл тәжірибеде баланың музыкалық дамытудың мақсатты үдерісі музыкалық ойындар мен сабақтар үшін арнайы бөлменің табалдырығын аттаған кезде аяқталуына алып келеді.

Сондықтан балалардың музыкалық дамыту және тәрбиелеу үдерісін жаңарту және жаңғырту келешегі біртұтас педагогикалық үдеріс логикасында оның орын алу заңдылықтарын қарастырумен байланысты.

Педагогикалық үдеріс дегеніміз не?

Заманауи педагогикалық ғылымда педагогикалық үдерістің мәнін ұғынудың әртүрлі көзқарастар бар. Жалпы мағынада, педагогикалық үдеріс -

білім беру, тәрбиелеу, оқытудың алға қойылған мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған балалар мен педагогтардың белгілі бір білім беру үдерісі мен уақыт шеңберінде дамитын арнайы ұйымдастырылған өзара әрекеті.

  1. Жағдайды талдау, педагогикалық міндеттерді айқындау, шешім нұсқаларын жобалау және іске асырудың оңтайлы шарттарын таңдау кезеңдері.
  2. Педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеті мен іс-әрекетін ұйымдастыруын қарастыратын міндеттерді шешу жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру кезеңі.
  3. Алға қойылған міндеттерді шешу нәтижелерін талдау кезеңі.

Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларға көңілі жабырқаңқы адам қандай сезімде болатындығын ұзағынан түсіндіруге болады, алайда минорлы музыканы қосқанда, балалар бірінші тактіден бастап мұңаю жағдайын түсіне бастайды. Музыка адам сезімін, эмоциясын, уайымдау, құштарлық әлемін меңгере бастауға көмектеседі.

Классикалық музыканы меңгеру. Соңғы зерттеулерге сәйкес классикалық музыка ағзаның физиологиялық үдерістеріне жақсы әсер етеді, есте сақтау, назар, көз алдына елестетуді дамытуға, тұлғаның рухани және ішкі жан-дүниесін дамытуға себін тигізеді. Классикалық шығармалардың ырғақты суреті жүрек-тамыр жүйесіне, яғни барлық ағзаға оң әсер етеді.

Мектепке дейінгі кіші жастағы балалар үшін музыка сабағының мазмұны әртүрлі және толыққанды болуы тиіс: тек қана ән айтып, хоровод жүргізу ғана емес, аспаптарда ойнау, саусақ ойындары, сурет салу. Танымал классикалық музыканы тыңдау, қарапайым музыкалық сауаттылықтың негіздерін меңгеру және т. б.

Тәрбиелеу - өсіп келе жатқан кішкентай баланың тұлғасына қамқорлық жасау. Н. Ф. Голованова пікірінше, тәрбиелеу - балалардың белгілі бір құндылық қарым-қатынасын қалыптастыру, тәрбие - бұл баланы ақиқатқа, еркіндікке, рух әсемділігіне «тарту».

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Құралды заңнамалық-нормативтік қамтамасыз ету

Осы құралдың құқықтық негізі Бала құқықтары туралы Конвенция және бала құқықтарының Декларациясы, ҚР Конституциясы, 2007 жылғы 27 шілдеден Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы, Мемлекет Басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (2012 ж. ), Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар болып табылады.

Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілеріне «Зерек бала» (3 жастан 5 жасқа дейін) мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасына «Жыл бойғы мерекелер» сценарийлер құруына әдістемелік көмек көрсету.

Міндеттері:

  • Мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілерінің педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың озық тәжірибелерді игеру.
  • Кіші және орта жастағы балаларды би және музыкаға оқытуда мектепке дейін ұйымдардың музыка жетекшілерінің іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастырудың заманауи әдістері мен нысандарын жалпылау және жүйелендіру.
  • «Зерек бала» (3 жастан 5 жасқа дейін) мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасына «Жыл бойғы мерекелер» сценарийлерін іріктеу және жүйелендіру.

Құрал құрылымы:

  1. Кіріспе (өзектілігі, негіздемесі, дайындау қажеттілігі) ;
  2. Негізгі бөлім:
  • Мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілерінің педагогикалық үдерісті ұйымдастыру және олардың ерекшеліктері;
  • Кіші және орта жастағы балаларды би және музыкаға оқытуда мектепке дейін ұйымдардың музыка жетекшілерінің іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастырудың заманауи әдістері мен нысандары.
  • «Зерек бала» (3 жастан 5 жасқа дейін) мектепке дейінгі кіші және орта жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасына сценарийлер дайындау.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ МУЗЫКА ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Баланың жан-жақты дамуының маңызды міндеттерінің бірі музыкалық мәдениетін тәрбиелеу болып табылады. Оның негіздері балалық кезден қалыптасады. Осыған орай, балабақшада музыкаға ерекше мән беріледі. Балалар музыка сабағында, дербес музыкалық іс-әрекет кезінде, мерекелер мен ойын-сауық кезінде әуен естиді.

Музыкалық тәрбиелеу мазмұны балалардың қабылдау, қызығушылық, әуенге деген сүйіспеншілік, әуенге деген эмоционалдық ықыластылықты тәрбиелейді, олардың музыкалық іс-әрекеттерге қатыстыру баланың жалпы музыкалық, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Музыканы қабылдау адамнан назар, есте сақтау, дамыған ойлау, әртүрлі білімді қажет ететін күрделі үдеріс. Сондықтан баланы өнердің бір түрі ретінде музыка ерекшеліктерін айыра білуге, музыкалық мәнерлігінің (қарқын, динамика) құралдарына назар аударуына, жанр бойынша музыкалық шығармаларды айыра алуға үйрету қажет.

Осы мақсатта баланың дамуына кешенді әсер ететін, көру, есту және қозғалыс белсендігін тудыратын музыкалық-дидактикалық құралдар пайдаланылады.

Барлық құралдар үш топқа бөлінеді:

  • музыканың сипаттамасы (көңілді, мұңды), музыкалық жанрлар (ән, би, марш) туралы балаларға мәлімет беру болып табылатын құралдар: «Күн және бұлт», «Әуенді таңда».
  • музыка мазмұны, музыкалық бейне туралы түсінік беретін құралдар: «Ертегіні тап», «Суретті таңда».
  • балалардың музыкалық мәнерлілік құралдары туралы түсінікті қалыптастыратын құралдар: «Әуенді үй», «Бауырсақ кімді кездестірді?».

Тәжірибе көрсеткендей, құралдарды жүйелі қолдану балалардың музыкаға, тапсырмаларға белсенді қызығушылығын тудырады және музыкалық шығармаларды жылдам меңгеруге көмектеседі.

Музыкалық-дидактикалық құралдар мектеп жасына дейінгі балалардың музыканы жылдам қабылдауына себін тигізеді, оларды музыкалық өнердің негіздеріне түсінікті нысанда тартуға мүмкіндік береді. Л. Н. Комиссарова пікірінше, бұл «балалардың музыкалық мәдениетін дамытудың маңызды аспектісі» болып табылады.

Балалардың балабақшадағы дербес іс-әрекетінің түрлері әртүрлі. Олардың ішіне музыкалық іс-әрекеті де жатады. Сабақтан тыс уақытта балалар ән айтатын ойындар ұйымдастырады, өз бетімен музыкалық аспаптарда ойнайды, театрлық көріністер ұйымдастырады. Балалардың дербес музыкалық іс-әрекеттерін дамытудың маңызды құралдарының бірі музыкалық - дидактикалық ойындар және құралдар болып табылады.

Музыкалық-дидактикалық ойындар және құралдардың негізгі мақсаты балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастыру; түсінікті ойын нысанында балаларға дыбыстардың жоғарылығы бойынша арақатынасын ажырата алуға көмектесу; олардың ырғақ сезімін дамытуға, тембр және динамикалық естуін дамыту; музыка сабақтарында алған білімін қолдана отырып, дербес іс-әрекеттерге итермелеу.

Музыкалық-дидактикалық ойындар және құралдар жаңа әсерлер алуға мүмкіндік береді, олардың дербестілігін, бастамашылығын, қабылдау қабілеттілігін, музыкалық дыбыстардың негізгі ерекшеліктерін ажырата алуын дамытады.

Музыкалық-дидактикалық ойындар және құралдардың педагогикалық құндылығы алған білімін өмірлік тәжірибеде қолдану мүмкіндігі балаға беруі болып табылады.

Дидактикалық материалдар негізінде балалардың музыкалық қабылдауын дамыту міндеттері, ойын іс-әрекеті балаға оған қызықты нысанда музыканың кейбір ерекшеліктерін тыңдауға, ажырат алуға, салыстыруға, содан кейін осы музыкаға сәйкес әрекет етуге көмектеседі.

Музыкалық - дидактикалық ойындар қарапайым және түсінікті, қызықты және тартымды болуы тиіс. Тек сол жағдайда ғана олар балалардың ән айту, тыңдау, ойнау, билеу ықыласын оята алады.

Балалар ойын үдерісінде арнайы музыкалық білім алумен қатар, тұлғаны қалыптастыру үшін қажетті мінез-құлық, бірінші кезекте, серіктестік, жауапкершілік сезімі қалыптасады.

4-5 жастағы балалардың музыкалық сенсорлық қабілеттіліктерінің дамуын практикалық зерттеу.

Музыкалық сабақтар балалардың музыкалық - эстетикалық тәрбиелеудің жалпы міндеттерін ескеруімен құрылады және алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Сабақтың мазмұны мен құрылымы вариативті және қызықты болуы тиіс, балаларға музыкалық шығармаларды қабылдауға, музыкалық сауаттылықтың қарапайым негіздерін түсінуге көмектесетін әртүрлі тәсілдерді қолдану қажет.

Музыкалық - дидактикалық ойындар және құралдарды сабақта қолдану сабақтың мазмұнын байыта түседі және сабақты қызықты өткізуге мүмкіндік береді.

Ойын барысында балалар ән салу және музыкалық - ырғақты қозғалыстарды дамыту бойынша және әуен тыңдау саласында бағдарламалардың талаптарын жылдам меңгереді. Сабақта жүргізілетін ойындар музыкалық іс-әрекеттің жеке бір түрі ретінде және ол үйретуші сипатта болады.

Музыкалық-дидактикалық ойындар және құралдарды ән айту үдерісінде пайдалану. Ән салу дағдыларын дамыту балабақшадағы балалардың музыкалық тәрбиелеу міндеттерінің бірі болып табылады.

Ертеңгіліктерде және ойын-сауықтарда, ән кештерінде және қуыршақ театр спектакльдерінде ән ойнайды, ол көптеген ойын, би, хоровод кезінде айтылады. Бала ойнағанда өзінің қарапайым әуенін салады.

Ән айту үдерісінде өткізілетін музыкалық - дидактикалық ойындар балаларға мәнерлік айтуға, музыкалық фраза арасында дем алуды, демді фразаның соңына дейін ұстап тұруға үйренуге көмектеседі.

Мәселен, таза интонациямен айту үшін көп жағдайда қандай да бір әнді мәнерлі айтуға көмектесетін «музыкалық телефон» ойынын пайдаланады.

Таныс әндерді бекіту үшін «Сиқырлы зырылдауық» ойынын пайдалануға болады: балалар әнді басталуынан, қайырмасынан, музыкалық фраза барлығымен немесе жеке айтылуы бойынша, фортепианода, музыкалық аспаптарда ойнауынан тани бастайды.

Кез келген әнді орындау кезінде балалар мелодияның шығу әсемдігін сезуге көмектесетін динамикалық әсерін дұрыс беруін үйретеді. Бос уақытта ән айтумен байланысты музыкалық-дидактикалық ойындарды жүргізуге болады, мәселен, «Музыкалық дүкен». Қандай да бір ән туралы түсінігін сурет арқылы көрсетеді. Олардың мазмұнын балаларға ұнаған әндер, музыкалық шығармалар, аспаптар құрайды.

Балалардың есту, ырғақ қабілеттілігін дамытуда ән айту және қосылып ән салу маңызды рөл атқарады. Оларды музыкалық-дидактикалық ойындар ретінде өткізуге болады. Олар өз алдына балаларға таныс әндерінен алынған жеңіл музыкалық фразаларды білдіреді.

Балаларға мелодияның қозғалысын анықтауға мүмкіндік беретін ойындар ұнайды: «музыкалық баспалдақ» және ноталар қойылатын фланелеграф, балалар дыбысты жоғарылығы бойынша мелодияны дұрыс қоюға үйренеді.

Музыканы тыңдау үдерісінде музыкалық-дидактикалық ойындар мен құралдарды пайдалану. Музыканы тыңдау үдерісінде инструменталды, әртүрлі вокалды шығармашылықпен танысады, белгілі бір сезімдерге беріледі. Бала музыкалық шығарманы дұрыс түсіну үшін, музыкалық бейнені құрастыра алу үшін музыкалық-дидактикалық ойындарды пайдаланылады. Музыкалық-дидактикалық ойындарды қолдану балаларға бір шығарманы жалықтырмайтын нысанда бірнеше рет естуге мүмкіндік береді. Мәселен, «Ғажайып қап»: ойыншықтар балалармен бірге қозғай алады, сөйлей алады, ал осының барлығы материалды жақсы қабылдауға, түсінуге және есте сақтауға себін тигізеді. «Орманда», «Қажетті суретті тап», «Музыкалық сандықша» ойындары арқылы өткен материалдарды, әртүрлі музыкалық аспаптар туралы білімдерін бекітеді, биді тануға және ажыра алуға үйретеді.

Балалардың музыкалық дамуы мен тәрбиесіне халық әндері үлкен әсер етеді. Олар қарапайым, мәнерлі және әр жастағым балалар үшін түсінікті. Балалар олардың кейбіреуін металлофон, кселофонда ойнауға ұмтылады. Бұл әндер көптеген музыкалық-дидактикалық ойындардың мазмұнын байыта алады.

Музыкалық қабылдау және ән айтуын дамытудағы бағдарламалық талаптарды іске асыруға бағытталған кіші және орта жастағы балалармен жүйелі жұмыс жасау нәтижесінде балалар ересек топқа өту кезінде әртүрлі дауыстарды жоғарылығы бойынша интонацияға келтіре алады, қатты және ақырын музыканы ажырата алады, қарапайым ырғақты суретті шапалақтау, қимыл қозғалыс, металлофонда ойнауымен бере алады, музыкалық аспаптарды тембр бойынша тани алатын болады.

Барлығы табиғатынан музыкаға бейім болып келеді. Оны әрбір ересек адам білуі және жадынан шығармауы тиіс, себебі оның баласы ары қарай дамуы оған байланысты. Балалық әуені - жақсы тәрбиелеуші және өмір бойына сенімді дос. Баланың музыкалық қабілеттіліктерінің ерте пайда болуы баланың музыкалық дамуын барынша ертерек бастау қажеттілігін білдіреді. Баланың шығармашылық, музыкалық қабілеттіліктерін, зерделілігін қалыптастыру мүмкіндігін өткізіп алған уақыттың орнын толтыруға болмайды.

Музыкалық-дидактикалық ойындар мен құралдарды пайдалануын қарастыратын практикалық жұмыстарды жүргізу балалардың музыкалық-сенсорлық қабілеттіліктерінің, әсіресе, ырғақ сезімінің дамуына көмектеседі.

КІШІ ЖӘНЕ ОРТА ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ БИ ЖӘНЕ МУЗЫКАНЫ ТЫҢДАУҒА ОҚЫТУДА МУЗЫКА ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ

Барлық балалар музыканы тыңдауды, ән айтуды, әнге билегенді ұнатады. Баланың сүйікті әнін, музыкалық іс-әрекеттің түрін ерекшелеу бір қарағанда мүмкін емес болып көрінеді. Дегенмен де, баланың жеке табиғатын бақылау үдерісінде педагог тәрбиеленуші үшін іс-әрекеттің қай түрі барынша тартымды, сүйікті және қызықты екендігін байқай алады.

Тыңдау балалардың музыкалық іс-әрекетінің түрі ретінде.

Музыканы тыңдау - музыкалық-көркемдік іс-әрекеттің кеңінен таралған түрі.

Музыкалық шығарманы тыңдау үдерісінде оның музыкалық-көркемдік қабылдауы жүзеге асырылады. Мектеп жасына дейінгі бала музыканы қалай тыңдайды? Мектеп жасына дейінгі балалар музыкалық шығармаларды толыққанды көркем қабылдай алады? Ересек адам мен баланың музыкалық қабылдауы ерекшеленеді ме? Осы сұрақтарға жауап берейік.

Сонымен, ересек пен баланың музыкалық қабылдауында қандай жалпы және ерекше белгілер бар?

Музыкалық қабылдау, ең алдымен, арнайы тыңдау үдерісінде дамиды. Музыканы арнайы тыңдау, музыкалық тәжірибенің жинақталуы музыкалық талғам, музыкалық мәдениетті, сондай-ақ адамның музыкаға деген махаббатын қалыптастырады.

Е. В. Назайскинский пікірінше, бір-бірінен ерекшеленетін екі үдеріс бар: музыканы қабылдау және музыкалық қабылдау. «Музыкалық қабылдау өнер ретінде, шынайылықты көрсету ерекше нысаны ретінде, эстетикалық көркемдік феномен ретінде музыканың мәнін түсінуге бағытталған қабылдау болып табылады». Музыканы қабылдау - есту органына әсер ететін және естілетін нәрсе».

Музыкалық қабылдау көркемдік қабылдаудың бір түрі ретінде - танымда көркем шығармалықты жай ғана көрсету емес, шығарма авторымен қабылдаушының серіктестігінің күрделі үдерісі. Шығарма авторының қызметінен көркемдік қабылдауының ерекшелігі «кері бағытта - нәтижені қабылдаудан (шығармадан) шығармаға салынған идеяға қарай жылжиды». Қабылдау өнімі «автор ойластырған идея және бейнемен сәйкес келетін және сәйкес келмейтін «екінші ретті» бейне және мәнге айналады.

Мектеп жасына дейінгі бала - тыңдаушы: мінез-құлық сипаттамасы.

Өзіңізді балалық шақ кезіңізде немесе өз балалық шағын есіңізге түсіріңіз. Музыкалық іс-әрекеттің әртүрлі түрлеріне сіздің немесе сіздің балаларыңыздың қатысуы бірдей болды ма, әлде бір іс-әрекет барынша тартымды болды ма: музыканы тыңдау немесе ән айту, билеу, музыкалық аспаптарда ойнау? Немесе шығарма жазу?

Мұндай талғамдылықтың мәні неде? Неліктен бір балаларға ән тыңдау, басқа балаларға ән айту ұнайды?

Ең алдымен, талғамдылық баланың белгілі бір психотипімен, оның психологиялық ерекшеліктерімен байланысты.

Баланың бірегей табиғатын сүйікті музыкалық іс-әрекет - тыңдау арқылы ашып көрейік. Барлық жіктеу секілді мектеп жасына дейінгі бала - тыңдаушының мінез-құлқының сипаттамасын құрудың шартты сипаты бар.

Бала-тыңдаушы қандай психологиялық ерекшеліктермен ерекшеленеді?

Бала-тыңдаушы - бұл, бірінші кезекте, тыңдағанды және естуді (түсінетін, уайыммен бөлісу) жақсы көретін бала. Тыңдау аясына тек музыка ғана емес, әдебиет, театрландырылған іс-әрекет, ойын, әңгімелесу кіреді. Бұл бала - әсер алушы, әсер, эмоцияны жинақтаушы. Мұндай бала зерек болып келеді. «Ол өте алғыр бала, өте сезімтал», - дейді анасы. Немесе: «Ол өте сондай әсерленгіш, өткен аптада театрға бардық, ол әлі күнге дейін әсерде жүр, Шерткіш пен тышқан патшасын» ұмыта алмайды, үнемі музыканы есіне түсіреді . . . бір нәрсені қайта-қайта сала береді».

  1. Неліктен музыканы тыңдау іс-әрекетін мектепке дейінгі жаста басым бағыт деп аталады?
  2. Мектепке дейінгі жаста музыкалық қабылдаудың толыққандығын анықтайтын факторларын атаңыз.
  3. Балалардың тыңдау іс-әрекетінде шығармашылықтың мәні неде?
  4. Бала-тыңдаушының мінез-құлықтарын атаңыз.
  5. Педагог музыканы тыңдайтын бала музыкалық тұрғыда дамитындығына ата-аналарды қалай көндіре алады?

Ырғақты қозғалыс үдерісінде музыкалық-дидактикалық ойындар мен құралдарды қолдану.

Балалардың музыкалық іс-әрекеттің бірі ырғақты қозғалыс болып табылады.

Қозғалудың жүйелі сабақ барысында балалардың музыкалық-есту қабылдауы дамиды. Балаларға қозғалыстарды нақты орындау үшін үнемі музыканы тыңдауы керек.

Музыкалық-дидактикалық ойындарда балалар еліктейтін ойыншықтар қолданылады. Қозғалыстарды жаттаудың ойын нысаны ырғақты суретті дұрыс орындауға көмектеседі. Хоровод, биді жаттау кезінде дыбыс шығаратын ойыншықтарды және музыкалық аспаптарды қолданған жөн.

Егер би қозғалыстарының элементтеріне оқыту музыкалық-дидактикалық ойындарды шығармашылық тапсырмаларды орындаумен үйлестірген кезде балалардың музыкалық-ырғақты іс-әрекеті барынша табысты өтеді.

Тәрбиешінің бала ойынындағы рөлі маңызды: балаға бағыт береді, ойынға қатысушылардың өзара қарым-қатынасын бақылайды. А. С. Макаренко: «мен педагог ретінде олармен ойнауым қажет. Егер мен тек үйрету, талап ететін болсам, оларға кедергі боламын, пайдалы боламын, бірақ жақын болмаймын. Мен кішкене ойнауым керек, мен өзімнің әріптестерімнен соны талап етемін» деп жазған.

Тәрбиеші музыкалық-дидактикалық ойынға белсенді қатысқанда, оның толық қатысушысы болған кезде музыкалық-дидактикалық ойындарға оқытудың нәтижелілігі көрінеді. Ойын барлық балаларды, соның ішінде белсенділігі төмен балаларды да өзіне тартуға, жақындатуға көмектесетін іс-әрекеттің нысаны.

Музыкалық ойындарды ұйымдастыра отырып, балаларға барынша дербестілік беру қажет. Тәжірибе көрсеткендей, балаларға неғұрлым сенімділік білдірсеңіз, олар соғұрлым берілген тапсырманы бар ықыласпен және адалдықпен қарайтын болады.

Музыкалық-дидактикалық ойындар құралдарға қарағанда белгілі біл ережелердің, ойын іс-әрекеттері немесе сюжеті болады.

Музыкалық-дидактикалық құралдар көру көрнекілігін (жылжымалы элементтері бар суреттер, үлестірме қағаз) білдіреді.

Музыкалық дыбыстардың ерекшеліктерін ажыра алу (жоғарылығы, динамикасы, тембр) музыкалық-сенсорлық қабілеттіліктер негізінде болады.

Музыкалық-сенсорлық қабілеттіліктердің дамуы балалардың есту назарын белсендіру, музыка тілінің алғашқы бағдарын жинақтау құралдары болып табылады.

Ойындар мен құралдардың әртүрлі жіктемесі болады. Мәселен, Н. А. Ветлугина музыкалық-сенсорлық қабілеттіліктерді дамыту үшін ойындарды үстел үсті, қимылды және топтық деп бөледі.

Кейде ойындар мен құралдар музыкалық іс-әрекет түрлерінің негізінде бөлінеді.

Л. Н. Комиссарова музыкалық қабылдауды дамыту үшін музыкалық-дидактикалық құралдарды үш топқа бөледі. Музыка түрін, бейнешілдігін және музыкалық мәнерлілігін ажыра алу үшін бөлінеді.


Ұқсас жұмыстар
Біз қай топтың балаларымыз
Ақбота ересек тобы
Боранқұл бөбекжайы МКҚК (отбасылық сайыс)
Жігіт сұлтаны байқауы
Айтыс құдіретті өнер
Жұмыста жетістікке жету
Етістіктің шақтары туралы түсінік
Зат есім жайлы
Оқушыларды формативті бағалау
Ұлттық спорт түрлері. 7 сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz