Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Пән Информатиканы оқыту әдістемесі. Сабақтың мақсаты

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
<<Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ
педагогикалық колледжі>> МКҚК

Бекітемін
Директордың оқу
жұмысы бойынша орынбасары
___________ А.Рахимжанова
______ ______ 20__ жыл

№ САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ

Оқытушы __Қамалиден А.С.
Пән Информатиканы оқыту әдістемесі
Мамандық 0111093 - информатика мұғалімі
Топ И-31Күні _____________.
Сабақтың тақырыбы: Информатика пәні мұғаліміне қойылатын талаптар
Сабақтың негізгі сатыларына уақыттың мөлшерленуі
1. Ұйым-дастыру кезеңі
2.Тірек білімдерін қайталау
3. Жаңа материал-ды баяндау
4. Жаңа матери-алдарды бекіту
5. Білік-дағдыларды қалыптас-тыру
6. Үй тапсырмасы
7. Са-бақтың қорытындысын шығару
8. Бар-лығы
3
20
20
15
20
5
7
90

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту, аралас, қайталау, бақылау.
Сабақтың түрі: Түсіндірмелі - баяндау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Студенттерге информатика пәнін оқыту әдістері және информатика мұғалімдерге қойылатын талаптар жайлы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық Жауапкершілікке, ақпараттық мәдениеттілікке, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге үйрету
Тәрбиелік Әр нәрсенің мағынасын, негізін түсінуге тырысуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс педагогика, тарих
Материалдық-техникалық құралдар компьютер, интерактивті тақта, оқулық, электронды оқулық, презентация
Негізгі әдебиеттер
1. Информатика бойынша 30 сабақ. Жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарына арналған экспериментальдық оқулық. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б.-Алматы:2003
2. Turbo Pascal бағдарламалау тілі (зертханалық жұмыс). Оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2010.-208 бет.
2. Дербес компьютерде жұмыс істеу. Екі бөлімді оқу құралы Инчин А.С.-Алматы 2002
3. Дербес компьютердің компьютердің бағдарламалық жасақтамасы. Д. Ғабдуллаев., А. Медешов.Оқулық.- Астана: Фолиант, 2010.-176 б.
4. Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері (есептер жинағы). Ж. Ғұмаров. Оқу құралы - Астана: Фолиант, 2010.-200б.
5. Windows 98 операциялық жүйелер. Зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары сыныптарға арналған оқу құралы. Microsoft Excel 97- зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары сыныптарға арналған оқу құралы. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б.
Қосымша әдебиеттер
1. Turbo Pascal бағдарламалау тілі (зертханалық жұмыс). Оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2010.-208 бет.
2. <<Информатика негіздері>> ғылыми - әдістемелік журнал.
3. <<Информатика>>, Б.Қ. Сапаргалиева, Н.Е.Масалимова. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мктептің 9-сыныбына арналған оқулық. Астана: Арман-ПВ, 2013.- 208 бет.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

1. Ұйымдастыру кезеңі (студенттердің сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру) Студенттер түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық жүргізіледі.
2. Тірек білімін тексеру - сұрақ-жауап (топпен, жеке-дара, тапсырмаларды орындау, тесттер, кроссвордтар)
Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері арқылы студент білімі тексеріліп, өтілген материал тақырыбы өтілетін материалмен байланыстырылады.
3. Жаңа материалды баяндау
Жаңа материал анализ-синтез әдістері арқылы түсіндіріледі. Проблемалық жағдаят туғызу, шығармашылық тудыру арқылы оқушы қабілеті арттырылып, оқытушы тарапынан көмек көрсетіледі.
4. Жаңа материалды бекіту
Жаңа материал сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітіледі.
5.Білік-дағдыларын қалыптастыру (өзіндік жұмыс)
Өзіндік жұмыстарға тапсырма беріледі (ауызша, жазбаша түрде).
6. Үй тапсырмасы
Өтілген тақырып бойынша пікірлесуге дайындық, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, деректер келтіру.
7. Сабақ қорытындысын шығару <<5>>___ <<4>>___ <<3>>____ <<2>>_____

Оқытушы Қамалиден А.С. _______________
(Ф.А.Ә.) қолы

ДӘРІС МАТЕРИАЛЫ

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Ғылыми-техникалық әлеумет және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Бұл орайда Қазақстанда қарышты қадаммен жүзеге асырылып отырған ғарыштық бағдарлама экономикадағы әр тараптандыру үдерісінің қуатты әрі тиімді қозғаушы күші болары сөзсіз. Ақпараттық технология - экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің "ілгерілеуінің" белгісі. Біздің өркениетті дамуымыздың барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ақпараттық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, асыра айтқанымыз емес. Осы заманғы экономикалық өсімнің басты факторлары микроэлектроника, сандық және ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс және коммуникация т.б. салалардағы инновациялық технологиялар болып отырғаны баршаға белгілі.
Жаңа қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық-әдіснамалық, нормативтік-құқықтық, психологиялық-педагогикалық, дидактикалық, әдістемелік тұрғыдан ақпараттық сауатты және АКТ құралдарының мүмкіндіктерін жан-жақты игерген, ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың <<Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан>> атты Қазақстан халқына жолдаған жолдауындағы басым бағыттардың бірі ретінде педагогтардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жүйесін әлемдік стандартқа жақындату мәселесі қарастырылды. Қазіргі кезеңде барлық педагогикалық сала құзыреттілікке бағытталған оқытуға назар аударды, соның ішінде өскелең ұрпақтың бойында түйінді құзыреттіліктерді дарыту - олардың заман иірімдерінде өз орнын қатесіз таба білуі мен оң бағыт бойынша мүдірмей алға жылжуының кепілі. Оқушы бойындағы құзыреттіліктерді қалыптастырып, оларжы дамыту үшін мұғалім оларға өзі де ие болғаны жөн. Ғалымдар білім берудегі құзыреттіліктердің төрт аспектісін (түрін, нұсқасын, желісін, бағытын) ажыратады: - тұйінді құзыреттіліктер; - жалпыланған пәндік біліктіліктер; - қолданбалы пәндік біліктіліктер; - өмірлік дағдылар. Информатика пәнінің мұғалімінің заманға сай құзыреттіліктерге ие болуы мен олардың негізінде мәртебесін жетілдіру және тәрбиеленуші ұрпаққа теориялық біліммен қатар осы құзыреттіліктерді басқа пән мұғалімдерімен біріге отырып, дамытуын сөз ету үшін оның пәнінің қалыптасу тарихын, маңыздылығын, ерекшеліктерін қарастырған жөн.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру - қоғамның маңызды бағыттарының бірі. Ал бұл өз кезегінде білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдістің құралдары мен әдістерін, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін бір - бірімен тығыз байланыста өсіруге және олардың тиімділігі мен сапасын көтеруге, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге дайындауға пайдалану.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан -жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы зор. Қазіргі заманғы білім беру технологияларын іске асырудағы механизмнің бірі - интерактивті тақтамен сабақ өткізу. Интерактивті тақтамен өткізген сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалдық шығармашылық белсенділігін, дарындылығын дамыту факторларының бірі болса, мұғалім үшін шеберлік пен сауаттылығын арттыратын, уақытын үнемдейтін, эстетикалық талғамға сай безендіріліген көрнекілік құралы болып табылады. Жаңа ақпараттық технологиялар педагогтік мүмкіндіктерін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютерлік мүмкіндіктер психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылу керек. Соның негізінде оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін мұғалімнің өзі анықтап алу қажет.
Информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану
Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе - жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев <<Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші>> деуінің өзі - үлкен көрегендіктің белгісі. Оқушылар өз пікір - көзқарастарын еркін түрде білдірсе, тек білдіріп қана қоймай, сонымен қатар өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде іске асыра алатын жеке тұлға болып қалыптаса алса, сонда мұғалім мақсатының жүзеге асқаны.
Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан, сындарлы оқыту негіздері қамтылған. Бұл жеті модульдің барлығы да барлық пән сабақтарында қолдануға ыңғайлы әрі тиімді. Информатика сабағында бұл бағдарламаның негізгі идеяларын пайдалана отырып көптеген тиімді жақтарын көруге болады.
Бағдарламаның негізгі факторларға тоқталар болсам, оқушылардың білім алу үдерісін түсінуі, нені оқу керектігін үйренуі, өзін - өзі реттеуі, оқу нәтижелерін бағалауды игеруі. Оқушылармен жұмыс жасау барысында олардың пайымдаулары, көзқарастары мен білім деңгейлерін анықтап алу қажет. Оқушылардың нені игере, нені игере алмайтындығын бақылау арқылы әртүрлі әдістерді пайдалана аламыз. Оқушылар өздері оқудың қажетті екенін, оны өмірде де өз қажетіне қолдана білу керек екенін сезінуі керек. Сонда ғана олардың оқуға деген ынтасы артады.
Егер де оқушы жаттап алатын болса, онда ол емтихан немесе сабақ аяқталған соң ұмытып қалады. Сондықтан олар өздері оқудың қажеттігін түсінуі қажет. Олар өздерінің алдыңа мақсат қойып, өз ойларын еркін айта білуі қажет. Оқушылар өз ойларын айта алады, пікірлесе отырып, оқуды түсінеді. Осы мақсатта біз өз оқу жүйемізді енгізуіміз қажет. Алда тұрған жұмысты жоспарлау мен мақсат қоя білу арқылы, оқушыларды ынталандырамыз және де оқушылардың барлығын, белсенді ете аламыз. Оқытуда бірінші баланың өзін - өзі реттелуіне жағдай жасап, үйрету қажет. Оқушыны оқуда белсенді ету үшін оның нені білетіні мен не білмейтіндігіне көңіл бөлуіміз қажет. Оқушыға әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар беру барысында оларды орындауына уақыт бөліп, тыңдап, түсіністікпен қарап, бірін - бірі оқытуына мүмкіндік берген жөн. Сонда ғана оқытуда оқушылар өздеріне деген жауапкершілікті сезінеді, өзіне деген сенімі күшейіп, оқуға деген белсенділігі артады. Білім үдерісінің нәтижелі болуы оқушының өздігінен меңгеріп, өзі үшін оқу керектігін түсінуі болып табылады.
Бағдарламаның жеті модульдеріне қысқаша тоқталсам, сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты, ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім екенін білеміз. Ол оқушылардың ойлана білуіне, өз оқуына таңдау жасау, басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі оқушының ойын дамытуға көп көмегін тигізеді. Сын тұрғысынан ойлауға дамыту модулінде мен келесідей: <<Қос жазба күнделігі>>, <>, <<Автор орындығы>>, <<Блум түймедағы>>, <<Екі жұлдыз, бір ұсыныс>>, <<Жіңішке - жуан сұрақтар>>, <<Білемін. Білдім. Білгім келеді>>, <<Венн диаграммасы>>, <<Ашық хат>> және т. б. әдіс - тәсілдерді қолдандым.
Оқудағы жаңа тәсілдер модулін топтық, жұптық жұмыс арқылы іске асырылады. Яғни, оқушылар арасында өзара диалог орнату арқылы білім беру деп түсінемін. Диалогтік оқыту білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді. Диалогтік оқыту баланың білімін жетілдіруде көбірек қолданылады. Біз көбінесе диалогтік оқытуды сұрақ - жауап ретінде қолданамыз. Диалогтік оқыту тек қана информатика саласында емес барлық пәндер үшін тиімді оқыту түрі болып табылады. Әсіресе тіл дамыту кезінде немесе басқа тілді үйрену барысында көп көмегі тиеді. Өз пәніме қатысты айта кетер болсам, бізде көбінесе теориямен практиканы ұштастырып оқытамыз. Ы. Алтынсарин: <<Балаға айтып түсіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды>> деген. Яғни бала теорияны меңгерумен қатар тәжірибе жүзінде де қалай жасау қажеттігін ұғынуы керек. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында көптеген сұрақтар туындайды. Оқушылар өзара пікірлері мен болжамдар айта отырып, бірлесе жұмыс жасайды.
Бұл таңда <<Тыңдап отырған үштік>>, <<Жұптық әңгіме>>, <<Қар үйіндісі>>, <<Әңгіме - дебат>> сияқты әдіс - тәсілдерді пайдалану тиімді.
Қазіргі кезде мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға қабілетті заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу мәселесі тұр. Еліміздің білім беру жүйесінің жаңарып, толыға түсуі заман талабынан туындап отыр. Жас ұрпақ - еліміздің тірегі, ертеңіміздің кепілі. Сондықтан оларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті. Олар жан - жақты жетілген білімді әртүрлі әдістемелерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын шеберлік иесі болуға тиіс. Ұстаз кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отыруы керек. Қазіргі таңда еліміз дарынды балалар тәрбиелеуде зор көңіл бөлініп отыр. Сондықтан оқыту мен дамытудың жаңа мазмұнын құруға, оның әдістемелік жүйесін іздестіру мәселелеріне мән берілуде. Балалардың интеллектуалды қабілеттерін анықтау және дамыту үрдісі орталықтың құрылымдық бөлімшелерінде әрбіреуінде бірегей білім беру ортасын құру арқылы жүзеге асады. Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін анықтап, оны одан әрі дамытуда дамыта отырып оқыту технологиясының маңызы зор.
Информатика пәнінде интеллектуалды ойын элементтерін қолдану барысында қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық - психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оны қолдану қабілетін қалыптастыруда информатика пәнінің алатын орыны зор екені белгілі. Қазіргі сабақ - бұл өзіндік көрсеткіштермен ерекшеленетін мұғалім мен оқушының біріккен қызметі. Осыған сүйене келе информатика пәнінде өзіндік ерекшелігіне қарай оқушылардың теориялық білімі және практикалық жұмыс істеу дағдыларын бөліп алуға болады. Теориялық білімді тексеру үшін ауызша сұрау, жазбаша бақылау, тестілеу сияқты дәстүрлі бақылау түрлерін, ал практикалық дағдыны бағалау үшін практикалық жұмысты қолдануға болады. Информатиканы оқыту барысында оқушылардың білімін бақылау үшін осы дәстүрлі әдістермен қатар бақылаудың дәстүрден тыс түрлері, рефераттар, конкурстық жобалар, әртүрлі танымдық ойындар қолдануға болады.

Ұқсас жұмыстар
Мектепте информатиканы оқытуда білім берудің мақсаты
Пән Информатиканы оқыту әдістемесі
Әдістемелік оқу құралы
Информатиканы оқыту әдістемесі. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Негізгі буындағы информатика курсының мазмұны
Ғылыми жоба жарысы
Оқыту мақсаты
Оқыту нәтижесін бақылау және бағалау
Критериалды бағалаудың қағидаттары
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту
Пәндер