Оқыту мақсаты

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
«Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ
педагогикалық колледжі» МКҚК
Бекітемін
Директордың оқу
жұмысы бойынша орынбасары
А. Рахимжанова
20__ жыл
№ САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ
Оқытушы __Қамалиден А. С.
Пән Информатиканы оқыту әдістемесі
Мамандық 0111093 - информатика мұғалімі
Топ И-31 Күні .
Сабақтың тақырыбы : Компьютерлік білім беру.
Сабақтың негізгі сатыларына уақыттың мөлшерленуі
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту, аралас, қайталау, бақылау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге информатика пәнінен өткізілетін сыныптас тыс жұмыстар жайлы түсінік беру, сыныптан тыс жұмыстардың қолдану аясын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды жауапкершілікке, ақпараттық мәдениеттілікке үйрету. Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, әдептілікке, мақсатшылдыққа тәрбиелеу. Мұқият-тылыққа, өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу, жинақылыққа балу.
Пәнаралық байланыс педагогика, тарих
Материалдық-техникалық құралдар: интерактивті тақта, лабораториялық жұмыс нұсқасы, компьютер, қосымша материалдар, тест
Негізгі әдебиеттер
- Информатика бойынша 30 сабақ. Жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарына арналған экспериментальдық оқулық. Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А. Б. -Алматы:2003
- Turbo Pascal бағдарламалау тілі (зертханалық жұмыс) . Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2010. -208 бет.
- Дербес компьютерде жұмыс істеу. Екі бөлімді оқу құралы Инчин А. С. -Алматы 2002
- Дербес компьютердің компьютердің бағдарламалық жасақтамасы. Д. Ғабдуллаев., А. Медешов. Оқулық. - Астана: Фолиант, 2010. -176 б.
- Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері (есептер жинағы) . Ж. Ғұмаров. Оқу құралы - Астана: Фолиант, 2010. -200б.
- Windows 98 операциялық жүйелер. Зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары сыныптарға арналған оқу құралы. Microsoft Excel 97- зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары сыныптарға арналған оқу құралы. Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А. Б.
Қосымша әдебиеттер
1. Turbo Pascal бағдарламалау тілі (зертханалық жұмыс) . Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2010. -208 бет.
2. «Информатика негіздері» ғылыми - әдістемелік журнал.
3. «Информатика», Б. Қ. Сапаргалиева, Н. Е. Масалимова. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мктептің 9-сыныбына арналған оқулық. Астана: Арман-ПВ, 2013. - 208 бет.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру кезеңі (студенттердің сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру) Студенттер түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық жүргізіледі.
2. Тірек білімін тексеру - сұрақ-жауап ( топпен , жеке-дара, тапсырмаларды орындау , тесттер, кроссвордтар )
Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері арқылы студент білімі тексеріліп, өтілген материал тақырыбы өтілетін материалмен байланыстырылады.
3. Жаңа материалды баяндау
Жаңа материал анализ-синтез әдістері арқылы түсіндіріледі. Проблемалық жағдаят туғызу, шығармашылық тудыру арқылы оқушы қабілеті арттырылып, оқытушы тарапынан көмек көрсетіледі.
4. Жаңа материалды бекіту
Жаңа материал сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітіледі.
5. Білік-дағдыларын қалыптастыру (өзіндік жұмыс)
Өзіндік жұмыстарға тапсырма беріледі (ауызша, жазбаша түрде ) .
Студенттерге информатика пәнінен сыныптан тыс жұмыс дайындап келу.
6. Үй тапсырмасы
Өтілген тақырып бойынша пікірлесуге дайындық, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, деректер келтіру.
7. Сабақ қорытындысын шығару «5»___ «4»___ «3» «2» _ ___ _
Оқытушы А Қамалиден
(Ф. А. Ә. ) қолы
ДӘРІС МАТЕРИАЛЫ
Белгілі ғалым А. А. Кузнецов информатиканы оқытудың төмендегідей әдістемелік жүйесін ұсынды:
1. Оқыту мақсаты;
2. Оқыту мазмұны;
3. Оқыту әдістері;
4. Оқытуда пайдаланылатын техникалық құралдар мен көрнекі құралдар;
5. Оқытудың ұйымдастырушылық формасы.
А. А. Кузнецовтың пікірінше, информатика курсының түпкі мақсаты-оқушыларда компьютерлік сауаттылықты, яғни оқушының информатика пәнінен алған білімін, дағдысы мен біліктілігін оқу үрдісінің барлық салаларындда қолдануымен қатар кәсіби мамандыққа баулу қызметтерінде де ЭЕМ-ды пайдалану мүмкіндіктерін қалыптастыру болып табылады.
Оның пікірінше, информатика курсының нгізгі мазмұны бір-бірімен тығыз байланыстағы теориялық және практикалық бөлімдерден тұруы қажет.
Курстың теориялық бөлімі оқушыларда алгоритмдік мәдениеттіліктің қалыптасуына, яғни есептерді талдау дағдысы, орындау алгоритмі, алгоритм құрылымы, шама түрлері және т. б. ұғымдармен танысуға бағытталған болса, ал курстың практикалық бөлімі дайын программалар пакетімен жұмыс жасауға және нақтылы бір программалау тілдерінде (Бейсик, Паскаль және т. б. ) программа жазу дағдысын қалыптастыруға бағытталғаны жөн.
Бұл аталған тұжырымдамада информатика пәнінің даму болашағы бірнеше кезеңдерге бөлінген:
1-кезең (1985-1990жж. ) . Оқушыларда компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру. Бұл кезең 9-10 сыныптарда факультативтік сабақтарда және оқу-өндірістік комбинаттарында пәнді оқыту арқылы жүзеге асырылады.
2-кезең (1990-1995жж. ) . Толық емес орта мектептердің 5-7 сыныптарына пәнді оқытуды көшірумен байланыстырылады. Информатиканы төмеңгі сыныпқа көшірудегі қажетті шарт, ол мектептерді жаппай компьютерлік техникамен және сәйкес программалар пакетімен қамсыздандыруға байланысты болды.
Жоғарғы сыныптарда(10-11) оқыту белгілі бір бағдарланған бағытта (физика-математика, химия-биология және т. б. ) жүретін болғандықтан бұл сатыда оқушылардың таңдап алуына тереңдетілген курстарды өткізу қажет болды. Атап айтқанда, «ИЕТН» пәнінен ұйымдастырылған тереңдетілген курстардан оқушы программалаушы (белгілі бір дәрежедегі) кепілдемесімен, «Информатика және экономика элементтері» курсынан экономика жөнінде білім алуы тиіс. Оқытудың осы сатысында тереңдетіліп оқытылатын математика және физика курстары да информатикамен тығыз байланыстырылуы қажет.
3-кезең (1995-2007жж. ) . Бұл кезең жаңа ақпараттық технологияны пайдаланумен байланысты. Мұнда жай оқыту әдістемесін өзгертумен емес, бүкіл оқу үрдісін түбегейлі қайта құрумен сипатталады. Сонымен бірге, оқытудың әдістемелік жүйесіне елеулі өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, оқулық пен қосымша оқу құралдарыың және т. б. өзара үлестік қатынасы мәселесін маңызды етіп алды.
А. А. Кузнецовтың жасаған тұжырымдамасында төмендегідей мәселелер:
1. Пәнді орта буыннан бастап оқыту;
2. Пәнді тереңдетіп оқыту;
3. Пәнді экономика, математика, физика және т. б. басқа пәндермен байланыстырып оқыту;
4. Оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны пайдалану тиімділігін анықтай отырып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды түбегейлі қайта құру және т. б. сипатталады.
Бірақ, тұжырымдаманың мазмұнына үңіліп қарайтын болсақ, онда білім беруді ізгілендіру мен демократияландыруда, саралауда информатика курсын оқытудың мазмұнын, құрылымын және әдістерін қайта құру мәселесі қарастырылмаған.
М. П. Лапчик тұжырымдамасында информатика пәнін оқытудың құрылымы мен болашақ осы курстың мұғалімдерін жоғары оқу орындарында даярлаудың үлгілері келтірілген.
Бұл тұжырымдама бойынша мектепте «ИЕТН» пәнін оқытудың құрылымы төмендегі көрсетілген кезеңдерден тұрады:
1-кезең . 1-4 сынып оқушыларына информатика курсының алғашқы мағлұматтарын үйрету. Мұнда компьютерлік техникамен жұмыс жасаудың алғашқы мағлұматтары, ЭЕМ-ның көмегімен нысандарды басқару мен бейнелеуді ойын түрінде үйрету, математика, тіл, бейнелеу және т. б. пәндермен байланыстыра отырып, қарастырылады.
2-кезең . Негізгі мектептің 5-9 сыныптарында информатика пәнін оқыту. Бұл кезеңнің 5-6 сыныптарында компьютерлік техниканы оқу құралы ретінде қарастыра отырып, атқарушылармен - Роботпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. 7-9 сыныптарда программалау элементтері курсы жүргізілді. Мұнда информатика курсының қоғамдағы әлеуметтік аспектілері: ақпараттарды мемлекеттің қызметтеріне сәйкестендіріп, түрлендіру, компьютерге құқық бұзушылар тізімін енгізу және т. б. Осы кезенде информатика курсын оқытудың негізгі міндеті - бұл компьютерлік техниканы барлық пәндердің оқытылуына пайдалана отырып, оқушылардың білімін жүйелеу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz