Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қуыршақ терапиясы
Тақырыбы: <<Арт-терапия-өнермен емдеу, шығармашылық терапиясы>>
Мақсаты:
Қатысушыларға Арт-терапия туралы ұғым беру, маңыздылығын ашу.
Арт-терапияның түрлерімен таныстыру, тиімділерін тәжірибеде пайдалану.
Арт-терапияның түрлеріне арналған ойындармен танысу.
Қатысушылардың достық қарым-қатынасын, ұжыммен жұмыс жасауды арттыру.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Шығармашылық тапсырмалар.
Дамытушы ойындар.
Пікір алмасу.
Құрал-жабдықтар: А4 қағаз, маркер, қалам, қарындаштар, түрлі түсті тоқыма жіптер.
I. Бөлім. Ұйымдастыру кезеңі
I.1. Амандасу рәсімі.
<<Кел, танысайық>> ойыны.
Жүргізуші алақанын соғады, қатысушылар бір - бірінің қолын қысады.
Жүргізуші қоңырау соғады, қатысушылар бір - бірінің арқаларын сипайды.
Жүргізушілер сылдырмақты сылдырлатады, қатысушылар мұрындарымен амандасады.
I.2. АРТ-ТЕРАПИЯсы туралы түсінік.
Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды.
Арт терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек.
Арт терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия терминин ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді.
Артерапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады.Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл- әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады. Қажет ететіндерге мұндай мүмкіндікті беру- арттерапияның ерекшелігі.
II. Бөлім.
II.1 АРТ-ТЕРАПИЯ түрлеріне тоқталу.
Арт терапияның ерекшеліктері- музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, оригами, этнотерпия, киндер-сюрприз, құм терапиясы, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска терапиясы т.б.
Музыкалық терапия
Музыка трапиясы - бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады.
Музыканың терапевтикалық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді.
Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі.
Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді.
Бейнелеу терапиясы
Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.
Сурет салу- ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді.
Саусақ живописі- ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланың әрбір саусағын әр түске матыру арқылы парақ бетіне әртүрлі сызықтар, нүктелер, саусақ ұшы таңбасының, алақанның көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс артпедагогика мен арттерапияда белсенді қолданылады. Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін қолданылады.
Бейнелеу терапиясының түрлері:
1. Поролон бөліктерімен сурет салу.
2.Сабынмен сурет салу.
3.Щеткамен сурет салу.
4.Майшаммен сурет салу.
Ойын терапиясы
Ойын терапиясы- арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады.
Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Балалардың ойын барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылаңыз.
1. Эмоциялық жаттығуларды қамтамасыз ету- жиналып қалған жүйкелік күшті алып және ата-аналармен балалардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Күтпеген жерде болатын шабуылдан, жазалаудан, қараңғыдан, жалғыздықтан болатын қорқынышты азайту.
3. Тез шешім қабылдай білу қабілетін арттыру.
4. Топта өзін-өзі ұстау ережелерін меңгерту.
5. Ата-аналармен балалардың қарым-қатынасын жақсарту.
6. Қозғалыстағы бағыттарын және ептілікті дамыту.
Қуыршақ терапиясы
Шетелдік ғалымдар бала дамуында ауытқушылық кездескен жағдайда қуыршақ терапиясын қолдаған дұрыс деп есептейді. Қуыршақтерапиясы - бұл (Арттерапия) психотерапияның бір түрі. Дәлірек айтқанда, баланың немесе ересек адамдардың ішкі дүниесімен сырласуына мүмкіндік беретін обект.
Қуыршақ терапиясының мақсаты: бала бойындағы кездесетін ішкі уайымды қуыршақ ойындары арқылы сыртқа шығару, психикалық саулығын нығайту, баланың әлеуметтік ортаға бейімділігін арттыру, өзіндік сана - сезімін дамыту және ұжымдық жұмыс барысында баланың кез - келген мәселелерді келісімді түрде шешу жолдарын қарастыру.
Қуыршақ терапиясының әдісі: баламен жұмыс жүргізу барысында кез - келген кейіпкердің рөлін сомдау.
II.2 <<Менің ғажайып ғаламшарым>>
Нұсқау: Алдарыңызға берілген ақ параққа өзіңіздің ғаламшарыңызды салыңыз. Ғаламшарыңызды салу барысында пішінін, көлемін және түсін өзіңіздің қалауыңыз бойынша тандаңыз. Сіздерге 4-5 минут беріледі.
II.3 Қуыршақ терапиясы
Нұсқау: Таратылып берілген тоқыма жіптерден балалық шағымызды есімізге түсіре отырып, қуыршақ жасаймыз. <<Ерте-ерте ертеде маған ұқсас бір қуыршақ болыпты....>> деп бастап, бала күнгі арманынан кәсіби ұстанымына дейін айтып береді. Соңында өзіңізге жақын адамыңызға қуыршақты сыйлауыңызға болады.
Талқылау: Қуыршақ жасау қиын балды ма? Неліктен? Бұл өмірде сізге не жетіспейді? Өзіңізді қуыршақтың орнына қойғанда қандай сезімде болдыңыз?
ІІI. Бөлім
<<Өзіңді тереңірек тани біл>>
Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы бірнеше жеміс-жидектер көрсетіледі. Сол жеміс-жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз. Сол таңдау арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай, соған тоқталайық.
Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.
Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.
Құлпынай ұнатсаңыз, сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыңыз жоқ емес.
Шабдаланы ұнататын адамдар көпшіл, кез-келген адаммен тіл табыса алатын ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз-қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.
Егер сізге алма өте ұнайтын болса, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.
Егер сіз шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуанышпен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік-өсек сөзге жоқсыз, есесіне анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады.
Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады.
IV. Бөлім
Әуенді терапия
Мақсаты: Студенттердің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл - күйін көтеру.
Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген суреттер.
Уақыты: 7-10 минут
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Студенттерді жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.
ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну.
б) Әуенді қосар алдында студенттер көздерін жұмуы тиіс.
Кіріспе:
- Көзімізді жұмамыз.
- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.
-Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз. (музыка қосылады)
- Сіздер өзен жағасында отырсыздар, судың әуелгі шуылы құлағыңызға жағып, күн шуағы денеңізді жылытады.
- Жалаң аяқ құмның үстінде жүрсіздер, құм аяқтарыңызды күйдіріп барады.
- Су денелеріңізді жеңілдетіп өзіңізді жақсы сезінудесіз.
- Өте жақсы дем алдық.
- Қандай ғажап табиғат, таза ауа, жұмсақ құм, жылы су, табиғат деген қандай тамаша!
- Кең дем аламыз, ақырын демімізді шығарамыз.
- Біздің басымыз артық ойлардан тазарды.
- Біз өзімізге күні бойға жетер жігер, қуат жинадық, біздің көңіліміз қуанышты.
- Біз осы өмірдегі ең бай, байсалды, білімімді, керемет жандармыз!
- Енді ақырын - ақырын көзімізді ашамыз.
- Бір - бірімізге қуанышты сезіммен қараймыз.
- Біз қандай бақыттымыз!
- Қандай кереметпіз!
VI. Бөлім. Рефлексия
Қатысушыларды шеңбер жасатып отырғызып, алған әсерлерімен бөлісу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz