Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жүректен жүрекке жаттығуы

Тәрбие сағатының тақырыбы:Балаға жүрек жылуын сыйлайық
Мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: шығармашылық қиялын,ой-өрісін, есте сақтау, жүйелі ойлауын дамыта отырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі: Секен Тұрысбековтың <<Көңіл толқыны>> күйі, доп, түрлі-түсті жүрекшелер, стикер,ұлағатты сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Шеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруді ұсынамын.Балалар,бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін>> құрайық.Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі ,жылы сөздермен,жылы жүрегімізбен,күлімдеген көзімізбен,жымиған езуімізбен жеткізейік.
-Сен нағыз доссың,ең әдемі қызсың,мейірімдісің өте ұқыптысың,еңбекқорсың және т.б.
-Жарайсыңдар балалар! Әрбіреуің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.
ІІІ. Тыныштық сәті (баяу музыка Секен Тұрысбековтың <<Көңіл толқыны>>)
Көзімізді жұмып,біраз демалып,жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.Біз қазір керемет,әрі сиқырлы,мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.
Бұл әлемнің ауасы таза,жұпар иісті.Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз,олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз.Мейірімділік,сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып,жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады.Адамдар бір-біріне тек жақсылық,қуаныш,ізгілік сыйлап жатса,қандай жақсы болар еді.
Қайтатын уақыт та келді.Осы әлеммен қоштаса отырып,мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік.Енді балалар көздеріңді аша қойыңдар.
ІҮ. Оқушылардың назарын мейірімділік туралы әңгіме тыңдауға аударамын.
Бір мазасыз балапан өмір сүріпті.Күндердің күнінде ол анасынан <<Мейірімділік деген не?-деп сұрапты>>. <<Сен әлі кішкентайсың.Өскеннен кейін түсінесің>>, деді анасы. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді,ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. <<Менде уақыт жоқ>>,-деді балапан,- мен мейірімділіктің не екенін білуім керек>>,-деді де, әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан балапанды кездестіреді,ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. <<Балапан,балапан маған шарды алуға көмектесіп жіберші>>,-деп сұрайды қыз. <<Менде уақыт жоқ,дейді балапан,
-Мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді>>. <<Маған айтшы>>,-деді балапан. <<Бірінші сен шарды алып бер дейді. Балапан шарды алып береді. <<Мінеки, сен қайырымды іс істедің.Мейірім деген осы>>. <<Қандай оңай?>>-деп таң қалды балапан.
Мәтін бойынша оқушылардың өзіндік пікірлерін білу мақсатында сыныпқа төмендегідей сұрақтар қоямын.
а)Мейірімділік деген не?
ә)Неге мейірімді болу керек?
б)Қалай мейірімді болуға болады?
Мейірімділік-ол басқаларға қамқор болу.Қайырымды болу-жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді.Мейірімділік адамдар мен табиғат және жануармен қарым-қатынаста байқалады,айқындалады.Мейірімді болу адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға,өзіңе қамқорлық жасау.
Ү.<<Құпиялы қасиет>> ойыны. (Барлық балалар бір шеңберге тұра қалады да, қолдарын алдына қарай,алақандарын бір-біріне тигізіп,созады.Мұғалім қолында,мейірімділік қасиетін білдіретін белгі ретінде,тиын ұстап тұрады. Мұғалім екі алақандарының арасындағы тиынды балалардың алақандарына салғандай тигізеді де,былай дейді: Сезім << өте мейірімді>>. Сонан кейін Арай алақанын ашады да,тиын бар ма,жоқ па, көрсетеді. Балаларға тиынның кімде екенін табуға үш рет мүмкіндік беріледі.
ҮІ << Мейірімділік нұры>> жаттығуы.
Қазір мен тақтаға мейірімділік шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз.
Қорытындылау.
<< Жүректен жүрекке>> жаттығуы.
Алдарыңда түрлі-түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды соны алайық. Әр жүректің артында адамның бойындағы жақсы қасиеттерді оқыңдар.
-адамгершілік.
- адалдық.
- мейірімділік.
- сүйіспеншілік.
- әдептілік.
- ізеттілік.
-қайырымдылық.
Ендеше, осы қасиеттер сендердің бойларыңнан табыла берсін демекпін.
Жақсылықпен- кәрі-жастың күйін біл,
Сөз,ісіңмен ел-жұртыңды сүйіндір.
Есендікте ізгілік ет, тарылма,
Қазына үлес ,жарылқа Һәм жаңылма- деген Ж Баласағұнидің сөзімен сабағымды қорытындылаймын. Бүгінгі сабаққа бәріңе көп рахмет, жақсы қатыстыңдарың үшін!

Ұқсас жұмыстар
Әліппе пәні. о дыбысы мен әрпі. қмж, 1 сынып
Құстардың досымыз
Тренер сөзі
Жүректен жүрекке тренингі
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Мейірімділік - асыл қасиет туралы ақпарат
«өзін – өзі тану» пәні бойынша ересектер тобына арналған тақырыптық жоспар
Салауатты өмір салты, ұ.есдәулетов "қара пима" поэмасы
Жақсы дос
Адам жанының әдемілігі
Пәндер