Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ғажайып отбасы

Тақырыбы: <<Үлгілі отбасы>> байқауы
Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Ата-аналардың балалармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.
Түрі: Ата - аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ - бірлік туралы мақал - мәтелдер, әр отбасына арналған слайд - шоу

Барысы:
Жүргізуші:
Атамыз қазақ <<Бала - адамның бауыр еті>>, <<балалы үй - базар>> дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің сыныбымызда ұйымдастырылып отырған <<Үлгілі отбасы>> атты байқау өткелі отыр. Олай болса, осы байқауға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.

Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
Қоңыратбаевтар отбасы ортамызда.

Қуантады білімімен бәрімізді
Қол соғып қарсы алайық енді оны
Бердалиевтар отбасы келіп қалды
Татулықты ту еткен отбасы бұл

Жігітке ақыл, білім жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады
Сайысқа бар күшімді саламын деп
Майлибаевтар отбасы таласады.

Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға
Қызып келген қырандай керілтеді
Әдеппенен ізетпен танысуға
Келді міне Сатыбалдиевтер отбасы

Сайыс кезеңдерімен таныстыру

1. Мақал - мәтел сайысы
2. Шебер сурет.
3. Білгенге маржан.
4. Үйлесімділік ойыны
5. <<Ия>> немесе <<жоқ>> сайысы
6. <<Бала арманы>> сайысы
7. Кім тапқыр.

1 кезең. Мақал - мәтел сайысы
Шебер болсақ, тіл байып,
Шешендіктер бір ғайып.
Мақал - мәтел үйреніп,
Тілімізді шыңдайық, - деп кезекті отбасыларымыздың мақал - мәтел айту, яғни оны жалғастыру сайысына кезек берейік.

1. Балаңа байқап сөйлесең, (ақылыңа көнер.)
2. Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болса, кішіден сұра)
3. Әдептілік белгісі (Иіліп сәлем бергені)
4. Оқу - білім бұлағы (Білім - өмір шырағы)

5. Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)
6. Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)
8. Досы көпті жау алмайды (Ақылы көпті дау алмайды)
9. Тіліңмен жүгірме (Біліміңмен жүгір)

11. Атаға қарап - ұл өсер, (анаға қарап - қыз өсер)
12. Ананың көңілі балада, (баланың көңілі далада)
13. Ата-ананың қадірін - (балалы болғанда білерсің)
14. Атаның баласы болма, (халықтың баласы бол)

15. Ұяда не көрсең , (ұшқанда соны ілерсің)
16. Балалы үй базар, (баласыз үй қу мазар)
17. Ата көрген оқ жонар, (ана көрген тон пішер)
18. Ананың сүті - бал, (баланың тілі - бал)

19. Туған үйдің түтіні жылы, (туған ананың күтімі жылы)
20. Анаңа ауыр сөз айтпа, (артыңа ауыр жүк артпа)
22. Әке - асқар тау, ( ана- шалқар көл)

2 кезең. Шебер сурет. Шарты: аналарға өз балаларын, ал балаларға өз аналарын неге теңей алатындығын суретпен көрсету керек .
3 кезең. Білгенге - маржан

Сұрақтар:
1. Үш би -- Әйтеке, Төле, Қазыбек.
2. Адасқанда бағыт көрсететін жұлдыз - Темірқазық.
3. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары - Домбыра, қобыз, жетіген.
4. ҚР мемлекеттік рәміздерін ата -- Әнұран, елтаңба, ту.
5. Бала өмірге келгенде болатын той - Шілдехана.
6. Сынған сүйекті салушы - Сынықшы.
7. Мұсылман дінінің пайғамбары - Мұхаммед Пайғамбар.
8. Ұясы жоқ құс - Көкек.
9. Бала - балың, немере ...(жаның).
10. Бір мүшелде неше жыл болады? - 13 (12).
11. Қырық өтірікті айтқан бала - Тазша бала.
12. ҚР мемлекеттік тілі - Қазақ.
13. Қуанышты хабар үшін сұралады - Сүйінші.
14. Қажымұқан Мұңайтпасұлы кім? - Палуан.
15. Ағаштан жасалған су тасуға арналған құрал - Иін ағаш.
16. Жылқыда өт жоқ, құста ... (сүт жоқ).
17. Әке - асқар тау, Ана - бауырындағы бұлақ, Бала -- ... (жағасындағы құрақ).
18. Қазақтың киелі сандары - 3,7,9,...
19. Қазақтың атақты күйшілері - Құрманғазы, Дина, Қазанғап.
20. Қазақтың халық ауыз әдебиетіндегі күлдіргі кейіпкер - Алдар Көсе.
21. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? - 1995 жылы.
22. Балалар дүниеге келмей жатып екі жақтың құдаласу салты - Атастыру.
23. Қазақта халық емшісін кім деп атайды? - Тәуіп.
24. Талқан түюге арналған көне құрал - Келі, келсап.
25. Бақыт құсы - Аққу.
26. Бала тілі -- ... (бал).

4 кезең. Ана деген тіршіліктің иесін
Сыйлайтынын адал бала білесің
Өмір балын тамызар да ерніңе
Шымырлатып еріткен бар жүйесін
Кірпігімнің әр қағысын санаған
Көз аудармай күндіз түні қараған
Айналамда жүргендердің бірінен
Бар ма анамдай тірлігіме жараған
Үйлесімділік ойыны. Ойын шарты: Ата аналардың құлақтарына құлаққап тағылып музыка ойнап тұрады. Балаға сөз көрсетіледі, ол анасына айтады. Тапқан ата-анаға 1 ұпай.
Самса. Кітап. Шана. Биші. Отбасы. Құлпынай,
Желтоқсан. Қарға, Жаңа жыл. Домбыра. Ата. Қоян.
Жұлдыз. Құстар. Етік. Шаш. Рақмет, Мұғалім.
Қарындас. Ана. Табиғат. Жаңбыр. Дастархан. Немере.
Мектеп. Бесбармақ. Әке. Мақта. Математика. Нан
5 кезең.
Жарайсыңдар барлығыңда дер едім
Асып бір төгілсінші кемелің
Ырза болып қане, біздер көрейік
Тамашалап отбасылар өнерін
<<Ия>> немесе <<жоқ>> сайысы. Ата аналар мен балаларға бірдей сұрақтар қойылады. Ол сұрақтарға тек <<ия>> немесе <<жоқ>> деп беру керек. Ата - ана мен баласының ойы бір жерден шықса ол отбасыға 1 ұпай жазылады.
1.
2. Менің балам қызыл түсті жақсы көреді.
3. Менің анам <<Абысындар>> үнді киносын көреді
4. Менің балам спортпен айналысқанды жақсы көреді.
5. Менің анам мантыны сүйіп жейді.
6. Менің баламның сүйікті асы - палау.
7. Менің анам қара түсті көйлек кигенді ұнатады.
8. Менің балам 39-шы өлшемді аяқ киім киеді.
9. Менің анама 91 тобы ұнайды
10. Менің балам жақсы ән салады
11. Менің анам ең сұлу адам

6 кезең.
<<Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан ұядан -
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер-білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса, бала солардан>>

<<Бала арманы>> сайысы. Балалар өз армандарын 2 сөйлеммен жазып әділ қазыларға тапсырады. Ал ата-аналар балаларының армандарын табу керек.
7 кезең. Кім тапқыр. Ата-аналардың көздерін жұмып, бірнеше балалардың ішінен балаларын табады. Ал балалар аналарының заттарын табады.
Қорытынды:
Ана - бала, бала - ана бір ұғым
Бір - бірінсіз жоқ олардың бақыты
Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын
Екеуінің өтсін бірге уақыты дей келе келесі сайысымызды аяқтаймыз.
Мұғалім жалпылама қорытынды жасап, әділ қазылар алқасы берген бағасымен таныстырып, І,ІІ,ІІІ орындар бойынша және мынадай номинациялар бойынша марапаттаулар жүргізеді:
1. <<Ғажайып отбасы>>;
2. <<Ең білімді отбасы>>.
1-жүргізуші:
Атамыз қазақ <<Бала - адамның бауыр еті>>, <<балалы үй - базар>> дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің сыныбымызда ұйымдастырылып отырған <<Үлгілі отбасы>> атты байқау өткелі отыр. Олай болса, осы байқауға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.

2-жүргізуші:
Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
Қоңыратбаевтар отбасы ортамызда.

1-жүргізуші:
Қуантады білімімен бәрімізді
Қол соғып қарсы алайық енді оны
Бердалиевтар отбасы келіп қалды
Татулықты ту еткен отбасы бұл

2-жүргізуші:
Жігітке ақыл, білім жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады
Сайысқа бар күшімді саламын деп
Майлибаевтар отбасы таласады.

1-жүргізуші:
Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға
Қызып келген қырандай керілтеді
Әдеппенен ізетпен танысуға
Келді міне Сатыбалдиевтер отбасы

1-жүргізуші:
Сайыс кезеңдерімен таныстыру

1. Мақал - мәтел сайысы
2. Шебер сурет.
3. Білгенге маржан.
4. Үйлесімділік ойыны
5. <<Ия>> немесе <<жоқ>> сайысы
6. <<Бала арманы>> сайысы
7. Кім тапқыр.

1 кезең. Мақал - мәтел сайысы
Шебер болсақ, тіл байып,
Шешендіктер бір ғайып.
Мақал - мәтел үйреніп,
Тілімізді шыңдайық, - деп кезекті отбасыларымыздың мақал - мәтел айту, яғни оны жалғастыру сайысына кезек берейік.

1. Балаңа байқап сөйлесең, (ақылыңа көнер.)
2. Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болса, кішіден сұра)
3. Әдептілік белгісі (Иіліп сәлем бергені)
4. Оқу - білім бұлағы (Білім - өмір шырағы)

5. Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)
6. Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)
8. Досы көпті жау алмайды (Ақылы көпті дау алмайды)
9. Тіліңмен жүгірме (Біліміңмен жүгір)

11. Атаға қарап - ұл өсер, (анаға қарап - қыз өсер)
12. Ананың көңілі балада, (баланың көңілі далада)
13. Ата-ананың қадірін - (балалы болғанда білерсің)
14. Атаның баласы болма, (халықтың баласы бол)

15. Ұяда не көрсең , (ұшқанда соны ілерсің)
16. Балалы үй базар, (баласыз үй қу мазар)
17. Ата көрген оқ жонар, (ана көрген тон пішер)
18. Ананың сүті - бал, (баланың тілі - бал)

19. Туған үйдің түтіні жылы, (туған ананың күтімі жылы)
20. Анаңа ауыр сөз айтпа, (артыңа ауыр жүк артпа)
22. Әке - асқар тау, ( ана- шалқар көл)

2 кезең. Шебер сурет.
Шарты: аналарға өз балаларын, ал балаларға өз аналарын неге теңей алатындығын суретпен көрсету керек .
3 кезең. Білгенге - маржан

Сұрақтар:
1. Үш би -- Әйтеке, Төле, Қазыбек.
2. Адасқанда бағыт көрсететін жұлдыз - Темірқазық.
3. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары - Домбыра, қобыз, жетіген.
4. ҚР мемлекеттік рәміздерін ата -- Әнұран, елтаңба, ту.
5. Бала өмірге келгенде болатын той - Шілдехана.
6. Сынған сүйекті салушы - Сынықшы.
7. Мұсылман дінінің пайғамбары - Мұхаммед Пайғамбар.
8. Ұясы жоқ құс - Көкек.
9. Бала - балың, немере ...(жаның).
10. Бір мүшелде неше жыл болады? - 13 (12).
11. Қырық өтірікті айтқан бала - Тазша бала.
12. ҚР мемлекеттік тілі - Қазақ.
13. Қуанышты хабар үшін сұралады - Сүйінші.
14. Қажымұқан Мұңайтпасұлы кім? - Палуан.
15. Ағаштан жасалған су тасуға арналған құрал - Иін ағаш.
16. Жылқыда өт жоқ, құста ... (сүт жоқ).
17. Әке - асқар тау, Ана - бауырындағы бұлақ, Бала -- ... (жағасындағы құрақ).
18. Қазақтың киелі сандары - 3,7,9,...
19. Қазақтың атақты күйшілері - Құрманғазы, Дина, Қазанғап.
20. Қазақтың халық ауыз әдебиетіндегі күлдіргі кейіпкер - Алдар Көсе.
21. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? - 1995 жылы.
22. Балалар дүниеге келмей жатып екі жақтың құдаласу салты - Атастыру.
23. Қазақта халық емшісін кім деп атайды? - Тәуіп.
24. Талқан түюге арналған көне құрал - Келі, келсап.
25. Бақыт құсы - Аққу.
26. Бала тілі -- ... (бал).

4 кезең.
Ана деген тіршіліктің иесін
Сыйлайтынын адал бала білесің
Өмір балын тамызар да ерніңе
Шымырлатып еріткен бар жүйесін
Кірпігімнің әр қағысын санаған
Көз аудармай күндіз түні қараған
Айналамда жүргендердің бірінен
Бар ма анамдай тірлігіме жараған
Үйлесімділік ойыны.
Ойын шарты: Ата аналардың құлақтарына құлаққап тағылып музыка ойнап тұрады. Балаға сөз көрсетіледі, ол анасына айтады. Тапқан ата-анаға 1 ұпай.
Самса. Кітап. Шана. Биші. Отбасы. Құлпынай,
Желтоқсан. Қарға, Жаңа жыл. Домбыра. Ата. Қоян.
Жұлдыз. Құстар. Етік. Шаш. Рақмет, Мұғалім.
Қарындас. Ана. Табиғат. Жаңбыр. Дастархан. Немере.
Мектеп. Бесбармақ. Әке. Мақта. Математика. Нан

5 кезең.
Жарайсыңдар барлығыңда дер едім
Асып бір төгілсінші кемелің
Ырза болып қане, біздер көрейік
Тамашалап отбасылар өнерін
<<Ия>> немесе <<жоқ>> сайысы.
Ата аналар мен балаларға бірдей сұрақтар қойылады. Ол сұрақтарға тек <<ия>> немесе <<жоқ>> деп беру керек. Ата - ана мен баласының ойы бір жерден шықса ол отбасыға 1 ұпай жазылады.
1.
1. Менің балам қызыл түсті жақсы көреді.
2. Менің анам <<Абысындар>> үнді киносын көреді
3. Менің балам спортпен айналысқанды жақсы көреді.
4. Менің анам мантыны сүйіп жейді.
5. Менің баламның сүйікті асы - палау.
6. Менің анам қара түсті көйлек кигенді ұнатады.
7. Менің балам 39-шы өлшемді аяқ киім киеді.
8. Менің анама 91 тобы ұнайды
9. Менің балам жақсы ән салады
10. Менің анам ең сұлу адам

6 кезең.
<<Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан ұядан -
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер-білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса, бала солардан>>

<<Бала арманы>> сайысы.
Балалар өз армандарын 2 сөйлеммен жазып әділ қазыларға тапсырады. Ал ата-аналар балаларының армандарын табу керек.

7 кезең. Кім тапқыр. Ата-аналардың көздерін жұмып, бірнеше балалардың ішінен балаларын табады. Ал балалар аналарының заттарын табады.
Қорытынды:
Ана - бала, бала - ана бір ұғым
Бір - бірінсіз жоқ олардың бақыты
Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын
Екеуінің өтсін бірге уақыты дей келе келесі сайысымызды аяқтаймыз.

Иә

Жоқ

Ұқсас жұмыстар
«өзін – өзі тану» пәні бойынша ересектер тобына арналған тақырыптық жоспар
Отбасындағы сүйіспеншілік
Қуантамын әкемді
Отбасындағы татулық
Отан отбасынан
Отбасы жарастығы. 5 сынып
Неке және отбасы
Қыз бала
Суреттерді бояңдар
Жылулық шеңбері
Пәндер