Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару

Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6. 4А Статистика. Комбинаторика
6. 4. 2. 1
іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығару
Оқушылар:
• мүмкін нұсқаларды іріктеу тәсілімен комбинаторикалық есептерді шығара алады.
Оқушы:
- нұсқалар ағашын тұрғызуға арналған комбинаторикалық есептерді шешеді;
- іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді дұрыс шеше алады.
Оқушылар:
- мүмкін нұсқаларды іріктеу тәсілімен комбинаторикалық есептерді шығаруға түсінік береді.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
- іріктеу тәсілі;
- мүмкін нұсқаларды іріктеу;
- комбинаторика;
- сандық берілгендердің қатары;
- комбинаторика есептері
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
- шешімнің мүмкін нұсқаларын қарастырамыз;
- есепті шешу үшін, мүмкін нұсқаларды іріктеу керек.
Сабақтың басы
0-2 мин
2-4 мин
4-8 мин
8-10 мин
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушыларды топқа бөлу үшін «Тобыңды ізде» ойыны ұйымдастырылады. . Сандарының қосындысы 10-ға, 15-ке, 5-ке тең оқушылар бірге топтасады. Мысалы:
1 топ -25-13+3-10=5
29-18+6-12=5
20-14+4-5=5
2 топ - 28-15-7+4=10
21+5-16=10
14+9-18+5=10
13+9-16+4=10
3 топ - 12+15-3-9=15
29-16+9-7=15
5+9+13-12=15
13-10+12=15
2. Білімді өзектендіру
Топпен жұмыс:
Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру;
Ой қозғау.
1) 2 таңбалы неше сан бар?
2) бірдей цифрлардан құралған 2 таңбалы неше сан бар?
3) цифрлары әртүрлі болатын 2 таңбалы неше сан бар?
Осыдан соң сабақ тақырыбы айтылады.
Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады.
Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады) . Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.
.
https://bilimland. kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/kinematika/lesson/birqalypty-zhane-birqalypty-emes-qozhalystar
Сабақтың ортасы
10-16 мин
16- 24 мин
24-25 мин
25-35 мин
3. Жаңа сабақты түсіну
Жұптық жұмыс:
Тапсырма 1.
№1. Дүкеннің сөресінде екі қонжық жатыр - сары және қоңыр, екі машина - қара және ақ және үш доп - қызыл, жасыл және көгілдір. Бекжанға 3 ойыншық сатып алу керек: бір қонжық, бір машина және бір доп. «Ағаштың» көмегімен Бекжан оны қанша тәсілмен сатып алатынын анықтаңыз.
№2.
Берікте әртүрлі түсті екі бейсболка, төрт футболка және екі джинсы бар. Егер ол бейсболка, футболка және джинсы кисе, Берік қанша түрлі киіне алады? Жауабыңызды нұсқалар ағашын құрып көрсетіңіз.
Дескриптор: Білім алушы
- нұсқалар ағашының деңгейінің санын анықтайды
- нұсқалар ағашын салады
- киім кию нұсқаларының санын табады
Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау
4. Жаңа сабақты меңгеру.
Жұптық жұмыс.
Оқушыларға комбинаторикалық есептер шешімінің барлық мүмкін нұсқаларын табуға қатысты есептер ұсынылады. Бұл есептерді шығару барысында оқушылар толық іріктеуді орындайды.
Тапсырма 2.
№1.
Сыныпта 6 үздік оқушы бар. Осы оқушылардың ішінен неше тәсілмен 4 оқушыны математикадан олимпиадаға жібере алады?
№2.
Би үйірмесіне 7 оқушы қатысады. Олардың 4-еуі қыз, 3-еуі ұл. Вальс биін билеу үшін, оқушылар қанша тәсілмен жұптаса алады?
Есептердегі кейбір дәлсіздіктер мен қателіктер талқыланады.
Сергіту сәті.
5. Жаңа сабақты бекіту.
Жеке жұмыс.
Тапсырма 3.
Осы кезеңде есеп шығару барысында толық іріктеумен қатар қысқаша іріктеу де жүргізілуі мүмкін.
№1.
3, 4, 5, 6 цифрларынан ондықтар саны бірліктер санынан артық болатындай барлық екітаңбалы сандарды жазыңыз.
№2.
4 фигура бар: үлкен және кіші үшбұрыштар, үлкен және кіші дөңгелектер. Бірінші орынға үлкен үшбұрышты және пішіні бірдей фигуралар қатар тұрмайтындай қанша тәсілмен осы фигураларды бір қатарға орналастыруға болады?
№3.
3, 4, 5, 6 цифрларынан барлық жұп екітаңбалы сандарды құрастырыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- бірінші жартысында жүрген жолды табады;
- екінші жартысында жүрген жолдың жылдамдығын табады;
- барлық жолдың ұзындығы мен уақытын есептейді;
- орташа жылдамдықты табады;
- жылдамдықтардың өзгеріс ауқымын есептейді.
Дескриптор және дайын жауап арқылы өзін өзі тексереді. Мұғалім әрбір оқушыға деңгейіне қарай бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздері есепті түсініп шығаруына жетелейді.
Қосымша 1.
Қосымша 2.
Қосымша3.
Сабақтың соңы
35-37 мин
37-40 мин
6. Сабақты қорытындылау.
Жаздың ыстық күнінде данышпан қария келе жатса ауыр құрылыс тастарын тасып алып келе жатқан үш адамды кездестіреді. Данышпан олардың әрқайсысына «бүгін немен айналыстың» деп сұрақ қояды? 1-шісі былай деп жауап береді: «Күні бойы тастарды тасумен болдым» депті, 2-шісі: «Мен тек өз міндетімді адал атқардым» деп күрсініпті, ал 3-шісі: «Мен мешіттің тастарының қалануына ат салыстым» деп күлімсіреп өзінің атқарған
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz