Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сыныптан тыс жұмыстың функциялары
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
<<Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ
педагогикалық колледжі>> МКҚК
Бекітемін
Директордың оқу
жұмысы бойынша орынбасары
________ А.Рахимжанова
______ _____________ 20__ жыл
№ САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ
Оқытушы __Қамалиден А.С.
Пән Информатиканы оқыту әдістемесі
Мамандық 0111093 - информатика мұғалімі
Топ И-31 Күні _____________.
Сабақтың тақырыбы: Информатика пәнінен сыныптан тыс жұмыс түрлері, сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесі
Сабақтың негізгі сатыларына уақыттың мөлшерленуі
1. Ұйым-дастыру кезеңі
2.Тірек білімдерін қайталау
3. Жаңа материал-ды баяндау
4. Жаңа матери-алдарды бекіту
5. Білік-дағдыларды қалыптас-тыру
6. Үй тапсырмасы
7. Са-бақтың қорытындысын шығару
8. Бар-лығы
3
20
20
15
20
5
7
90
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту, аралас, қайталау, бақылау.
Сабақтың түрі: түсіндірмелі-иллюстрациялы сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге информатика пәнінен өткізілетін сыныптас тыс жұмыстар жайлы түсінік беру, сыныптан тыс жұмыстардың қолдану аясын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды жауапкершілікке, ақпараттық мәдениеттілікке үйрету. Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, әдептілікке, мақсатшылдыққа тәрбиелеу. Мұқият-тылыққа, өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу, жинақылыққа балу.
Пәнаралық байланыс педагогика, тарих
Материалдық-техникалық құралдар: интерактивті тақта, лабораториялық жұмыс нұсқасы, компьютер, қосымша материалдар, тест
Негізгі әдебиеттер
1. Информатика бойынша 30 сабақ. Жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарына арналған экспериментальдық оқулық. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б.-Алматы:2003
2. Turbo Pascal бағдарламалау тілі (зертханалық жұмыс). Оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2010.-208 бет.
3. Дербес компьютерде жұмыс істеу. Екі бөлімді оқу құралы Инчин А.С.-Алматы 2002
4. Дербес компьютердің компьютердің бағдарламалық жасақтамасы. Д. Ғабдуллаев., А. Медешов.Оқулық.- Астана: Фолиант, 2010.-176 б.
5. Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері (есептер жинағы). Ж. Ғұмаров. Оқу құралы - Астана: Фолиант, 2010.-200б.
6. Windows 98 операциялық жүйелер. Зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары сыныптарға арналған оқу құралы. Microsoft Excel 97- зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары сыныптарға арналған оқу құралы. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б.
Қосымша әдебиеттер
1. Turbo Pascal бағдарламалау тілі (зертханалық жұмыс). Оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2010.-208 бет.
2. <<Информатика негіздері>> ғылыми - әдістемелік журнал.
3. <<Информатика>>, Б.Қ. Сапаргалиева, Н.Е.Масалимова. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мктептің 9-сыныбына арналған оқулық. Астана: Арман-ПВ, 2013.- 208 бет.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру кезеңі (студенттердің сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру) Студенттер түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық жүргізіледі.
2. Тірек білімін тексеру - сұрақ-жауап (топпен, жеке-дара, тапсырмаларды орындау, тесттер, кроссвордтар)
Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері арқылы студент білімі тексеріліп, өтілген материал тақырыбы өтілетін материалмен байланыстырылады.
3. Жаңа материалды баяндау
Жаңа материал анализ-синтез әдістері арқылы түсіндіріледі. Проблемалық жағдаят туғызу, шығармашылық тудыру арқылы оқушы қабілеті арттырылып, оқытушы тарапынан көмек көрсетіледі.
4. Жаңа материалды бекіту
Жаңа материал сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітіледі.
1. Информатикадан сыныптас тыс жұмыстардың түрлерін атаңыз?
2. Сыныптан тыс жұмыстар деген не?
3. Сыныптан тыс жұмыстар қандай мәселелерді шешуге бағытталған?
4. Информатикадан бастауыш сыныптағы сыныптан тыс жұмыстарды не үшін ұйымдастырады?
5.Білік-дағдыларын қалыптастыру (өзіндік жұмыс)
Өзіндік жұмыстарға тапсырма беріледі (ауызша, жазбаша түрде).
Студенттерге информатика пәнінен сыныптан тыс жұмыс дайындап келу.
6. Үй тапсырмасы
Өтілген тақырып бойынша пікірлесуге дайындық, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, деректер келтіру.
7. Сабақ қорытындысын шығару <<5>>___ <<4>>___ <<3>>____ <<2>>_____
Оқытушы А Қамалиден _______________
(Ф.А.Ә.) қолы
ДӘРІС МАТЕРИАЛЫ
1. Сыныптан тыс жұмыстың функциялары
Сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктеріне сүйене отырып, оған қойылатын талаптарды атап кетейік.
Сыныптан тыс жұмыс, оның бағыттарын, мазмұнын, формасын анықтау кезінде алғашқы бастауларды құрайтын - жалпы принциптердің негізінде жүргізіледі.
Мақсатты орнату принципі - оқу-тәрбиелік тапсырмаларды жоспарлауды, қол жеткізген нәтижелерді бағалауды өткізілген жұмыстың жанжақты талдауды талап етеді.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырғанда және өткізгенде мақсаттың болмауы оқушы мен мұғалім арасындағы арақатынасты бұзатын формализмді туғызады, ондай жұмыстың еш тиімділігі болмайды немесе теріс нәтиже береді. Бастар алдында күтілетін нәтижелерді анықтап алу қажет. Бұл жалпы әлеуметтік тәжірибені меңгеру және құндылықтардың позитивті жүйесін қалыптастыру мақсатына жетуге көмектесетін міндеттерді тұжырымдауға көмектеседі. Ойластырылған әр шараның тәрбиелік міндеті мен мақсатының айқын тұжырымдамасы болуы қажет. Сонымен қатар, әр жұмыстың маңыздылығы оқушыға анық болу керек.
Сыныптан тыс жұмыстың өмірмен, еңбекпен, тәжірибиемен байланыс принциптің мәні қоғамдық өмірге белсенді қатысу арқасында, әрбір оқушыны және оқушы қауымын ұйымдас-тыру шындық ықпалымен жүргізуінде болады. Сондықтан сыныптан тыс жұмыс қоғамдық пайдалы бағытта болуы керек.
Осы информатика кабинетіне арналған көрнекілік құралдар мен аспаптарды жетілдіруде және құрастыруда, бастауыш сынып оқушыларымен жұмысты ұйымдастыруда, информати-каны және басқа да мектеп пәндерін оқытуға арналған педагогикалық бағдарламалық құрал-дарды жасауда көрініс табады.
Оқу-тәрбиелік процестің тұтастық және бірлестік принципі - ең алдымен оқу және сыныптан тыс жұмыстың үйлесімді бірлесуін білдіреді. Оқушының жекеленген ерекшелігін ескере отырып педагогикалық үрдістің осы жақтарының ажырамауы - оның тиімділігін арттыруының басты шарты. Осындай байланыстардың мүмкіндіктері сыныптан тыс әрекеттердің мазмұнында объективті қарастырылған. Оқу-тәрбиелік процестің тұтастық және бірлестік принципі - дидактикалық принциптің ғылымилығын, оқыту мүмкіншілігі мен көрнекілігін, теория мен тәжірибенің байланысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл принцип оқу-тәрбиелік процестің жас дәрежесінің арасындағы сабақтастықты (бастауыш, орта және жоғарғы сыныптар), сонымен қатар, оқушылардың дайындығы мен алдыңғы даму деңгейін санауын талап етеді.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі - тікелей оқыту және тәрбиелеу мақсаттарынан туындайды, себебі тұлға ұжымда өзінің қасиеттерінің жан-жақты даму мүмкіндігін алады. Сыныптан тыс жұмыс әртүрлі ұжымдық қызметте тұрақты қатысуға арналған үлкен мүмкіндіктерді ашады, оны ұжымның қалыптасу заңдарын және оның жеткен даму деңгейін ескере отырып ұйымдастыру керек. Ұжымның даму деңгейі мұғалім жағынан оларға жетекшілік сипатын айқындайды. Ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оқушының өзіне-өзі дербестік беріледі, соғұрлым ұжымда оқушының өзін-өзі басқаруында айтарлықтай рөлі болады.
Тәрбиелеу үрдісінде өз әрекеттігін және белсенділігін дамыту принципі - сыныптан тыс жұмыс оқушылардан белсенділікті талап етеді және олардың дербестігін көрсету үшін жағдай жасайды. Олар өздеріне өз еркімен сабақты таңдайды, оны жоспарлауда, жоспарланғанды жүзеге асыру құралдарды және жолдарды анықтауға қатыса алады. Сондықтан осы әрекеттерді жүзеге асыру үшін бұл принцип үлкен мүмкіндіктерді ашады. Оқушылардың даму үрдісінің барлық сатыларында, белсенділік олардың табиғи үйлесімді қажеттілігі екенін естен шығармау керек. Сондықтан тәрбиелік жұмысты сол қажеттілікті қанағатандыру бағытында құру қажет. Оқушының барлық мүмкіндіктері қолданылса, тәрбие ойдағыдай бола алады. Оқушыларды өзіндік жұмыстарға дағдыландыру үшін сыныптан тыс сабақтардың мәні үлкен (стандартқа сай емес және қиын есептерді дербес шығару, мәліметті және баяндамаларды дайындау және оқу, шығармашылық жобаларды дайындау және т.б.). Егер сыныптан тыс тапсырманы ойластыруды және жүзеге асырылуы оқушылар жағынан болса, онда олар өздерін еркін дербес сезінеді. Осы жағдайда белгілі бір <<тәуекел>> деу бар, өйткені оқушылар осы істі жақсы меңгере алмауы да мүмкін. Сондықтан сақтық жасап, оларға әр уақытта көмекке келуге дайын болу қажет. Есесіне, ең басты ұтыс - оқушылар дербестілік мектебінен өтеді.
Жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеру принципі - сыныптан тыс жұмыста осы жасқа тән мүмкіндіктері мен күшіне байланысты құрылуы керек және әрбір оқушының алдағы дамуына ықпал ету керек.
Жастық шақ - кейде толқумен, күдікпен және көңіл толқуымен бірге жүретін моральді сенім мен дүниеге көзқарасты қарқынды қалыптасу шағы. Оқу бағдарламасының шегінен шығатын, жұмыстарға тырысу және қызығу, ғылыми-білім беру қоғамдары мен үйірмелердің ұйымдастырылуымен қанағаттандырылуы мүмкін. Бұл жаста өмір жолын таңдау туындайды, сондықтан оқушылардың сыныптан тыс әрекеті бойынша кәсіби бағытын белсенділендіру қажет.
Оқушылардың жастық ерекшеліктеріне қарамастан, кез келген жастық топта, компьютерлік ойынның элементі ретінде салмақты, үлкендердің әректтеріне ұқсату негізінде іс-әрекетті ұйымдастыру табысқа ие болады. Тәрбие жұмысында оқушылардың жастық қана емес, одан басқа жеке басыныңда ерекшеліктерін ескерген дұрыс: темпераментін, мінезін, қабілетін, қызығушылығын, дағдылары мен талғамдарын, сондықтан әрқайсысына жеке қарағанды талап етеді. Оқушылардың жастық және жеке ерекшеліктерін білу, олардың жанжақты дамуы үшін сыныптан тыс жұмыстарды тереңірек қолдануға мүмкіндік береді.
Жеке тұлғаны сыйлау және талап қою бірлігі принципі - сыныптан тыс жұмыс жасау үрдісінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынасты анықтайды және оқушылар-дың салмақты қасиеті көрініс табатын қызығушылықтарын айқындауға мүмкіндік береді. Оған сүйене отырып, ұстаз оқушылар тәртібінің қайта құрылуына және олардың қызығу-шылығының дамуына, үлгерімнің жақсаруына, тәртіпті болуына қол жеткізе алады.
Сыныптан тыс жұмыс процесі кезінде құрылатын қызығушылыққа байланысты ұжымда ұстаздың педагогикалық орны сабақ кезіндегіге қарағанда басқаша. Ол оқушылардың қызығушылығымен, ойларымен санасатын, олардың жеке даралығын құрметтейтін, тәжірибелі және білімді жолдас ретінде болады. Сонымен қатар, оқушылар орнатылған тәртіпке және жүріс-тұрыс ережелеріне бағынуы қажет, себебі қатынасу-қатынаспау және ісәрекеттерінің еркіндігі берекесіздікке әкелмеуі керек. Ұстаздың талап етуі оқушылардың жұмысын бақылауына әкеледі, олардың ісәрекетінің нәтижесін шығару қажеттілігін бол-жайды.
Сыныптан тыс жұмыс мектеп жұмысы алдында тұрған оқутәрбиелік есепті шешуге үлкен мүмкіндік береді, оқушыларда табандылық, жігерлік, ерік сияқты қасиеттерді тәр-биелейді. Сыныптан тыс жұмыс ұстаздың өзіне де үлкен пайда әкеледі. Сыныптан тыс жұмыста ұстаз бен оқушылардың арасындағы байланыстың рөлі өте зор, оны орнату үшін ұстазда нақты белгілі қасиеттері болуы керек. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру кезінде ұстаз үнемі шығармашылық ізденісте болуы тиіс, ол сыныпта туған ахуалға жауап беретін жаңа форма құруы керек. Ұстаздың шығармашылығы сыныптан тыс жұмыстың тиімділігі үшін қажетті шарт болып табылады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz