Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Сапарғали бегалин «бала шоқан» әңгімесі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы
Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Д.Бектасова
Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Жазуші туралы мағлұмат алады, шығарманың
мазмұнын игереді, идеясын ашады;
ә) Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілік қасиеттер туралы
түсінігі, өнерге деген қызығушылығы арта түседі, өнерді
бағалауға үйренеді;
б) Дамытушылық: Топтасып жұмыс істеуге, өзінше ой
қорытуға, қосымша ақпараттарды қолдануға дағдыланады,
таным қабілеттері дамиды.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: Шоқан Уалиханов, Сапарғали Бегалиннің портреттері,
интерактивті тақта
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. Ғ.Мүсіреповтың «Жаңа достар» әңгімесінің мазмұнын сұрау.
2. Оқушылардан шығарма кейіпкерлерін сұрау. Олар: Қайрош, Шеген, Бораш,
Мария апай, милиционерлер, Қайроштың апасы
3. Кейіпкерлердің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
4. Шеген өзінің үш шартын қандай шартпен аяқтады?
5. Шегеннің асылғышқа тартылып ойнағанын көрген анасы Қайрошқа қандай
өтініш айтады?
6. Анасы Қайрошқа қандай істі аманат етті?
7. Қайроштың прототипі кім?
ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақта біз ұлы тұлға Шоқан Уалихановтың балалық шағы жайлы
жазылған С.Бегалиннің шығармасымен таныс боламыз.
С.Бегалин (1894-1985) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Дегелең
ауылында дүниеге келген. Шығармалары «Сәтжан», «Қыран туралы аңыз»,
«Ермектің алмасы»
Ассоциация құру
Шоқанның апасының Мысыққа деген көзқарасы неге өзгерді? (Оқушы пікірі)
Кейіпкерлерге мінездеме бер
|№ |Кейіпкер |Мінездеме |Шығармада |
|1 |Шоқан |Қайырымды |Мысықты үйіне әкеліп |
| | |әділ |тамақ береді. Киім |
| | |уәдеге берік |береді. Інісінің |
| | |өнерді құрметтеу |әділетсіз әркеттеріне |
| | | |тоқсау салады. Мысықтың |
| | | |өнеріне қызығады |
|2 |Мысық |Өнерлі |Мүсін жасайды |
| | |зерек |Көргенін пайымдай алады |
|3 |Жақып |Тентек |Үйіне келген балаға |
| | | |сотқар мінезін көрсетеді |
Мүсінді неден жасайды?
Мүсін – бір заттың пішінін металдан, балшықтан, гипстенжасау.
ІV. Енді шығарманы оқушыларға сұрақ – жауап беру арқылы пысықтау
1. Шыңғыс ауылы күзекке келгенде, сары бала сондай қуанды. Ала жаздай
зарыға жалғыз ойнағандағы ойынан кетпейтін бір досы бар
Ол – төре баласы – Шоқан
2. Шыңғыс Құсмұрын еліне аға сұлтан болып тағайындалысымен, осы күзекке
екі бөлмелі кеңсе үйін салғызды. Күзетшілері кімдкр еді?
Сол үйдің жазғы – қысқы күзетшісі – сары баланың әке – шешесі
3. Сары баланың сол сағына күткен досы жолбарыстай шұбар құнанын
елеңдете, аяңдатып жетіп келді. Ә дегенен тосырқап қалған сары бала
балшықтан жасаған ойыншықтарын жия қойды. Орнынан түрегелді. Шоқан не
деді?
- Ей, Мысық, аман ба? Мына ойыншықтарды кім істеді, - деп Шоқан сары
балаға жылы амандасып, күлімсірей қарады.
4. Мысық Шоқанға бұрынғы үйірлігіне сеніп, ойыншықтарын тегіс көрсетті.
- Сен, немене, мені жатырқап қалғанбысың? – деді Шоқан Мысықты өзіне
тарта сөйлеп.
- Сен мына ойыншықтарыңды маған бересің бе?
Жоқ, бермеймін, кешегі балалардай сен алып қашасың, - деп ойыншықтарын
көйлегінің етегіне тыға бастады.
5. Бұрынғыдай емес, Шоқанға бойы үйренген Мысық тартынбай келеді. Бұлар
үйге таянғанда, алдарынан кім шығады?
6. Иә, мен кетемін. Бағана айтқаным қайда, ұрсады, сабайды деп. Осыны
айтып, Мысық есікке қарай шегіншектей бергенде не болды?
7. Бауырсақты бір – бірлеп жеп, қымызды имене жұтып отырған Мысыққа Шоқан
не айтты?
8. Қандай әйелдің қасында отырған Жақып қолына шыбыртқы ұстап, әлі де
Мысыққа өшіге қарады?
9.Шоқанның бұл күнгі ертіп келуінде қандай себеп бар еді?
10.Мысықтың өне бойына қайтадан көзі түскен сары бәйбіше оның кіші
көйлегенің жағасы дал – дұл болып жыртылып тұрғанын көрді де, әлгі
жұмыскер әйелге не айтты?
11. Көк қаршыға шегір көзін төңкере шаңырақтан аспан әлеміне құмарта бір
қарап, бір рет дүр сілкініп қойды. Бұрын мұндай құсты көрмеген Мысық
онан көзін алмай, қорқып қарайды. Мысықтың бағадан бері көзі түспеген
бір нәрсе шыға келді. Ол не еді?
V. Сабақты бекіту. Семантикалық карта
| |Шыңғы|Шоқан|Жақып|Мысық|Анасы|Теңеу|Эпите|
| |с | | | | | |т |
|Кейіпкерлер. Шығармадан үзінді| | | | | | | |
|1. Сен істей ғой, шебер | | | | | | | |
|болсаң! | | | | | | | |
|2. Ә, жарайды, бара ғой, екі | | | | | | | |
|айтпаған жақсы. | | | | | | | |
|3. Кездемеден көйлектік шыт | | | | | | | |
|жыртып берші | | | | | | | |
|4. Құйрығын қара, тап иттің | | | | | | | |
|құйрығы | | | | | | | |
|5. Бауырсақ бересің бе, қант | | | | | | | |
|бересің бе? | | | | | | | |
|6. Жолбарыстай, балалардай | | | | | | | |
|7. Кесек денелі | | | | | | | |
VІ. Оқушыларды бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма.
1. Шығарманы оқу, мазмұндау.
2. Шоқанға арнап 5 жолды өлең құру
3. Шығармадан көркемдегіш тәсілдерді табу.
-----------------------
Шоқан
Саяхатшы
Ғалым
Тарихшы
Әдебиетші
Суретші
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz