Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сандар сырының құпиялары

Қазақстан Республикасы кіші ғылым академиясы
«Ақсай орта мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Секция: Жаратылыстану \ информатика\

Сандар сырының құпиялары

Авторы: Әлиқызы Қорлан 8 сынып оқушысы
Жетекшісі: Б.Ж.Мырзахметова информатика пәнінің мұғалімі

Ақсай ауылы
2016 жыл

Тезис
Тақырыбы: Сандар сырының құпиялары.
Авторы: 8 сынып оқушысы Әлиқызы Қорлан.
Жетекшісі: Б.Ж.Мырзахметова – информатика пәнінің мұғалімі
Мақсаты: Ғасырлар бойы қалыптасқан сандарға байланысты наным -
сенімдерінің құпиясын ашып, олардың әлемдегі сырына қанығу. Санның адам
өміріндегі ролінің маңыздылығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал осы
сандардың қайдан, қалай шыққандығына және ол сандардың әрқайсысының өзінше
бір мағынаны білдіретіндігіне күнделікті тіршілікте біз аса мән бере
бермейміз. Осы жұмысты оқу арқылы біз сандар әлемін саяхат жасаймыз.Бұнда
оқушылар сандар жайлы білімдерінің артуы арқылы сандардың сиқырлы құпиясын
білуге қызығушылығы арта түседі. Зерттеу жұмысының өзектілігі да осында
жатыр.

Түйіндеме: «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру бойынша Қазақстан
Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің бағдарламасында: «Көп
ғасырлы мәдениеттің тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені
шырынмен қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады»- дей келіп,
«Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына
қарай танып - бағамдауға болады. Демек, Қазақстанның мәдениет саласындағы
мемлекеттік саясатына екі түрлі міндет жүктелді: бірі: - өзіндік этникалық
мәдениетті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін нығайту, екінші
жағы – төл мәдениетті оңтайлы өрістете отырып, жалпы адамзат мәдениетіне
ену үшін тиімді жағдай жасау».
Ендеше ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып
келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану
аясына, күнделікті тұрмыстағы атқаратын роліне тоқтала отырып, тұжырым
жасау әрбірімізді қызықтырары сөзсіз.
Сондықтан біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта
біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу
кезеңін тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика
емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы
қарапайым он сан болмаса біз телефонда соға алмаймыз. Жалпы таным
проблемасымен ескілікті наным - сенім түрлерінің тілдік көріністері,
әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі.
Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп,
олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып
отырған.

1

Мазмұны

І. КІРІСПЕ
Сандар туралы түсінік

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1. Сандар тарихы
1. 2. Сандар сыр шертеді
1. 3. Сандар қасиеті
1. 4. Зерттеу жұмысымда қол жеткізген деректерім:
Сандар сырының құпиялары
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Ұсыныстар
ІҮ. Әдебиеттер тізімі

2
КІРІСПЕ
Сандар сырының құпиясы
«Сан» түсінігі математика үшін де, информатика үшін де маңызды болып
табылады.Адамзат мәдениет есігін аша бастағанда математикадағы ең бірінші
амал нәрселерді санау болды.
• Сан туралы ұғым адамзат мәдениетінің тууымен және оның  дамуымен тығыз
байланысты. Шынында , егер осы ұғым болмаса , өзіміздің рухани
өміріміз бен практикалық қызметімізді тиісті дәрежеде көрсете алмас
едік. Есеп – қисап жүргізу , уақыт пен қашықтықты өлшеу , еңбек
нәтижесінің қорытындысын есептеу сан ұғымынсыз мүмкін емес.
• Сан әуел баста заттарды санаудың қажеттілігінен туған         
математикалы ұғымдардың бірі. Кейін ол математикалық білімнің дамуына
қарай жетілдірілді. Бұл ұғым өте ерте заманда адамдардың практикалық
қызметтерінінен қажеттілігінен келіп туды.
• Нәрселерді санаудың нәтижесінде натурал сандар шыққан.Натурал
сандырдың әрқайсысын белгілеу үшін жасалған таңбалар цифрлар деп
аталады.
• Цифрлар: 1,2,3,4,5,6,7,8,9, және 0. Бұл цифрлар алғашқыда Үнді (Индия)
елінде қолданылған, бірақ Еуропаға бұл цифрлардың арабтар
әкелген.Осыдан бұл цифрлар араб цифрлары деп аталған.
Осындай цифрлардан сандар құрастырылып, олар белгілі бір тәсілмен
аталып таңбаланған.
 
 
 

 

 

3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Сандар сырының құпиясы
• Санау жүйелері
Сандардың аталуының және таңбалануының жалпы тәсілін санау жүйесі деп
атайды.Санау жүйелері-сандарды өрнектеудің қандайда бір тәсілі және оған
сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері деп те айтады.Бұрынғы және қазіргі
қолданылып жүрген барлық санау жүйелері позициялық және позициялық емес
санау жүйелері болып екі үлкен топқа бөлінеді.

• Позициялық санау жүйелерінде цифрдың мәні орналасу мәніне
тәуелді,ал позициялық емес санау жүйелерінде тәуелді емес.
• Позициялық   емес  санау жүйелерінің мынадай кемшіліктері бар:
1)үлкен  сандарды  жазу үшін әрдайым жаңа таңбалардыенгізіп отыру қажет;
2)бөлшек және теріс таңбалы сандарды өрнектеу  мүмкүн емес;

3)орындау алгоритмі болмағандықтан,арифметикалық амалдарды орындау қиын;

Позициялық емес санау жүйесінің мысалы ретінде Римдіктерде қалыптасқан
бестік санау жүйесін айтуға болады. Сандарды Рим цифрларымен жазуда осы
бесттік жүйе қолданылған: бір-I, бес-V, он- X, елу-L, жүз-C, бес жүз-D, мың-
M таңбаларымен белгіленген.Римдік санау жүйесі позициялық емес.

Сонда Рим цифрлары: I,V,X,L,C,D,M.

Рим  цифрларымен сандарды жазуда қосу,азайту принциптері қолданылады.

Егер мәні кіші цифр мәні үлкен цифрдан кейін тұрса,онда олардың мәндері
қосылады.Мысалы,7 саны VII,51 сан LI, 110 саны CX, 550 саны DL  түрінде
жазылады.

4

Егер мәні кіші цифр мәні үлкен цифрдың алдында тұрса, онда үлкен мәннен
кішісі азайтылады.

Мысалы, 4 саны IV, 9 саны IX, 990 сан XM, т.б.  Рим цифрлары қазіргі
кезенде көбінесе кітап тарауларын,айларды, ғасырларды,т.б. нөмірлеу үшін
қолданылады.

Әрбір позициялық жүйенің  нақты анықталған цифрлар алфавиті мен негізі бар.

Санау жүйесінің ішіндегі тұңғыш пайда болғаны екілік санау жүйесі.Бұл жүйе
бойынша қолданылатын сандар: бір және екі. Австралия және Полинезия
тайпалары осы бір мен екі сандарынан үшті,төртті,бесті,алтыны
құрастырған.Алтыдан артық сандарды «көп» немесе «сан жетпес» сандар
деген.Америкалық ғалым Джон фон Нейман принципі бойынша ЭЕМ арифметикалық
есептеулерді екілік санау жүйесінде орындайды,яғни кез-келген мәлімет 0
және 1-ге сәйкес сигналдардың 2 түрлі тізбегімен қолданылады.

Мысалы:Қазіргі кездегі электрондық есептегіш машиналардың құрылысы осы
екілік жүйеге негізделген.Дүниені, табиғат құбылыстарын зерттеудегі
қажеттіліктен адамзат сандарды атаумен қатар, жазуға да үйренген.

Қазіргі кезеңдерде қолданылатын халықаралық санау жүйесі – ондық жүйе.Ондық
жүйедегі кез келген разрядтың 10 бірлігі, одан жоғарғы келесі разряд
бірлігін құрайды.Натурал сандар осы ондық жүйемен жазылады.Ондық жүйедегі
әрбір цифрдың мәні оның жазылуындағы тұрған орнына байланысты.

Сондықтан бұл санау жүйесін позициялық ондық санау жүйесі деп те атайды.
Позициялық ондық санау жүйесі шығыс елдерінде IX ғасырдан бастап тарады.
Адамда он саусақ бар,ал ол алғашқы құрал болғандықтан 10 саны санаудың
негізі ретінде бекінді.

5

Ертедегі вавилондық астрономдар санау жүйесі үшін алпыстық жүйені  алған,
осыған байланысты уақыттың (сағаттың), бұрыштың градустық өлшемін санау
тәсілі алпыстық жүйемен алынғаны белгілі.Санаудың позициялық принципке
негізделген көне жүйесі алпыстық жүйе болып есептелінеді.Ол ежелгі
Вавилонда бұдан шамамен 4000 жыл бұрын шықты.

Сегіздік санау жүйесінің негізі 8-ге тең,0,1,2,3,4,5,6,7 сандары алфавиттік
болып табылады.

Он алтылық санау жүйесі көп жағдайда мәліметтерді өрнектеу үшін және
компьютерлерде жадыны адрестеу үшін қолданылады.

  • Сандар сырының құпиясы қайда жатыр?
«0» саны
Бұл сан абсолюттік символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің
саны болып табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба
бойынша сақина немесе дөңгелек ретінде белгіленеді.

«1» саны
Бір санын қазақ халқының ұғымында Алла жалғыз, Алладан басқа тәңір жоқ. Қай
тілде болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. Адам өмірін басқаратын,
әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі.
Даос ілімін ұстанғандар үшін жасампаздық саны. Қандай да бір құбылыстың,
тіршіліктің, әлем жаратылысының бастауын білдіреді. Даостық ұғымда да қазақ
халқының түсінігімен сәйкес «бірлік тынысы» дегенді білдіреді, сонымен
қатар «рух үйі», «барлық тіршіліктің ортасы» мағынасын аңғартады. 1 саны
шыршамен теңестіріледі. Баяу болса да басқалардан биік, көркем болып өсіп,
ұзақ жыл сақталып, кез келгеннің көзіне жоғарыдан, алыстан - ақ ілінеді.

6

ЭЕМ - де латын, қазақ алфавиттерінің әріптері және цифрлар 0 мен 1
тізбегінен тұратын сегіз екілік таңбамен бейнеленеді:

Әріп --- Код ----------- Әріп ------ Код ----------- Сан -----
Код
A ------ 10000000 ------ A -------- 01000001 ------ 0 ------ 00110000
Ә ------ 11110000 ------ В -------- 01000010 ------ 1 ------ 00110001
Б ------ 10000001 ------ С -------- 01000011 ------ 2 ------ 00110010
В ------ 10000010 ------ D -------- 01000100 ------ 3 ------ 00110011
Г ------ 10000011 ------ Е --------- 01000101 ------ 4 ------ 00110100
F ------ 11110001 ------ F --------- 01000110 ------ 5 ------ 00110101

"AHA" деген сөз 24 - разрядты мынадай екілік сандармен бейнеленеді:
AHA - 10000000 10001011 10000000

«2» саны
Қосылу, толықтыру символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ
пен қара. Екі санына қазақ халқының көзқарасы міне осындай болып келеді.
Процессор екілік санау жүйесінде жұмыс істейді. Екілік санау жүйесі 0 және
1 санынан ғана тұрады.
Мысалы А әрпінің AscII коды 65 - ге тең, екілік санау жүйесінде былай
1000001 болып көрсетіледі.
Екілік санау жүйесіндегі қосу кестесі

«3» саны
Үш қуат: Ақыл, Жүрек, Тіл
Үш қасиет: Ақыл, Ұят, Сабыр
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз

«4» саны
Табиғаттағы төрт құбылыс: От, жер, су, ауа
Төрт кітап: Таурат, Забур, Інжіл, Құран
Төрт асыл: Иман, Намаз, Ашу, Мейір

«5» саны
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз.

7

Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Бес дұшпанды білсеңіз.
6 саны.

Қазақта адамның күнделікті өмірде алты парызы бар. Біріншісі
адамдардың бір-біріне сәлем беруі, екіншісі шақырса бару, үшіншісі кеңес
сұраса – ақыл қосу, төртіншісі кез келген адамның сұрағына жауап беру,
бесіншісі ауырып қалған адамның көңілін сұрау, алтыншысы қайтыс болған
адамның жақындарына көңіл айту. Ақыл, білім, жомарттық, әділдік, шыншылдық,
кең пейіл – адамның алты асқары. Алты саны дүниенің жаралуын білдіреді.

7 саны. Қазақтардың таным-түсінігінде жеті санының алар орны
ерекше. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі, соның ішінде қазақтар
ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаған. Біздің ата-
бабаларымыз жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат
құбылыстарын, аспан денелері мен заң жүйелерін жеті санымен
сәйкестендірген. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың
бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.

Жеті қазына – қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық
түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен
байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: жүйрік ат, қыран бүркіт,
құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік. Ер
жігіттің жүйрік аты – қанаты. Құмай тазысы – абыройын асырар сенімді
серігі. Мылтығы – қаһарлы оты. Қақпаны – серті, ауы - әдіс-айласы, кездігі
– сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ
халқының Жеті қазынаны – «жеті ырыс» деп атауының да мәні осында Аптаның
жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,
жексенбі. Құдай бірінші күні жарықты, екінші күні аспанды, үшінші күні
жерді, төртінші күні Күн, Ай және жұлдыздарды, бесінші күні балықтар мен
құстарды, алтыншы күні аңдар мен адамдарды жаратқан, жетінші күні дем алған
деген діни аңыздар бар. Аңыз әңгімелерге сүйенсек бұл әлемді жаратуға
арналған жеті күн деп аталады.Табиғаттың керемет туындыларының бірі –
кемпірқосақ. Кемпірқосақ күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың
жеті түсі сынып, тамшы арасында пайда болады.

8
Біз неге кемпірқосақ туралы әңгіме қозғадық, себебі кемпірқосақ жеті
түстен тұрады екен. Олар: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл,көгілдір, көк
және күлгін.
Жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата
жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы,
бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентай кезінен жаттап
өседі. Бұлардан тараған ұрпақ бір атаның балалары саналады. Ал екінші
жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді.
Ағайындықтары жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды.
Жеті атаға толғанның өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру
ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат
ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек,
немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажыт, жұрағат, жат жұрағат,
жегжат, жамағайын болып кете береді.

Жеті жұт. Бұлар: құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру),
соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну). Жеті жоқ: жерде өлшеу жоқ, аспандай
тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллаһта бауыр жоқ,
жылқыда өт жоқ. Жеті жетім: тыңдамаған сөз жетім, киюсіз тозған бөз жетім,
иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, аққу, қазсыз көл жетім,
жерінен айырылған ер жетім, замандасы қалмаса бәрінен де сол жетім. Жеті
ғашық. Халықтың ән - жыр эпостарында жеті ғашық мынадай екі нұсқамен
беріледі: а) Ләйлі - Мәжнүн, Жүсіп - Зылиха, Фархад - Шырын, Тахир - Зухра,
Арзу - Қамбар, Уәлик - Ғарра, Уәки - Күлшаһ; ә) Ләйлі - Мәжнүн, Жүсіп -
Зылиха, Фархад - Шырын, Баһрам - Күләнда, Сейпілмәлік - Бәдіғұл, Бозжігіт -
Анула, Зияда - Хорлы.
Жеті санына әлем халықтары көзқарасымен қарар болсақ, онда бұл
санды Пифагоршылар Афинамен байланыстырған. Ежелгі Египет философиясы мен
астрономиясында ол өмірлік екі санның үш пен төрттің қосындысы деп
қарастырылды. Үш адам - әке, шеше, бала өмірдің негізін қалайды. Ал төрт –
бұл жарық, жел, жаңбыр, ылғалдылық жерді жеміс беруге дайындайды.
Пифагордың ой қорытуы бойынша, үш пен төрттің қосындысы (үшбұрыш пен
төртбұрыш символдары), аяқталғанның, тамамдалғаның, қорытындының белгісі
деп санаған. Сондықтан жеті саны қасиетті сан, өйткені адам баласы қоршаған
ортаны (жарықты, дыбысты, иісті, дәмді) басындағы жеті «тесік» (екі көз,
екі құлақ, мұрынның екі танауы, аузы) арқылы түйсінген. Жапондарда жеті
қайырымды құдай, адам өмірінде жеті рет сәттілік болады.

9

Христиан дінінде жеті саны – сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттілік,
сабырлық, ақылдылық және рухтың күші.
Жеті саны – жалпы жер бетіндегі халықтар ұғымы бойынша қасиетті сан.

10
Қорытынды
Санау жүйелерімен танысу математика тарихымен танысуға мүмкіндік
берді.Сонымен бірге олардың кемшіліктері мен артықшылықтарын тануға қзаіргі
ондық жүйесінің есептеуде, түрлі амалдарды орындауда тиімді екендігі
байқалды.

Сан ұғымымен байланысты санау жүйелерін, бір санау жүйесінен екінші санау
жүйесіне сандарды көшіру,т.б. санау жүйелеріне қатысты мәліметтерді зерттеу
әр оқушынының математикаға қызығушылығын арттырады.

Калькулятор…Компьютер…ЭВМ… Бүгінгі ғылымның ауқымы да, көкжиегі де кең.
Өмірдің өзі сандар мен цифрлардан тұратындай. Тіршілік, құбылыс, жаңалық
атаулы бейне математикалық үрдіспен өзгеруде. Кешегі есептегіш таяқшалар
мен қарапайым есеп-шоттарды  ақылды мәшинелер, электронды аппараттар
алмастырған. Қас-қағым мезетте мың- миллион операция  орындайтын  ЭВМ
тетіктерін есеп-қисапты шекілдеуікше шағатын қиялы жүйрік, ойы ұшқыр
ұрпақтың дарынды өкілдері ұстаған. Бар тылсымын ішке жасырған сандардың 
алуан-алуан  сырларына қанық боларымыз да анық.

Дегенмен, сандар сырын зерттей келіп, ғаламдық даму үздіксіз өсіп отырса да
әрбір адам баласының белгілі бір жағдайларда сандар құдіретіне сеніп,
өзінің жоспарлаған жұмысын белгілі бір сандар жүйесінің өзіне тән құпиясын
сақтай орындауды әдетке айналдырғандарына толық көзім жетті. Өйткені
зерттеу жұмысы барысында танысқан болжамдар, ғылыми көзқарастар,
жүргізілген сауалнамалар нәтижесі, өз жұмысын сол сандар жүйесіне орай
жүзеге асыратындығына толық көзім жетті. Ендеше сандар жайлы ғылым тоқтамақ
емес, үнемі дамып, толығып отырады.

Сан – ел өмірі экономикасының көрсеткіші. Сондықтан адам өмірінің қай
саласы болмасын санмен өлшенеді, сансыз ойыңды жеткізу мүмкін емес, сөзбен
сапырылысқан заттық ұғымдардың бәрі де санмен араласып келсе, сан адам
ғұмырымен дүниеге келіп, аяқталады.
Сөзімді түйіндей келе алдағы уақытта осы тақырып көлеміндегі зерттеу
жұмыстары ары қарай жалғасын тапса деген оймен төмендегі жобаларды
ұсынамын:

11

1.4. Зерттеу жұмысымда қол жеткізген деректерім

12

13

14

15

16

Сауалнама:

1.Қасиетті сандар туралы білесін бе?

а) иә ә) жоқ

2. Қасиетті сандар туралы кімнен естідің?

а)ата-анадан ә) мұғалімнен б) аға-апаларымнан

3. Қасиетті сандар жайында мәлімет жинар ма едің ?

а) иә ә) жоқ

4. Қасиетті сандар астарында не жатқанын білесің бе?

а) иә ә) жоқ

5. Қандай қасиетті сандар білесің?

17

Сауалнама қорытындысы:

1. Иә - 20 оқушы - ( 100% )

2. Ата-анадан – 5 оқушы ( 25% )

3. Мұғаліммен – 15 оқушы ( 75% )

Иә - 10 оқушы ( 50% )

Жоқ – 10 оқушы ( 50% )

18

«7 саны» - 20 оқушы ( 50% )

«3 саны» - 20 оқушы ( 50% )

«4 саны» - 20 оқушы ( 50% )

19

IV.Ұсыныстар:

1. Сандар сыры жайлы ғылыми еңбектер кітап болып басылып, көпшілікке
ұсынылса;
2. Сандар жайлы киелі ұғым бар екені баршаға аян, олай болса олар жайлы
жорамал жасау қолға алынса;
3. Ұлттық ерекшелігімізге байланысты қолданылатын сандық ұғымдар құиясы
мектептің тәрбие саласына арнайы енгізілсе.
4. Қазақстан Республикасында «нумерология» ғылымы дамымаған, осы ғылымды
біздің елімізде дамытуды қолға алса.

20

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Алдамұратова Т.А. «Математика» Алматы «Атамұра» 2001 ж.
2. Ахметжанова Ф.Р., Дүсіпбаева Қ.С. «Қасиетті сандар қатысқан
ескіліктері» ғылыми басылым, Өскемен 2001 ж.
3. Әлімбай Т.Р. «Математикадан тыс жұмыстар» Алматы «Рауан» 1992 ж.
4. Бақытбек М. «Жас Алаш» газеті Алматы 2001 ж.
5. Интернет беттерінен.

21

Пікір
Ақсай орта мектебінің 8 сынып оқушысы Әлиқызы Қорланның «Сандар сырының
құпиясы» атты тақырыбында зерттеген жұмысы көп ізденгеннің нәтижесі оқушы
өзінің жас ерекшелігіне қарай тақырыпты ала білген. Санның адам өміріндегі
ролінің маңыздылығын ешкім де жоққа шығара алмайтынын, осы сандардың
қайдан, қалай шыққандығына және ол сандардың әрқайсысының өзінше бір
мағынаны білдіретіндігіне күнделікті тіршілікте біз аса мән бере
бермейтінімізді,осы жұмысы арқылы оқушы сандар әлемін саяхат жасаған.
Бұнда оқушы сандар жайлы білімін артуы арқылы сандардың сиқырлы құпиясын
білуге қызығушылығын арта түсірген. Зерттеу жұмысының өзектілігі де осында
жатқанын дәлелдеуде.Осы еңбегін сандар құпиясын ғылыми тұрғыда жалғастыру
керек.

Мектеп директоры: Ж.Баймбетов

Ұқсас жұмыстар
Екі топтың сәлемдесуі
Достар бейнеленген суретті боя
Сабақ тақырыбы - Денсаулық құпиялары
Сандар сырының құпиясы
Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу
Тағам химиясының құпиялары
Талантты және дарынды балаларды оқытудағы әдіс-тәсілдер.
Ару қыз
Өзін-өзі тану және физика пәндерінің біріктірілген инновациялық курсы
Адамгершілік тұрғыда
Пәндер