Жиын және оның элементтері: бастауыш сыныпқа арналған дамытушылық сабақ жоспары

Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақрыбы: Жиын элементтері

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға математикадағы қасиеттері, белгілері ортақ нысандар немесе жиын элементтері туралы білімдерін кеңейту;
  2. Тез ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Өмірмен байланысын жақсарту;
  3. Жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тірек сызбалар, үлгі дәптер, электронды оқулық, үлестірмелі карточкалар, суреттер Сабақтың түрі: Дамытушылық Сабақтың типі: Ойын сабақ Сабақтың формасы: Ұжымдық, топтық, жеке. Қолданатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, ішінара ізденіс, көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, зерттеу . Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларды сабақта жұмыс істеуге даярлау. Оқу құралдарын түгендеу. Сыныптың тазалығына көңіл аудару
  2. Өткен материалды қайталау:1. Бір таңбалы сандар жиыны -Жиындардың атын ата -Мына үш жиын дұрыс құрылмаған -Нені түзету керек? -

III. Жаңа сабаққа әзірлік Сабақтың тақырыбын, мақсатын, хабарлау. Сергіту сәті. IV. Жаңа сабақ 1. «Ағаш» ойыны Суретте түстер мен фигуралар берілген. Ағаш бұтақтарының ұшына қажетті түстегі, пішіндегі, өлшемдегі фигураларды салу.

2. Кесте арқылы түсіндіру Математикада қасиеттері, белгілері ортақ нысандар тобы жиі сөз болады. Ондай нысандар тобын жиын деп атайды. Жиынды құрайтын нысандарды оның элементтері дейміз. Мысалы: Төмендегі нысандардың ортақ белгісін ата: ағаш, адам, марал, гүл. Төмендегі нысандардан тұратын жиынды ата: үстел, шкаф, диван, кресло. Жидектер жиынына жататын нысандарды ата: құлпынай, қарақат, шие, таңқурай. Жиын қалай аталады: 3. Жиынды көз алдымызға оңай елестету үшін Эйлер-Венн (ғалымдардың аты-жөні) диаграммасы аталып кеткен сызбаны қолданамыз. Ол ішінде жиын элементтері орналасқан тұйық сызық түрінде беріледі.

а) екі таңбалы сандар ә) бір таңбалы сандар

4. Бос тор көзге суретті қайталап салып, боя. V. Пысықтау -Жиын дегеніміз не? -Жиын элементтері деген не? Логикалық қорытынды: Үйлер қандай фигурадан құралғанын мұқият қарап шық. Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? Жетпей тұрған фигураны тап. Суретін сал. VI. Бекіту кезеңі. Нені үйрендік? VII . Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.


Ұқсас жұмыстар
Ішкі жиын туралы түсінік: оқушыларға арналған дамытушылық ойын сабақ
Шеңбер және оның элементтері: сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған Адамның досы тақырыбындағы дамытушылық сабақ жоспары
7-А сыныпқа арналған ашық сабақ: Шеңбер және оның элементтері
Етістік тақырыбы бойынша бастауыш сыныпқа арналған дамытушылық-шығармашылық сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған Менің отбасым тақырыбындағы дамытушылық ойын сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған Сөз және оның мағынасы сабақ жоспары
9-сыныпқа арналған ашық сабақ: Кальций және оның қосылыстары (педагогикалық технология элементтері)
Шаршы және оның периметрі: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
7 санын қосу және азайту: ойын элементтері арқылы жүргізілетін бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz