Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Аналық жыныс жасушалары

Биология пәнінен сабақ жоспары
Сынып: 10
Сабақтың тақырыбы: Қосарланып ұрықтану.
Сабақтың мақсаты:Гүлді өсімдіктердегі ұрықтанудың ерекшелігінталдай отырып түсіндіру, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:Ұрықтану және оның генетикалық маңызын талдау. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтанудың ерекшеліктерін түсіндіру.
Дамытушылық:Ұрықтану туралы ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, оқушылардың ой - өрісін дамыту және сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік:Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілік: Оқулық,кестелер, түрлі суреттер, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Тірек сызба, тәжірибе, көрнекілік.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру: (3мин)
1) Сәлемдесу.
2) Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
3) Сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру.
ІІ. Үйтапсырмасынтексеру (15 мин)
1)Кестеменжұмыс: (жазбаша)
Мейоз
Аналық жыныс жасушаларының даму процессі
Сперматогенез
Гаплоидті хромосома жиынтықтары бар аталық және аналық жыныс жасушалары ядроларының қосылуы
Овогенез
Ұрықтанған жасуша
Ұрықтану
Аталықжынысжасушаларының даму процессі
Зигота
Жынысжасушаларыныңбөлінуі

2) Терминдерменжұмыс:
1. Конъюгация-хромосомалардың өзара жақындасуы
2. Хиазма-хромосомалардың Х тәріздіфигуралары
3. Кроссинговер-хромосомалардыңөзүлескелеріменалмасу
4. Редукция- хромосомалардыңекіесеазаюы
5. Эквациондық бөліну-мейоздыңекіншібөлінуі
6. Редукциялық бөліну-мейоздыңбіріншібөліну
7. Сперматогенез-аталықжынысжасушаларыныңпайдаболуы
8. Овогенез-аналықжынысжасушаларыныңпайдаболуы
9. Ұрықтану- гаплоидті хромосома жиынтықтары бар аталықжәнеаналықжынысжасушаларыядроларыныңқосылуы.
10. Зигота-Ұрықтанғанжасуша
11. Моноспермиялыұрықтану- жынысжұмыртқасынабірғанасперматозоидтіңенуі
12. Полиспермиялыұрықтану- жынысжұмыртқасынабірнешесперматозоидтіңенуі.

III. Жаңа сабақ түсіндіру (15 мин)

Қосарланып ұрықтану.

Ұрықтану. Ұрықтану дегеніміз - гаплоидті хромосома жиынтықтары бар аналық және аталық жыныс жасушалары ядроларының қосылуы. Ұрықтанған жасушаны зигота дейді.

Гүлдің құрылысын еске түсіру. (оқушылардан сұрау)

1) Гүл сағағы
2) Гүл табаны
3) Тостағанша
4) Күлтесі
5) Аталықтар
6) Аналық

Гүлді өсімдіктердің қосарланып ұрықтануы.Жануарлар мен жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жыныс жасушаларының дамуы мен ұрықтануда көптеген ортақ қасиеттерімен бірге айырмашылығы бар. Оны дара жарнақты гүлді өсімдіктердің жыныс жасушаларынан байқауға болады.
Аналық жыныс жасушаларының дамуы. Аналық жыныс жасушалары аналық түйінінде дамиды. Оның ішінде тұқым бүршігі орналасқан. Бұл тұқым бүршігіндегі пісіп-жетілген жұмыртқа жасушасы мейоз жолмен екіге бөлініп, гаплоидті жиынтығы бар төрт жасуша пайда болады. Осы төрт жасушаның үшеуі тіршілігін жояды да, қалған біреуі митоз жолмен үш қайтара бөлініп, гаплоидті жиынтығы бар сегіз жасуша түзеді. Сегіз жасушаның бесеуі ұрықтың қабығын түзуге қатысса, ал қалған үшеуінің біреуі жұмыртқа жасушасына айналады.
Қалған екеуі гаплоидті хромосома жиынтығы бар жасушаларға қосылып, диплоидті жиынтығы бар жасушаға айналады. Осындай жолмен пісіп-жетілген гаплоидті және диплоидті жиынтығы бар жұмыртқа жасушасы ұрықтануға дайын тұрады.
Аталық жыныс жасушаларының дамуы. Аталық жыныс жасушалары тозаңқапта дамиды. Жасуша мейоз арқылы бөлініп, төрт гаплоидті жасуша пайда болады. Біреуі митозді бөліну арқылы екі гаплоидті жасушу пайда болады. Оның біреуі генеративті, екіншісі вегетативті. Генеративті жасуша тағы да митоз арқылы екіге бөлінеді. Соңында спермийге айналады. Вегетативті жасушадан тозаң түтігі пайда болады. Ал генеративті жасушаның біреуі аналықтың гаплоидті жиынтығын ұрықтандырса, екіншісі аналықтың диплоидты жиынтыққа қосылып, триплоидты жасуша пайда болады. Диплоидті жасушадан зигота пайда болады, ал триплоидті жасушадан эндосперм. Эндосперм ұрыққа қажеті қоректік зат. Жабық тұқымды гүлдердегі қосарланып ұрықтануды 1898 жылы Сергей Габрилов Навашин ашты. Ал эндоспермніңтриплоидтытабиғатын 1915 жылыоныңбаласы Михаил Сергеевич Навашинашты.

IV. Сабақты бекіту (5 мин). Биологиялық диктант
1. Аталық гаметалар..тозаң түтігінде.......... дамиды
2. Аналық жыныс жасушалары...аналық түйінде........... дамиды
3. 1898жылы С.Г Навашин .қосарланып ұрықтауды.................ашты.
4. Ал 1915 жылы М.С Навашин....эндоспермнің триплоидты табиғатын........ашты.
5. Эндоспермнің құрамында қоректік заттар-..көмірсулар,ақуыздар және майлар...........
6. Эндосперм-ұрыққа...қоректік зат ретінде пайдаланады
7. Вегетативті жасушадан...тозаң түтігі......пайда болады
8. Қосарланып ұрықтану .......гүлді өсімдіктерде.... өтеді
9. Триплоидті жасушадан.....эндосперм.... пайда болады.
10. Диплоидті жасушадан ....ұрық(зигота)......... пайда болады.

V.Сабақты қорытындылау:Мақсатқа жеттік пе? Гүлді өсімдіктердің ұрықтануының табиғаттағы маңызы қандай?
VI. Үйге тапсырма: § 36 оқу, 91-сурет салу.

VII. Бағалау (2 мин)
VIII.Сабақты аяқтау

Үй тапсырмасын бағалау
1)Кестемен жұмыс: (жазбаша)

Мейоз
Аналық жыныс жасушаларының даму процессі
Сперматогенез
Гаплоидті хромосома жиынтықтары бар аталық және аналық жыныс жасушалары ядроларының қосылуы
Овогенез
Ұрықтанған жасуша
Ұрықтану
Аталықжынысжасушаларының даму процессі
Зигота
Жынысжасушаларыныңбөлінуі

2) Терминдерменжұмыс:
1. Конъюгация-
2. Хиазма -
3. Кроссинговер-
4. Редукция-
5. Эквациондық бөліну-
6. Редукциялық бөліну-
7. Сперматогенез-
8. Овогенез-
9. Ұрықтану-
10. Зигота-
11. Моноспермиялыұрықтану-
12. Полиспермиялыұрықтану-

Ұқсас жұмыстар
"Жыныстық көбею"
Сабақ реті
Биология пәнінен тест жұмыстары
Организмдердің көбею формалары .Жыныссыз көбею түрлері. Жынысты көбею
Жыныс жасушаларының дамуы. ұрықтану, оның генетикалық маңызы. п.ж. №1алкоголь мен шылым шегудің ұрпаққа әсері
Балдырлардың бөлімі. біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы 6 cынып
Ұрықтың дамуы 8 сынып
Жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауы
Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі
Балықтардың көбеюі
Пәндер