Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Әдістеменің бейімделуі

Күні:
Тобы:
Пәні: Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі
Сабақтың тақырыбы: Педагогика зерттеулерде қолданылатын бақылау әдісі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі пәні бойынша түсініктерін жетілдіру
ә) дамытушылық: студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға баулу
б)тәрбиелік: студенттердің топпен жұмыс жасау арқылы бірін-бірі сылауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: студенттермен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: карточкалар арқылы
ІІІ. Негізгі бөлім
Үдеріс - латынша алға жылжу, өзгеріс деген мағынаны білдіреді. Жағдай, даму сатысының қалыпты ауысымы.
Зерттеу - жаңа білім алуға бағытталған ғылыми қызметтің үрдісі мен нәтижесі.
Мәселе - лат. міндет , тапсырма. Бұл субьектінің нақты жағдайда туындаған қиындықтар мен қайшылықтарды өз білімі мен тәжірибесі арқылы шеше алмайтынын ұғыну. Мыс, балаларды оқытудың әдістемесін жетілдіру педагогикалық зерттеулер мәселесі болуы мүмкін. Алайда мәселені біржолғы эксперименттік зерттеу арқылы шешу мүмкін емес, себебі мәселе шешудің мол әдістері бар.
Болжам - бұл мөлшерлік ерекшеліктегі тұжырым, алға ұсыну мен эксперименттік тексеріске ғылыми және тәжірибелік ерекшеліктегі негіздерді қажет ететін пікір. Болжам ғылыми түрде тұрақты болады., егер мына талаптарға сай болса:
1. Болжам түсініктемесі өте анық және қарапайым болуы тиіс.
2. Болжам қағидалы түрде тексерілетін, яғни экспериментті түрде дәлелдемелі болуы керек.
3. Мағынасындағы барлық құбылыстар тұжырымдарына түсінік беруі керек.
Зерттеу мақсаты - бұл зерттеулерден күтілетін соңғы нәтиже. Қалыптасқан зерттеулер:
:: Бұрын зерттелмеген, аз зерттелген, қарама-қайшы зерттелген құбылыстар ерекшеліктерін анықтау
:: Құбылыстар арасындағы өзара қатынастарды анықтау;
:: Құбылыстардың дамуын зерттеу;
:: Құбылыстың жаңа қалпын анықтау;
:: Құбылыстың жаңа табиғатын ашу;
:: Заңдылықтарды жинақтау, айқындау;
:: Топтастыру, жіктеу;
:: Әдістеме жасау;
:: Әдістеменің бейімделуі;
Зерттеу міндеті - алға қойылған болжамға сәйкес мақсатқа жету жолдары мен амалдарын таңдау. Міндет қою зерттеулер мақсатын шағын мақсаттарға бөлшектеумен негізделеді. Жұмыста алға бірнеше мақсат қойылуы мүмкін.
Зерттеу әдістемесі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу әдісі, заңды байланыстар, қатынастарды белгілеу мақсатында ғылыми ақпараттар алу және ғылыми теорияны құрау.
Зерттеу нысаны - бұл проблемалық жағдайды тудыратын үрдіс немесе құбылыс. Мысалы: тәрбие, білім, даму, жеке тұлғаның, ұжымның қалыптасуы.
Зерттеудің пәні - бұл нысан шекарасына енетін, нысанның белгіленген қасиеттері. Пәнге жалпы құбылыс немесе олардың жеке жақтары, аспектілер мен жеке тараптар және олардың бөлінбес бөлігі арасындағы қатынастар болуы мүмкін.

IV Рефлексия <<Төрттік әдіс>>
Мақсаты: Оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру
Барысы: Топтағы студенттерге <<әке>>, <<ана>>, <<бала>>, <<дос>> деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша топқа біріктіріп, әке, ана, бала, дос туралы әннің бір шумағын ғана орындату.

V Бекіту <<Ұғым бәйтерегін>> құрастыру - бір ұғымның мәнін ашуға көмектесетін зерттеу әдістемесі. Бұл үрдіс терминдік сөздіктерге сүйену арқылы жүзеге асырылады: философиялық, психологиялық, қисындық, т.б.
Ұғымдар анықтамасының талаптары:
1. Кез келген ұғым ең жақын туыстық қатынасы мен түрлік айырмашылықтар арқылы анықталуы қажет.
2. Ұғым анықтамасына енгізілетін түрлік айырмашылық белгілер немесе белгілер топтары, тек осы ұғымға тән, басқа ұғымдарда кездеспейді.
3. Ұғым анықтамасы тек теріс қана болмайды, яғни өзінде ұғымдық анықтамада жоқ белгілерді енгізеді.
4. Ұғым анықтамасы өзінде қисындық қарама-қайшылықтарды ұстамайды, яғни бір-біріне сәйкессіз заттарды бекітпейді.

VI Үйге тапсырма

Ұқсас жұмыстар
Арнайы пәндерді оқытуда интернет ресурстарды қолдану
Бейімділік. Қорғаушы рең.Жасырушы рең. Мимикрия. Сақтандырушы рең.бейімділіктің жетілдірілуі және оның салыстырмалы сипаты бейімділіктің жетілдірілуі және оның салыстырмалы сипаты
Бүгінгі сабақта оқушылар
Тіршілік химиясы
Ұйымдастыру жұмыстары
Құстардың көптүрлілігі
Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға бағытталған сабақтың құрылымы
Бейімделушілік - эволюция факторларының өзара әрекетінің нәтижесі
Графиктік диктант
Инновациялық технологияларды қолдану ерекшеліктері
Пәндер