ДӘРІС МАТЕРИАЛЫ

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
«Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ
педагогикалық колледжі» МКҚК
Бекітемін
Директордың оқу
жұмысы бойынша орынбасары
А. Рахимжанова
20__ жыл
№ САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ
Оқытушы: Қамалиден Айгерім Сағындыққызы
Пән: Информатиканы оқыту әдістемесі
Мамандық : 0111093 - информатика мұғалімі
Топ: И -31, Күні _
Сабақтың тақырыбы : Бақылау түрлері, бағалау критерийлері
Сабақтың негізгі сатыларына уақыттың мөлшерленуі
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту, аралас, қайталау, бақылау.
Сабақтың түрі түсіндірмелі-баяндау сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге информатика сабағын оқытуда бақылау түрлерін, бағалау критерийлерін үйрету, баяндау.
Дамытушылық: Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу. Қауіпсіздік ережесіне байланысты студенттерді сақтылыққа үйрету. Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік : Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.
Пәнаралық байланыс: Математика, ағылшын тілі, физика, экономика.
Материалдық-техникалық құралдар : компьютер, интерактивті тақта
Негізгі әдебиеттер:
- Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002
- Исаев С. Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000
- А. Г. Гейн, А. И. Сенокосов, К. В. Тұрмағамбетова “Информатика” 2004 ж
Қосымша әдебиеттер:
1. Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением.
2. Задачи по программированию/ С. А. Абрамов, Г. Г. Гнездилова, Е. Н. Капустина, М. И. Семон - М. : Наука. Гл. ред. физ. -мат. Лит., 1988-224 с.
3. Касаткин В. Н. Информация, алгоритмы, ЭЕМ. - М. : Просвещение, 1991-192с.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру кезеңі (студенттердің сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру) Студенттер түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық жүргізіледі.
2. Тірек білімін тексеру - сұрақ-жауап (топпен, жеке-дара, тапсырмаларды орындау, тесттер, кроссвордтар)
Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері арқылы студент білімі тексеріліп, өтілген материал тақырыбы өтілетін материалмен байланыстырылады.
- Бақылаудың функцияларын атаңыз.
- Білім берудегі бақылау дегеніміз не?
- Бақылау әдістерін атаңыз.
- Бақылаудың есептеу міндетін атаңыз.
4. Жаңа материалды бекіту
Жаңа материал сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітіледі.
Студентерге бағалау жайлы ақпарат беріледі. Берілген ақпаратты өз бетінше постерде қорғайды.
5. Білік-дағдыларын қалыптастыру (өзіндік жұмыс)
Өзіндік жұмыстарға тапсырма беріледі (ауызша, жазбаша түрде) .
6. Үй тапсырмасы
Өтілген тақырып бойынша пікірлесуге дайындық, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, деректер келтіру.
7. Сабақ қорытындысын шығару «5»___ «4»___ «3» «2» _ ___ _
Оқытушы Қамалиден А. С .
(қолы)
ДӘРІС МАТЕРИАЛЫ
Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг ) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орындарында бағалау рейтінгтік әдіс арқылы жүргізіледі.
1960-жылдардан бастап формативтік (қалыптастырушы) және суммативті (жиынтық) бағалау терминдерінің арасындағы айырмашылық еңгізіле басталды. Оқытуды, әдістерді жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған оқыту үшін бағалау дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылдан кейін қолданысқа енді. Бағалау оқытудың алға жылжуын белгілейді және өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып саналады.
Оқушыны қандай мақсатта, не үшін, калай бағалаймыз? Бағалау кезіңде мынадай мақсаттар болуы мүмкін: оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткендегі кері байланыс, уәж, болжау, стандартты бақылау, бағдарламаның мазмұны мен стилін бақылау, интерпретациялау, қорытындылауды қамтиды.
Оқушылардың алға қарай даму мақсатында жұмыс нәтижелерін, өз-өздерін бағалай білуі керек. Оқуды бағалаудың мақсаты-оқушылардың оқып білгенің жинақтау. Бірақ, маңызды мәні бар тест жүйесі арқылы оқушылардың білімін бағалау оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы - ол оның білімін топтау, белгілі бір шаблонмен салыстыру. Мұғалімнің іс-әрекеттеріне қарай, шеберлігіне қарай оқушыларды бағалауда бірнеше әдістерін қолдана алады: жеке, жұптық, топтық, жиынтық, қателер талдауын, салыстырмалы түрде, өздерін-өздері, кері байланыс, т. б. Оқушының мұғалімге деген сенімі артады, көзқарасы өзгереді.
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау оқушылардың білім деңгейін аңықтауға, алдағы жұмыстарды қалай жоспарлау керектігі, алға қойған мақсатқа жету алгоритмін құру керек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz