Негізгі буындағы информатика курсының мазмұны

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы

«Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ

педагогикалық колледжі» МКҚК

Бекітемін

Директордың оқу

жұмысы бойынша орынбасары

А. Рахимжанова

20__ жыл

САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ

Оқытушы: Қамалиден Айгерім Сағындыққызы

Пән: Информатиканы оқыту әдістемесі

Мамандық: 0111093 - информатика мұғалімі

Топ: И-41 Күні _

Сабақтың тақырыбы : Негізгі буында информатика пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері, ерекшеліктері. Негізгі буындағы информатика курсының мазмұны.

Сабақтың негізгі сатыларына уақыттың мөлшерленуі

1. Ұйым-дастыру кезеңі
2. Тірек білімдерін қайталау
3. Жаңа материал-ды баяндау
4. Жаңа матери-алдарды бекіту
5. Білік-дағдыларды қалыптас-тыру
6. Үй тапсырмасы
7. Са-бақтың қорытындысын шығару
8. Бар-лығы
1. Ұйым-дастыру кезеңі: 3
2. Тірек білімдерін қайталау: 20
3. Жаңа материал-ды баяндау: 20
4. Жаңа матери-алдарды бекіту: 15
5. Білік-дағдыларды қалыптас-тыру: 20
6. Үй тапсырмасы: 5
7. Са-бақтың қорытындысын шығару: 7
8. Бар-лығы: 90

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту , аралас, қайталау, бақылау.

Сабақтың түрі: түсіндірмелі-баяндау сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерге негізгі буында информатика пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері, ерекшеліктерін түсіндіру, бірлесе отырып талдау жасау. Геннадий Анатольевич Звенигородский, Андрей Петрович Ершов және Юрий Абрамович Первин атты ғалымдардың информатика саласына сіңірген еңбектері жайлы ақпарат беру.

Дамытушылық: Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу. Қауіпсіздік ереже-сіне байланысты студенттерді сақтылыққа үйрету. Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік : Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.

Пәнаралық байланыс: Математика, ағылшын тілі, физика, экономика.

Материалдық-техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002
  2. Исаев С. Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000
  3. А. Г. Гейн, А. И. Сенокосов, К. В. Тұрмағамбетова “Информатика” 2004 ж

Қосымша әдебиеттер:

1. Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением.

2. Задачи по программированию/ С. А. Абрамов, Г. Г. Гнездилова, Е. Н. Капустина, М. И. Семон - М. : Наука. Гл. ред. физ. -мат. Лит., 1988-224 с.

3. Касаткин В. Н. Информация, алгоритмы, ЭЕМ. - М. : Просвещение, 1991-192с.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

1. Ұйымдастыру кезеңі (студенттердің сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру) Студенттер түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық жүргізіледі.

2. Тірек білімін тексеру - сұрақ-жауап (топпен, жеке-дара, тапсырмаларды орындау, тесттер, кроссвордтар)

Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері арқылы студент білімі тексеріліп, өтілген материал тақырыбы өтілетін материалмен байланыстырылады.

4. Жаңа материалды бекіту

Жаңа материал сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітіледі.

Студентерге бағалау жайлы ақпарат беріледі. Берілген ақпаратты өз бетінше постерде қорғайды.

5. Білік-дағдыларын қалыптастыру (өзіндік жұмыс)

Өзіндік жұмыстарға тапсырма беріледі (ауызша, жазбаша түрде) .

6. Үй тапсырмасы

Өтілген тақырып бойынша пікірлесуге дайындық, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, деректер келтіру. Үйде қосымша қарастыруға о рта кәсіптік білім беру жүйесінде информатиканы оқыту мәселелері және интернеттен «Язык програмирования Лого» атты мақала-ны сайттан оқып келу.

7. Сабақ қорытындысын шығару «5»___ «4»___ «3» «2» _ ___ _

Оқытушы Қамалиден А. С .

(қолы)

ДӘРІС МАТЕРИАЛЫ

Психологтар ойлаудың негізгі логикалық құрылымы 5-11 жаста қалыптасатындығын дәлелдеп отыр. Мұндай құрылымның неғұрлым кешірек қалыптасуы қиындық туғызып және көбінесе аяқталмай қалуы мүмкін, сондықтан, информатиканы оқытудың бір мақсаты логикалық ойлауды дамыту екендігін ескере отырып, информатиканы оқытуды бастауыш сыныптардан бастаған жөн екендігін айтады.

1985 жылдан бастап мектептерге алғаш рет «Информатика» пәнi 9-10 сыныптардан бастап енгiзiле бастағаны белгiлi, содан кейін информатика пәнiн оқыту барысында жинақталған көптеген тәжiрибелерге сүйене отырып, бұл пәндi төменгi сыныптардан бастап оқытуға болатындығы практика жүзiнде дәлелдендi.

Жалпы бастауыш мектептерде информатиканы оқыту әдiстемелерiне тоқталып өтейік.

С. Пейперт пен М. Мински бастауыш сынып оқушыларына «Информатика және есептеуіш техника негiздерi» пәні бойынша әрi жеңiл, әрi қызықты Лого программалау тiлiн оқытуды ұсынды. Мұнда зерттеу ортасы ретiнде - Лого программалау тiлi, зерттеу объектiсi ретiнде - компьютер, ал атқарушы ретiнде - тасбақа алынады. Лого программалау ортасын пайдаланғандағы мынадай жетiстiктерге қол жеткізілген: балалар қоршаған ортаны еркiн меңгередi, сонымен қатар өз бетiмен көрген-бiлгенiн негiздеуге, қорытындылауға үйренеді; Лого ортасында оқушылар жiберген қателерiн өздерi жөндейдi; Лого ортасында мектепте оқытылатын «ғылыми теориялар» мен балалардың құрастырған «ғылыми емес» теориясы арасында айтарлықтай алшақтық болмайды; оқушылардың мұғалiмдермен жүргiзiлетiн сабаққа қарағанда, олардың Лого программалау ортасына деген қызығушылықтарының басым екендiгi байқалған.

Информатиканы бастауыш сыныптан бастап оқыту қажеттiгiн алғаш рет 1979 жылы Геннадий Анатольевич Звенигородский, Андрей Петрович Ершов және Юрий Абрамович Первин ұсынған. Олар төменгi сыныптар үшiн информатиканы оқыту мазмұны мен программалаушы түрiндегi ойлауды қалыптастыру үшiн қажеттi көрiнiстер мен түсiнiктердi анықтаудың құрылы-мын ұсынды. Бұл ой-тұжырымдар келесi А. А. Дуванов, Я. Н. Зайдельман, Ю. А. Первин, М. Гольцмандар бiрлесiп жасаған «Роботландия» программалалық-әдiстемелiк жүйеде көрiнiс тапты.

А. Дуванов, Я. Зайдельман, Ю. А. Первин және М. Гольцман ұсынған «Роботландия» курсы алғаш рет 1987 жылы жас программа құрушылардың Переславтағы жазғы мектебiнде тәжiрибеден өтті. Бұл жылдары екi Переславтық мектептiң бiрнеше сыныптарында салыстырмалы педагогикалық эксперимент басталды. Олардың міндеттері информатиканы үйренудi бастаған оқушылардың жасын бағалау болып табылады.

Екi жылдық «Роботландия» курсы 3-4 сыныптарда бiрмезгiлде жүргiзiле басталды. Осы жылдың жазында Переслав мектебiнiң қол астындағы балалардың халықаралық компьютерлiк мектептерiнде Роботландия кафедрасы жұмыс жасады. Бұл топ ұйымдастырған сабақ мектептен тыс - оқу тәрбиелiк жұмыстар ретiнде жүргiзiлдi.

Роботландия курсы бастауыш сыныптарға информатиканы енгiзудi алғаш рет бастаған тәжiрибелiк жұмыстардың бiрi, өйткенi, бұл жылдары орта мектептiң тек 9-10 сыныптарына ғана информатика пәнi оқытылатын едi. Сондықтан, бiрден төменгi сыныптарға информатиканы енгiзудi авторлар былай түсiндiредi: оқушылардың ойлауының қалыптасуына информатика курсының рөлi өте маңызды екендiгiн; ЭЕМ-де оқушылардың ақпараттармен практикалық жұмыстар жүргiзу қажет екендiгiмен; компьютер информатика курсын роботтар елiне деген сияқты қызықты ойындарға айналдыруға мүмкiндiктер туғызады деп тұжырымдайды:

  • оқушыларға әлемнiң ақпараттық бейнесiн қалыптастыру (бұл мiндет информатикада жаратылыстану ғылымында қойылады) ;
  • оқушыларда компьютерлiк сезiм қалыптастыру. Мұнда оқушылар ЭЕМ-дi тиiмдi пайдалана бiлулерi керек. Қажеттi құрал ретiнде пайдалану мерзiмi мен мүмкiндiктерiн бiлуi керек;
  • ойлаудың операциялық стилiн қалыптастыру.

Роботландия курсының жалпы тұжырымында мәтiндiк, графиктiк және музыкалық редакторлар жөнiнде мәлiметтер берілген.

Төменгi сыныптарға информатика курсын оқытуға негiзделген келесi тұжырымды 1988 жылы Е. П. Смирнов ұсынады. Бұл жасалған жүйенiң басты ерекшелiгi ол өздiк курс ретiнде жасалды.

1991 жылы жарияланған Я. Морголис, А. Иванов, Э. Баранкина «Үздіксіз информатиканы оқыту мазмұны мен әдiстерi» тұжырымдамасын оқушылардың жас шамасына байланысты компьютердi практика жүзiнде қолдану мазмұнын басты бес кезеңі бойынша қарастырады.

Авторлар 6-9 жастағы балаларға компьютерлiк бiлiм берудiң келесi мақсаттары мен мiндеттерiн қамтыған:

  • ойлаудың түрлерiн дамыту үшiн компьютердi пайдалану;
  • компьютердi оқытудың, жобалаудың, музыкамен шұғылданудың, бейнелеу өнерiмен айналысудың, есептеудiң өңдеу құралы ретiнде пайдаланудың мүмкiндiктерi жөнiнде түсiнiктер беру;
  • балалардың есептеуiш техникаға деген қызығушылығын және жағымды сезiмдiк қарым-қатынасын тудыру;
  • балалардың компьютермен жұмыс iстеуге бiлiмдерiн, біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыру.

Курстың программалық құрамына «Роботландия», «Logo Writer» ал, бiлiм мазмұны ретiнде дамытушы компьютерлiк «Бiлгiш» программалау пакеттерi ұсынылған. Информатиканы оқып бiлу объектiсi ретiнде компьютерлердi қолдану оқытудың негiзгi құралы болып табылады.

Информатика курсының кезектi кезеңi 1991 жылы басталған «Пилот мектептерi» жобасымен байланысты. Оқу үрдiсiнде ІBM PS/2 типтегi дербес ЭЕМ пайда болды. Бұл түрдегi компьютерлер үшiн жаңа бастаушыға немесе жеткiлiктi маманданбаған пайдаланушыға есептелiнген үлкен көлемдегi әртүрлi программалық құралдар бар. Курс бойынша нақты оқу құралы жоқ, бiрақ жақсы әдiстемемен жабдықталған оқу-әдiстемелiк кешендер бар болды.

Мектептегi информатика курсы бiрiншi кезекте балаларды программалауға үйретуге бағытталған, ал «Пилот мектептерi» жобасында қабылданған тұжырымда-мада информатиканың негізгі курсында программалау негiздерiн жалпы оқыту қажет емес деп атап көрсетілген. Қазiргi кезде пайдаланушылардың басым көпшiлiгi программалауға жүгiрмейдi, өйткенi тар және кең көлемдегi есептердi шешуге арналған қолданбалы пакеттердiң едәуiр саны бар, сондықтан өз программаңды құруда осылардың iшiнен бiршама ыңғайлысын таңдауға болады.

Осылайша, «Информатика негiздерi мен есептеуiш техника» курсын оқытудың алғашқы кезеңдерiнде алгоритмдеу арқылы математикалық есептер шығарудың кезеңдерi қолданса, көптеген - эксперименттiк байқаулар жүргiзу нәтижесiнде соңғы жылдары информатиканы оқытуды бастауыш мектептерден, тiптi мектепке дейiнгi балалардан бастау қажеттiгi туралы ой тұжырымдар пайда бола бастады.

1992 жылы «Информатика мен есептеуiш техника негiздерi» курсы бойынша 1-4-сыныптарға арналған бағдарлама ашық басылымда жарияланды, сонымен қатар бастауыш сыныптарға арналған бiрнеше бағдарламалар ұсынылып, оны оқыту әдiстемелерi тәжiрибе жүзінде жүргізіле бастады. Сонымен, 1995 жылы Ресей Федерациясы бiлiм беру министрлiгi ұжымы «Бастауыш мектептiң оқу үдерісiнде оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру және информатика негiзiн игерудiң бiрнеше кезеңдерiн бөлу қажеттiлiгiнен бiрiншi рет 1-4 сыныптарға информатика курсының алғашқы дайындық курсын оқытуға болатындығын толық мақұлдап, шешiм қабылдады.

Бүгiнде Ресейде бiрнеше авторлар дайындап, тәжiрибелiк сынақтан өткiзiлiп, қолданылып жатқан бағдарламалар мен әдiстемелiк құралдардың бастауыш сыныптарға арналған нұсқалары жеткiлiктi.

С. Ф. Сопрунов ұсынған: «Лого-Райтер» - программасының басқа программалардан артықшылығы, бастауыш сыныптарға алғашқы дайындық курсын оқытудың екi нұсқаларының негiзгi нұсқасы Лого-Райтер компьютерлiк ортаны қолдануға бағытталғандығы, яғни ол Macintosh дербес компьютерiнде орындалатын ЛогоМир компьютерлiк ортасында орындалады. Лого программалау тiлi қарастырылып отырған ЛогоМир ортасының оқушылар еркiн меңгеруiне арналған жұмыс жасау мүмкiндiктерi, әсiресе бастауыш сыныптар үшiн өте жақсы.

В. В. Горячевтің басшылығымен ұсынылған: «Информатика есепте және ойында» қолдану бағдарламасы - бұл бастауыш сыныптарға информатиканы компьютерсiз оқыту нұсқасы, мұғалiмдер мен оқушыларды информатика элементтерiн оқыту әдiстемесi мен оған қажеттi құралдар жүйесiмен толық қамтамасыз етедi. «Информатиканы есепте және ойында қолдану» курсын бастауыш мектептiң мұғалiмдерi, сабақты информатика пәнi мұғалiмi қатыспай-ақ оқыта алады, бiрiншiден: ондағы қарастырылатын материалдар бастауыш мектепке сабақ беретiн мұғалiмдерге толық түсiнiктi, оның мазмұны «Қызықты математикадағы» сияқты құрылған; екiншiден: мұғалiмдерге арналған әдiстемелiк нұсқаудың әрбiр бөлiгi жан-жақты талданған, теориялық жағынан толық қамтылған және оқушы-ларға арналған материалы көрнекі жасалған.


Ұқсас жұмыстар
Критериалды бағалаудың қағидаттары
Информатиканы оқыту әдістемесі. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Әдістемелік оқу құралы
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты
Информатикаға оқытудың әдістемелік негізі
Мектепте информатиканы оқытуда білім берудің мақсаты
Оқыту мақсаты
Пәнді тереңдетіп оқыту
Мәтіндік ақпараттарды өңдеу
ЭЕМ-нің даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz