Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ғылыми жоба жарысы

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
<<Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ
педагогикалық колледжі>> МКҚК

Бекітемін
Директордың оқу
жұмысы бойынша орынбасары
______________ А.Рахимжанова
______ ______ 20__ жыл

№ САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ

Оқытушы __Қамалиден А.С.
Пән Информатиканы оқыту әдістемесі
Мамандық 0111093 - информатика мұғалімі
Топ И-31 Күні _____________.
Сабақтың тақырыбы: Факультатив және үйірме жұмыстарының жоспарларын даярлау, сыныптан тыс жұмыс түрлерін жоспарлау.
Сабақтың негізгі сатыларына уақыттың мөлшерленуі
1. Ұйым-дастыру кезеңі
2.Тірек білімдерін қайталау
3. Жаңа материал-ды баяндау
4. Жаңа матери-алдарды бекіту
5. Білік-дағдыларды қалыптас-тыру
6. Үй тапсырмасы
7. Са-бақтың қорытындысын шығару
8. Бар-лығы
3
20
20
15
20
5
7
90

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту, аралас, қайталау, бақылау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге информатика пәнінен өткізілетін факультативте және үйірме жқмыстарының жспарларын дарлау жайлы түсінік беру, сыныптан тыс жұмыстардың қолдану аясын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды жауапкершілікке, ақпараттық мәдениеттілікке үйрету. Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, әдептілікке, мақсатшылдыққа тәрбиелеу. Мұқият-тылыққа, өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу, жинақылыққа балу.
Пәнаралық байланыс педагогика, тарих
Материалдық-техникалық құралдар: интерактивті тақта, лабораториялық жұмыс нұсқасы, компьютер, қосымша материалдар, тест
Негізгі әдебиеттер
1. Информатика бойынша 30 сабақ. Жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарына арналған экспериментальдық оқулық. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б.-Алматы:2003
2. Turbo Pascal бағдарламалау тілі (зертханалық жұмыс). Оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2010.-208 бет.
3. Дербес компьютерде жұмыс істеу. Екі бөлімді оқу құралы Инчин А.С.- Алматы 2002
4. Дербес компьютердің компьютердің бағдарламалық жасақтамасы. Д. Ғабдуллаев., А. Медешов.Оқулық.- Астана: Фолиант, 2010.-176 б.
5. Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері (есептер жинағы). Ж. Ғұмаров. Оқу құралы - Астана: Фолиант, 2010.-200б.
6. Windows 98 операциялық жүйелер. Зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары сыныптарға арналған оқу құралы. Microsoft Excel 97- зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары сыныптарға арналған оқу құралы. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б.
Қосымша әдебиеттер
1. Turbo Pascal бағдарламалау тілі (зертханалық жұмыс). Оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2010.-208 бет.
2. <<Информатика негіздері>> ғылыми - әдістемелік журнал.
3. <<Информатика>>, Б.Қ. Сапаргалиева, Н.Е.Масалимова. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мктептің 9-сыныбына арналған оқулық. Астана: Арман-ПВ, 2013.- 208 бет.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

1. Ұйымдастыру кезеңі (студенттердің сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру) Студенттер түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық жүргізіледі.
2. Тірек білімін тексеру - сұрақ-жауап (топпен, жеке-дара, тапсырмаларды орындау, тесттер, кроссвордтар)
Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері арқылы студент білімі тексеріліп, өтілген материал тақырыбы өтілетін материалмен байланыстырылады.
3. Жаңа материалды баяндау
Жаңа материал анализ-синтез әдістері арқылы түсіндіріледі. Проблемалық жағдаят туғызу, шығармашылық тудыру арқылы оқушы қабілеті арттырылып, оқытушы тарапынан көмек көрсетіледі.
4. Жаңа материалды бекіту
Жаңа материал сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітіледі.
1. Информатикадан фаукльтатив жұмыстарының түрлерін атаңыз?
2. Факультатив жұмыстар деген не?
3. Факультатив жұмыстары қандай мәселелерді шешуге бағытталған?
5.Білік-дағдыларын қалыптастыру (өзіндік жұмыс)
Өзіндік жұмыстарға тапсырма беріледі (ауызша, жазбаша түрде).
Студенттерге информатика пәнінен сыныптан тыс жұмыс дайындап келу.
6. Үй тапсырмасы
Өтілген тақырып бойынша пікірлесуге дайындық, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, деректер келтіру.
7. Сабақ қорытындысын шығару <<5>>___ <<4>>___ <<3>>____ <<2>>_____

Оқытушы А Қамалиден _______________
(Ф.А.Ә.) қолы

Дәріс материалы

Информатиканы оқытуда тек дәстүрлі оқыту түрлерін ғана қоймай, сонымен бірге қосымша оқыту түрлерінде қолдансақ, онда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артып, тереңірек білім алуға септігін тигізеді. Информатиканы қосымша оқыту түрлеріне экскурсия, үйірме, факультативтік курс, олимпиада, апталықтар, оқушылардың ғылыми жоба жарысы және т.б. жатады. Енді әрқайсысына жеке тоқталайық. Экскурсия информатика сала бойынша оқушының танымын кеңейтіп, теориялық біліммен оның практикалық қолданылуларының арасындағы байланысты көруге және бақылау жүргіуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ, кәсіптік бағдары мен политехникалық оқытуды қамтитын, пәнаралық байланысты жүзеге асыратын оқытуды ұйымдастыру түрі болып табылады. Экскурсия барысында ең бірінші бақылауға алынар дәйек бұл жұмыс кезінде компьютерді қолданатын адамдардың практикалық жұмысы: 1)Ұйымда ЭЕМ-нің қандай түрі қолданылады және оның техникалық мінездемесі. 2)Ақпараттың қандай түр-лері өңделуде және қандай жүйе қолданылады (тағы басқа сондай сұрақтар қойылады). Экскурсия қорытындысы болып нәтижені ұжым ортасында талқылау және сұрақтарға жауап беру, салыстырмалы талдау жасау болып табылады. Үйірме әртүрлі мағынадағы мазмұнмен жұмыс істегенде тиімді жеке форма болып табылады. Жоғарғы сынып оқушыларына мектепке арналған мәліметтер қоры бар жобаны ұсынуға болады. Сыныптан тыс жұмыстың ең тиімді де әсершіл түрлерінің бірі. Оның негізінде еріктілік принципі жатыр. Үйірме жұмыстарының түрлері: Сөзжұмбақтар құру, сайыстар, белгілі адамдармен кездесулер, клубтық қызметтер, клубтық іс-әрекет, іскерлік ойындар, сынып сағаты, ауызша журнал, мектептегі баспа және көрмелер.
Факультативтік курстар информатика саласындағы білімді терең сіңіріп қабылдау, педагог маманның оқушыларымен қосымша жұмыс жасауға бағытталған. Информатикадан факультативтік сабақтарды өткізудің мүмкін болатын түрлерінің бірі әрбір сабақты екі бөлімге бөлу болып табылады. Бірінші бөлім жаңа материалды оқу мен теориялық және практикалық сипаттағы тапсырмалар бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыстарына арналады. Сабақтың бұл бөлімі аяқталған соң оқушыларға теория мен оның қосымшаларын оқу бойынша үй тапсырмасы беріледі. Әрбір сабақтың екінші бөлімі жоғары қиындықты есептерді шешуге және ерекше қиын немесе қызықты есептерді шешу жолдарын талқылауға арналған. Информатикадан факультативтік сабақтар негізінен 8-сыныптан басталып жүргізіледі. Олимпиада мақсаты информатика саласындағы дарынды, білімі дамыған оқушыларды табу. Ең дарынды оқушыларды анықтау, олардың бойында алға қойылған мақсатқа жетудегі табандылықты, өз бетімен жұмыс істеу әдетін қалыптастыру мақсатындағы сыныптан тыс жұмыс түрі. Оқушыларды білім жағынан өсуге ынталандыратын, олардың бойында информатикаға қызығу-шылықты, табандылықты тәрбиелейтін жарыс. Пәндік апталықтар, онкүндіктер пәнге деген қызығушылықпен пәнаралық байланысты жүзеге асырады. Информатика апталығына мұғалімдермен бірге оқушылар газет шығаруға көмектеседі және түрлі іс-шараларға қатысады. Ғылыми жоба жарысы. Қазіргі уақытта оқушылардың ғылыми жоба жарысына орта мектепте ерекше мән береді. <<Дарын>> орталығы ұйымдастыратын оқушылардың ғылыми жоба жарысы бірнеше бағыт және секциялар бойынша өткізіледі. Бұл оқушылардың ғылыми жоба жарысына орта мектеп жоғары оқу орындарының оқытушыларымен тікелей байланыс жасап, бірлесіп жұмыс істейді. Оқушылардың олимпиадағы нәтижесі және ғылыми жоба жарысына қатысуы информатика пән мұғалімдердің және мектептің жетістігі болып саналады.

Ұқсас жұмыстар
Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырының зерттелуі
Жас эрудит байқауның ІІІ орын иегері
Биология пәнінен дарынды оқушыларды оқытудың әдістері мен әдістемесі
Оқушыларды ғылыми жобаларға, олимпиадаларға, сайыстарға дайындау жүйесі
Конференцияның мақсаты
ФИЗИКА МЕН ӘДЕБИЕТТІҢ ТАҢҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ
Жұмыстарын қорғайтын оқушылар
Мұсылман құқығының бөлінген мемлекеттері
Бастауыш сынып оқушыларын ғылымға баулу
Жобалау іс-әрекетінің оқушы құзіреттілігін қалыптастырудағы тиімділігі
Пәндер