Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Пән Информатиканы оқыту әдістемесі

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
<<Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ
педагогикалық колледжі>> МКҚК

Бекітемін
Директордың оқу
жұмысы бойынша орынбасары
______________ А.Рахимжанова
____ ________ 20__ жыл

№ САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ

Оқытушы Қамалиден Айгерім Сағындыққызы
Пән Информатиканы оқыту әдістемесі
Мамандық 0111093 - информатика мұғалімі
Топ И -31 Күні _______________
Сабақтың тақырыбы : Ақпарат ұғымын және ақпараттық процестерді оқыту әдістемесі
Сабақтың негізгі сатыларына уақыттың мөлшерленуі
1. Ұйым-дастыру кезеңі
2.Тірек білімдерін қайталау
3. Жаңа материал-ды баяндау
4. Жаңа матери-алдарды бекіту
5. Білік-дағдыларды қалыптас-тыру
6. Үй тапсырмасы
7. Са-бақтың қорытындысын шығару
8. Бар-лығы
3
20
20
15
20
5
7
90

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту, аралас, қайталау, бақылау.
Сабақтың түрі: түсіндірмелі-баяндау сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге ақпарат ұғымын оқытуды үйрету, талдау жасау. Қысқа мерзімді жоспарды құруды үйрету, анализ жасау.
Дамытушылық: Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу. Қауіпсіздік ережесіне байланысты студенттерді сақтылыққа үйрету. Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру.Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.
Пәнаралық байланыс: Математика, ағылшын тілі, физика, экономика.
Материалдық-техникалық құралдар : компьютер, интерактивті тақта
Негізгі әдебиеттер:
Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002
Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000
А.Г. Гейн, А.И. Сенокосов, К.В. Тұрмағамбетова "Информатика" 2004 ж
Қосымша әдебиеттер:
1. Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением.
2. Задачи по программированию/ С.А. Абрамов, Г.Г. Гнездилова, Е.Н. Капустина, М.И. Семон - М.: Наука. Гл.ред. физ.-мат. Лит., 1988-224 с.
3. Касаткин В.Н. Информация, алгоритмы, ЭЕМ. - М.: Просвещение, 1991-192с.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

1. Ұйымдастыру кезеңі (студенттердің сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру) Студенттер түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық жүргізіледі.
2. Тірек білімін тексеру - сұрақ-жауап (топпен, жеке-дара, тапсырмаларды орындау, тесттер, кроссвордтар)
Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері арқылы студент білімі тексеріліп, өтілген материал тақырыбы өтілетін материалмен байланыстырылады.
Ақпараттың функцияларын атаңыз.
Білім берудегі ақпарат дегеніміз не?
Ақпараттың анықтамасын беріңіз.
Бақылаудың есептеу міндетін атаңыз.
3.Жаңа сабақты меңгерту
Оқыту мақсаттары жалпы дидактикада даму, білім және тәрбие бірлігінде қарастырылады.
Қолданбалы білім. Білімнің қолданбалы компоненті ЭЕМ-мен сөйлесуден тікелей практикалық пайданы алудан көрінеді (кішігірім есептеулер, іздеу жүйелеріне сұраныстар, ЭЕМ-ң көмегімен еңбек іс-әрекетіне дайындалу). Қазір ол өмір сапасын анықтай бастады.
Жалпы білім. Жалпы білім өмірлік көзқарастың, жұмыс принципін түсіну мүмкіндіктер, ЭЕМ шектеулері қалыптасуынан және ЭЕМ-ге қолданушылық, прагматикалық қолдану шегінен шығудан тұрады. Жалпы білім белгілері:
- ЭЕМ-нің жұмыс принципін түсіну;
- бағдарламалаушы іс-әрекетінің негізін қалыптастыру;
- ақпарат типі және оларды өңдеу әдістерін білу;
- типтік алгоритмнің қиындықтарын білу;
- ойларды автоматтандырудағы шектеулер және мүмкіндіктері туралы білім.
Бұл білімдердің үлкен жалпы ғылымдық мәні бар, әлемнің ғылыми суретін қалыптастырады. ЭЕМ-нің жұмыс принципі тірі табиғаттың <<құрылғыларының>> алгоритмдерімен тығыз байланысты, ол бізге таңғажайып даму мысалдарын береді, минималды формалардан күрделі организмдердің <<ширатылуын>> береді. Бағдарламалаудың іс-әрекетін жасаушы - адам іс - әрекеті ретінде кішкентай болса да формальды <<әлемде>> түсіндірілуі мүмкін.
Тәрбиелеу мақсаттары. Информатиканы оқытуда жалпы бұл мақсаттар ЭЕМ-нің өзін және басқалар қауіпсіз әрі тиімді қолдануға қажетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастырумен байланыстырады. Ондай қасиеттерді тәрбиелеу туралы айтуға болады:
- Практиканы ақиқаттық критериі ретінде қабылдау, практикалык іс-әрекетке шын мәселелерді шешудің негізгі әдісі ретінде эмоционалды - оң бағыт;
- Компьютерлік есептеулердің деректеріне объективті қатынас, яғни ойлаудың сынилығы, қателіктен оңайлықпен бас тарта алу қабілеті;
- Өз және басқа ақпаратқа да техникаға да ұқыптылықпен қарау; компьютерлік вандализм және вирус шығаруға этикалық және қоғамдық қабылдамау;
- ЭЕМ-ді меңгеру арқылы өзін бекітуге талпыну және бұл цивилизацияның қүрделі құралы көмегімен танымдық іс-әрекет;
- Мүмкін қателерге, компьютердегі жұмыс нәтижелеріне жеке жауапкершілік;
- Компьютерлік деректер негізінде қабылданған шешімдерге жеке жауапкершілік;
- Өз еңбегінің нәтижесін қолданушылар туралы ойлау, қарапайымдылық.
Қазіргі уақытта нформатика пәні оқушыларда әлемдік ақпараттық бейнені қалыптастыру мен компьютерлік техниканы және ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамытудың теориялық негізі болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық құралдарының жеделдетіп дамуына байланысты сәйкес қолданбалы бағдармалық құралдар, офистік бағдармалар және т.б. өзгерістерін ескере отырып құрылады. Олардың көпшілігі информатиканы жоғарғы сыныптарда оқытудың мазмұнында ерекше мәнге ие. Сонымен бірге бұл мәселелерді ерте жастан бастап үйрету де қарастырылуда.
Мектептің білім мазмұнында информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарын бөліп алуға болады:
- ақпараттық қоғам жағдайында оқушыларды жан-жақты даярлау;
- ақпараттық қоғам мен технологиялардың мүмкіндігіне бейімделген оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;
- информатиканың ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану сияқты іргелі ұғымдарын оқушыларға меңгерту;
- әлемдік ғылыми бейнені қалыптастырудағы ақпараттық үдерістердің мәнін ашу және қазіргі қоғамның дамуындағы ақпараттық технология мен компьютерлік техниканың рөлі;
- оқушыларды компьютерді оқу үрдісіне, бағдарлы бағытқа тиімді және ұқыпты пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру;
- мектептің оқу-тәрбие үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізу үшін жағдай туғызу.
Бұл мақсаттарға жету келесі мiндеттердi шешу арқылы жүзеге асады:
- ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру (ғылыми-әлемдік бейнені құруда және оны тірі табиғатта, техникада, қоғамда ақпараттық үрдістердің мәні туралы біліммен қаруландыру; қоғамның дамуында, адам еңбегінің сипаты мен мазмұнын өзгертуде информатика мен есептеуіш техниканың мәні туралы білімдермен қамтамасыз ету);
- оқушылардың ойлау қабілетін дамыту (жеке жағдайда, алгоритмдік, әрекеттік және модульдік-рефлексивтік ойлау қабілетін дамыту);
- оқушыларды практикалық және бағдарлы бағыттарға даярлау (компьютермен жұмыс жасау ұстанымдары, ақпаратты беру тәсілдері және түрлі мәселелерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның негізгі кезеңдері туралы білімдермен қамтамасыз ету; түрлі пәндік салаларда ақпараттық технологияны қолдану мен модельдеу және компьютерді түрлі практикалық міндеттерді шешуде сапалы, әрі тиімді құрал түрінде қолдану дағдыларын қалыптастыру).
4. Жаңа материалды бекіту
Жаңа материал сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітіледі.
Студентерге бағалау жайлы ақпарат беріледі. Берілген ақпаратты өз бетінше постерде қорғайды. Жаңа сабақты бекіту студенттердің өз ойларын айту болып табылады.
5. Білік-дағдыларын қалыптастыру (өзіндік жұмыс)
Өзіндік жұмыстарға тапсырма беріледі (ауызша, жазбаша түрде).
6. Үй тапсырмасы
Өтілген тақырып бойынша пікірлесуге дайындық, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, деректер келтіру.
7. Сабақ қорытындысын шығару <<5>>___ <<4>>___ <<3>>____ <<2>>_____

Оқытушы Қамалиден А.С. _______________
(қолы)

Ұқсас жұмыстар
Мектепте информатиканы оқытуда білім берудің мақсаты
Әдістемелік оқу құралы
Негізгі буындағы информатика курсының мазмұны
Информатиканы оқыту әдістемесі. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Ғылыми жоба жарысы
Информатикаға оқытудың әдістемелік негізі
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту
Оқыту мақсаты
Оқыту нәтижесін бақылау және бағалау
Информатиканы оқыту әдістемесі
Пәндер