Озон қабаты өте жұқа

Сыныбы: « 8 » 35-сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы: Оттектің аллотропиясы. Озон және жердің озон қабатының Жердегі тіршілік үшін маңызы.

  • Мақсаты:Оттек аллотропиясы, озон қабатының тіршілік үшін маңызы туралы білімді меңгерту.
  • Міндеті:
  • 1. Озон оттек аллотропиясы және заттардың жануын химиялық реакциялар арқылы жазып білу үшін жағдай жарату ;
  • 2. Оттек аллотропиясы озонның тіршілік үшін маңызын білу арқылы қызығушылықтарын арттыру;
  • 3. Топпен жұмыс жасауда тақырыпты бірлесіп меңгеру.
  • Сабақ түрі:Аралас сабақ
  • Сабақ типі:Жаңа білімді меңгертуСабақтың әдіс- тәсілдері:Топтастыру

ЖИГСО

Сұрақ-жауап

Венн диаграммасы

Бірігіп сурет салу

Кластермен жұмыс

  • Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:ИТ, маркер топтамасы, А4 қағаз, стикер топтамасы.
  • Күтілетін нәтиже:
  • 1. Химиялық формулалар арқылы химиялық реакция теңдеулерімен қасиеттерін жазып біледі;
  • 2. Оттек аллотропиясы озонның адам тіршілігі үшін маңызын біледі;
  • 3. Топпен жұмыс жасауда білімді бірлесе меңгеруге дағдыланады.
  • Сабақ жоспары
Кезең
Сабақ бөлімдері
Мұғалімнің іс- әрекеті
Оқушының іс- әрекеті
Қолданған әдіс- тәсілдер
Кезең:

Білім

4 мин

Сабақ бөлімдері:

Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Мұғалімнің іс- әрекеті:

1. Оқушылардың көңіл-күйін сұрау

2. Таратылған стикер түстері бойынша топқа бөлу:

1-топ. Қызыл түс

2-топ. Жасыл түс

3-топ. Көк түс

Оқушының іс- әрекеті:

Мұғалімнің сұрағына жауап қайтарады

Таратылған стикер түстері бірігіп топтарға отырады

Қолданған әдіс- тәсілдер:

Сұрақ- жауап

Топқа бөлу

Кезең:

Түсіну

10 мин

Сабақ бөлімдері: Сабақтың мақсатын талдау қызығушылығын ояту
Мұғалімнің іс- әрекеті:

1. Озон қабатының суретін таратып беремін.

2. Жерді күн сәулесінен қорғайтын атмосфералық қабат туралы не білесіңдер?

3. Оттек пен озон қабатының ұқсастықтары мен айырмашылықтары?

Оқушының іс- әрекеті:

1. Топ оқушылары бірлесе жұмыс жасайды

2. Жеке жұмысты А4 қағазға жасайды. Жазғандарын бір- бірімен салыстырып А1 қағазға біріктіріп жазады.

Қолданған әдіс- тәсілдер:

2. Сұрақ- жауап

(Жеке жұмыс

Кластермен жұмыс)

3. Венн диаграммасы

Кезең:

Қолдану

5 мин

Сабақ бөлімдері:

Жаңа сабақ

1. қызығушылығын ояту

2. ой қозғау

3. мағынаны ажырату

Мақсат қою

Мұғалімнің іс- әрекеті:

Мәтінді оқушыларға таратып беремін.

Мәтінде не туралы айтылған?

1. Озон қабатында оттектің озонды түзуін қалай суреттер едіңіздер және оның сіздер үшін маңызы?

Оқушының іс- әрекеті:

А4 қағазға сұрақтарға жауаптарды жазады. Бір -бірімен салыстырады. Түсінуде жазған А1 қағазға ақпараттарды қосып жазады.

Топ оқушылары бірігіп сурет салады

Қолданған әдіс- тәсілдер:

Сұрақ- жауап

Жеке және топпен

Кластермен жұмыс

Бірігіп сурет салу

Кезең:

Талдау

10 мин

Сабақ бөлімдері: Жаңа сабақты бекіту
Мұғалімнің іс- әрекеті:

1. Жаңбыр жауғаннан кейінгі ауада пайда болған иістің түзілуінің реакция теңдеуі?

2. Пайда болған иістің жойылуының реакция теңдеуін қалай жазар едіңіз?

Оқушының іс- әрекеті: А4 қағазға сұрақтарға жауаптарды жазады. Бір -бірімен салыстырады. Түсінуде, қолдануда жазған А1 қағазға ақпараттарды қосып жазады.
Қолданған әдіс- тәсілдер:

Жеке және топпен

Кластермен жұмыс

Кезең:

Жинақтау

10 мин

Сабақ бөлімдері: Қорыту
Мұғалімнің іс- әрекеті: 1. Оттек элементінің және озонның молекуласының құрылсын, кристалл тор үлгісін жасау.
Оқушының іс- әрекеті: Берілген құралдар арқылы топ оқушылары үлгілерді жасайды. Түсінуде, қолдануда, талдауда жазған А1 қағазға ақпараттарды қосып жазады (Кристалл торлар)
Қолданған әдіс- тәсілдер: Кластермен жұмыс
Кезең:

Бағалау

6 мин

Сабақ бөлімдері:

1. Сабақ барысында оқушы көзқарасы

2. Өзара бағалау

Мұғалімнің іс- әрекеті: Оттек аллотропиясының сіздер үшін маңызды қасиеттері? Сіздер үшін озон қабаты маңызды ма?
Оқушының іс- әрекеті: Түсінуде, қолдануда, талдауда, жинақтауда жазған А1 қағазға ақпараттарды қосып жазады
Қолданған әдіс- тәсілдер: Кластермен жұмыс

7. Қорытындылау: Оттек - тіршіліктің тірегі - атмосфера - 21%, гидросфера - 89%, литосфера - 46, 8 %, тірі ағзаларда - 65%;
Тіршілік үшін ең қажетті өмір өзегі - ауа;

«Болмасын ауа ешкімнің арман мұңы
Ауадан артық ас жоқ жалғанда ұлы
Ойлашы, кімге керек боламыз біз.
Жұтудан таза ауаны қалған күні»

Үйге тапсырма беру: Экологиялық байқау - «Ауаны ластамаудың тиімді жолдары» - зерттеулер, ұсыныстар, жобалар, шығарма дайындау;

Озонның орналасуы және оның қызметі

Ауада әрқашан озон бар, жердің бетінде оның концентрациясы жалпы алғанда 10-6%. Озон атмосфераның жоғарғы қабатында атомды оттектен күн сәулесінің әсерінен химиялық реакция нәтижесінде пайда болады. Озон қабаты стратосферада орналасқан. Полюстардан 7-8 км, экватордан 17-18 км-ден 50 км-ге дейін жетеді. Озон қабат жерден 22-24 км жерде өте қалың.
Озон қабаты өте жұқа. Егер де бұл газды жер бетінде орналастырсақ, ол 2-4мм құраған пленка түрінде орналасатын еді. (экватор маңында - минимум, полюстарды - максимум) Бірақ-та, бұл қабық бізді қорғап отыр, ол ультракүлгінді түгелімен жұтып отырады. Онсыз тіршілік тек ультракүлгін өте алмайтын жерде ғана сақталатын еді. (су түбі 10м) . Озон жер бөлетін инфрақызыл сәулелердің 20 процентін жұтып алады.
Озон - активті газ, адамға зиян тигізуі мүмкін. Оның төмеңгі атмосфера қабатындағы концентрациясы шамалы болғандықтан, ол адамға зиян тигізбейді. Үлкен қалаларда машиналардың әсерінен озон көп мөлшерде пайда болады. Озон ғаламшардың сәулелерінің қаттылығын да қадағалайды. Егер де кішкене озон азайып қалса, жерде өсімдік және организмдер әлемінде үлкен өзгерістер болады.
Озон қабаты, жоғарыда аталғандай, әлемде тіршілікті Күннің ульракүлгін сәулелерінен қорғайды. Көптеген жылдар бойы озон қабаты кішкене ғана өзгерістерге ұшырап келе жатырғандығы дәлелденген. Арктикада үлкен озон тесігі табылған.
Озон жойылуына ультракүлгіннің, ғарыштық сәулелердің, кебір газдар: азот, хлор, бром қосылыстарының, (фреондар) әсері мол. Аса жоғары қауіпті адамның іс-әрекеті тудырады. Сондықтан да көптеген елдер озон жоятын заттардың өндірісін қысқартатын халықаралық келісімге қол қойды.
Озон қабатының әлсіреуінің себептері көп болуы мүмкін. Біріншіден, ғарышқа ракеталардың ұшырылуы. Жанатын отын озон қабатында үлкен тесіктер жасай отырып, жағып жібереді. Бұл тесіктер қысқарады деп болжанған еді. Бірақ, олай болған жоқ, олар көп өмір сүреді.
Екіншіден, ұшақтар. Әсіресе, 12-15 км жерде ұшатын ұшақтардың буы озонды құртады. Бірақ-та 12 км-ден төмен ұшатын ұшақтар озон қосып тұрады. Қалаларда ол фотохимиялық әсерден туындайды.
Үшіншіден - хлор және оның оттекпен қосылысы. Бұл газдың өте үлкен көлемі (700 мың тоннаға дейін) атмосфераға өтеді. Оның негізгі себебі - фреондар. Фреондар - жер бетінде ешқандай реакцияға түспейтін газдар, олар бөлме температурасында қайнайды да өзінің көлемін күрт өсіреді. Оның өскен кезде олардың температурасы азайады. Оның бұл қасиетін мұздатқыштар жасауда пайдаланылады.
Жыл сайын жер атмосферасында фреондар саны 8-9%-ке өседі. Олар жоғарыға, яғни стратосфераға көтеріледі де күн сәулесінің әсерін реакцияға түседі. Реакция нәтижесінде хлор түзіледі. Ал, хлордың әрбір бөлшегі


Ұқсас жұмыстар
Ауа қабаты
Озон. оттектің аллотропиялық түр өзгерісі. 8 сынып
"табиғат - адам - қоғам" (дебат). 8-9-кластар
Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың қызметі. Жүрек қақпақшалары
Заттардың қасиеті
Жемістер жайлы ақпарат ( 6 сынып )
Жеміс ағашы
Мұхит атауы
Тақырып - Жемістер
Көңілді тапқыштар отауы, сыныпаралық сайыс. 6-сыныптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz