Дүкенші ойыны арқылы логикалық ойлау мен шапшаң есептеуді дамытуға арналған сабақ жоспары

Күні: Сыныбы: Сабақтың тақрыбы: Дүкенші ойыны
Сабақтың мақсаты:
- Логикалық ойлау қабілетін арттыру;
- Тез есептеу, шапшаңдық дағдыларын дамыту;
- Жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, ішінара ізденіс, көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, зерттеу . Көрнекілігі: Тірек сызбалар, үлгі дәптер, электронды оқулық, үлестірмелі карточкалар, суреттер Сабақтың түрі: Дамытушылық Сабақтың типі: Ойын сабақ Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды сабақта жұмыс істеуге даярлау. Оқу құралдарын түгендеу. Сыныптың тазалығына көңіл аудару II. Өткен материалды қайталау : Масса өлем бірліктері
III. Жаңа сабаққа әзірлік. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, сергіту сәті.
IV. жаңа материялдарды түсіндіру.
№1 Логикалық есептерді шығару.
№2 Бақыт, Орынгүл, Торғын жидек теруге орманға барды. Олардың қолында шелек, бидон және себет бар. Орынгүл бидонда себетте ұстамады. Бақыт себет ұстамады. Қыздар қолдарына не ұстады.
№3 көрсетілген массаны жинау үшін қанша және қандай кір тастарын пайдаланамыз.
Теңдіктер жаз. Бір тасты бірнее рет пайдалануға болады.
№4 Лабиринт ойыны. Араның ұясына дейінгі жолдарында кездескен сандарды қосып, мәндерін жаз. №5 берілген үш шаршыны бірінің үстіне бірін қойсақ, неше ақ түсті шаршы қалады.
V. Пысықтау. Нәтижесі 20 болатын амалдар құрастыр.
VI. Бекіту кезеңі.
VII. үйге тапсырма
№5 мысалдарды шешіп, кестеден жауап сөздер тап.
VIII. сабаққа жақсы қатысқан оқуыларды мадақтау.