Сабақ жоспары: Симметриялы пішіндер - дамытушылық ойын сабағы

Күні: Сыныбы: Сабақтың тақрыбы: Симметриялы пішіндер. Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға симметриялы пішіндер туралы білімдерін нығайту;
  2. Тез ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Өмірмен байланысын жақсарту;
  3. Жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тірек сызбалар, үлгі дәптер, электронды оқулық, үлестірмелі карточкалар, суреттер Сабақтың түрі: Дамытушылық Сабақтың типі: Ойын сабақ Сабақтың формасы: Ұжымдық, топтық, жеке. Қолданатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, ішінара ізденіс, көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, зерттеу . Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі; Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды сабақта жұмыс істеуге даярлау. Оқу құралдарын түгендеу. Сыныптың тазалығына көңіл аудару II. Өткен материалды қайталау :

1. Жауапты кестеден тап / кестемен жұмыс /

-Үш төбесі бар фигура

- Екі жағынан да нүктемен тұйықтаған сызық

- Азайтылған сан

- Қосылатын сан

- Азайту нәтижесі

-Көпбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындығы

-100 см-ге тең ұзындық өлшемі

III. Жаңа сабаққа әзірлік Сабақтың тақырыбын, мақсатын, хабарлау. IV. Жаңа сабақ. №1. Үлгі бойынша түсіндіру.

А. парақты ортасынан бүктеп, кез келген пішіннің суретін салып және қиып ал. Енді парақты аш. Ол симметриялы болып шықты. Оның екі жағыда бірдей. Ал қағаздың осы пішінді екіге бөлген бүктеу сызығы симметрия осі деп аталады.

Ә. Сурет бойынша жұмыс.

- симметриялы пішіндерді тауып көр. Қағаздан бір біріне симметриялы пішіндер жаса.

Б. Суреттің симметриялы екенін ескере отырып, мына адамның бетінің екінші жағын тап. Ол үшін өте мұхият болған дұрыс. Сосын сол адам бетінің екі жартысын боя.

№2 Дәптермен жұмыс.

Симметриялы ғимараттарды тауып, боя

V. Пысықтау . Ойын. Кім тапқыр?

Симметриялы пішіндерді тап. VI. Бекіту кезеңі. Нені үйрендік?

VII. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.


Ұқсас жұмыстар
Санамақ: дамытушылық ойын сабақ жоспары
Белгісіз санды табуға арналған дамытушылық ойын сабағы
Спорт - денсаулық кепілі: дамытушылық ойын сабақ жоспары
Орналасу заңдылығын салыстыру: дамытушылық ойын сабақ жоспары
Жиындарды біріктіру: математикадан дамытушылық ойын сабақ жоспары
Сиқырлы пішіндер: есептеу мен логиканы дамытатын ойын сабақ
Сандардың орналасу заңдылықтары бойынша дамытушылық ойын сабақ жоспары
Теңдіктер мен теңсіздіктер: логикалық-дамытушылық ойын сабақ жоспары
Балабақшада санау, геометриялық пішіндер және ұзын-қысқа ұғымдарын дамытуға арналған ойын сабағы
Сандық заңдылықтар бойынша логикалық тапсырмаларға арналған дамытушылық ойын сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz