Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Компьютер құрылғысын оқыту әдістемесі

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
<<Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ
педагогикалық колледжі>> МКҚК

Бекітемін
Директордың оқу
жұмысы бойынша орынбасары
___________ А.Рахимжанова
______ ______ 20__ жыл

№ САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ

Оқытушы __Қамалиден А.С.
Пән Информатиканы оқыту әдістемесі
Мамандық 0111093 - информатика мұғалімі
Топ И-31 Күні _____________.
Сабақтың тақырыбы: Компьютер құрылғысын оқыту әдістемесі
Сабақтың негізгі сатыларына уақыттың мөлшерленуі
1. Ұйым-дастыру кезеңі
2.Тірек білімдерін қайталау
3. Жаңа материал-ды баяндау
4. Жаңа матери-алдарды бекіту
5. Білік-дағдыларды қалыптас-тыру
6. Үй тапсырмасы
7. Са-бақтың қорытындысын шығару
8. Бар-лығы
3
20
20
15
20
5
7
90

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту, аралас, қайталау, бақылау.
Сабақтың түрі: түсіндірмелі-демонстрациялау сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге информатика пәнінен өткізілетін факультативте және үйірме жқмыстарының жспарларын дарлау жайлы түсінік беру, сыныптан тыс жұмыстардың қолдану аясын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды жауапкершілікке, ақпараттық мәдениеттілікке үйрету. Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, әдептілікке, мақсатшылдыққа тәрбиелеу. Мұқият-тылыққа, өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу, жинақылыққа балу.
Пәнаралық байланыс педагогика, тарих
Материалдық-техникалық құралдар: интерактивті тақта, лабораториялық жұмыс нұсқасы, компьютер, қосымша материалдар, тест
Негізгі әдебиеттер
1. Информатика бойынша 30 сабақ. Жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарына арналған экспериментальдық оқулық. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б.-Алматы:2003
2. Turbo Pascal бағдарламалау тілі (зертханалық жұмыс). Оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2010.-208 бет.
3. Дербес компьютерде жұмыс істеу. Екі бөлімді оқу құралы Инчин А.С.- Алматы 2002
4. Дербес компьютердің компьютердің бағдарламалық жасақтамасы. Д. Ғабдуллаев., А. Медешов.Оқулық.- Астана: Фолиант, 2010.-176 б.
5. Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері (есептер жинағы). Ж. Ғұмаров. Оқу құралы - Астана: Фолиант, 2010.-200б.
6. Windows 98 операциялық жүйелер. Зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары сыныптарға арналған оқу құралы. Microsoft Excel 97- зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары сыныптарға арналған оқу құралы. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б.
Қосымша әдебиеттер
1. Turbo Pascal бағдарламалау тілі (зертханалық жұмыс). Оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2010.-208 бет.
2. <<Информатика негіздері>> ғылыми - әдістемелік журнал.
3. <<Информатика>>, Б.Қ. Сапаргалиева, Н.Е.Масалимова. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мктептің 9-сыныбына арналған оқулық. Астана: Арман-ПВ, 2013.- 208 бет.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

1. Ұйымдастыру кезеңі (студенттердің сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру) Студенттер түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық жүргізіледі.
2. Тірек білімін тексеру - сұрақ-жауап (топпен, жеке-дара, тапсырмаларды орындау, тесттер, кроссвордтар)
Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері арқылы студент білімі тексеріліп, өтілген материал тақырыбы өтілетін материалмен байланыстырылады.
3. Жаңа материалды баяндау
Жаңа материал анализ-синтез әдістері арқылы түсіндіріледі. Проблемалық жағдаят туғызу, шығармашылық тудыру арқылы оқушы қабілеті арттырылып, оқытушы тарапынан көмек көрсетіледі.
Қазіргі таңда компьютерлік технологияны пайдаланып оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық талаптарын анықтау орта мектептегі информатика пәнін оқыту мысалында қарастырылған. Алайда, информатика сабағында компьютерді пайдалану көкейтесті мәселе болса да қазіргі педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысаны ретінде аз қамтылған. Компьютерлік технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми теориялық негіздемесін Ж.А. Қараев ұсынған. Алайда, біріншіден, он жылдан астам уақыт бұрынғы компьютерлік технологияны педагогикалық бағдарламалық-ақпараттық мүмкіндіктері мүлдем өзгеше (төмен) болғандықтан; екіншіден, бұл жұмыста интернет желісі, электрондық оқулықтар мен виртуалды лабораториялар мүмкіндіктері қарастырылмағандықтан; үшіншіден, танымдық белсенділікті компьютерлік технологияны пайдалану арқылы арттырудың тұтастай дидактикалық шарттарының жиыны анықталмады. Егер оқушылардың танымдық іс-әрекетіне компьютерлік технология пайдаланылса, онда оқушылардың оқу мотивациясы мен белсенділігі артып, шығармашылық пен әрекет жасау дағдылары дамиды, сөйтіп білім сапасы артар еді, сонымен бірге оқу үрдісінде компьютерлік технологияны пайдалану - олардың қазіргі заман талабына сай жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасайды.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамға жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлігімен анықталады.
Білім беру үрдісі - ақпараттық қоғам жайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын үрдіс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналады. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игеруімен тығыз байланысты.
Компьютерді мектепте оқытуды практикаға енгізу әлеуметтік, экономикалық, теориялық және практикалық сипаттағы түйінді мәселелерге жол ашып отыр. Атап айтқанда, ғылыми-техникалық прогрестің тез өсу қарқыны жоғары деңгейлі мамандар даярлауда жаңаша оқыту әдістерінің қажеттігін алға қоюда. Бұл мәселелерді шешудің бірден-бір жолы - оқу үрдісін компьютерлендіру. Компьютерді оқу үрдісінде тиімді пайдалану үшін оны қолданудың әдістемелік жүйесін жасау керек.
Білім беруді ақпараттандыру мәселесінің ауқымы өте кең және көп салалы. Бұл мәселе төңірегінде кейінгі жылдары көптеген ғалымдар мен әдіскерлер зерттеу жұмыстарын жүргізіп, құнды-құнды еңбектер шығарды.
Компьютерлік оқытудың бір тұтас әдістемелік жүйесін жасау - оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.
4. Жаңа материалды бекіту
Жаңа материал сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітіледі.
1. Информатикадан фаукльтатив жұмыстарының түрлерін атаңыз?
2. Факультатив жұмыстар деген не?
3. Факультатив жұмыстары қандай мәселелерді шешуге бағытталған?
5.Білік-дағдыларын қалыптастыру (өзіндік жұмыс)
Өзіндік жұмыстарға тапсырма беріледі (ауызша, жазбаша түрде).
Студенттерге информатика сабағында компьютерлік құрылғылары үйрету жолдарын баяндау.
6. Үй тапсырмасы
Өтілген тақырып бойынша пікірлесуге дайындық, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, деректер келтіру. Компьютердің қосымша құрылғыларына презентация дайындау.
7. Сабақ қорытындысын шығару <<5>>___ <<4>>___ <<3>>____ <<2>>_____

Оқытушы А.Қамалиден _______________
(Ф.А.Ә.) қолы

Ұқсас жұмыстар
Компьютердің құрамына кіретін негізгі және қосалқы құрылғылар
Үстелдік компьютермен танысу
Информатиканы оқыту әдістемесі
Оқыту әдістемесі
Дк сәулетінің заманауи даму бағыттары. 6 cынып
Информатика – ғасыр талабы
Компьютер құрылғылары арқылы топқа біріктіру
Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың тиімділігі
Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару
Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда жаңа технологияларды пайдаланудың әдістемесі
Пәндер