Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Әдістемелік оқу құралы
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
<<Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ
педагогикалық колледжі>> МКҚК
Бекітемін
Директордың оқу
жұмысы бойынша орынбасары
______________ А.Рахимжанова
____ ________ 20__ жыл
№ САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ
Оқытушы Қамалиден Айгерім Сағындыққызы
Пән: Информатиканы оқыту әдістемесі
Мамандық: 0111093 - информатика мұғалімі
Топ: И -41 Күні _______________
Сабақтың тақырыбы: Негізгі буындағы информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешеніне қойылатын талаптар. Оқу-әдістемелік кешеннің құрылымы, түрлері
Сабақтың негізгі сатыларына уақыттың мөлшерленуі
1. Ұйым-дастыру кезеңі
2.Тірек білімдерін қайталау
3. Жаңа материал-ды баяндау
4. Жаңа матери-алдарды бекіту
5. Білік-дағдыларды қалыптас-тыру
6. Үй тапсырмасы
7. Са-бақтың қорытындысын шығару
8. Бар-лығы
3
20
20
15
20
5
7
90
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту, аралас, қайталау, бақылау.
Сабақтың түрі: түсіндірмелі-баяндау сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге негізгі буындағы информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешеніне қойылатын талаптар жайлы және оқу-әдістемелік кешеннің құрылымы, түрлері жайлы ақпарат беру, түсіндіру.
Дамытушылық: Информатикка пәнінен түрлі дидактикалық материалдарды құру, жасау дағдыларын дамыту. Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру.Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.
Пәнаралық байланыс: Математика, ағылшын тілі, физика, экономика.
Материалдық-техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта
Негізгі әдебиеттер:
Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002
Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000
А.Г. Гейн, А.И. Сенокосов, К.В. Тұрмағамбетова "Информатика" 2004 ж
Қосымша әдебиеттер:
1. Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением.
2. Задачи по программированию/ С.А. Абрамов, Г.Г. Гнездилова, Е.Н. Капустина, М.И. Семон - М.: Наука. Гл.ред. физ.-мат. Лит., 1988-224 с.
3. Касаткин В.Н. Информация, алгоритмы, ЭЕМ. - М.: Просвещение, 1991-192с.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру кезеңі (студенттердің сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру) Студенттер түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық жүргізіледі.
2. Тірек білімін тексеру - сұрақ-жауап (топпен, жеке-дара, тапсырмаларды орындау, тесттер, кроссвордтар)
Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері арқылы студент білімі тексеріліп, өтілген материал тақырыбы өтілетін материалмен байланыстырылады.
3.Жаңа материалды баяндау.
Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып қалыптасады. Мектептегі сабақ класс-сабақ жүйесінің негізін қалайды. Оның мынадай негізгі сипаттары бар:
1) оқу топтарының құрамы;
2) әр кластағы оқыту мазмұнын қатаң анықтау;
3) оқу сабақтарының нақты белгіленген кестесі;
4) оқушылар жұмыстарының жекелей және бірлескен түрлерін ұштастыру;
5) мұғалімнің жетекші ролі;
6) оқушылар білімін жүйелі тексеру және бағалау.
Чех халқының аса үздік педагогы Я.А.Коменскийден бастау алған класс-сабақ жүйесі бүгінгі күнге дейін мектепті құрылымдық ұйымдастырудың негізі болып келеді. Өзінің тарихында оқыту үрдісін ұйымдастыру түрлері әлемдік тәжірибеде өзгеріссіз қалған жоқ ХІХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі дәуірге дейін шетелдік тәсiлдер жинақталды. Солардың ішінде белльланкастерлiк түpi, мангейм жүйесi, дальтон жоспары, Трамп жоспары сияқты түрлерi бар. Ал, информатика негiздерiн оқыту дидактиканың қалыптаскан бай тәжiрибелерiн пайдаланады, әрі мазмұнын өзінің ерекшелiктерiмен толықтыра түседi.
Дидактикада сабақ типтерiн жүйелеуде әртүрлi айырым белгiлерi пайдаланылады. Сабақтың ең басты белrici - оның дидактикалық мақсаты. Ал, дидактикалық мақсат-оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Cоған сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлерi бар:
l) жаңа сабақ (тың хабарлар айту, түciндipy сабағы);
2) оқушылардың шеберлiктерiн және дағдыларын дамыту, бекiту сабағы (жаттығу сабағы);
3) оқушылардың бiлiмiн шеберлiriн және дағдыларын тексеру сабағы. Көптеген жағдайларда мұғалiм осы аталған дидактикалық мақсаттардың бiреуiн ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бiрнешеуiне немесе барлығына тұтастай сүйенедi. Сол себептi тәжiрибе жүзiнде аралас сабақ түpi кеңiнен қолданылады. Аралас сабақтың құрамы әртүрлi болып келедi және оның бiрқатар артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерiн араластыра қолдану жаңа бiлімді сапалы, әрi жылдам қабылдауды, кері байланысты және пeдагогикалық үрдістi басқаруды, бағаларды көбейтудi, (шығаруды жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз етедi. Дегeнмен, информатикадан өтілетін сабaқтардың өздік дидактикалық ерекшелiктерi бар. Егер информатика курсы орта мектепке міндеттi пән ретiнде енгiзiлгеннен бәрi қалыптасқан тәжiрибелерге тоқталатын болса М.П.Лапчик информатика курсы бойынша өтiлетiн сабақтарды ЭЕМ-дi қолдану мөлшерiне қарай үш түрге бөледi демонстрация, фронтальды лабораториялық жұмыс және практикум: Осы уақытқа дейiнгi қалыптасқан тәжiрибелер информатикадан оқу сабақтарын дидактикалық функциясы бойынша топтауға мүмкіндiк бередi.
Информатиканы оқытуды ұйымдастыру.
Информатика сабағын ұйымдастырудың түрлері.
Компьютердегi оқу үрдісi төмендегiдей үш аспектiнi қамтиды:
1)оқушының оқу танымдық iс-әрекетiн басқару;
2)оқушының информациялық үрдістердi басқаруы;
оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту.
Аталған аспектілерге сәйкес:
оқу танымдық үрдістi ұйымдастырудың түрлерi: класс-сабақ жүйесi және т.б.
оқытуды ұйымдастыру түрі: дербес, фронтальды, коллективтiк топтық;
тәрбие жұмысын ұйымдастыру түрі болып бөлiнедi.
Сабақ және оның құрылымы.
Сабақ жоспарын құрған кезде төмендегі элементтерді қамту керек:
Жаңа тақырыпты оқып білуге дайындық жатығуларының жүйесі;
Жаңа материалды, тарихи мәліметтерді немесе проблемалық жағдайларды қолдану арқылы түсіндіру;
Сабақтың кез-келген сатысындағы рөлдік оқу ойыны;
Үйге тапсырма және оған нұсқау беру;
Сабаққа дайындалғанда қолдануға болатын әдебиеттердің тізімін құру.
Сабақ жоспарын құруға негізгі нұсқаулар.
Сабақ тақырыбы.
Сабақтың мақсаты (білімдік, тәрбиелік, дамытушылық, практикалық).
Сабақты өтүге қолданылатын құрал жабдықтар (ОТҚ, көрнекі құралдар, ПЖ, ПҚ, гипертекст, мультимедия, оқу киносы).
Сабақты жүргізу жоспары, сабақты жүргізуде қолданылатын формалар мен әдістердің қолданылу реті және сабақтың әр кезеңіне қажетті уақыт мөлшері.
Сабақты жүргізудің толық жазбасы, оның мазмұнында мыналар қамтылу керек:
Үй жұмысын тексеру ісі қалай жүргізіледі;
б) Кімге қандай сұрақ қойылады;
в) Сыныппен қандай жалпылама жұмыс өткізіледі;
г) Жаңа материал қандай әдіспен жеткізіледі:
қандай енгізу жасалынады;
оқытушының өзімен не мазмұндалады, оқушылар не орындау керек;
оқытушымен қойылатын сұрақтар және оған берілетін жауаптар;
қандай көрнекі оқу құралдары қолданылады, олар қашан және қалай көрсетіледі;
қандай қорытындылар шығарылады, жұмыстың нәтижесінде оқушыларға не білу керек.
д) Сабақтағы өткен материалды бекіту қалай өткізіледі, оқушылардың жаңа материялдарды түсіну қалай көрсетіледі және оның бұрын өткен материалмен байланысы;
ж) Егер өздік жұмыс өткізілсе, онда оның мазмұны қандай, оны өткізуге қандай талаптар қойылады, тексеру қалай өткізіледі;
з) Үй жұмысы қандай және ол қашан беріледі, оған қандай анықтамалар беріледі;
е) Сабақтың қорытындысын шығару.
Егер курс машинасыз болса, онда конспектіге "тақта түрі" қосылады, яғни дәптерге тақтадағы барлық жазулардың мазмұны мен тұрған жері, қашан және қалай жазылу керек деген нұсқаумен сабақты өткізеді.
Егер курс машиналық болса, онда тақтада не берілетінің және дисплей экранында не қарастырылатының көрсету.
Мұғалім басқа оқытушылардың тәрбие жұмыстарымен танысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің қолданып жүрген әдістерімен салыстырып, өзіне тиімді қортынды жасау үшін озат тәжірибелі мұғалімдердің сабағына қатысады.
Қазіргі мектептегі информатика курсының оқытылуы - әлемдік педагогикалық практикада бұрын соңды болмаған құбылыс.
Информатика пәнінің ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету бағытына сәйкес информатика пәнінің оқу-әдістемелік құралдарына қойылатын талаптарды анықтауды жалпы оқулықтарға қойылатын дидактикалық талаптар басшылыққа алынады.
Информатиканы оқыту әдістемесі әрбір сынып бойынша информатиканы оқып үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешеннің құрамдас бөлігі болып табылады.
Информатика оқу-әдістемелік құралдың құрамы мен құрылымына, мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды пәнінің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып анықтау - осы пәнді оқытуды жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі деуге болады.
Информатика пәні оқулығының маңызды ерекшелігі бұл өскелең өмір талабына сәйкестігі болып табылады. Оқулықтың мазмұны мен құрылымын А.Құсайынов, Ұ.Асылов, Қ.Молдабек т.б отандас ғалымдар аша білді. Ал білім мазмұнының мәні, зерттеу нысаны, оған қойылған дидактикалық талаптар мен ұстанымдар, әдіснамалық мәселелер М.Скатин, И.Лернер, В.Краевский, Ю.Бабанский, Б.Лихачев, В.Леднев, А.Хуторский ғалымдардың зерттеулерінде орын алды. Мектеп оқулықтарының пәндік мазмұнын жетілдіруге Қ.Аймағамбетова, Г.Уәйісова, Т.Оспанов, Ш.Құрманәлина, С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Ж.Қайыңбаев, К.Ерешов т.б ғалымдарымыз өз үлестерін қосып келеді.
Оқулыққа қойылатын талаптар:
- Ұлттық ғылым саясатына сәйкестігі;
- Бағдарламаға сәйкестігі;
- Мазмұнының ғылыми мәнділігі және нақтылығы;
- Әлеуметтік-мәдени құндылығы;
- Ұсынылған материалдың тарихилығы;
- Оқушылардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің ескерілуі;
- Мазмұнының жүйелігі, бірізділігі;
- Сабақтастық принципінің сақталуы;
- Еліміздің экономикалық даму ерекшеліктерінің сәйкестігі;
- Мектептердің компьютермен жабдықталуының ескерілуі;
- Компьютерлік оқытушы бағдарламалар пайдалануының ескерілуі;
- Практикалық тапсырмалардың тақырыпқа сәйкестігі;
- Тапсырмалардың жүйелі түрде таңдап алынуы;
- Оқытудың әр түрлі жаңа технологияларын пайдалануға ыңғайлылығы.
Осы талаптарды ескере отырып дайындалған оқулықтың сапасы жоғары болып, оқушылардың білімін арттыруға көмектеседі.
Оқулық пен оқу құралдарын сабақ барысында тиімді қолдану, экономикалық білімді игеруді білім, білік, дағдыны қалыптастыру, өзіндік жұмыстарды қалыптастыру, теориялық материалдарды қайталауға берілген сұрақтарға тиімді жауап беру тәсілдерін көрсету жайында әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі.
Әрбір сыныпқа арналған әдістемелікте сол сыныптағы информатикадан берілетін білім мазмұны және оны оқып үйретудің өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ сабақ барысында сол ерекшеліктерді жүзеге асыру жолдары қарастырылады.
Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік, бақылау және тестік тапсырмалардың, пысықтау сұрақтарының, қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.
Өзіндік бақылау және тестік жұмыстардың мазмұны оқулықтағы теориялық материалдар мен жаттығулардың мазмұны мен тығыз байланысты болуы шарт. Оқу құралдарының мазмұнына енген материалдар оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып түрлендіріп беруге ыңғайланып жасалынады. Дидактикалық материалға енетін өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында, жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуга арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесу және олардың білімдерін тексеруге бағытталады.
Дидактикалық материалда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте анық, түсінікті, ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс.
Информатика хрестоматиясында информатикадан стандарт материалдарынан тыс оқушылардың білімін тереңдетуге, жан-жақты дамытуға негізделеді, әрбір материалдың тарихи аспектілеріне, информатика саласын дамытуға мол еңбек сіңірген ғалымдар туралы, оқу бағдарламаларының жаңа түрлерінен, ақпаратты қорғау жөнінде мәлімет береді.
Құрамы мен құрылымына қойылатын талаптар дидактикалық негізделген жаңа буын оқулықтарының әдістемелік кешендерін дайындаудың қажетті алғы шарты болып табылады.
Информатикадан дайындалған жаңа буын оқулықтары стандартқа және информатикадан ОӘК- қойылатын талаптарға сәйкес өңделіп, жаңа оқу жылында мектептерге пайдалануға ұсынылды.
Информатика пәнінің ОӘК-не қойылатын дидактикалық талаптардың анықталуы бұл пән бойынша дайындалатын оқу-әдістемелік құралдардың сапасын арттыруға үлкен көмегін тигізетіні байқалады.
Информатиканы оқыту үрдісінде пайдаланатын мультимедиалық үйрету бағдарламаларының, электрондық оқулықтарының өскелең оқу талабына сай дайындалып, компьютерді оқыту құралы арқылы пайдалана алатындай деңгейде болуы керек.
4. Жаңа материалды бекіту
Жаңа материал сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітіледі.
Студентерге бағалау жайлы ақпарат беріледі. Берілген ақпаратты өз бетінше постерде қорғайды.
5. Білік-дағдыларын қалыптастыру (өзіндік жұмыс)
Өзіндік жұмыстарға тапсырма беріледі (ауызша, жазбаша түрде).
6. Үй тапсырмасы
Өтілген тақырып бойынша пікірлесуге дайындық, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, деректер келтіру.
7. Сабақ қорытындысын шығару <<5>>___ <<4>>___ <<3>>____ <<2>>_____
Оқытушы Қамалиден А.С. _______________
(қолы)

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz