Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жаңа материалды бекіту

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
<<Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ
педагогикалық колледжі>> МКҚК

Бекітемін
Директордың оқу
жұмысы бойынша орынбасары
______________ А.Рахимжанова
____ ________ 20__ жыл

№ САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ

Оқытушы Қамалиден Айгерім Сағындыққызы
Пән: Информатиканы оқыту әдістемесі
Мамандық: 0111093 - информатика мұғалімі
Топ: И -41 Күні ______________
Сабақтың тақырыбы: 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесінің бағыттары
Сабақтың негізгі сатыларына уақыттың мөлшерленуі
1. Ұйым-дастыру кезеңі
2.Тірек білімдерін қайталау
3. Жаңа материал-ды баяндау
4. Жаңа матери-алдарды бекіту
5. Білік-дағдыларды қалыптас-тыру
6. Үй тапсырмасы
7. Са-бақтың қорытындысын шығару
8. Бар-лығы
3
20
20
15
20
5
7
90

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту, аралас, қайталау, бақылау.
Сабақтың түрі: түсіндірмелі-баяндау сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, құндылықты-бағдарлы құзыреттілік, мәдениеттанымдық құзыреттілік жайлы ақпарат беру.
Дамытушылық: Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу. Қауіпсіздік ереже-сіне байланысты студенттерді сақтылыққа үйрету. Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру.Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.
Пәнаралық байланыс: Математика, ағылшын тілі, физика, экономика.
Материалдық-техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта
Негізгі әдебиеттер:
Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002
Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000
А.Г. Гейн, А.И. Сенокосов, К.В. Тұрмағамбетова "Информатика" 2004 ж
Қосымша әдебиеттер:
1. Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением.
2. Задачи по программированию/ С.А. Абрамов, Г.Г. Гнездилова, Е.Н. Капустина, М.И. Семон - М.: Наука. Гл.ред. физ.-мат. Лит., 1988-224 с.
3. Касаткин В.Н. Информация, алгоритмы, ЭЕМ. - М.: Просвещение, 1991-192с.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

1. Ұйымдастыру кезеңі (студенттердің сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру) Студенттер түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық жүргізіледі.
2. Тірек білімін тексеру - сұрақ-жауап (топпен, жеке-дара, тапсырмаларды орындау, тесттер, кроссвордтар)
Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері арқылы студент білімі тексеріліп, өтілген материал тақырыбы өтілетін материалмен байланыстырылады.
3.Жаңа материалды бекіту сабағы
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жанды білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс. 12 жылдық оқытудағы басты мақсат - қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру. Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталды:
1. Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік - оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын қабілеті, жоғары әдептілік кұндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны-Қазақстан патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік - жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өз халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.
3. Оқу-танымдық құзыреттілік - оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді кұзырлылық. Бұл кұзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін қарастырады.
4. Коммуникативті құзыреттілік - адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік - бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
6. Әлеуметтік-еңбек құзыреттілік - отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді, шешім қабыдлай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады.
7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылык, еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда (өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік қадір-қасиет сезімімен ұйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау) жене және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қарастырады.
4. Жаңа материалды бекіту
Жаңа материал сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітіледі.
Студентерге бағалау жайлы ақпарат беріледі. Берілген ақпаратты өз бетінше постерде қорғайды.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қай уақыттан басталды?
Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік деген не?
Мәдениеттанымдық құзыреттілік деген не?
Коммуникативті құзыреттілік деген не?
5. Білік-дағдыларын қалыптастыру (өзіндік жұмыс)
Өзіндік жұмыстарға тапсырма беріледі (ауызша, жазбаша түрде).
6. Үй тапсырмасы
Өтілген тақырып бойынша пікірлесуге дайындық, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, деректер келтіру.
7. Сабақ қорытындысын шығару <<5>>___ <<4>>___ <<3>>____ <<2>>_____
Оқытушы Қамалиден А.С. _______________
(АЖТ) (қолы)

Ұқсас жұмыстар
Дүниетану- 3сынып
Абайдың мұражай -үйі Мақсат және қимыл- сын
Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу
Шешендік сөздің көріктеуіш қралдары
Компьютер жадының түрлері
Дәстүрлі қазақ мәдениеті
Арифметикалық амалдардың қасиеттері
Ы. Алтынсарин. Кел, балалар, оқылық
Қалдықты табуға берілген құрама есеп
Форма макеті терезесі
Пәндер