СӨЗДЕРДІ ТАП

Тақырыбы: Тіл -менің тағдырым
Мақсаты: алған білімдерін саралай отырып, оқушылардың қазақ тілін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру;
- Туған тілдің қадірін білу, сол жолда аз еңбек, ерлік істемейтінін ұғындыру;
- Оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу;
- Көрнекілігі: Тіл туралы қанатты сөздер, мақал - мәтелдер
- «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» (А. Байтұрсынов)
- «Ақыл көркі - көңіл, тілдің көркі - сөз» (Мақал)
- «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмытпау - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмытпау» (Б. Момышұлы)
Қайырлы күн құрметті көрермендер, ұстаздар! Бүгінгі өткелі тұрған « Білгірлер» атты сайысқа қош келдіңіздер! Сіздердің алдарыңызда үш топтан құралған топ. Әр топ өздерін таныстырмас бұрын сайысымызға әділ баға беретін «Әділқазілар» мүшесімен таныс болыңыздар

1.

2

3

4

Мұғалім:

Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, сайысқа тіл туралы,
8 сынып білгірлері шығады -дей отырып, әр топ өздерін таныстырып өтуге рұқсат беріңіздер (әр топ өздерін таныстырады)

Құрметті сайыскерлер, оқушылар, сайысымыздың бірінші бөлімі «Сөздерді тап» деп аталады. Берілген тор көздегі әріптердің бағытын бірдей ала отырып, көрсетілген сөздерді табу қажет.

СӨЗДЕРДІ ТАП: АЛМА, ӨРІК, ШИЕ, КӨЛ, ГҮЛ, МАУСЫМ, ШІЛДЕ, ТАМЫЗ, ҚАРБЫЗ

А
П
Р
О
Л
М
Т
Д
Ж
А: Ө
П: М
Р: Ш
О: И
Л: Е
М: А
Т: А
Д: П
Ж: Г
А: Р
П: И
Р: Ф
О: Ы
Л: В
М: У
Т: М
Д: А
Ж: Ү
А: І
П: Т
Р: Ң
О: Ц
Л: У
М: С
Т: Ы
Д: Р
Ж: Л
А: К
П: Қ
Р: А
О: Р
Л: Б
М: Ы
Т: З
Д: О
Ж: Х
А: Й
П: Б
Р: Ғ
О: К
Л: Е
М: М
Т: Ш
Д: Л
Ж: Щ
А: Ф
П: Ю
Р: И
О: М
Л: Ф
М: Я
Т: А
Д: Д
Ж: О
А: Я
П: Я
Р: К
О: И
Л: Ш
М: І
Т: Л
Д: Д
Ж: Е
А: Ы
П: Ч
Р: Ә
О: Т
Л: Ы
М: Ч
Т: М
Д: Ж
Ж: Э
А: К
П: Ө
Р: Л
О: Б
Л: В
М: С
Т: А
Д: Ө
Ж: Қ

Сайысымыздың екінші бөлімі.

Латын әліпбиінде берілген «ҚҰНАНБАЙҰЛЫ» деген сөз беріледі, сол сөзден бір әріпті екі рет қайталамай бірнеше сөз құрап айтуымыз қажет

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге -дей келе келесі кезекті көрермендерге яғни, әр сынып оқушылары қатысушының ұпай саны қосу үшін Абай атамыздың өлеңдерін жатқа оқу кезегіне береміз

Мұғалім: Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне . . . Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады . . .

Сайысымыздың келесі түрі «Есіңде сақта» деп аталады

Бұл сайыста әртүрлі фигура берілген, сол фигураның ретін, түсін бұзбай және ішіндегі берілген сөздерді есімізде сақтап, орналастыру қажет

Сайыстың келесі түрінде оқушылар жасырын тұрған ағылшын әріптерін таңдайды. Таңдау. а түскен әріптерінен ағылшын тілінде бес сөз құрап жазады

Ана тілін білмеген - ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген - халқын сүйіп жарытпас -кезекті көрермен әрі жанкүйер оқушыларымызға тіл туралы мақал-мәтелді жатқа айту сұралады.

Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.

Қатысушылар берілген Абай өлеңдерін толықтырып, сол өлеңді мәнерлеп оқып береді

Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!

Осымен біздің тіл мерекесіне арналған сайыс сабағымыз аяқталды. Қатысушы оқушыларға, ұстаздарымызға және көрермен оқушыларға алғыс білдіремін

«Тіл -менің тағдырым» сайысының талдауы


Ұқсас жұмыстар
Жұмбақталған сөздерді тап
Есімдіктің мағыналық түрлері
Қандай дыбыс
Көнерген сөз
Етістікті пысықтау
Ақпаратты кодтау
Қыс тақырыбына Қыс тақырыбына Қыс тақырыбына әңгіме жазу
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер. 4-сынып
Көптік жалғау жалғанған сөздерді тауып жаз
Шығыс септік. 332-336 жаттығу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz