Информатиканы оқытуды ұйымдастыру

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы

«Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ

педагогикалық колледжі» МКҚК

Бекітемін

Директордың оқу

жұмысының орынбасары

А. Рахимжанова

20__ жыл

САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ

Оқытушы: Қамалиден А. С.

Пәні: Білім алушының таңдау пәні: Информатиканы оқыту әдістемесі

Мамандық: 0111093 - информатика мұғалімі

Топ: Күні .

Сабақтың тақырыбы: Сабақ жоспары, дидактикалық материалдарды әзірлеу

Сабақтың негізгі сатыларына уақыттың мөлшерленуі

1. Ұйым-дастыру кезеңі
2. Тірек білімдерін қайталау
3. Жаңа материал-ды баяндау
4. Жаңа матери-алдарды бекіту
5. Білік-дағдыларды қалыптас-тыру
6. Үй тапсырмасы
7. Са-бақтың қорытындысын шығару
8. Бар-лығы
1. Ұйым-дастыру кезеңі: 3
2. Тірек білімдерін қайталау: 20
3. Жаңа материал-ды баяндау: 20
4. Жаңа матери-алдарды бекіту: 15
5. Білік-дағдыларды қалыптас-тыру: 20
6. Үй тапсырмасы: 5
7. Са-бақтың қорытындысын шығару: 7
8. Бар-лығы: 90

Сабақтың типі: жаңа сабақ меңгеру, аралас, қайталау, бақылау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мектептегі информатика кабинетінің жабдықталуына қойылатын талаптармен, информатика курсын оқыту құралдарының жүйесімен таныстыру.

Дамытушылық: Жауапкершілікке, ақпараттық мәдениеттілікке, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге үйрету
Тәрбиелік: Әр нәрсенің мағынасын, негізін түсінуге тырысуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: тарих
Материалдық-техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, оқулық

Негізгі әдебиеттер:

1. Информатика бойынша 30 сабақ. Жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарына арналған экспериментальдық оқулық. Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А. Б. -Алматы:2003
2. Дербес компьютерде жұмыс істеу. Екі бөлімді оқу құралы Инчин А. С. - Алматы 2002
3. Windows 98 операциялық жүйелер. Зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары сыныптарға арналған оқу құралы. Microsoft Excel 97- зертханалық пркатикум. Орта мектептерде жоғары сыныптарға арналған оқу құралы. Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А. Б.
4. Windows Word. Зертханалық жұмыс. Оқу құралы -Алматы, Білім 2000

Қосымша әдебиеттер:

1. Сименович В. Б. и др. Информатика. Базавой курс / - СПб: Пит 2001-640с: ил.
2. Стив Джонсон; пер. с англ. М. А. Голубева - М. Microsoft Office 2007 /: HT Пресс, 2009
3. Алексеев А. П. информатика 2002г. - издательство Солон, 2002
4. Соловьева Л. Ф. Информатика в видеосюжетах + CD. -Издательство БХВ-Петербург, 2002.
5. Праффенберген Б. Эффективная работа Microsoft internet Explorer 4. 0. Санкт-Петербург, 1998, 416с.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

1. Ұйымдастыру кезеңі (студенттердің сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру) Студенттер түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық жүргізіледі.

2. Тірек білімін тексеру - сұрақ-жауап (топпен, жеке-дара , тапсырмаларды орындау , тесттер , кроссвордтар)

Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері арқылы студент білімі тексеріліп, өтілген материал тақырыбы өтілетін материалмен байланыстырылады.

3. Жаңа материалды баяндау

Жаңа материал анализ-синтез әдістері арқылы түсіндіріледі. Проблемалық жағдаят туғызу, шығармашылық тудыру арқылы оқушы қабілеті арттырылып, оқытушы тарапынан көмек көрсетіледі.

4. Жаңа материалды бекіту(семинар сабақ)

Жаңа материал сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітіледі.

  1. Чех халқының аса үздік педагогы Я. А. Коменский қандай түсініктер енгізді?
  2. Информатика сабағын ұйымдастырудың қандай түрлері бар?
  3. Сабақ және оның құрылымы дегеніміз не?
  4. Сабақ жоспарын құруға қандай нұсқаулар бар?
  5. Информатикадан сынақ сабақтарын ұйымдастыру және өткізудің қандай әдіс-тәсілдері бар?
  6. Оқу сабағының түрлеріне талдау жаса.
  7. Информатика сабағын ұйымдастырудың түрлерін айт.
  8. Информатика сабағын талдау туралы не білесің?

5. Білік-дағдыларын қалыптастыру (өзіндік жұмыс)

Өзіндік жұмыстарға тапсырма беріледі ( ауызша , жазбаша түрде ) .

6. Үй тапсырмасы

Өтілген тақырып бойынша пікірлесуге дайындық, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, деректер келтіру.

7. Сабақ қорытындысын шығару «5»___ «4»___ «3» «2» _ ___ _

Оқытушы Қамалиден А. С.

(Ф. А. Ә. ) қолы

ДӘРІС МАТЕРИАЛЫ

Мақсаты: Информатикадан оқыту жұмысын ұйымдастыру, оқу сабағының түрлерін талдау, информатика сабағын ұйымдастырудың түрлері

Сабақ -информатикадан оқыту жұмысына ұйымдастырудың негізгі түрі.

Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып қалыптасады. Мектептегі сабақ класс-сабақ жүйесінің негізін қалайды. Оның мынадай негізгі сипаттары бар:

1) оқу топтарының құрамы;

2) әр кластағы оқыту мазмұнын қатаң анықтау;

3) оқу сабақтарының нақты белгіленген кестесі;

4) оқушылар жұмыстарының жекелей және бірлескен түрлерін ұштастыру;

5) мұғалімнің жетекші ролі;

6) оқушылар білімін жүйелі тексеру және бағалау.

Чех халқының аса үздік педагогы Я. А. Коменскийден бастау алған класс-сабақ жүйесі бүгінгі күнге дейін мектепті құрылымдық ұйымдастырудың негізі болып келеді. Өзінің тарихында оқыту үрдісін ұйымдастыру түрлері әлемдік тәжірибеде өзгеріссіз қалған жоқ ХІХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі дәуірге дейін шетелдік тәсiлдер жинақталды. Солардың ішінде белльланкастерлiк түpi, мангейм жүйесi, дальтон жоспары, Трамп жоспары сияқты түрлерi бар. Ал, информатика негiздерiн оқыту дидактиканың қалыптаскан бай тәжiрибелерiн пайдаланады, әрі мазмұнын өзінің ерекшелiктерiмен толықтыра түседi.

Дидактикада сабақ типтерiн жүйелеуде әртүрлi айырым белгiлерi пайдаланылады. Сабақтың ең басты белrici - оның дидактикалық мақсаты. Ал, дидактикалық мақсат-оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Cоған сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлерi бар:

l) жаңа сабақ (ты хабарлар айту, түciндipy сабағы) ;

2) оқушылардың шеберлiктерiн және дағдыларын дамыту, бекiту сабағы (жаттығу сабағы) ;

3) оқушылардың бiлiмiн шеберлiriн және дағдыларын тексеру сабағы. Көптеген жағдайларда мұғалiм осы аталған дидактикалық мақсаттардың бiреуiн ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бiрнешеуiне немесе барлығына тұтастай сүйенедi. Сол себептi тәжiрибе жүзiнде аралас сабақ түpi кеңiнен қолданылады. Аралас сабақтың құрамы әртүрлi болып келедi және оның бiрқатар артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерiн араластыра қолдану жаңа бiлімді сапалы, әрi жылдам қабылдауды, кері байланысты және пeдагогикалық үрдістi басқаруды, бағаларды көбейтудi, (шығаруды жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз етедi. Дегeнмен, информатикадан өтілетін сабaқтардың өздік дидактикалық ерекшелiктерi бар. Егер информатика курсы орта мектепке міндеттi пән ретiнде енгiзiлгеннен бәрi қалыптасқан тәжiрибелерге тоқталатын болса М. П. Лапчик информатика курсы бойынша өтiлетiн сабақтарды ЭЕМ-дi қолдану мөлшерiне қарай үш түрге бөледi демонстрация, фронтальды лабораториялық жұмыс және практикум: Осы уақытқа дейiнгi қалыптасқан тәжiрибелер информатикадан оқу сабақтарын дидактикалық функциясы бойынша топтауға мүмкіндiк бередi.

Информатиканы оқытуды ұйымдастыру.

Информатика сабағын ұйымдастырудың түрлері.

Компьютердегi оқу үрдісi төмендегiдей үш аспектiнi қамтиды:

1) оқушының оқу танымдық iс-әрекетiн басқару;

2) оқушының информациялық үрдістердi басқаруы;

  1. оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту.

Аталған аспектілерге сәйкес:

  1. оқу танымдық үрдістi ұйымдастырудың түрлерi: класс-сабақ жүйесi және т. б.
  2. оқытуды ұйымдастыру түрі: дербес, фронтальды, коллективтiк топтық;
  3. тәрбие жұмысын ұйымдастыру түрі болып бөлiнедi.

Сабақ және оның құрылымы.

Сабақ жоспарын құрған кезде төмендегі элементтерді қамту керек:

  • Жаңа тақырыпты оқып білуге дайындық жатығуларының жүйесі;
  • Жаңа материалды, тарихи мәліметтерді немесе проблемалық жағдайларды қолдану арқылы түсіндіру;
  • Сабақтың кез-келген сатысындағы рөлдік оқу ойыны;
  • Үйге тапсырма және оған нұсқау беру;
  • Сабаққа дайындалғанда қолдануға болатын әдебиеттердің тізімін құру.

Сабақ жоспарын құруға негізгі нұсқаулар.

  1. Сабақ тақырыбы.
  2. Сабақтың мақсаты (білімдік, тәрбиелік, дамытушылық, практикалық) .
  3. Сабақты өтүге қолданылатын құрал жабдықтар (ОТҚ, көрнекі құралдар, ПЖ, ПҚ, гипертекст, мультимедия, оқу киносы) .
  4. Сабақты жүргізу жоспары, сабақты жүргізуде қолданылатын формалар мен әдістердің қолданылу реті және сабақтың әр кезеңіне қажетті уақыт мөлшері.
  5. Сабақты жүргізудің толық жазбасы, оның мазмұнында мыналар қамтылу керек:
  1. Үй жұмысын тексеру ісі қалай жүргізіледі;

б) Кімге қандай сұрақ қойылады;

в) Сыныппен қандай жалпылама жұмыс өткізіледі;

г) Жаңа материал қандай әдіспен жеткізіледі:

  • қандай енгізу жасалынады;
  • оқытушының өзімен не мазмұндалады, оқушылар не орындау керек;
  • оқытушымен қойылатын сұрақтар және оған берілетін жауаптар;
  • қандай көрнекі оқу құралдары қолданылады, олар қашан және қалай көрсетіледі;
  • қандай қорытындылар шығарылады, жұмыстың нәтижесінде оқушыларға не білу керек.

д) Сабақтағы өткен материалды бекіту қалай өткізіледі, оқушылардың жаңа материялдарды түсіну қалай көрсетіледі және оның бұрын өткен материалмен байланысы;

ж) Егер өздік жұмыс өткізілсе, онда оның мазмұны қандай, оны өткізуге қандай талаптар қойылады, тексеру қалай өткізіледі;

з) Үй жұмысы қандай және ол қашан беріледі, оған қандай анықтамалар беріледі;

е) Сабақтың қорытындысын шығару.

  1. Егер курс машинасыз болса, онда конспектіге “тақта түрі” қосылады, яғни дәптерге тақтадағы барлық жазулардың мазмұны мен тұрған жері, қашан және қалай жазылу керек деген нұсқаумен сабақты өткізеді.
  2. Егер курс машиналық болса, онда тақтада не берілетінің және дисплей экранында не қарастырылатының көрсету.

Мұғалім басқа оқытушылардың тәрбие жұмыстарымен танысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің қолданып жүрген әдістерімен салыстырып, өзіне тиімді қортынды жасау үшін озат тәжірибелі мұғалімдердің сабағына қатысады.

Информатика сабағына қатысудың өз алдына қойған мақсаты бар:

Білімділік: мұғалімнің іс-әрекеті зерттеу арқылы сабақ өткізудің педагогикалық технологиясының әмбебап элементтерін меңгеру. Оқушылармен, сыныптық дайындық деңгейімен танысу. Таратпа материалдарды, оқулықты, оқулықтың құрал-жабдықтары мен курстың бағдарла-масын қолдана отырып, әрбір оқушыға информатика негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушылар осы білімді, мектепте оқылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге, информатиканы оқытудың ерекшеліктерін игерудегі сыныптың негізгі ерекшеліктерімен танысу.

Дамытушылық: мұғалімнің педагогикалық іскерлік пен дағдыны талдау жасай білуін қалыптастыру. Информатиканы оқытуда дидактикалық принциптерді қолдануды меңгеру. Басқа пәндердің оқыту әдістемелерін салыстыру және оны өз сабағында пайдалана білуге үйрету. Өз біліміңді бір пәнді оқыту әдістемесінен екіншісіне ауыстыра білу. Нақты бір мұғалімнің педаго-гикалық әдістері мен тәсілдерін шығармашылықпен қабылдай отырып, оны жете түсініп, бағалау-ға үйрену.

Тәрбиелік: информатиканы оқытуға және мұғалімнің жеке тұлғасының даралығына қызығу .

Информатикадан сынақ сабақтарын ұйымдастыру және өткізудің әдіс-тәсілдері.

Оқушылардың білімін бағалау - оқу үрдісінің негізгі элементі болып табылады. Информатика пәнінің мұғалімі сынақ сабағын жүргізу кезінде қандай проблемаларға кездеседі, мысалы Word текстік редакторын өту кезінде.

Біріншіден, теориялық білімді тексеру керек: терминдерді, анықтама беру және т. б., мысалы: абзац, редакциялау, форматтау. Сол уақытта текстік редакторда кейбір іс-әрекеттерді орындата отырып практикалық тұрғыдағы біліктілік деңгейін тексеру қажет. Қарап отырғанымыздай жазба жұмысын және практикалық жұмысты косарласа өткізуіміз керек. Бұлардың барлығын бір сабақтың ішінде қалай үлгеруге болады? Бұл проблемены шешу мақсатында бір теория немесе практика түрінде дейтін болсақ онда қателескеніміз.

Екіншіден білімді бағалаудың проблемасы: кеңес беру және көшірту. Сондықтан білім-біліктіліктің дәстүрлі жазбаша және практикалық түрлерін тексеруде ойлануға тура келеді.

Үшіншіден, практикалық жұмысты ұйымдастырудың проблемасы. Жасыратыны жоқ, оқушылардың компьютерде жұмыс жасау жылдамдықтары әртүрлі, онымен қоса компьютерде үздіксіз жұмыс істеу санитарлық нормалармен шектеулі.

Бұл проблемаларды шешу үшін оқушыларды жеке-жеке теориялық та және практикалық та тапсырмаларды орындайтындай етіп ұйымдастыру керек. Оны қалай істеуге болады? Негізінен информатика кабинетінде компьютерлер кабинет периметріне қарай орналасады, ал ортаңғы бөлігінде парталар бар. Сондықтан негізгі жұмысты жүргізу кезінде оқушылар не партада, не компьютер алдында отырады. Әрине компьютерлер саны көп жағдайда жетіспейді. Оқушыларды екі топқа бөлеміз. Нәтижесінде әр топтан 6-7 оқушы аламыз, оларды бір-бірлеп партаға және компьютерге отырғыза бастаймыз. Сабақ уақытысын екі бөлікке, практикалық және теориялыққа бөлеміз. Осымен бірге түрлі типтегі тапсырмалармен қамтамасыз етеміз.

Нәтижесінде сабақтың бірінші бөлігінде бірінші топ теориялық тапсырманы орындайды, ал екінші топ практикалық тапсырманы орындайды. Сабақтың екінші бөлігінде топтар өзара орындарымен ауысады. Осы сияқты мұғалім оқушының жеке жұмыс істеуін ұйымдастырады, онымен қоса теорияны және практиканы тексереді.

Сабақтың құрылымына түсініктеме:

  • Ұйымдастыру кезеңі уақытысында нақты сұрақтарға ғана қысқа түрде жауап береміз.
  • Жұмысты бұрынырақ орындаған оқушылармен не істеуге болады? Біріншіден бұл оқушы компьютерде отырған оқушы болса жақсы, сондай-ақ оған екінші бөлімнің тапсырмасын беруге болады. Ол үшін бірінші топқа компьютерде жылдам жұмыс істеген оқушылар таңдалып алынады. Бұл жағдайда оқушылар іс-әрекеттерінің ауысуы тапсырмаларды орындауларына қарай болады. Сабақтың соңына дейін орындаған оқушыларға мүмкіндігінше қосымша тапсырмалар даярлау керек (тест, кроссворд және т. б. ), жұмысты табысты аяқтағандарды көтермелеуге болады.

3. Жұмысты қалай тексеруге болады? Практикалық бөлім бір-бірлерімен байланысты бөлек тапсырмалардан тұруы мүмкін. Бірінші жағдайда оқушы бір тапсырманы орыдайды да бірден мұғалімге көрсетеді. Екінші жағдайда оқушы барлық практикалық тапсырмаларды орындап алып, онан соң нәтижені мұғалімге көрсетеді. Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын тексеріп, нәтижені жазып қояды. Егер уақыт болып жатса оқушы жіберілген қатені түзетіп, өзінің жұмысын тағы да мұғалімге көрсетуіне болады. Теориялық бөлімді сабақта тексермейміз.

Сабаққа дайындық.

Расында да, тапсырмалардың дайындалу жүйесі сабақтың жетістіктеріне байланысты үлкен рөл атқарады. Тапсырманы қалай таңдауға және оларды нұсқаларға бөлуге болады? Нақты тақырып өтілген болғаннан кейінгі тексерілетін теориялық сұрақтар мен практикалық кезеңдерді ерекшелеп аламыз. Мысалы текстік редактормен жұмыс істеу принциптері меңгерілгеннен кейін оқушылар мына нәрселерді білулері тиіс:

  1. файлдармен жұмыс істеуді (ашуды, әр түрлі форматтарда сақтауды) ;
  2. мәтінді түзетуді, редакциялауды (теруді, болкпен жұмыс жасауды, қателерді іздеу және ауыстыруды) ;
  3. мәтінді форматтауды (қаріп, абзац, бет) ;
  4. кестемен жұмыс жасауды;
  5. әр түрлі объектілерді кірістіруді.

Бес тақырып алынды. Бірінші нұсқа үшін әр тақырыптан нақты ептілікті тексеретін тапсырма дайындаймыз. Мысалы:

  1. екі файлды ашу керек: C:\DOC\1. doc және C:\DOC\2. doc;
  2. екінші файлдағы мәліметтің жартысын біріншісіне көшіру керек;
  3. ортасына қарай түзету керек, қаріп KZ Times New Roman;
  4. 3*2 кестесін қосу керек;
  5. фигуралық мәтінді қолдана отырып тақырыпты құру қажет.

Ұқсас жұмыстар
Мектепте информатиканы оқытуда білім берудің мақсаты
Негізгі буындағы информатика курсының мазмұны
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты
Информатика пәнінің берілуі
Әдістемелік оқу құралы
Информатика сабағын ұйымдастырудың түрлері
Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы информатиканы оқыту
Ғылыми жоба жарысы
Критериалды бағалаудың қағидаттары
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz