Тотығу дәрежесі

Пәні Химия Сынып 8 № 44-сабақ Күні 17. 02. 2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциялары
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік . «Тотығу дәрежесі» ұғымын бекіту, тотығу -тотықсыздану ұғымдарын түсіндіру, тотығу-тотықсыздану реакциясын электрон- баланс әдісімен теңестіру дағдысын қалыптастыру.
ә) дамытушылық : Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, бақылап, анализ жасау, салыстыру, себеп-салдарлы байланыстарды табу, қорытынды жасау, алгоритммен жұмыс жасау дағдасын дамыту, пәнге қызығушылығын қалыптастыру.
б) тәрбиелік . Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, еңбек ету дағдысын жетілдіру, оларды логикалық ойлауға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
IІІ. Жаңа сабақты оқыту:
Валенттік электрондары электртерістігі кіші атомдардан электртерістігі үлкен атомдарға ауысатын немесе ығысатын процестер тотығу-тотықсыздану реакциялары деп аталады.
Электрондар беру процесі тотығу, ал қосып алу процесі тотықсыздану деп аталады. Осы реакцияларда электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар тотықтырғыш, ал беретіндері тотықсыздандырғыш болады. Оттек, күкірт және фтор атомдары электрондар қосып алады, яғни өздері тотықсызданады және тотықтырғыштар болып табылады.
Ионды қосылыстардағы ион заряды, полюсті ковалентті қосылыстардағы атомдардың шарты заряды тотығу дәрежесі деп аталады.
Тотығу дәрежесінің мәні осы элементтің атомынан басқа элемент атомына шартты түрде ығысқан электрон санымен анықталады.
Тотығу дәрежесін «+» немесе «-» белгілерімен көрсетеді. Кез келген күрделі қосылыстарда әрбір атомға белгілі бір тотығу дәрежесі сәйкес келеді. Мысалы, HF-да сутектің тотығу дәрежесі +1, ал фтордікі -1.
ТТР екі реакциядан (жарты реакциялар) : тотығу және тотықсыздану үрдістерінен тұрады.
Тотығу - атом немесе ионның электрон беруі, мысалы:
Na 0 -ē=Na +
I - ē=I 0
N -3 -5 ē=N +2
Тотықсыздану - атом немесе ионның электрон қосып алуы, мысалы:
Cr +6 +3ē=r +3 ,
S 0 +2ē=S -2 ,
Mn +7 +5 ē=Mn +2 ,
Тотықтырғыш - электрон алушы атом немесе ион, ал тотықсыздандырғыш - электрон беруші атом немесе ион.
Ең маңызды тотықтырғыштар: күштілері - F 2 , O 2 , O 3 , H 2 O 2 , Cl 2 (әсіресе сулы ерітіндісі), HClO, HClO 3 , H 2 SO 4 (тек концентрлісі), патша арағы (концентрлі HNO 3 және HCl қоспасы), HNO 2 , NO 2 , KMnO 4 (әсіресе қышқыл ерітіндіде), MnO 2 , K 2 Cr 2 O 2 , CrO 3 , PbO 2 және т. б. ; әлсіздері - I 2 , бром суы (Br 2 +H 2 O), SO 2 , Fe 3+ және т. б.
Маңызды тотықсыздандырғыштар: күштілері - сілтілік және сілтілік жер металдар, (әсіресе бөлінген күйінде), HI және иодидтер, H 2 S және сульфидтер, NH 3 , PH 3 , H 3 PO 3 , C, CO, Fe 2+ , Cr 2+ және т. б. ; әлсіздері - активтілігі төмен металдар (Pb, Cu, Ag, Hg), HCl және хлоридтер, SO 2 , HNO 2 және т. б.
ТТР мынадай типтері бар:
1) тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш әр түрлі молекулалар құрамына кіретін молекулааралық реакциялар;
2) тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш бір молекуланың құрамына кіретін молекулаішілік реакциялар;
3) бір элемент атомының бір мезетте тотығу дәрежесінің әрі өсуі, әрі кемуі арқылы жүретін диспропорциялану реакциялары.
ТТР-сы теңдеулерін теңестіру реті төмендегідей:
1. Химиялық реакция теңдеулерін жазу.
Al+H 2 SO 4 →Al 2 (SO 4 ) 3 +H 2 ↑
2. Теңдеулердің оң және сол бөлігіндегі барлық әлементтердің тотығу дәрежелерін тауып, таңбасының үстіне жазу.
0 +1+ 6 -2 +3 +6 -2 0
Al+H
2
SO
4
→Al
2
(SO
4
)
3
+H
2
↑
3. Реакция нәтижесінде тотығу дәрежесі өзгерген элементтердің астын сызу.
0 +1+6-2 +3+6-2 0
Al
+
H
2
SO
4
→
Al
2
(SO
4
)
3
+
H
2
↑
4. Электрондық баланс теңдеуін құру. (ағылшынша balance- теңдестіру, тепе-теңдік) :
Al° - 3ē →Al
0
+3
3 2
2H
+1
+ 2ē = H
2
2 3
5. Таңдалған коэффиценттерді реакция теңдеуіне жазу.
2Al°+3H
2
+1
S
+6
O
4
-2
=Al
2
+3
(S
+6
O
4
-2
)
3
+3H
2
°↑
6. Оттек атомдарының санын есептеу арқылы коэффиценттердің дұрыс екендігін тексеру.
2 2Al°+3H 2 +1 S +6 O 4 -2 =Al 2 +3 (S +6 O 4 -2 ) 3 +3H 2 °↑
ТТР теңдеулері күрделірек болғанда мына реттілікті қолдану.
1. Тотығу дәрежесі өзгергендерінің астын сызу
K +1 Mn +7 O 4 -2 + H +1 Cl -1 → K +1 Cl -1 + Mn +2 Cl 2 + Cl 2 0 + H 2 +1 O -2
2. Тотығу дәрежесі өзгерген атомдарды немесе иондарды бөліп жазу.
Mn +7 → Mn +2
Cl -1 → Cl 0
3. Атомдар немесе иондар қанша электрон беріп не қосып алатын санмен көрсетіп жазу.
Mn +7 +5ē = Mn +2
Cl -1 -ē = Cl 0
Мұнда, Cl атомдарының молекула түзетінің ескеру керек.
2Cl -1 -2ē = Cl 2 0
4. Электрондық теңдеудің қасына тік сызық сызып, оның сыртына электрондардың алдында тұрған коэффициенттердің орнын ауыстырып жазу.
Mn +7 +5e = Mn +2 2 ТТШ
2Cl -1 -2ē = Cl 2 0 5 ТСШ
осы коэффициенттерді формуладағы атомдардың алдына жазу.
2KMnO 4 +10HCl → KCl +2MnCl 2 +5Cl 2 +H 2 O
5. Атомдар санын санап, коэффициенттерді койып, бағдаршаны теңдік белгісіне ауыстыру.
2KMnO 4 +16HCl = 2KCl+2MnCl 2 +5Cl 2 +8H 2 O
ТТР-ның маңызы:
ТТР өндірісте, тұрмыста жүзеге асып жататын процестер: газ пеште газдың жануы, тамақ пісіру, кір жуу, үй заттарын тазарту, аяқ-киім, парфюмериялық заттар дайындау, тоқыма бұйымдарын тазалау т. с. с.
Сіріңке жақсақ, аспанға фейерверк атсақ - бәрі де тотығу тотықсыздану процестері. Ағартуға, дезинфекциялауға, сатек асқын тотығының, калий перманганатының, хлор немесе хлорлы ағартқыш ізбесттің тотығу қасиеттері қолданылады. Заттың бетін тазартуға сутегі асқын тотығы қолданылады. Ол, сонымен қатар, жібекті, жүнді ағарта алады. Ескі картиналарды қалпына келтіреді. Ағзаға зиянсыз болғандықтан тамақ өнеркәсібінде шоколадты, сосиска дайындайтын етті ағартуға қолданылады. Калий перманганатының дезинфекциялағыш қасиеті де тотықтырғыш қасиетіне негізделген. Хлорды күшті тотықтырғыш ретінде таза суды стерильдеуге және ағын суларды залалсыздандыруға қолданады. Хлор көптеген бояуларды түссіздендіріп, ағартады. Сондықтан оны мата мен қағазды ағартуға қолданады. Табиғатта ТТР кеңінен таралған. Ол биохимиялық процестерде: тыныс алу, зат алмасу, жануарлар мен адамдардың жүйке қызметінде маңызды роль атқарады. ТТР нәтижесінде біздің ағзамыз тамақтан алатын энергияны жұмсау арқылы адамның іс-әрекеттері жүзеге асырылып жатады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz