6-сынып үшін MS Word бағдарламасында кестелерді пішімдеу сабағының жоспары

Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Жүсіпбекова Әйгерім Бердібекқызы
Кәсіби даму мақсаты:
Сынып: 6Ә
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар:
Сабақ тақырыбы:
Кестелерді пішімдеуді біледі;
Кестелерді пішімдеуге пайдаланатын батырмаларды атайды;
Макет және Конструктор тіркеме парақтарын бір-бірінен ажыратады;
Кестені әрлеуді компьютерде ұсынады;
Білу және түсіну:
- кестелерді қалай пішімдеу керектігін біледі және түсінеді
Білімін қолдану:
- кестелерді құру жолдарын қолдана алады
Талдау:
- кестелерді пішімдеудің маңызын талдайды;
- кестелерді пішімдеу әрекеттерінің ретін анықтайды.
Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру
Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру;
Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру.
Пішімдеу жайлы алғашқы түсініктері бар.
5-сыныпта мәтінді пішімдеумен танысқан.
Сабақтың басы
1 минут
Құпия сұрақ
3 минут
1. Word мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
2. Word мәтіндік редакторыныңтерезе элементтерін ата?
3. Жаңа құжат құру үшін не істейміз?
4. Құжатты сақтау үшін не істейміз?
5. Бағандар мен жолдардың қиылысуынан не пайда болады?
Ой қозғау
4 минут
Түсіндіру
10 минут
Кесте дегеніміз - баған мен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтардан тұрады.
Құжатта кестені даярлаудың екі әдісі бар:
1-әдіс: Бос кестені орналастыру үшін курсорды қажет жерге апарып, Кесте
(Таблица) менюіндегі Қою →Кесте (Вставить →Таблица) командасын таңдаймыз.
Кестені қою терезесінде бағандар мен жолдардың сәйкес сандарын қоямыз.
2 - әдіс: Егер кестені өзіміз салғымыз келсе, онда Кесте (Таблица) менюіндегі Кестені салу (нарисовать таблицу) командасын таңдаймыз.
Кестені әрлеу үшін жолақтың кестемен жұмыс істеуге арналған Конструктор тіркеме парағын қолданады.
Кестелерді ең алдымен дайын мәнерлердің көмегімен әрлейді. Жолақтың Кестелер мәнерінің өлшемдері тіркеме парағында мәнерлердің қандай элементтерге қолданылатынын көрсету керек. Кестелердің мәнерлері бөлімінде-жарамды мәнерді таңдаймыз. Егер сендер өз беттеріңмен әрлегілерін келсе, жолақтың басқа тіркеме парақтары керек болуы мүмкін.
Кестенің ұяшықтарын қоршау және құйып бояу
Әрлеуді таңдар алдында қоршау немесе құйып бояу амалдары орындалатын ұяшықтар тобын немесе кестені тұтастай ерекшелеп алу керек. Одан кейін келесі батырмалардың керектерін таңдаймыз:
1. Қаламұштың мәнерін таңдауға арналған батырма
Төмен қарай ашылатын мәзірде әртүрлі сызықтар бар: жіңішке, жуан, қосарланған, пунктирлі, толқынды.
2. Төменірек қаламұштың жуандығын таңдау батырмасы орналасқан
Жуандық пункттермен
көрсетіледі
.
3. Егер қажеттілік болса, қаламұштың түсін
батырмасымен баптайды.
«Басқа түстер» бұйрығын таңдағанда түсті баптаудың қосымша терезесі ашылады.
Бұл терезеде түстің кез келген реңкін таңдайды.
Қажет реңкті таңдағаннан кейін ОК-ді басамыз.
Жуандықтың, қаламұштың, мәнер түсының параметрлерін орнатқан кезде кестелерде ештеңе өзгермейді. Кестелердің ерекшеленген ұяшықтарына жасалған өзгертулерді қолдану үшін батырмасын таңдаймыз
.
Бұл батырманың төмен қарай ашылатын мәзірі ұяшықтардың әртүрлі қоршауларынантұрады: Тек жоғары сызықты жүргізу, тек төменгі қоршауды өшіру, қоршауды тек ерекшеленген ұяшықтардың айналасында қосу немесе ішкі сызықтарды бірге сызу. Бұл мәзірде қара түспен жүргізілетін сызықтар, ал
пунктирлермен-көрінбейтін сызықтар белгіленген
.
«Құып бояудың түсі» батырмасы ағымдағы ұяшықтың немесе ерекшеленген ұяшықтар диапазоны ішіндегі түсті өзгертеді.
Топпен
жұмыс
6 минут
Пазлдар бойынша 4 топқа бөлінеді. Мұғалім сурет қиындылырын партаға араластырып қояды. Балалар таңдап алып, сурет құрастыруға кіріседі. 1 суретті құраған оқушылар 1 топ болады. (Кез келген сурет қоюға болады)
Кестеге Формат > Шекаралар және құю / Формат > Границы и заливка/ командасыарқылы жиектеу орналастыр (Оқушылар өз тобындағы балалард жазып шығады)
Оқушы туралы мәлімет
Сергіту сәті
3 минут
Жұппен жұмыс
6 минут