Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Тәрбие құралы - даналық сөздер
Мақсаты: Оқушыларға халық өнегесін үйрету,еліміздің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру.
Әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап,
Көрнекіліктері: слайд көрмелері,буклет
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
М.Шаханов <<Құдіретті төрт ана>> - өлеңін оқып беру
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала!
Әр адамда өз анасынан басқа да
Жебеп жүрер,демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жерні - түп қазығы,айбыны,
Туған тілі - сарқылмайтын байлығы,
Туған дәстүр,салт-санасы - тірегі
Қадамыңа шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы,еске алуға қаншама,
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Төртанаға әнін жалғай алмаған,
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың,
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы,
Төртана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы.
Жер жүзінде екі мыңнан астам ұлт пен ұлыс тіршілік етеді десек,солардың әрқайсысының өзіне ғана тән әдет-ғұрыптары,салт-дәстүрлері бар. Олар - халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, одан сол халыққа жататын адамдар мәдениетінің деңгейі,рухани байлығы,басқа ұлттар мен ұлыстардан,халықтардан айырмашылығының барлық белгілері
танылады. Сонымен қатар салт-сана,дәстүр қатып-семген,мәңгі өгермейтін нәрселер ем ес, елдің экономикасының,мәдениетінің өркендеуіне ілесіп, олардың озықтары одан әрі дамып,жаңғыра түседі, тозықтары қолданыстан қалып,ұмыт бола береді.
Дәстүрсіз халық жоқ. Барлық елдер секілді қазақтың да өз дәстүрі,ата-бабалары салған сара жолы,жөн-жобасы,бұлжымас заңы бар.
Қазақ - дәстүрі бай және оны қатаң сақтайтын халық. Туған халқының мінез-құлқын, наным-сенімін жете зерделеген ғұлама- Ахмет Байтұрсынов қазақтың Құдайдан кейінгі қорқатыны дәстүр бұзушылық екенін айтады. Қазақ дәстүрді білмегенді,сыйламағанды надан,тәрбиесіз,көргенсіз дейді.
Бұл - өте ауыр сөз, ауыр кінә,бірақ әбден орынды баға.Ұлттық салт-сана,дәстүр,әдет, әдептен аттап өтпейді. Және оны берік ұстайды,жас ұрпаққа үйретеді. Салт-дәстүрді сыйламағандар ауыр жазаланады.Ата-баба дәстүрін,ғұрыпты аттамайды.Ата жолына кім болса да бас июге тиіс. Бұл - ел-жұртыңды сыйлағаның.
Қазақтың туыстық,құда-жекжаттық,той-томалақ өткізу,өлім жөнелту,аруақ сыйлау, үлкен-ді,ата-ананы құрметтеу, қыз ұзатып,келін түсіру, жүйелі сөзге жығылу,тоқтау, обал-сауап, дастархан,шаңырақ, қонақ сыйлау, т.б. салт-дәстүрлерінде қаншалық адамгершілік, ізгілік, көрегендік жатыр десеңізші. Осындай дәстүрлерімізді ардақтап, қадір тұтуға ақыл-парасаты,мәдениеті, білім-білігі жетпеген жетесіз надан,көргенсіз болмағанда не болады?!
Қазақтың ертеден-ақ ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өзіндік ізгі қасиеттері, дәстүрлері,әдет-ғұрыптары бар. Сондай киелі дәстүрлеріміздің бірі - рулас ел ұрпақта-рының жеті атадан асқанша бір-бірімен қыз алысып,қыз беріспеуі. Бұл дәстүр - текті,дені сау,таза ұрпақ өсуінің кепілі. Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені аян. Бабамыз<<Жеті атасын білмеген жетесіз>>деп балаларына жеті атасын,шыққан тегін үйретуді парыз санаған.
Бұрын балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыруға,ататегін,руын,ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген.
<<Жеті атасын білу>> заң болған. Әкесі,атасы балаға тек жеті атасына дейінгі балаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын,ел жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көздеген.
<<Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар>> деген аталы сөзді арқау етіп,баласына ата тарихын жастайынан жаттатқан. Ел-жұрт тарихын білу ер-азаматты ерлікке,елдікке,Отан сүюшілікке баулитынын білген.
Мұғалім:
Сұрақ: Жеті атаға кімдерді жатқызамыз? Кім өзінің жеті атасын айтып бере алады?
/ Бала,әке,ата, арғы ата,,баба, түп ат, тек ата /
Мұғалім:
Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Бұл сөздер арқылы есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл,орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған.
Халқымызбен бірге ежелден жасасып келе жатқан тыйым заңдары бар. Ол жасқа да,жасамысқа да ортақ. Солардың бірі мыналар: Малды теппе,тізеңді құшақтама, бос бесікті тербетпе т.б өт көп. Ал сендер қандай ырым-тыйымдарды үлкен кісілердің аузынан жиі естіп жүрсіңдер? / Оның себебін түсіндіріп бере аласыңдар ма?/
Қазақ халқы ежелден ұрпақ тәрбиесіне басты назар аударған. Ұлын - қонысым, қызын - өрісім деп ойлайтын туған халқымыз баласының тәрбиелі,өнегелі болып өсуін қадағалап отырған. <<Үйінде ұл-қызы бардың көрінде сөнбес жұлдызы бар>> деп түсінген. Халық балаға жасында берілген тәрбиенің маңызын ерекше ұғынған. Ұл-қыздың тәрбиесіне байланысты өмірлік ережелерді,өмір тәжірбиесінен алынған сөздерді ұрпақ тәрбиелеуде тиімді қолдана білген.
Тәрбие құралы - даналық сөздер. Бала тәрбиесіне қатысты үйлеріңізде ата - аналары-ңыздың жиі қолданатын сөздері бар ма? Сол айтылған сөздерді білеміз бе,білсек айтып көрейік.
Мұғалім:
Өз жерлеріңдегі бүгінгі күні көз адаыңызд өтіп жүрген ізгіліктің көзіне айналған қандай салт-дәстүрлерді атап бере аласыңдар?
Қорытындылау.
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған.
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзін қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық баршамыз:
Қазақ атты,үлкен-кіші,барша жан! - дей келе бүгінгі тәрбие сағатын аяқтаймыз.
Қазақ халқының әрбір тұжырымды ойы,мақал-мәтелі,тыйым сөздері,мақал-мәтелі,тыйым сөздері - тәрбиенің мол мұрасы екендігін, оның күнделікті өмірде қажеттілігін көрдік. Халқымыздың әдет-ғұрып пен дәстүрін,тарихын біліп, оны қастерлеп,бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру - әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз екендігін жадымыздан шығармағанымыз абзал.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz