Пәнді тереңдетіп оқыту

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
«Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ
педагогикалық колледжі» МКҚК
Бекітемін
Директордың оқу
жұмысы бойынша орынбасары
А. Рахимжанова
20__ жыл
№ САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ
Оқытушы Қамалиден Айгерім Сағындыққызы
Пән Информатиканы оқыту әдістемесі
Мамандық 0111093 - информатика мұғалімі.
Топ И-31 Күні
Сабақтың тақырыбы Жалпы білім беретін мектептегі информатика пәнін оқыту құрылымы
Сабақтың негізгі сатыларына уақыттың мөлшерленуі
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту, аралас , қайталау, бақылау.
Сабақтың түрі жаңа материалды меңгерту сабағы
Сабақтың мақсаты: студенттердің осыған дейінгі қабылдаған жаңа тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін бақылау үшін сабақ басында 5-10 минуттай коллоквиум алу. Кейін жаңа тақырыпты атап, студенттермен жаңа тақырыпты талдап алып, жоспар бойынша сабақты кезең-кезеңімен өткізу.
Білімділік: Жалпы білім беретін мектептегі информатика пәнін оқыту құрылымымен танысу.
Дамытушылық: Студенттің әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Әр студентті іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, математика, физика, химия
Материалдық-техникалық құралдар: интерактивті тақта, компьютерлер
Негізгі әдебиеттер: Информатика пәнінен ЭО ҰАО
Қосымша әдебиеттер: кітапхана қорынан кітаптар, E-Learning ЭОЖ ЦБР
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығынтексеру) Оқушылар түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық жүргізіледі.
2. Тірек білімін тексеру - сұрақ-жауап (топпен, жеке-дара, тапсырмаларды орындау, тесттер, кроссвордтар)
Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері арқылы студент білімі тексеріліп, өтілген материал тақырыбы өтілетін материалмен байланыстырылады.
3. Жаңа материалды баяндау
Білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық әлемдік бейнесін қалыптастыру және жеке тұлғаның өзіне қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып дамыту. Өз бетімен білім алу өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.
Оқушыларға ақпаратты өңдеу, жеткізу және оны пайдалану туралы білімдерді меңгерте отырып, ақпараттық технологияны оқу үрдісінде өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде саналы да тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
- Оқыту тәрбиелеу үрдісіндегі информациялық алмасу сипатын айқындау;
- Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;
- Білім алушыларға ақпараттың негізгі қасиеттерімен таныстыру, оларды ақпаратты ұйымдастыру жолдары мен алдыға қойылған мақсатты шешуде оқу іс-әрекетін жоспарлай білуге үйрету;
- Қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;
- Дайын программаларды қолдана білу шеберлігін арттыру;
- Оқушылардың теориялық шығармашылық қабілеттерін арттыру;
- Тиімді шешімдер таңдай білуге бағытталған оперативті ойлау деп аталатын жаңаша ойлай білуді қалыптастыру;
- Ақпараттық құралдарды ақпараттық технологиялар саласында білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, дамыту;
- Бастауыш мектептің басқа пәндерін оқытуда қолданатын білім алушыларға компьютерді қолданудың алғашқы білігін қалыптастыру.
Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1 сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;
2 сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;
3 сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;
4 сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат.
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі информатика пәні бойынша білім алушылардың қызығушылығы мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға, оқу-компьютерлік біліктерінің негізін қалыптастыруға бағытталған оқыту және ойын оқу бағдарламалары.
Пәнаралықбайланыс:
- математика
- тарих
- сурет
- сызу
- технология
4. Жаңа материалды бекіту
Жаңа материал сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітіледі.
- А. А. Кузнецовтың тұжырымдамасы бойынша информатика пәнінің даму болашағы
неше кезеңге бөлінген?
- И. П. Лапчик жасаған тұжырымдаманың негізгі мақсаты
5. Білік-дағдыларын қалыптастыру (өзіндік жұмыс)
Өзіндік жұмыстарға тапсырма беріледі (ауызша, жазбаша түрде) .
6. Үй тапсырмасы
Өтілген тақырып бойынша пікірлесуге дайындық, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, деректер келтіру.
7. Сабақ қорытындысын шығару «5»___ «4»___ «3» «2» _ ___ _
Оқытушы А. Қамалиден
(Ф. А. Ә. ) қолы
ДӘРІС МАТЕРИАЛЫ
Тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептегі информатика пәнін оқыту құрылымы
Мақсаты: Орта білім беретін мектептерде информатика пәнін оқытудың құрылымын қарастыру.
Белгілі ғалым А. А. Кузнецов информатиканы оқытудың төмендегідей әдістемелік жүйесін ұсынды:
1. Оқыту мақсаты;
2. Оқыту мазмұны;
3. Оқыту әдістері;
4. Оқытуда пайдаланылатын техникалық құралдар мен көрнекі құралдар;
5. Оқытудың ұйымдастырушылық формасы.
А. А. Кузнецовтың пікірінше, информатика курсының түпкі мақсаты-оқушыларда компьютерлік сауаттылықты, яғни оқушының информатика пәнінен алған білімін, дағдысы мен біліктілігін оқу үрдісінің барлық салаларындда қолдануымен қатар кәсіби мамандыққа баулу қызметтерінде де ЭЕМ-ды пайдалану мүмкіндіктерін қалыптастыру болып табылады.
Оның пікірінше, информатика курсының нгізгі мазмұны бір-бірімен тығыз байланыстағы теориялық және практикалық бөлімдерден тұруы қажет.
Курстың теориялық бөлімі оқушыларда алгоритмдік мәдениеттіліктің қалыптасуына, яғни есептерді талдау дағдысы, орындау алгоритмі, алгоритм құрылымы, шама түрлері және т. б. ұғымдармен танысуға бағытталған болса, ал курстың практикалық бөлімі дайын программалар пакетімен жұмыс жасауға және нақтылы бір программалау тілдерінде (Бейсик, Паскаль және т. б. ) программа жазу дағдысын қалыптастыруға бағытталғаны жөн.
Бұл аталған тұжырымдамада информатика пәнінің даму болашағы бірнеше кезеңдерге бөлінген:
1-кезең (1985-1990жж. ) . Оқушыларда компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру. Бұл кезең 9-10 сыныптарда факультативтік сабақтарда және оқу-өндірістік комбинаттарында пәнді оқыту арқылы жүзеге асырылады.
2-кезең (1990-1995жж. ) . Толық емес орта мектептердің 5-7 сыныптарына пәнді оқытуды көшірумен байланыстырылады. Информатиканы төмеңгі сыныпқа көшірудегі қажетті шарт, ол мектептерді жаппай компьютерлік техникамен және сәйкес программалар пакетімен қамсыздандыруға байланысты болды.
Жоғарғы сыныптарда(10-11) оқыту белгілі бір бағдарланған бағытта (физика-математика, химия-биология және т. б. ) жүретін болғандықтан бұл сатыда оқушылардың таңдап алуына тереңдетілген курстарды өткізу қажет болды. Атап айтқанда, «ИЕТН» пәнінен ұйымдастырылған тереңдетілген курстардан оқушы программалаушы (белгілі бір дәрежедегі) кепілдемесімен, «Информатика және экономика элементтері» курсынан экономика жөнінде білім алуы тиіс. Оқытудың осы сатысында тереңдетіліп оқытылатын математика және физика курстары да информатикамен тығыз байланыстырылуы қажет.
3-кезең (1995-2007жж. ) . Бұл кезең жаңа ақпараттық технологияны пайдаланумен байланысты. Мұнда жай оқыту әдістемесін өзгертумен емес, бүкіл оқу үрдісін түбегейлі қайта құрумен сипатталады. Сонымен бірге, оқытудың әдістемелік жүйесіне елеулі өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, оқулық пен қосымша оқу құралдарыың және т. б. өзара үлестік қатынасы мәселесін маңызды етіп алды.
А. А. Кузнецовтың жасаған тұжырымдамасында төмендегідей мәселелер:
1. Пәнді орта буыннан бастап оқыту;
2. Пәнді тереңдетіп оқыту;
3. Пәнді экономика, математика, физика және т. б. басқа пәндермен байланыстырып оқыту;
4. Оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны пайдалану тиімділігін анықтай отырып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды түбегейлі қайта құру және т. б. сипатталады.
Бірақ, тұжырымдаманың мазмұнына үңіліп қарайтын болсақ, онда білім беруді ізгілендіру мен демократияландыруда, саралауда информатика курсын оқытудың мазмұнын, құрылымын және әдістерін қайта құру мәселесі қарастырылмаған.
М. П. Лапчик тұжырымдамасында информатика пәнін оқытудың құрылымы мен болашақ осы курстың мұғалімдерін жоғары оқу орындарында даярлаудың үлгілері келтірілген.
Бұл тұжырымдама бойынша мектепте «ИЕТН» пәнін оқытудың құрылымы төмендегі көрсетілген кезеңдерден тұрады:
1-кезең . 1-4 сынып оқушыларына информатика курсының алғашқы мағлұматтарын үйрету. Мұнда компьютерлік техникамен жұмыс жасаудың алғашқы мағлұматтары, ЭЕМ-ның көмегімен нысандарды басқару мен бейнелеуді ойын түрінде үйрету, математика, тіл, бейнелеу және т. б. пәндермен байланыстыра отырып, қарастырылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz