Ертегі деген керемет қой

Ұр тоқпақтың сабағы

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға «Ұр тоқпақ» ертегісінің желісін түсініп, оның кейіпкерлерін өз өмірлеріне пайдалануға болатынын түсіндіру.

Дамытушылық: Балалардың ойын, шығармашылығын, қиялын, әртістік шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларға «Ұр тоқпақ» ертегісінің желісіндегі кейіпкерлердің біздің өмірімізде бар екенін түсіндіре отырып, ол ертегі арқылы сабақ ала білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Топ перде арқылы екіге бөлінеді. Топтың жартысы «Ұр тоқпақ» ертегісіне сай ғып безендіріледі. Бір бұрыш киіз үйдің жабдықтарын көрсетсе, қалған жағы киіз үйдің айналасы дала болады. (Кейіпкерлер: Бай, қарапайым қазақ киіміндегі кедей, есек. Ұр тоқпақ. ) Екінші жағы балалардың оқу қызметін өтетін орын боп қалады.

Өтілу барысы

І. Кіріспе.

(Топтың оқу қызметі бөлімінде)

  • Саламатсыңдар ма, балалар?
  • Саламатсыз ба!
  • Бүгін балабақшаға қалай келдіңдер, келе жатқандарыңда ауа райын бақыладыңдар ма, ауа райы қандай болып тұрды?
  • (Балалар сұрақтарға жауап береді. )
  • Иә, қыс мезгілі өзінің келе жатқанын хабарлап жатқандықтан, ауа райынан қыстың аязын сеземіз, бірақ қазір күз мезгілі. Ал күз мезгілінің қай айы?
  • Қазір, күз мезгілінің соңғы айы - қараша.
  • Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар. Ал көңіл - күйіміз қандай?
  • Жақсы.
  • Ал, біздің көңіл-күйіміз келе жатқан қыс мезгіліне қарсы тұрарлықтай керемет болу керек. Көңіл-күйіміз керемет болса, қыс мезгілінің аязында тоңбай, көктем мезгіліне тез-ақ жетеміз. Ол үшін әдемі ән айта білуіміз керек. Олай болса, бәріміз бірге ән айтайық . . .
  • Жарайды.

Ширату әдісі

Балалар жартылай шеңберде билеп тұрып, «Әжемнің ертегісі» әнін айтады.

  • Балалар, біз бүгін бұл әнді айтқан себебіміз біз бүгін біз ертегілер туралы оқу қызметін өтеміз. Сендерге ертегі ұнайды ма?
  • Иә.
  • Маған, әжем ертегі айтып береді.
  • Ертегі деген керемет қой. Онда барлық адамның арманы орындалады.
  • Мен ертегілер еліне саяхат жасағым келеді, ол жаққа барып, өз армандарымды орындағым келеді.
  • Иә, дұрыс айтасыңдар балалар. Ертегіде кейіпкерлер қандай қиындыққа болса да, төтеп беріп, ақыр соңында өз мақсатына жетеді. Ол үшін біз мықты және білімді болуымыз керек. Сол кезде сендер де, ертегі кейіпкерлері секілді өз армандарыңа жетесіңдер.
  • Апай, бүгін қандай ертегіге саяхатқа барамыз?
  • Қандай ертегі әлеміне баратынымызды мен де білмеймін. Оны білу үшін мына үңгіртаудан өту керек. (Алдын ала туннелмен үңгіртау жасалып тұрады. )
  • Бәріміз барамыз ба?
  • Иә бәріміз барамыз, бірақ ол үшін көзімізді жұмып, мына туннелден еңбектеп өтуіміз керек.

ІІ. Негізгі бөлім.

  • (Балалар туннеллмен еңбектеп барып, топтың екінші жағына өтеді, олар еңбектеп өтіп жатқан уақытта перде жаймен ашылып, жай дауыспен «Ертегі елінде» әні қосылып тұрады. )
  • Балалар, мінекей біз ертегілер еліне де келдік. Ал біз қай ертегіге келгенімізді, кейіпкерлердің сөзінен байқап көрейік.

Сол сәтте:

  • (Қазан ұстап келе жатқан кедейдің алдынан балалар шығып)
  • Ата асқа өтіңіз, -дейді.
  • Жарайды, бірақ сендер піс қазаным, піс демеңдер, -дейді.

Бірақ, балалар:

  • Бұл сиқырлы қазан сияқты ғой қане, ауыстырып қояиық, -деп қазанды ауыстырып қояды.
  • Кедей, астан шығып, балалардың ауыстырып қойған қазанын алып үйіне кетеді.
  • Балалар, байқауымша бұл «Ұр тоқпақ» ертегісі сияқты.
  • Иә, олай болса, біз жаңағы ағаға ескеруіміз керек қой.
  • Иә, ескертуіміз керек. Бірақ біз олай жасасақ, онда халқымыздың ауыздан ауызға жеткен ертегілері өзгеріске ұшырайды ғой. Ертегінің кереметтігі сонда, соңында адалдық пен шындық жеңіп шығады. Одан да ертегіні соңына дейін тамашалайық.

Сәлден соң:

  • Есегін сүйретіп, кедей келеді. (Макеттен жасалған есеке болады. )
  • Ата асқа кіріңіз, -деп әлгі балалар қайта шығады.
  • Жарайды, бірақ құс есегім, құс демеңдер, -дейді.
  • Достар, бұл есек те сиқырлы сияқты . . .
  • Олай болса, ауыстырып қояиық, -деп есекті ауыстырып қояды.

Кедей үйінен шығып, есегін сүйретіп, кетіп қалады.

Сәлден соң, қорапқа салынған ұр тоқпағын арбамен сүйреп, кедей шығады. Сол кезде, әлгі балалар қайта шығады:

  • Ата, асқа өтіңіз, -дейді.
  • Жарайды, бірақ ұр тоқпағым ұр демеңдер, -дейді.
  • Достар, атаның сөзін түсінбедім, «ұр тоқпағым, ұр» деді ме?- дей берген де, қораптан жұдырығын түйген ұр тоқпақ шыға келеді де, балаларды ұра бастайды. Сол кезде, атайда үйден шығып келе жатады. Атайды көрген балалар, оған қарай жүгіріп:
  • Ата, ата, мына ұр тоқпағыңыз ұруды доғарсыншы, сізге қазаныңыз бен есегіңізді қайтарамыз, -дейді.
  • Қап, бәлім сендер ме алған, -дейді.
  • Ұр тоқпағым тоқта, -деп айтады.

Балалар атайдан кешірім сұрап, қазаны мен есегін қайтарып береді.

Әлгі кедей, қазаны мен есегін, ұр тоқпағын (ағаш болу керек) алып, киіз үйге қарай жүреді. Есегін есік алдына байлап, қазанын ас бөлмесіндегі үстел үстіне қойып, ұр тоқпағын керегеге іледі.

  • Балалар, жүріңдер атайдың үйіне барып, піс қазанынан дәм татып қайтайық, -деп балалармен киіз үйге қарай барады.
  • Саламатсыз ба, атай?
  • Қош келдіңдер, балалар! Келіңдер, төрлетіңдер, -дейді.

Бәрі дастархан басына барып, жайғсып отырады.


Ұқсас жұмыстар
<<Жұмбақтар әлемі>>
Үй жануарлары туралы ақпарат
Ертегілер не деген ғаламат!
Ертегілер әлеміне саяхат
Жақсылық жолымен жүреміз
Бақыт құшағында
Келді міне Алтын күз ертеңгілік
Жұмсақ ойыншық сыры
Ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту
Бай баласы мен жарлы баласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz