Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауы

Сынып: 10
Пәні: Биология
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныс хромасомаларының генетикалық құрылымы. Гомогаметалы және гетерогаметалы жыныс. Жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауы.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік - оқушыларға жыныстың генетикалық анықталуы, жыныс хромасомаларының генетикалық құрылымы, гомогаметалы және гетерогаметалы жыныс, жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауы жайлы жалпы білім беру.
2. Дамытушылық - оқушыларға жалпы білім бере отырып олардың ойлау, есте сақтау, салыстыру қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік - оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыра отырып, оқу процесіндегі ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдіс-тәсілі: ауызша, сұрақ - жауап арқылы
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер
Пән аралық байланыс: генетика
І. Ұйымдастыру кезеңі: А) Сәлемдесу
Ә) Оқушыларды түгелдеу
Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Дигибридтік және полигибридтік шағылыстыру дегеніміз не?
2. Фенотип және генотип дегеніміз не?
3. Тәуелсіз үйлесімділік заңдары?
ІІІ Жаңа сабақ
Цитогенетика ғылымы дамуының нәтижесінде жануарлардың аталық және аналық жасушаларындағы хромосомаларда айырмашылық бар екені анықталды. Организмнің жынысы ұрықтану кезінде анықталады. Ол хромосомалар жиынтығына байланысты. Адамның дене жасушаларында 46 хромосома бар. Олар 23 жұп түзеді. Олардың 44 хромосомасы (22 жұбы) еркектерде де, әйелдерде де мөлшері, қызметі жағынан бірдей ұқсас болып келеді. Оларды аутосомдар деп атайды. Ал 23-жұпты жыныстық хромосомалар деп атайды.
Аналықта жұп X хромосомалар болғандықтан, мейоз нәтижесінде оларда бір типті жұмыртка жасушасы түзіледі, әрқайсысында бірден X хромосома болады. Аталықта сперматозоидтердің бір типінде X хромосома болса, екінші типінде Ү хромосома болады. Сондықтан ұрықтану кезінде екі түрлі комбинация түзіледі.
1. X хромосомасы бар жұмыртқа жасушаны X хромосомасы бар сперматозоид ұрықтандырған жағдайда зиготада жұп XX хромосомалар болады. Мұндай зиготадан аналық даралар жетіледі.
2. X хромосомасы бар жұмыртка жасушаны Ү хромосомасы бар сперматозоид ұрықтандырған кезде, зиготада X және Ү хромосомалар болады. Мұндай зиготадан аталық даралар жетіледі. Сонымен сүтқоректілерде аналық жыныс -- гомогаметалы да, аталық жыныс -- гетерогаметалы болады.
Ү хромосомада аталық бездерді калыптастыратын гендер бар. Осының аркасында жыныс органдары мен белгілері жетіледі.
Әрбір белгілі бір жынысты ағзаның дамуы зигота аналық пен аталық арасындағы айырмашылығы бар жыныс хромосомалық теориясы бойынша әрбір жануарлар түріне және екі жынысты өсімдіктерге жынысты аңықтаудың хромосомалық теориясы бойынша аналық пен аталық дараларының тең саны тән. Бұл жағдай гетерогаметалы жыныстың екі әртүрлі жыныс хромосомаларын /X,Y/ тең түзетінімен түсіндіруге болады.
Фактілер көбейген сайын жынысты аңықтаудың хромосомалық теориясы тек қана тұрақтана қоймай бірнеше қиындықтарға шалыңды. Бриджестің тәжірибелерінде жыныс хромосомалырының дұрыс ажырау нәтижесінде пайда болған дрозофиланың қалыпты түрден басқа даралар аутосомалармен ХХ-хромосомалар барлар -аналық, АА+ХО- аталық екенің көрсетті. Осы факторлар жыныс хромосомалары ғана емес жынысты аңықтайтынығын дәлелдейді. Сонда жыныс қалай аңықталады? К. Бриджестің жынысты аңықтаудың байланысты теориясы бойынша дрозофиланың жынысы Х-жыныс хромосомаларының саны мен аутосомалар жиынтығының қатысына байланысты. Ақырғы жылдары генетиктармен жиналған көптеген фактілер жынысты аңықтаудың байланысты теорияның универсальді екенін көрсетті. Ол қазір көбінесе қолданылады.
Белгілердің тұқым қуалауының Мендель заңдылықтарына қарағанда ұрпақтарда белгілерінің ажырауы будандастырудың бағытына, яғни қай жыныстан доминантті және рецесивті белгілер алынғанына байланысты емес екені көрсетілген. Бұл жағдай гендер әрбір жыныста бірдей кездесетін аутосомаларда орналасқан кездерде орындалады. Бірақта, гендер жыныс хромосомаларында орналасқанда тұқым қуалау түрі мен ажырау жыныс хромосомалардың мейозда өзгеруімен ұрықтану кезінде олардың қосылуына байланысты. Осындай жағдай жыныспен тіркес тұқым қуалау деп аталады.

ІV Бекіту
1. Жыныстың генетикалық анықталуы дегеніміз не?
2. Жыныс хромасомаларының генетикалық құрылымы қандай?
3. Гомогаметалы және гетерогаметалы жыныс дегеніміз не?

V Бағалау

V Үйге тапсырма

Ұқсас жұмыстар
Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау
Жыныстың генетикалық анықталуы. жыныспен тіркес тұқым қуалауы
Жыныспен тіркес тұқым қуалау
Сары тегіс
Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау
Адам генетикасы
ДОМИНАНТТЫЛЫҚ ЗАҢЫ. ЕКІНШІ ҰРПАҚТА БЕЛГІЛЕРДІҢ АЖЫРАУ. АЖЫРАУ ЗАҢЫ
Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылықтары
Сабақтың ортасы мағынаны бағалау
Моногибритді будандастырудың цитилогиялық негіздері
Пәндер