Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі

Күні:
Тобы:
Пәні: Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі
Сабақтың тақырыбы: Озық тәжірибеге қойылатын талаптар
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі пәні бойынша түсініктерін жетілдіру
ә) дамытушылық: студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға баулу
б)тәрбиелік: студенттердің топпен жұмыс жасау арқылы бірін-бірі сылауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: студенттермен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: карточкалар арқылы
ІІІ. Негізгі бөлім
Озық тәжірибе - бұл мұғалімнің биік шеберлігі, яғни жоғары педагогикалық нәтиже беретін тәжірибе.
Педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің педагогикалық қызметінің нәтижесі, өз алдында тұрған педагогикалық міндеттерді жүзеге асырудың кәсіби шеберлігінің жиынтығы.
Алдыңғы қатарлы тәжірибе деп мол нәтижені аз уақыт және күш жұмсап алынған тәжірибе аталады. Мұғалім тәжірибесінде жаңа оригиналды ештеңе болмауы да мүмкін, бірақ ғылыммен белгіленген әйгілі принциптер мен әдістерді қолдану негізінде, ол педагогикалық шеберлікке қол жеткізбеген мұғалімдер үшін жақсы үлгі болары сөзсіз
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің сапалары мыналар:
oo Педагогикалық тәжірибенің тиімділігі, оңайлығы (оқу-тәрбие процесінде жоғары нәтижелерге аз күш жұмсай отыра жету, бұл тәжірибенің басқаларға, басқа да оқу және тәрбие мәселелерін шешуге кедергі болмауы тиіс.
oo Тәжірибенің тұрақтылығы, яғни оның ұзақ уақытты қызметі;
oo Оқу-тәрбие үдерісінің жоғары сапалық және сандық нәтижелер көрсеткіші;
oo Тәжірибенің келешектегі, бір педагогтың тәжірибесін қайталау және шығармашылық қолдану мүмкіншілігі.
Педагогикалық тәжірибені әдіс ретінде зерттеу мәселені зерттеу түрлі кезеңдерінде қолданылады. Осыған орай, зерттеудің белгіленген кезеңінде шешілетін міндеттер ерекшелігіне қарай педагогикалық тәжірибенің әр түрі зерттеуге түседі.
Педагогикалық тәжірибені зерттеудің әдісі ретіндегі құндылығы, оны педагогикалық шындықпен оқыту және тәрбие тәжірибесімен мол мүмкіндік береді.
Тәжірибені зерттей отыра біз педагогикалық тәжірибенің табиғи жағдайдағы нақты бейнесін құрауға, тиімді жақтары мен осал тұстарын анықтауға мүмкіндік аламыз.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу педагогикалық қызметтің ішкі ерекшеліктерін бекітуге жол береді. Бұл әдіс түрлі оқу-тәрбие жүйесін бейнелеуге, жекелеген әдістер мен тәсілдерді, оқытушы жұмысының стилін, өткізілетін жұмыстардың оқушыларға әсерін ашуға көмектеседі.
Тәжірибені зерттеу тікелей педагогикалық нақтылықпен танысуға, оларды ғылыми терминдерде суреттеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық тәжірибені зерттей отырып, біз құбылысты тұтас қамтимыз, сонымен бірге зерттеуде оынң арнайы зерттеу нысаны болатын мәнді жақтарын бөліп те қараймыз. Мұндай тәсіл кез келген педагогикалық құбылысты сипаттайтын қажетті мөлшердегі деректері алу мүмкіншілігін тудырады. Педагогикалық деректер мен олар арасындағы қызметтік байланыстар - бұл ғылымның эмпириялық негізі.
Әдістің зерттеу тәжірибесі сонымен қатар шектелуімен байланысты. Шындықпен тек тікелей түйісуге тіректелген таным, нысанға тым байланысты болып шығады да, заттардың тек жалған көрінісін көз түсіреді.
Бұл әдістің тағы бір әлсіз жағы бар: педагогикалық тәжірибені зерттеу - бұл өмірде, бар танымдарды тану. Алайда, егер ғылым тек дүниеде барды ғана тіркеп, болашаққа көз салмаса, онда ол бір орнынан қозғалмай, тәжірибе алға жылжымас еді.

IV Бекіту

V Үйге тапсырма

Ұқсас жұмыстар
Әдістеменің бейімделуі
Бекіту тапсырмасы мин
Қазақ әдебиетінің тарихы туралы
Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация
<<технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері.>>
Компьютер құрылғысын оқыту әдістемесі
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Қазақ тілі сабақтарында дамыта оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту
Информатиканы оқыту әдістемесі. Сабақтың тақырыбы
Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда жаңа технологияларды пайдаланудың әдістемесі
Пәндер